С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
биологиялық химия кафедрасы ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
||
МАМАНДЫҚ : жалпы медицина
КАФЕДРА: Биологиялық химия
Оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқау
№8 САБАҚ
Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы, сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы әр түрлі тіндердің ролі. Хиломикрондар мен липопротеиндердің ағзада түзілуі мен рөлі.
КУРС: 2
ПӘН : биологиялық химия
ҚҰРАСТЫРҒАН : доцент б.ғ.к. Өмірзақова К.Қ.
Алматы, 2014 ж.
Биохимия кафедрасының мәжілісінде қарастырылыд және келісілді
Мәжіліс хат № ___ «___» ______2014ж.
Бекітілді
Биохимия кафедрасының меңгерушісі,
профессор Шарипов К.О.
№8 Сабақ
1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы, сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы әр түрлі тіндердің ролі. Хиломикрондар мен липопротеиндердің ағзада түзілуі мен рөлі.
2. Мақсаты:
1. Студенттерде липидтердің маңызы және олардың қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері туралы түсінікті қалыптастыру.
2. Липидтердің тасымалдану түрлерінің құрамы, құрылысы, маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру.
3. Студенттерде липидтер алмасуындағы кейбір тіндердің ролі туралы білім қалыптастыру.
4. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
5. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.
3. Оқыту міндеттері:
1. Липидтердің қорытылу және сіңірілу үрдістерін қарастыру.
2. Липидтер алмасуындағы әр түрлі тіндердің ролін қарастыру.
3. Липидтердің тасымалдану түрлерінің құрамы мен роліндегі ерекшеліктерді қарастыру.
4. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу: тығыздығы жоғары липопротеиндер, тығыздығы төмен липопротеиндер, тығыздығы өте төмен липопротеиндер, хиломикрондар, липопротеинлипаза, липогенез, липолиз, липонеогенез, қан тамыр ішілік липолиз, липидтердің эмульсиялануы.
5. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тағам липидтері, олардың жіктелуі мен маңызы.
2. Липидтердің қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері.
3. Ішек қуысында өтетін үрдістер.
4. Мицелла, құрамы, түзілуі және маңызы.
5. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, бауырдың, май тінінің ролі.
6. Хиломикрондар, түзілуі, құрамы, ағзадағы өзгерістері.
5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
1) жазбаша бақылау
2) Келесі сұрақтар бойынша дискуссия:
- өт қышқылдарының құрылысы және олардың липидтердің қорытылуы мен сіңірілуіндегі рөлі;
- липопротеидтер, түрлері, құрамы, ағзада өзгерістерге ұшырауы.(аз топпен жумыс)
3) Видеоәдіс : «Қантамыр ішілік липолиз, маңызы» бойынша
.
Сабақтың сценариі:
Мазмұны |
Әдістемелік қамтамасыз етілуі |
Уақыты, мин (болжаммен хронометраж, топтың дайындығына және тағы басқа факторларға байланысты өзгері мүмкін) |
|
Оқу журналы, Жазбаша тексеруге арналған билеттер, Тест сұрақтары, жаттығулар, Ситуациялық есептер, Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал сценариімен Силлабус Тақырып бойынша дәріс |
|
Сабақтың ұйымдастыру бөлімі –конспекті тексеріледі, үйге берілген жаттығулар мен ситуациялық есептер тексеріледі, шешілмеген сұрақтар түсіндіріледі.
Үйге тапсырма: Студенттерге келесі сабақ 3-тілдің біреуінде болатынын ескерту. Липидтер алмасуы. Глицерин мен бос май қышқылдарының, Ацетил-КоА-ның ағзадағы өзгерістері.
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар
1. Жасушада глицерин және БМҚ пайдалану жолдарын-схема түрінде көрсету (топтардың өздері білім алатын тілден басқа ағылшын, қазақ н/е орыс тілінде осы тақырып бойынша глоссарий жасау және осы сұрақтарға жауапты электронды версияда өткізу).
Фосфатидтік жолмен липогенез
Глицериннің тотығуы және оның энергия балансы
Бос май қышқылдарының бета-тотығуы және оның энергия балансы
Липидтердің пероксидтік тотығуы – реакциялары, ролі, ағзаның антиоксиданттық жүйесі.
АСҚ-ның пайдаланылу жолдары.
БМҚ биосинтезінің сатылары.
Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.
Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және -гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.
Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.
Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.
Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.
Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.
Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.
3. Видеоәдіс және дискуссия – «Қан тамыр ішілік липолиз» фильмі көрсетіледі: Фильм көрсетіліп біткеннен кейін төмендегі сұрақтар бойынша дискуссия жүргізіледі.
а. Липопротеинлипазаның кездесетін жері және катализдік әсеріндегі ерекшеліктер; б.асқазан-ішек жолдарында өтетін липолиздің қан тамыр ішілік липолиздің айырмашылықтары;
в. Хиломикрондардар құрам ерекшеліктері
г . Липопртеиндердің құрам ерекшеліктері
д. Хиломикрондардар мени липопртеиндердің ағзадағы өзгерістері
5. Қорытынды шығару- оқытушы үй тапсырмасын тексеріп студенттерге баға қояды.
Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С.363-370
2. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С. 287-330
3. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С.364-372, 372-379, 379-383
Қосымша:
1. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004
2. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003
3. Кольман Я., Рем., К-Г., «наглядная биохимия»., М..: Мир,2004
4. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005
5. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф .С.М. Адекенов- Астана ,2003
6. Плешкова С.М., Жакыпбекова С.С, и соавт. Учебное пособие для самостоятельной подготовки студентов по биохимии, часть 2, Алматы, 2009
