- •Ортомиксовирустар.
- •Грипп вирусы
- •Парамиксовирустар.
- •Парагрипп вирустары.
- •Қызамық вирусы
- •Пикорнавирустар
- •Полиомиелит
- •Құрылысы.
- •Вирустар және олардың жіктелуі, құрылысы, репродукциясы, өсіру әдістері. Вирусқа қарсы иммунитет.
- •Жіктелуі
- •Репродукция.
- •Вирусты өсіру тәсілі
- •Вирустарға қарсы иммунитет
- •Онкогенді вирустар.
- •Аив инфекция
- •Ауруханаішілік инфекция
- •Респираторлық - синцитиальдық вирус
Парамиксовирустар.
РНҚ-құрамды вирустар тұқымдастығына жатады. РНҚ-сы бір жіпшелі (минус-жіпше), фрагментталған сызық бойымен орналасқан. Нуклеокапсид симметриясы спираль тәрізді, липидтері бар суперкапсидтік қабықпен қоршалған. Эфирге сезімтал. Вирионның мөлшері 120-300 нм. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар қоздырушыларына кіреді.
Парагрипп вирусы. Парагрипп жоғарғы тыныс алу жодарын зақымдайды.
РС-вирус (респираторлық-синцитиальді). РС-инфекция – бронхиола мен альвеолаларды зақымдайды (жиі балаларда).
Эпидемиялық паротит. Құлақ маңындағы бездерді зақымдайды.
Қызылша вирусы (Morbillivirus). Қызылша – балаларда жедел дамитын инфекция, вирус мұрын-жұтқыншақтан қанға өтіп барлық ағзаға таралады, денеде бөртпе пайда болады.
Парагрипп вирустары.
Парагрипп қоздырғыштары 1-4 типке жататын парагрипп вирустары, Paramyxoviridae тұқымдастыққа жатады.
Парагрипп вирустарының биологиялық ерекшеліктері. Бұл РНҚ-геномды вирустар, пішіні сфера тәрізді, мөлшері 150-300 нм. Вирустар геномы – 6 ген және геномдық белок ферменттерінен тұрады: РНҚ, Р, альфа-полимеразалармен көрсетілген. Капсидтің қабықшасы – М белок, суперкапсидтік қабықша – N, H, F- белок және липидтер бар. N-белок – нейраминидаза, Н-белок – гемагглютинин, F-белок – гемолизға синцитий түзілуіне, вирустық суперкапсидтық қабықшаның клеткалық мембранамен бірігуіне, клетка лизисіне жауапты.
Антигендер: парагрипп вирусында нуклеопротеидпен байланысқан, терең орналасатын S антигендері және беткейлік Н пен N-белоктардан тұратын Y-антигені бар. Суперкапсидтік қабықшасындағы беткейлік антигеннің құрылысы бойынша парагрипп вирусының 5 серотипін ажыратады.
Парагриппвирусы адам мен маймылдың біріншілік және ауыспалы ұлпа дақылдарында репродукцияланады.
Осы вирус детергент пен дезинфектанттарға жоғары сезімтал, 500С эфирдің әсерінен жойылады.
Патогенезі және эпидемиологиясы: Инфекция көзі – науқас адам және вирус тасымалдаушы, берілу жолы – ауа-тамшылы. NН, F- белоктар көмегімен тыныс алу трактысының сезімтал эпителиоциттердің гликопротеиндік рецепторларында вирустың адсорбциясы өтеді. Фагосома кезеңінен соң вирус цитоплазмада репродуцирленеді. Ацидофильдік цитоплазматикалық қосындылар түзіледі. Клеткадан вирус синцитии түзіп, бүршіктену арқылы шығады.
Парагриппоздық аурулар – тыныс алу жолдарының жиі кеңірдектің зақымдануымен сипатталатын жедел инфекция (тамақтың жыбырлауы, жөтел, афония, дауыстың қырылдауы). Аурудың ағымының ауырлығы паргрипп вирусының типіне байланысты. 1,2 типтерімен шақырылған парагрипп грипптің жеңіл формасы сияқты өтеді, 3,4 типтерімен – бронхтың ауыр формасы түрінде, кеңірдектің стенозы және интоксикациямен өтеді.
Иммунитет. Типоспецификалық, арнайы алдын-алу шаралары жоқ.
Микробиологиялық диагностикасы:
вирусологиялық әдіс – адамның біріншілік және ауыспалы ұлпа дақылдарына жұқтырып, вирустың индикациясын цитопатогендік әсері бойынша жасайды. Вирустың типін БР, КБР, ГАТР-да анықтайды.
иммуноиндикация – вирусты бейтарап реакциясы (БР), КБР, ГАТР, ИФА, ИФР – вирустардың АГ мұрын-жұтқыншақ шайындысында және тыныс алу трактысының шырышты эпителииінің қырындысынан анықтайды. серологиялық – науқастың жұпты сарысуларынан ГАТР, КБР, ИФА әдісімен АД анықтау;
АД титрі 3-4 аптадан кейін анықталады, кейін 2-4 есе үлкейеді.
