Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турегелдиев_дайын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.78 Кб
Скачать

2.2 Мұрагерлікті өсиет негізінде коллизиялық реттеу

Өсиет (testament, will) мұраға қалдырушы адамның еркін білдіруі, яғни өзінің дүниеден озғаннан кейінгі мүліктерінің заңды тағдырын анықтау мақсатында заңнамамен орнатылған формада бұқараға жариялануы. Өсиетті оны жасау кезінде толық іс-әрекет қабілеттілігіне ие адам жасай алады. Кез-келген адам өзіне тиесілі жеке бүкіл мүліктерін не олардың бір бөліктерін заңнама негізінде мұрагерлердің тобына кіретін, кірмейтін бір немесе бірқатар адамдарға, сонымен қатар заңды тұлға мен мемлекетіне өсиет етіп қалдыруға құқылы. Өсиетті мұраны қалдырушы адамның өзі жазуы керек. Өкілеттілік беру негізінде өсиетті жасауға болмайды. Өсиетті қалдырушы адамның себептерін түсіндірмей заңнама негізінде мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін не барлықтарын мұра мүлкінен айыруға құқы бар. Егер, өсиет негізінде басқа да негіздер туындамаса, онда заңнама негізінде мұрагерлерді мұралардан айыру оның ұсынысы құқығы негізінде мұраға қалдырушының ұрпақтары қатарына қолданылмайды. Мұраны қалдырушы адам өзінің кез- келген мүліктерін, соның ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүліктері жөнінде өкімі етуі жазылған өсиетті жасауға құқы бар. Өсиетті қалдырушы адам мұрагерлердің мұрадағы үлестерін кез-келген формада белгілеуі мүмкін және әр-түрлі мүліктерге қатысы бар бір не бірнеше өсиеттерді жасап, өзінің мүліктеріне не оның кез-келген бөліктеріне билік жүргізе алады. Мұраны қалдырушы адам жазылған өсиеттің, оны жазғаннан кейін кез-келген уақытта күшін тоқтатуға не жоюға, өзгертуге еркі бар, күшін жоюдың, өзгертулердің себептерін көрсетуге міндетті болмайды. Мұраны қалдырушы адам өсиетте өзі мұрагерлер етіп тағайындаған тұлғаларға, олар дүниеден озған реттерде өсиет етіп қалдырған мүліктерді белгілі бір формада билік етушілік міндеттерін жүктеуге құқығы болмайды [90, 38 б.].

Мұраны қалдырушы адамның іс-әрекет ету қабылеттілігі өсиетті жасау кезінде болуы шарт және де ондай жағдайға баға беру мұраны ашқаннан кейін жасалады. Ондай әрекетер әлем елдерінің әрқайсысында әртүрлі болуы мүмкін. Айталық, ҚР-ның азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлік қатынастарына байланысты туындайтын қатынастарда мұраны қалдырушы соңғы тұрақты тұрған елінің заңымен реттелетіндігі көзделген. Өсиетті жазу мен қалдыруға, соның ішінде оның күшін тоқтату мен жылжымайтын мүлікке қатысты өсиеттерде де оның өсиетті жасау сәтінде соңғы тұрақты тұрған елінің заңнамасы қолданылады.

Мұраның құрамына мұраны қалдырушы адамға тиісті мүлiктер, сонымен қатар оның дүниеден озуына байланысты пайдаланылуы тоқтатылмайтын құқықтар мен мiндеттер енеді. Мұраны қалдырушы адамның жеке басымен тығыз байланыстағы мынандай құқықтар және мiндеттер бар:

  • егер заңнама ережелері мен келісімдерде басқаша көзделмесе, заңды тұлғалардың құрамына мүшелік құқығы;

  • өмiрi мен денсаулығына келген зияндарды өтеушілік құқығы;

  • алименттiк мiндеттерден келіп шығатын құқықтар мен мiндеттер;

  • зейнетақы төлемдері, жәрдемақылары мен ҚР-ның еңбек заңының және ҚР-ның әлеуметтік қамсыздандырушылық саласындағы заңнамалары бойынша өзге де төлемдерді алушылық құқығы;

  • мүлiк құқықтарымен байланыстылығы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтары мұра құрамына енбейді.

Өсиет біржақты мәмленің ерекше формасы болып табылады. Сондықтан, басқа да коллизиялық принциптердің туындауы мүмкін: құжаттарды ресімдеудің әрекеттерін жасау орнының заңнамасы.

Мемлекеттердің заңнамалары өсиеттің мәтіні мен мазмұндамасына аса зор талап қоя бермейді. Бұл мұраны қалдырушы адамның алдын-ала еркін білдіруі мен соңғы сөзін қамтамасыз етуге байланысты. Өсиеттің формасы мұраны қалдырушы адамның жеке елі заңнамасы талаптарына сай анықталады. Бірақ, мұрагерліктің халықаралық-құқықтық сұрақтарын шешу кезіндеосы заңнаманың талаптарын сақтау әркезде мүкін болмайды. Қолданылуға тиісті құқықтарды таңдау коллизиялық принциптің талаптарына сәйкес анықталады: әрекеттің жасалған жерінің заңнамасы. Дегенмен, мұндай принципке сілтеме жасауға болады егер, қандайда бір мемлекеттің заңнамасында материалды-құқықтық нормалар келтірілген болса. Айталық, ҚР-ның азаматтық құқық заңнамасы бойынша өсиеттің формасы мен оны жасау тәртібі заңға қайшы деп танылмайды, егер ол жасалған жердің заңнамасына қайшы келмейтін болса.

Мұраны қалдырушы адам өсиеті негізінде заңнама бойынша мұрагерлердің материалды жағдайларын есепке ала отырып, кейбіреулері одан ертерек мұраны қалдырушыдан көмектер алғандарын есепке ала отырып, өзінің мүліктерін бөлуге құқықтары болады. Өсиетте мүліктер сипатындағы түрлі жағдайлар мен мұрагерлер аясын және мұрагерліктегі олардың қатысушылық үлестерін айқындау мақсатында маңыздылығы өте зор өзіндік ережеде есептерге алу мүмкіндіктері бар.

Қолданылымдағы заңнама мұраның түсінігіне анықтама бере отырып, екі түрлі мағынада қолданады: мұраны қалдырушы тілектерін білдіретін құжаттар - өсиет деп аталады және тілектерді білдіретін акті өсиет ретінде танылады.

Өсиет деп, адамның дүниеден озған кезедгі оған тиісті болған мүліктердің тағдырларын шешетін тілектері танылады.

В.И. Серебровскийдің пікірінше, өсиет дегеніміз өлім кезінде заңнамалық нысанмен айқындалған өзінің мүліктеріне деген адамның бұйрығы.

Осындай пікірді, кеңінен анықтаған Б.С. Антимонов және К.А. Гравендердің пікірлерінше, өсиет дегеніміз - бұл адам дүниеден озған кездерде өтетін, бекітілген мұрагерге мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқықтар аясында және заңнамамен бекітілген формада өтетін адамның жеке өкім етулері [63, 78 б.].

Өсиетті жасау үшін екі элементтің болуы шарт: Субъективті мен объективті элементтер.

Субьективті элемент, яғни субъектіге қатысы бар, психихологиялық элемент. Өсиетті қалдырушы адамның ниет еткен тілектері болса, объективті элементтер ерікті білдірушілік деп аталатын өсиетті қалдырушы адамның тілектерінен тысқары болып, көрінетін объективтілік сипатында болады.

Мәміле сипатындағы өсиеттердің де заңдық табиғаттары болады. Өсиеттің заңды мағынасы белгілеріне жататындар: еріктілік, ерікті білдірушілік пен нақты бір заңды салдарға әкелетін еріктер бағыты. Ерік сырттай объектіленбегенмен, заңды мағынаға ие. Тек сырттай формада көріністер тапқан ерікті актілер құқықтық реттеледі.

Еріктілік пен ерікті білдірушілік өсиеттің мән-мағынасын құрайды. Бірақ, бұл заңнамының пікірінше өсиет болып есептелінуі үшін азшылық етеді. Өсиет заңды акті болып, тек қана мұрагерге мұраны қалдырушы адамнан құқықтар мен міндеттердің өтуі сипатында нақты құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған ерік болған кездерде ғана танылады. Сондай-ақ, құқықтық салдардың бастау алуы мұраны қалдырушы адамның дүниеден озуымен байланыстылығы маңызды емес. Еріктерді білдіру не құқықтық мақсаттардың болмауы заңды мағынасынан айырады және заңды мәнге ие болмайды. Айталық, әкесі дүниеден озған кезде балаларына тәрбие беру сипатындағы өкімдер, балаларының бір-бірімен қарым-қатынастары жөніндегі өкімдер тек моральді ғана күші болады, бірақ заңи акті өсиеттер сипатында танылмайды. Заңи актілер өсиеттер, заңи әрекеттерден қайтіп ерекшеленеді, соңғысының құқықты салдары адам әрекетінде қайда бағыт алғанына қарамастан заңнамада айқындалған нәтижелерге жету жағдайында орын алып отырады. Өсиет етушілік – белсенді заңи іс-әрекет болып есептеледі. Белсенділікке жұмсалатын уақыттар, энергиялар, материалды жағдайлармен байланысты адамдардың мақсатты, инициативалы, ерікті қызметтері сипатында көрініс табады.

Адам еркі адамның тумысынан пайда болатын қабілет. Ол адам психикасы регуляцияның жоғары формасы болады. Осы регуляция тек қана ынталандырушы болып қоймай, сонымен бірге өкім сипатына ие. «Өсиеттің институты – азаматтың өзінің мүліктеріне деген жеке өкімдік билік етудің адекват көрінісі» – деп атап өтеді Д.В. Дождев [89, 36 б.]. Қажеттілік және заңнамалық іс-әрекет жасаушылық қызығушылықты тудыратын ішкі серпіндіргіш және осылай жасаушылықта басшылыққа алуды - ниет деп атаймыз. Ниет – адамның нақты жағдайғы ішкі толқынысы. Ниет бойынша жүріс-тұрыстың мақсаттары қалыптасады. Мақсат дегеніміз – болашақта орын алатын нәтиже моделі. Ниеттер мен мақсаттар біріккен түрде оларды жүзеге асыруда іс-әрекетпен байланысты зияткерлік және ерікті қызметтер қалыптастырылатын негіздерді құрайды. Осылайша, өсиет жарамдылығы мұраға қалдырушы адамның дүниеден озған кезінде белгіленбей, ол өсиетті жасаған кезде (куәлендіру), яғни мұраға қалдырушы адам сырттай сипатталса.

Ниеттің ерекшелігі заңнамалық мәміленің құрамына міндетті элемент ретінде еніп, құқықтық мақсаттары болады. Нақты жағдайларда өсиет формасына да күші таралады.

Өсиетте орын алған мақсаттар құқықтық сипат алуы тиіс, егер ондай болмаса ол заңнамалық мағынасынан айырылады. Құқықтық мақсаттар мен нәтижелерге сай келетін болса, өсиеттер жүзеге асқан болады. Өсиеттің заңнамалық сипатына байланысты қатқыл өзіндік, жеке сипаттарға ие біржақты, тегін мәміле болып табылады. Өсиеттер тек қана бір азаматтың атынан толтырылады. Өсиетке екі адам және бірнеше адамдардың еріктерін білдірулеріне болмайды. Өсиетті мұраға қалдырушы адамның жеке өзі толтырады. Өсиеттерді өкілдер көмегімен толтыруға болмайды.

Өсиеттің маңызды шартына жарамдылық, оның заңнамалық және еріктілік тілекте жазылуы.

Мұрагерліктегі өсиет мәміленің айырықша формасына жатады. Осы мәміле ерекшеліктері, құқық салдары ережеге сай мұраға қалдырушы адамның дүниеден озуына байланысты туындайды, яғни өсиеттер заңнамалық мағынасын тілектің иелері болмаған сәтте болады. Бұл заңнама тарапынан өзге мәміле түрлеріне қарағанда, өсиетке қойлатын формальді шарттары биік [90, 21 б.].

Қазақстанның мұрагерлік жөніндегі заңнамаларына жасалған талдау, өсиеттің формасын анықтауда оның жасалған жерінің заңнамасын қолдану сілтемесі негізгі коллизиялық реттеу сілтемесі болатындығын көрсетіп отыр, ал қалған коллизиялық принциптер пайда болған жағдайларға сәйкес қолданылатын қосымша коллизиялық принциптер түрлеріне жатады.

Қазақстанның заңнамасына қарағанда Герман елінің заңнамасы мұрагерлікті реттеу жөнінде басқаша құқықтық реттеу нормалары қолданылған. Герман азаматтық заңнамасының II Кіріспе бабында, мұрагрелік құқықтық қатынастардың барлық түрлерін реттей отырып, өсиеттің формасы осы мұрагреліктің тағдырын шешуде басымдылыққа ие болатындығын атап өткен. Герман азаматтық заңнамасының кіріспе бөлігіндегі 28 бабына сай мұраға алынатын мүліктің орналасқан елі заңнамасын қолдану керектігін айтады және де өсиеттің жасалуы жерінің заңанамасын қолдану көзделеді [91, 31 б.].

ГФР-дің заңгерлері ұзақ мерзім бойы құқықты таңдау мәселелсін зерттеген, яғни өсиетті қалдырушы адамның еркіне бағына отырып мұрагерлік құқық күштеу негізінде жүзеге асады ма?, болмаса өсиеттің еркі негізінде жүзеге асады ма?. 1986 жылдан бері ГФР-дің жаңа «Халықаралық жеке құқығы» заңнамасы күшіне осындай мұрагерлік мәселелерінің шешілу сұрақтарына өз нүктесін қойды. Ендігі жерде олар өсиет бойынша құқықтарды қолдану үрдісінде, мұраға қалдырушы адамның азаматтығын басшалыққа алады. Сонымен, қандайда бір адам ГФР-ның азаматтығын алатын болса, онда өсиет ГФР-ның заңнамасына бағынады ФРГ. Өсиет біздің елдегі сияқты оны жасаушы адамның жеке өзімен, куәгерлердің қатысуымен жасалып, нотариусқа беріледі. Нотариус өсиеті бекітілген күйі алады және оны жасаушы еркінің құпия түрде сақталуын қамтамасыз етеді [92, 45 б.]..

Швейцария елінің заңнамасы адамның соңғы тұрақты тұрған елінің заңнамасын қолдану керектігіне сілтеме жасайды. Сонымен, егер Швейцарияда тұрақты тұратын шетелдік азамат, өсиетті жасауға ниет білдірсе, онда оның өсиеті швейцарияның заңнамасына сәйкес жасалуы қажет.

Швейцария еліндегі өсиет бұқаралық акт ретінде куәгерлер мен нотраиустың қатысуымен жасалады. Еге де тұлға өзінің қолымен өсиетті бекіте алмайтын дәрежеде болатын болса, өкілетті тұлғаның қатысуына жол беріледі [93, 48 б.].

Ұлыбритания мен Франция елдеріндегі өсиеттің формалары. Егер тұлға Ұлыбританияда тұрақты тұратын болса, онда өсиеттік акт оның өз қолымен жазбаша түрде жасалуы шарт. Өсиетті жасаушының өзі тосы құжатты өз қолымен екі куәгердің қатысуымен бекітеді. Ұлыбританияда өсиетке басқа тұлға қол қоя алады, бірақ ол үшін өсиетке қалдырушының өзі қатысуы қажет.

Француз заңнамасы өсиеттің бір ғана түрін емес, бірнеше формасына жол береді: өз қолымен жасалған өсиет, көпшіліктің алдында жасалған бұқаралық акт ретіндегі өсиет формасы, құпия өсиет. Егер, өсиетті қалдырушы құпия өсиетті таңдаса, онда нотариустың жасаған мерзімі мен қол қою жері көрсетілген қол қою актісіне нотариустың өзімен бірге өсиет етуші мен куәгерлер де қол қояды.

Канада елінде 1994 жылғы «Мұрагерлік құқықты реформалау туралы» заңнамасына сәйкес өсиет тек жазбаша түрде жасалса ғана заңды күшке ие болады [94, 125 б.]. Қалған қол қоюдың процедуралары ағылшын заңнамасының қол қою процедурасына ұқсас. Бірақ, қарастырылып отырған акт, яғни өсиет мұраға қалдырушының өз қолымен жасалуы керек. Басқа тұлғаның қол қоюына, егер оған мұраға қалдырушының өзі қатысып отырған болса да жол берілмейді. Өсиеттің парағының кез-келген бетіне қол қойылса да, мысалы, кіріспе бөлігі, келесі беті және тағы басқа оны жарамсыз деп тануға болмайды. Заңнамаға сай өсиетті кәмелет жасқа толмаған адам да жасай алады. Мұндай өсиеттің жасалуына негіз болып ондай тұлғаның әскери қызметке тұруы мен неке тұруы табылуы мүмкін.

Өсиеттің мазмұнына келетін болсақ, коллизиялық ереже өзінің реттеу шеңберіне сәйкес адам қайтыс болғаннан кейінгі құқықтық мұрагрелікті реттейді (заңнама бойынша және өсиет бойынша). Осыған сай, өсиеттің мазмұнына сәйкес жарамдылығын анықтау, өсиетті қалдырудың талаптарына шарттарды қоятын коллизиялық ережелер реттейтін сілтемелерге сай сол коллизиялық ережелермен реттеледі.

Коллизиялар өсиеттен бас тартқан уақытта да кездеседі. Өсиеттен бас тарту – бұл мұраға қалдырушы адамның мұрагерлерге немесе өзге де бір, бірнеше адамдар алдында нақты бір міндеттемелерді жүктеуін айтады. Соңғылары қарсылық алушылар (легатарии) деп аталады, және олар мұрагердің осындай міндеттерді орындауларын талап ете алады.

Өсиеттік бас тартуларды жүзеге асыру тікелей мұрамен байланысты қатынастарды реттеумен байланысты болады. Сонымен қатар, түрлі елдердің материалды құқықтары осындай құқықтық қатынастаға қатысушыларға түрлі құқықтар мен міндеттерді береді.

Айталық, Ұлыбританияда легатарилер өздерінің құзыреттілігіне сай мұгерлердің құзыреттілігінен ешқандай айырмалары болмайды. ОАР-да тура осындай сұрақтар басқаша реттеледі. 1987 жылғаы ОАР-дың «Өсиетті жасау тәртібі туралы» заңнамасы ережесіне сәйкес мұрагерлер мұраға қалдырушының тек еркін ғана орындап қоймай, мұрагерлердің өз мақсаттары үшін мүлікті пайлаланушылықтан түскен табыстары туралы да есептер береді. Осы ретте легатария үшін мұндайларды жасау міндетті емес.

Қазақстанның заңнамасы бойынша мұрагерлік бас тартуды алған мұрагер оны өзіне өткен мұрагерлік мүліктің шегі негізінде орындау міндеттеріне ие болады. Егер өзіне мұрагрелік қарсылық жүктелген мұрагердің мұрадағы үлестен міндетті үлесті алу құқығына ие болатын болса, онда оның қарсылықты орындаудан бас тарту міндеті оның мұрадағы міндетті үлесі аясында орындалады. Егер мұрагерлік қарсылық мұрагерлердің әрбіріне берілетін болса, онда олардың әрбірі өздерінің мұрадағы үлестері аясында орындау міндеттеріне ие болады. Егер, мұрагерлік қарсылықты алушы адам мұра ашылғанға дейін дүниеден озатын болса, не мұраны қалдырушы адаммен бір мезгілде дүниеден озса, не болмаса өсиеттік бас тартуда қабылдаудан бас тартса, немесе ондай құқықтарды үш жылдың ішінде пайдаланбаса, пайдалана алмаса, онда ҚР-ның азаматтық заңанамасы талаптарына сай осындай мұрагрелік қарсылықты орындау міндеттерінен босатылады.

ҚР-ның азаматтық заңнамасына сай егер де мұрагерге тиесілі үлестің басқа тұлғаға өткен кезінде мұрагрелік бас тартуда осы адамға өтеді.

Қазақстанның заңнамасын айтар кезде, ТМД-ның азаматтық моделді кодексінің ережелерін ескеруіміз қажет. Яғни, осы кодекстің талаптарына сай мұрагерлік қатынастардағы негізгі қолданылатын сілтеме бұл мұраға қалдырушы адамның соңғы тұрақты тұрған елінің заңнамасымен реттеледі. Осыған сәйкес осы принципке сай жеке адамның өсиетті толтыру кезіндегі оның құқықтық қабілеттілігі анықталады. ТМД-ның моделдік азаматтық кодексінің біздің еліміздің азаматтық кодексі талаптарынан айырмасы оның қосымша коллизиялық сілтеме ретінде – азаматтық заңнамасын таңдауы ( 1235-бабының ережесі) [95, 147 б.].