Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турегелдиев_дайын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.78 Кб
Скачать

2 Мұрагерлік құқықтық қатынастарды коллизиялық реттеу

2.1 Мұрагерліктің коллизиялық мәселелерінің заңнамалық негіздері

Әлем елдерінің түрлі құқықтық реттеу заңнамаларын унификациялаудың қол жеткізген жетістіктеріне қарамастын қазіргі кезде түрлі елдерде жеке құқықтық қатынастарды реттеудің айтарлықтай ерекшеліктері кездеседі. Бірқатар салаларда құқықтық реттеуді унификациялаушылық үрдісі белсенді түрде жүріп жатқанымен, басқаларында ерекшеліктер әлі де болса кездеседі, өйткені аталған салалардағы қатынастарды реттеу ұлттық, өзгеше дәстүрлер, діни, тұрмыстық айырмашылықтар өз ықпалын жасайды. Осы салада нақты бір құқықтық қатынас түрін реттеуде қай елдің құқықтарын қолдануда түрлі қиыншылықтар туғызады. Осындай жағдайлар коллизиялық мәселелер деп аталады (лат. Collisio - қақтығыс). Заңнамалар коллизиясында халықаралық дербес құқығы саласында туындаған дауларды қайсы елдердің заңнамасымен реттеу қажеттілігін ұғынамыз. Осыған сай, коллизиялық ережелер дегеніміз – нақты бір құқықтық қатынастар түріне байланысты қайсы елдің заңнамасын қолдануымыз қажеттігін айқындайтын тәртіп ережелері [65, 88 б.]

Коллизиялық ережелер тек қана сілтеме сипатына ие болады, ол тек қана нақты бір сұрақтар шешімдерін қарастырушы материалды-құқықтық ережелерге сілтемелер істейді.

ХЖҚ-ғы ең бірінші коллизиялық ережелер негізінде пайда болған еді, бірақ әлі де болса бірқатар елдерде осындай сипатта болып отыр. Коллизиялық ережелер сілтемелі сипаттарға ие болғандықтан, оларды тек материалды-құқықтық ережелермен біріктіре пайдалануға болады, яғни сұрақтарды мағынасы негізінде шешетін заңнама ережелеріне сілтеп отырады. Коллизиялы ережелер қайсы елдің заңнамасын қолдану керектігі жөніндегі сұрақты шешеді және материалды-құқықтық ережелермен бірге азаматтық қатынастардың мүшелеріне нақты бір жүріс-тұрыстың ережесін жасайды.

Ал, енді коллизиялық әдістердің кемшін тұстарына келсек, ең бірінші, шетел мемлекетінің заңнамасына сілтемелер жасайтын коллизиялық ережелерді қолдану халықаралық шарттар мен коллизиялық ережелердің негіздеріндегі ішкі заңнамаларға сай соттар мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметтерін қиындатады және коллизиялық ережелердің мәнін айқындауда қиындықтар туғызады. Екіншіден, осы әдістерді қолданушылық даулы жағдайларды шешуде біртұтастықты қамтамасыз ете алмайды, өйткені әр-түрлі елдерде қандай да бір пәндерге қатысты коллизиялық ережелер келісім бермеуі мүмкін. Осыған сәйкес даулар қайсы елдің соттарында қаралатындығына байланысты. Үшіншіден, коллизиялық әдістерді қолдану жағдайында бүкіл жеке құқықтық қатынастарын реттеуші шетел элементімен байланысты реттеулерге арналмаған жалпы сипаттамаларға ие ережелер қолданылады.

Мұрагерлік құқығы өзінің дамуы тарихында қоғамның өмірінің эволюциясын сипаттайтын ұзақ әрі күрделі жетілу жолдарын басынан өткізді. Мұрагерлік туралы естеліктерді алғашқы жазбалардан тауымызға болады: Шумерлердің балшық тастарынан, мысыр елінің папирустарынан және тағы басқа.

Адамзаттың алғашқы дамуы кезеңдерінде оның тұтынушылық сұраныстары өте төмен болғандығына байланысты мұрагерлік жөніндегі түсініктерді оның заманауи түсініктерімен салыстыруға келмейді. Рулық қауымдастықтың экономикалық негіздерін бекіту мақсатында оның әдет-ғұрыптары мүліктердің рудың шеңберінен шығып кетулеріне жол бермеді. Дүниеден озған адамның мүліктері оның жақын туыстары мен рулас туысқандарының арасында бөлініп отырды.

Біздің заманымызға дейінгі V–IV мыңжылдықтарда мұрагерлік әмбебап сипатқа ие бола бастады, яғни дүниеден озған адамның мүліктері мен қарыздарынан құралған бірыңғай массадан құрлаған мұра мұгерге өте бастады. Осындай үрдістер ежелгі рұм құқығында мейілінше ашық көрініс тапқан. Сондықтан, мұрагерлік қатынастардың мәнін сәйкесінше ежелгі рұм құқығының ережелерін зерттемей жатып толық түсіну мүмкін емес.

Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың арнайы тармағы ретінде қарастырылатындықтан, азаматтық құқықтың пәндерді анықтау, құқықтық реттеу әдістеру мен басқа категорияларын қолдануға болады. [71, 27 б.].

Құқықтық реттеу әдістеріне келетін болсақ, онда бірқатар ерекшеліктерге кездесеміз. Өйткені, біз қарастырып отырған мұрагерлік қатынастар шетелдік элементтердің болуымен күрделендіктен, бір мемлекеттің ішкі құқықтары аясынан шығып кетеді, яғни халықаралық жеке құқықтың сипаттамасын алып, соның әдістерін қолдануымызды талап етеді.

В.В. Гущин мен Ю.А. Дмитриевтердің пікірлерінше, мұрагерлік құқықты құқықтық реттеудің пәні болып жеке адамның дүниеден озып, оның мүліктерінің болуы немесе мүліктік құқықтарының болуымен байланысты туындайтын ерекше қоғамдық қатынастардың түрі табылады [76, 68 б.].

Бұл жерде аталған анықтама толық болып табылмайды, өйткені мұрагерлік құқықтың пәніне тек қана жеке адамның дүниеден озып, оның мүліктері мен мүліктік құқықтарына байланысты қоғамдық қатынастар туындап қоймай, сонымен қатар оның жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттеріне және мойнына алған міндеттемелеріне де байланысты қатынастар туындайды.

Л.A. Лунцтың өз еңбектерінде атап өткендей, «мұрагерлік құқығы меншік құқығынан мазмұндама ала отырып, азаматтың меншігінің пәні болатын мұраның пәнін де алады (яғни меншік туралы айта отырып, оның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен талаптары)» [77, 96 б.].

Жоғарыда атап өтілгендей әрбір құқық саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістері бар. Реттеу әдістерә – дегеніміз нақты қоғамдық қатынастардың саласына заңды әсер етудің тәсілдері мен құралдарының кешенді жиынтығы. Әдіс құқық саласының өзіндік заңнамалығын сипаттайды.

Біз, мұрагерлік құқықтық қатынастарын халықаралық жеке құқықтардың аясында қарастырып отырғандықтан, осы саланың реттеу сипаттамаларына сәйкес құқықтық реттеу әдістерін қолдану қажеттігін айтуымыз керек, яғни материалды-құқықтық және коллизиялық құқықтық реттеу әдістері.

Шетел элементтерімен күрделенген мұрагерлік қатынастарды реттеу Қазақстанда негізінен коллизиялық құқықтық әдістерді қолдану арқылы шешіледі.

Коллизиялық әдіс, ұлттық заңнама формасында келтірілген, – ҚР-ның АК-нің 1043 бабының талаптарына сәйкес мұрагерлік қатынастарды реттеуде мұрының ашылған жері мен мұраны қалдырушы адамның соңғы тұрақты тұрған жерінің заңнамасы қолданылатындығы көрсетіліп негізгі коллизиялық ереже бекітілген.

Халықаралық формада коллизиялық әдіс халықаралық келісім-шарттарда мұрагерлік бойынша арнайы ережелерді бекіту негізінде жүзеге асырылады, әдетте – құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттар.

Халықаралық құқықтың көпшілікпен мойындалған принциптері мен нормалары, халықаралық келісім-шарттар жалпы құқықтық жүйенің бір бөлігі болып табылатындығына сәйкес және Қазақстанның ұлттық және әлем елдерінің заңнамаларының алдында басымдылыққа ие болатындығын ескере отырып, халықаралық келісім-шарттарды халықаралық жеке құқықтың қайнар-көздері ішінен бірінші орынға қоюға болады.

Заңнама бойынша мұрагерліктің сұрақтарын шешетін халықаралық келісімдердің саны көп емес. Біз тек солардың заңнама бойынша мұрагерлікке қатысы бар конвенцияларын ғана қарастырамыз.

Осындай құжаттардың бірі ретінде 1973 жылы 2 қазанда қабылданған «Дүниеден озған тұлғалардың мүліктерін халықаралық басқарудың Гаага Конвенциясын» атап өтуге болады. Аталған Конвенция дүниеден озған адамның мүліктерін басқаруға мүмкіншілік берілген тұлғалардың аясын анықтайтын халықаралық сертификат беруді көздейді. Мұндай сертификатты дүниеден озған адамның тұрғылықты жеріндегі құзыретті органдармен , сот немесе мемлекеттік құзыретті органдармен жасалады. Дүниеден озған адамның азаматтығы елінің заңнамасы қолданылады. Бұл үшін оның азаматтығы тиесілі елі мен ол тұратын елдің құзыретті органдары біріккен мәлімдеме жасаулары қажет.

Азаматтық заңы егер тұлға өзі дүниеден озғанға дейін өзіне сертификат берген елде кем дегенде бес жыл тұрған жағдайда да қолданылады. Сертификаттарды тану қарапайым жолмен – оны тану арқылы жүзеге асырылады. Әрине танудың басқа жолы – егер құзыретті орган шешім шығару арқылы да жүзеге асырылады. Сертификатты тану актісі оның иесіне оны көрсету арқылы мұраға алынатын мүлікпен байланысты кез-келген қорғаныш және тез арада қабылдануға тиіс шараларды қабылдатуға мүмкіндік береді (10–11-ші баптары) [78, 19 б.]. Халықаралық сертификат мұраның құрамы, мұраның көлемін анықтау, оны басқару туралы толық ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік бере отырып, мүлікті кредиторлардың алдындағы қарыздарды жабу мен жалға беру мақсатында сату үшін тиімді бағаларды анықтауға жағдай жасайды. 1973 жылғы Конвенция сертификаттың иесіне сертификатты берген елде халықаралық басқару туралы қарсы талап-арызды қоюға рұқсат береді.

Келесі құжат 1985 жылдың 1 шілдесінде қабылданған «Сенімгерлік негізде мүлікті басқару мен оны тану жөніндегі мүлікке қатысты қолданылатын құқытар туралы Гаага Ковенциясы». Аталған құжат жорыда атап көрсетілген ережелерден өзгеше тәртіптер орнатады. Айталық, мұраға қалдырылған мүлікті беруші тұлғаға (құрылтайшы – settlor), өзі таңдаған актіде өзінің ойлары мен құқықтарды таңдау ұсынылады (6-шы бап). Егер, құқықты таңдау жасалмаса, онда сенімгерлікпен мұраны басқарушы тығыз байланыстағы құқытық жүйенің ережелері қолданылады.

Осындай құқықтық байланысты орнату мақсатында Конвенция сенімгерлікпен мұраны басқару орналасқан елдің заңанамасын қолдануды (немесе корпоративті ұйымға біріккен бірлестік меншік иелерінің топтарын), болмаса қорларм ен трастарды және тағы басқаларды басқару орталықтары орналасқан елдердің заңнамаларын қолдануға сілтеме жасайды (7-ші бап) [79, 57 б.].

Заңнама бойынша мұрагерлік саласында қолданылатын көпжақты әмбебап келісімдердің тізімдерін 1 тамыз 1989 жылы қабылданған «Жылжымайтын мүлікті мұраға алу жөніндегі қолданылатын құқықтар туралы Конвенция» аяқтайды. Бұл Конвенция жылжымайтын мүлікті мұраға алу саласындағы қатынастарды реттейтін жағдайлардағы құқықтарды таңдауға мүмкіншілктер жасайды. Мұндай таңдауды заң бойынша ресімдеу сәйкес мәлімдеме жасаумен жүзеге асады. Мәлімдеменің формасы мен оның мазмұны ол жасалған елдің заңнамасымен анықталады (Конвенцияның 3,4,5-ші баптары). Аталған Конвенция тұлғаның тығыз байланыстағы елінің құқығын қолдануға рұқсат береді (5-ші бап). Сонымен қатар, 1 тамыз 1989 жылы қабылданған Конвенция тұлғаның тығыз байланыстағы елінің заңнамасын қолдануда, сол елдің заңнамасы қолдану кезінде қандай нормативті актіні пайдалану қажеттігін айқындамайды.

1989 жылғы Конвенция ерекше сипаттамаларға ие. Атап айтар болсақ, ұсынылған коллизиялық принциптер мұрагерліктіің түпнұсқалығын куәлендіретін, яғни мұрагерліктің пайда болуы мен өзгеруін және тоқтатылуына анықтайтын айырықша құжат (9‑12-ші баптар).

1989 жылғы Гаага конвенциясы ережесі бойынша түрлі елдерді тұратын жеке тұлғалардың бір-біріне мұрагерлік қарсылықтарының туындауына жол бермейді, егер мұраға шақырылатын кезектілік белгісіз болса (13-ші бап). Бұл Конвенцияның ерекшелігі тағы бар. Ол жеке тұлға өзінің құқытары мен мүліктердің көлемін өзі тығыз байланыстағы мемлекеттің құқығымен реттейді [80, 49 б.].

Осындай аймақтық унификацияның мысалы болып халықаралық жеке құқықтың мұрагерлік сұрақтарын шешетін халықаралық жеке құқықтың Кодексі (Бустаманте Кодексі деп аталатын, 1928 жылғы халықаралық жеке құқытың қосымшасы) табылады.

Бустаманте кодексінде мұрагерлік сұрақтарына III–V бөлімдері арналған, яғни оларда мынандай коллизиялық сілтемелер жазылған: мұрагерліктің тәртіптерін анықтайтын мұраға қалдырушының жеке заңнамасы (азаматтығы елінің заңнамасы), өсиет жазу негізіндегі нұсқау берулердің түпнұсқалығын, өсиет беруге қабылеттілік, мұраға қалдырушы өкілінің құзыреттілігі мен тағайындау тәртібі; өсиет пен заңанама негізіндегі мұрагерлік қабылеттілігін анықтайтын, мұраға иелік етушінің жеке заңнамасы мен қарсылық алушының жеке заңнамасы (азаматтық заңнамасы).

Қазақ елі осы конвенциялардың ешбіріне қатысушы ретінде танылмай, халықаралық-құқықтық реттеушіліктерді құқытық көмеке көрсетулердің екі жақты және аймақтық тәжірибелерін пайдалануда.

Мұрагерлік жөніндегі осындай ережелер ТМД-ы мемлекеттері арасында 1993 жылы қабылданған Минск Конвенциясында (44–50-ші баптар), 2002 жылғы Кишинев Конвенциясында да көрсетілген (47–53-ші баптар).

Аймақтық сипаттамаға ие мұрагерлік қатынастарды заңнама негізінде реттейтін құқықтық актілер қатарына 1996 жылы 17 ақпанда ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының 7-ші отырысында қабылданған Азаматтық моделдік кодексін де атап өтуге болады. Ол Тәуелсіз Елдер Достастығы үшін ұсыныс келтіретін заңнамалық акті болып табылады. Азаматтық моделдік кодекстің VI Бөлімі заңанама негізінде мұрагерлік туралы ережелерге, VII Бөлімі «Халықаралық жеке құқыққа» арнала отырып, коллизиялық сілтемелер жасаудың ережелері келтірілген. Мысалы, Азаматтық моделдік кодекстің 1233-ші бабы ережелері мұраға қалдырушының соңғы тұрақты тұрған елінің заңнамасының қолданытылатындығына сілтеме жасайды. Осы принципке Қазақстан Республикасының заңнамасы да сүйенеді.

ТМД-ғы мемлекеттерімен Қазақстанның мұрагерлік қатынастарын реттеуде екі жақты құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттар басым рөл атқарады. Мазмұны жағынан олар бірыңғай құқықтық ынтымақтастықты құрайды. Бұл актілердің мұрагерлік қатынастарын реттеудегі рөлі осы сұрақтар бойынша бүкіл негізгі аспектілерді кешенді шешуінде.

Біріншіден, олар мұрагерлік құқықтық қатынастары бойынша негізгі приницптерді орнатады. Яғни, құқықтардағы теңдестірулер. 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған ТМД-ның азаматтық, жан-ұя және қылмыстық істер бойынша құққытық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенция тұқжырымдамасы бойынша келісуші жақтардың азаматтары келісуші жақтардың аумақтарында орналасқан мүліктерге заңнама немесе өсиет негізінде теңдей құқықтарда мұрагер бола алады.

Осы келісімдер мен актілерде «Мұрагерлікпен байланысты құқықтар» түсінігіне тек мұраға қалдырылған мүлікке иелік ету ғана кіріп қоймайды, сонымен қатар келісуші жақтардың аумақтарында орналасқан осы мүлікке өсиетті жасау мен оны тоқтату да кіреді (сонымен қатар, болашақты жүзеге асырылатын мұрагерлік құқықтар да).

Екіншіден, мұндай құжаттар әдетте жылжитын және жылжымайтын мүліктермен байланысты мұрагерлікті реттейтін мемлекеттің құқықтарын айқындайды. Дегенмен, қандай мүліктер жылжитын немесе жылжымайтын екендігі туралы арнайы келісімде мазмұндалмаған. Келісімді жасаушылар мүмкін мемлекеттердің өздері қажетті біліктіліктерді жасап алады деген ойлаған болулары керек.

Жылжитын мүлікке қатысты құқытық көмек туралы келісімдерде мұрагерлік жөніндегі сұрақтар мұраға қалдырушы адамның соңғы жылдары тұрақты түрде тұрған елінің заңанамысын қолдану ережесіне көбірек сүйенеді, ал енді жылжымайтын мүлікке қатысты келісуші жақтардың уағдаластығы бойынша осы мүлік орналасқан елдің заңын қолдану қажеттілігі айтылады.

Үшіншіден, азаматтық, жан-ұя және қылмыстық істер бойынша құққытық көмек пен құқықтық қатынастар туралы келісімдер мұрагерлік істер жөніндегі іс-жүргізу тәртіптерін де реттейді. Қарастырылып отырған құжаттар әдетте жылжымайтын мүлікке мұрагерлік істері жөніндегі іс-жүргізушілікті мұра орналасқан елдің заңнамасына сәйкес сол елдің құзыретті органы жүргізетіндігін көздейді. Жылжитын мүліктердің мұрагерлігі жөніндегі істердің іс-жүргізушілігін мұраға қалдырушы адам тұрақты тұрған елдің заңнамасын қолдану арқылы шешіледі.

Төртіншіден, құқықтық көмек көрсету туралы келісім тұжырымдамасы бойынша келісуші жақтар өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес мұрагерлік мүлікті қорғау жөніндегі барлық мүмкіншіліктерін жасаулары тиіс. Мұраға қалдырылатын мүлікті қорғауға міндетті келісуші жақтардың жауапты органдары мұраға қалдырушы адам қайтыс болған кезде тез арада міндетті түрде келісуші жақтың дипломатиялық не консулдық мекемелеріне хабар берулері тиіс, сонымен қатар мұрагерлердің кезектілігі мен мұрагерлікке қатысты басқа да жағдайларын хабарлайды (өсиеттің болуы, мұрагерлердің мүмкін болуы жерлері, мұраның көлемі мен құны).

Шетелдердегі азаматтарымыздың мұрагерлік құқықтарын қорғау саласындағы ҚР-ның дипломатиялық және консулдық қызметтерін ерекше атап өту қажет. Іс-жүзінде бір елдің азаматыныңы мұрагерлік құқықтарын басқа елдің аумағында қорғау жөніндегі мәселелер жиі туындап отырады. Мұндай жағдайларда косулдың қатысуы өте қажет. Ашылған мұра туралы ақпаратты ала салысымен консул тез арада мұраға қалдырушы адамның азаматтығы елінің ол жөніндегі бүкіл мәліметтерді сол елдің сыртқы істер министрлігіне хабар береді. Қазақстанның консулдық келісімдеріне сәйкес консул қазақстандық азаматтардың мүдделерін қорғауға құзыретті, егер аталған азаматтардың өздерінің белгілі бір жағдайларға байланысты өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға шамалары келмесе.

Келесі заңнамалық коллизиялық реттеу қайнар-көздеріне заңдар мен заңнамалық актілер жатады. Біріншіден, барлық дерлік елдерде мұндай заңнамаға елдің Конституциясы жатады. Мысалы, ҚР-ның Ата Заңының 26-шы бабының 2-ші бөлігінде азаматтардың жеке меншігінің құрамдас бөлігі болып табылатын мұрагерлік құқығына заңнама негізінде кепілдік берілетіндігі айтылған. Шын мәнінде мұрагерлік құқық институты жеке тұлғанының конституциялық құқықтарын қорғаудың заңды жалғасы болып табылады.

Маңыздылығы жағынан Екінші қайнар-көзге ҚР-ның азаматтық кодексі жатады. ҚР-ның азаматтық кодексінің 59-тарауында Заңнама бойынша мұрагерліктің ережелері келтірілген; Германияда мұрагерлік қатынастарды реттейтін негізгі нормативті акті – бұл 1896 жылы қабылданған Германдық азаматтық ережелер, (ГАЕ V томы толығымен мұрагерлік құқыққа арналған) [82, 21 б.]; Испанияда негізгі құқықтық нормалар 1889 жылы қабылданған азаматтық кодекске (III-ші титул, III-ші кітап) және мұрагерлік туралы 13 мамыр 1981 жылы қабылданған 11/1981 Заңнамасына шоғырланған [83, 35 б.]; Францияда елінде де мұрагерлік сұрақтар 1804 жылы қабылданған азаматтық кодекспен реттеледі [84, 57 б.]; Швейцарияда мұрагерлік қатынастарына Швейцарияның 1940, 1972, 1976, 1984 жылдары өзгерістер енгізілген «Мұрагерлік туралы» азаматтық кодексінің III кітабы арналған [85, 27 б.].

Мұрагерлік қатынастардың сұрақтары азаматтық құқық нормаларымен қатар басқа да бірқатар құқық салаларының кодекстері нормаларымен де реттеледі, мысалы, жан-ұя, тұрғын үй, жер құқығы және тағы басқа.

Мұрагерлік құқықтың жекелеген нормалары келесідей нормативті актілерде мазмұндалған:

– 1996 жылы 10 маусымда қабылданған ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңнамасы [86, 11 б.];

– ҚР-ның Патенттік Заңнамасы 1999 жылы 16 шiлде айында қабылданған Заңы;

– Соттардың мұрагерлік жөніндегі заңды қолдануларының жекелеген мәселесі жөніндегі ҚР-сы Жоғары Соты 2009 жыл 29 маусымда қабылдаған нормативті қаулысы;

– Нотариат ісін жүргізу туралы ережелерді бекіту жөніндегі ҚР-сы Әділет министрлігінің 2012 жылы 31 қаңтарда қабылдаған Бұйрығы.

Мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттеуде маңызды рөлді ұлттық құқықтық әдеттер де атқарады. Әдет – бұл құқықтық ереже ретінде танылған жалпы практика болып табылады. Аталған практиканың әдеттегі құқықтық ереже ретінде қалыптасуы үшін оны қолданылушылықтың ұзақтығы, тұрақтылығы, мызғымастығы мен қайталанатындығы қажет. Сонымен қатар, осындай практика ресми түрде құқықтық ереже ретінде ресми танылуы да шарт.

Басқа елдердегі құқықтың қайнар-көздеріне келетін болсақ, осы айтылғандарға қосымша англо‑саксондық құқық жүйесінде сот прецеденді негізгі қайнар-көз болып табылады.

Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттерде сот практикасы да маңызға ие, яғни заңнамадағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша (мұрагерлік құқықтарынан айыру, мұрану мұрагерлер арасында теңдей етіп бөлу).

Ежелгі Рұмдық заңгерлер сот практикасы заңдарды талқылау ретінде атап өтіп, оның талқылаудан өткенінен кейін заңды күшіне енетіндігін көрсеткен.

Заңнама бойынша мұрагрелік – бұл өсиет болмаған реттегі мұрагерлік. Осы жағдайлардағы мұрагерлік мүліктерге деген құқықтары бар тұлғалардың шеңберін анықтай отырып, заңнама мұраға қалдырушы адамның жоқ еріктерін білдіреді. Заңнама бойынша мұрагерлеріне бірінші кезекте дүниеден озған адамның болжам негізінде өзінің тастап кетуі керек деген жақын туыстары жатады. Сонымен қатар, мұрагерлердің кезектілігін анықтау кезіндегі әлем елдерінің елдерінде ондай кезектілікті анықтау ережелеріне де әр-түрлі [88, 53 б.].

Заңанама негізінде мұрагерлік үш принципке негізделеді: туысқандық, неке мен мұраға қалдырушының мемлекеттік азаматтығы. Сәйкесінше мұраға шақырылатын мұрагерлердің категориялары да бір-бірінен ерекшеленеді. Бірінші принципке сәйкес мұраға қалдырушының туысқандары шақырылады, екіншісіне сәйкес жесір қалған жұбайы және үшіншіге сәйкес ол азаматы болып табылатын мемлекет шақырылады [89, 43 б.].

Заңнама бойынша мұрагерліктің кезектілігіне тұлғаның басқа елдің заңына сай мұрагер ретінде кезектілікке кірмейтіндігі әсер ете алмайды. Бұл түсінікті де, өйткені мұндай заңнамамен мұрагерлік анықталмайды – «Халықаралық жеке құқықтың принциптеріне сәйкес мұраның тағдыры мұраға қылдырушы адамның заңнамасымен анықталады – оның азаматтығы елінің заңнамасы, оның домицилиясы» [89, 45 б.].

Мұрагерліктің статутын анықтау кезінде сілтеме мұраға қалдырушының соңғы тұрған елінің заңнамасына жасалуы мүмкін, яғни мұраға қалдырушының азаматтығы елі, сондай-ақ мұра орналасқан елдің заңнамасына.

Мүліктің орналасқан елінің заңнамасына жасалатын сілтеме әдетте, жылжымайтын мүліктің тағдырын анықтау мақсатында жасалады. Мұрагерлердің шеңберін анықтау мен олардың кезектілігін анықтауда мұраға қалдырушының жеке елінің заңнамасына сілетеме жасалады, яғни ол елдің азаматтығын және соңғы тұрақты тұрған елдің заңнамасын анықтайды.