Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турегелдиев_дайын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.78 Кб
Скачать

1.3 Мұрагерлік мирасқорлықтың түсінігі

Құқықтық мирасқорлық дегеніміз - бір субъекті құқықтары және міндеттерінің белгілі-бір оқиғалардың және жағдайлар туындауына байланысты өзге тұлғаға өтуі. Жалпы халықаралық құқықта қарастырылып отырған институт азаматтық құқықтағы құқықтық мирасқорлықтан өзгешелеу екені сөзсіз. Мұндай айырмашылықтардың болуы халықаралық құқықтың ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, субъектілік құрам, құқықтардың, сол сияқты міндеттердің ауқымы, құқықтық мирасқорлық мәселелерін құқықтық реттеу сияқты болып келеді (Сурет 1. Мұрагерлік құқықтың субъектілері).

Мұрагерлік - қайтыс болған адамның мүлкін біреуге немесе басқа да бірнеше тұлғаларға беру. Қоғамдық құқықтар мен қоғамдық құқық мәртебесі мұраның мирасқорлығы ұғымына тән емес. Мұрамен бірге қамқорлық жасау мен қамқоршылық міндеттері де өтті.

Мұрагерлік құқық (law of succession) – азаматтық құқықтың негізгі институттарының бірі, яғни дүниеден озған адамның құқықтары мен міндеттерінің басқа адамдарға өтуін реттеумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің жиынтығы [22, 48 б.].

Өлім тек дүниеден озған адамның жеке басымен байланысты қатынастарды ғана тоқтатады. Бұл бірінші кезекте жеке адамның мүліктік емес құқықтары мен міндеттеріне қатысты. Оларды әдетте жеке бір адамның жеке басынан ажыратып алып басқа бір адамға беру мүмкін емес. Мәселен айтсақ, азаматтың еңбек шарты негізіндегі міндеттері, яғни баспа немесе сценариін жазу жөніндегі - автор. Мұра ретінде сонымен қатар, дүниеден озған адамның жеке басымен байланысты алименттік міндеттер мен осы сипаттағы келтірілген зияндардың орнын толтыру мен басқа да міндеттер түрлері. Мұра - жеке құқықтық саладағы мұраға қалдырушының барлық құқықтарының мирасқорлығы.

Тұлғаның қайтыс болғаны кезінде мұрагерлерге тек жекелеген құқықтар мен міндеттер ғана өтіп қоймайды, барлық құқықтар мен міндеттердің жиынтығы кешенді түрде өтеді. Міне сондықтан, мұрагерлік жалып, яғни әмбебап мирасқорлық ретінде болады. Оны жеке немесе сингулярды, мирасұорлықтан ажырата қарастыру керек. Сингулярды құқықтық мұрагерлік кезінде жекелеген құқықтар мен құқықтардың бір тобы өтеді. Сонымен қатар оған жекелеген міндеттер де өтуі мүмкін.

Дүниеден озған адамның барлық дерлік құқықтары мен міндеттері басқа тұлғаларға өтіп отырады. Міне, осындай құбылыс құқытық мирасқорлық атауын алған.

Әмбебап мұрагерлік мирасқорлық тікелей болып табылады, өйткені құқықтар мен міндеттер бір тұлғадан екінші тұлғаға ешқандай делдалсыз өтеді. Сингулярды мұрагер құқықтар мен міндеттерді, немесе оның жекелеген бөліктерін тікелей алмай, мұрагерден алады (мұраға қалдырушы, айталық, мұрагерді сингулярды мұрагерге қатысты бірқатар әрекеттерді жасауды міндеттеуі мүмкін: мұраға қалдырылған кітапхананың бір бөлігін беруді; үйдің бір бөлігін қайтарымсыз түрде пайдалануға ұсыну және тағы басқа).

Дүниеден озған адамның кешенді түрде бүкіл құқықтары мен міндеттері бір мезетте мұрагерге өтеді. Бір құқықтарды қабылдап, қалғандарынан бас тартуға болмайды. Міне сондықтан, қайсы-бір құқықтарды қабылдаған мұрагер, автоматты түрде дүниеден озған адамның қалған өзіне мәлім немесе беймәлім құқықтарын да қабылдаған болып есептелінеді.

Мұрагерлік құқықты объективті және субъективті мағынада бөліп қарастыру қажет. Объективті мағынада қарастыратын болсақ ол дүниеден озған азаматтың құқықтары мен міндеттерінің басқа адамдарға өтуі үрдісін реттейтін тәртіп ережелерінің жиынтығы. Міне осындай сапада мұрагерлік құқық азматтық құқықтың қосалқы құрамына кіретін институты болып табылады. Субъективті мағынада қарастырсақ мұрагерлік құқық дегеніміз мұраға шықырылуға тиісті болатын тұлғаның құқығы, яғни оның мұраны қабылдап алғаннан кейінгі құқықтық құзыреттілігі [23, 57 б.].

Зерттеулерді жасау кезінде байқағанымыздай, көзінің тірісі уақытында бүкіл құқық қатынастарына қатысушылар ол адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Адам дүниеден өткеннен кейін өзге субъектілерге (құқық мирасқорына) мұраға қалдырушы адамның құқықтары мен міндеттерінің ауысуы қажеттілігі туындайды. Осындай құқық мирасқорлығы жағдайында «құқықты ұсынушының» құқықтары мен міндеттері құқықтарды қабылдайтын мирасқор тұлғаға ауысуының заңнамалық орындары бар екендігін айтып өтуіміз қажет. Субъективті құқықтардың ауысуы (құқықтар мен міндеттер) «құқықтарды қабылдаушы тұлғалар тәртіптерімен бір адамнан екінші адамға ауысады».

Құқық қатынасы субъективті құрамдарының өзгеруі жағдайында құқық мирасқорлығы бастау алады, бұл ретте алдыңғы және жаңаша құқық қатынастарының өзара байланыстарының орындары байқалады.

Мұрагерлік құқық қатынастарының құқықтық реттелулерінің басты мақсаттары мұраға қалдырушы адамның мүліктерін оның мұрагеріне заңнамалық негіздерге сай ауыстырылуы. Мұрагерлік құқық мирасқорлығының мәні меншіктің иесі дүниеден озған уақытта оған тиесілі болған мүліктердің мұрагерге ауысуы. Адамның әмбебап құқықтық мирасқорлығы мұрагерлік жағдайында болады және де осы құқық мирасқорлық мұрагерлік институтының негізі болады.

Әмбебаб құқықтық мирасқорлық ерекшелігі мұрагердің мұрагерлік құқықтар негізінде ауысатын мүліктердің нақты бір бөлігінің қабылдап алуы немесе мүліктердің басқа бөліктерінен бас тартуы емес, ол бүтіндей біртұтас ретінде мұраға қалған мүліктердің бір мезгілде мұрагерге ауысуы.

Әмбебаб құқықтық мирасқорлыққа қарама-қайшы сингуляр құқық мирасқорлығы «тауарларды ауыстыру» (сауда-саттықтар) қажеттіліктері салдарынан пайда болады. Сингуляр құқық мирасқорлығының әмбебап құқық мирасқорлығынан айырмасы бүкіл құқықтар мен міндеттердің жиынтықтарына ие болмайды, олар тек қана бір не одан да көп кез-келген жеке құқықтарға иелік етеді немесе құқықтарды ұсынушыға тиісті болған құқықтар мен міндеттердің жиынтықтарынан жеке бір құқықтар мен міндеттердің ауысу үрдісі ретінде қарастырылады. Мұндай кезде, егер мұраға қалдырушы адам мұрагерлерге үшінші жақтардың пайдасы үші нақты міндеттемелерді жүктеулерге қатысты болады.

Бірқатар авторлар, мұрагерлік құқықтың тек әмбебаб формасы болуы шарт дейді, яғни өсиеттік бас тартушылық жағдайында дүниеден озған адамның жеке құқықтары мұрагерлік болып есептелмейтіндігі көрсетіледі. Бұлар сингуляр құқықтық талаптарына сай жүзеге асады және олар тек қан өсиет негізінде мұрагерлік құқық қатынастарына байланысты болады. Мәселен, өсиет қалдырушы адам өзінің өсиетінде мүліктерді нақты мұрагерге өсиет ете отырып, үшінші тараптың пайдасына белгілі-бір мүліктерге құқықтарды қалдыра алады [24, 19 б.].

Мұрагерлік – әлемнің басым елдерінде танылатын жеке меншікке құқықты иеленудің маңызды тәсілі болып табылады. ҚР-да мұрагерлікке мұра ашылған (мұраның ашылуы күні азаматтың қайтыс болған күні) сәтте өмір сүріп жатқан азаматтар, сонымен қатар мұраға қалдырушы адамның өмір сүрген сәтіндегі пайда болған және ол қайтыс болғаннан кейін туылған көзі тірі мұрагерлер шақырылады. Өсиет бойынша мұрагерлікке сондай-ақ онда көрсетілген мұраға ашылған күнде қызмет етіп тұрған заңды тұлғаларда шақырылады. Өсиет бойынша мұрагерлікке Қазақстан Республикасы, әкімшіліктер, шетел мемлекеті мен халықаралық ұйымдар, сонымен қатар заңнама бойынша мұрагер ретінде Қазақстан Республикасы (иесіз қалған мүлікке) шақырылады.

Әлем елдерінде мұрагерлік құқықтың басты екі негізгі принципі қолданылады – өсиеттің еркіндігі мен жан-ұяның мүдделерін қорғау. Осы принциптердің әрбірінің мағынасы бір ұлттық заңнаманың аясында өзгеріп отырады, ал енді әртүрлі елдердің заңнамасында олардың орындары түрліше болып келеді. Мұрагерлік құқықтың дамуының негізгі тенденциясына заңнама бойынша мұрагерлердің қатарының кеңейуі. ҚР-ның өз тәуелсіздігін алып азаматтық кодексін қабылдағанға дейін бұрынға Кеңес одағының 1964 жылы қабылдаған ескі азмамттық кодексімен өмір сүрді. Аталған кодекске сәйкес әрбір азаматтың жеке меншігі шектеулі болатын, соған сәйкес мұрагер болып есептелетін азаматтырдың да шеңбері шектеулі болатын. Ал олардың болмай қалған кездерінде бүкіл меншік пен мүлік автоматты түрде мемлекеттің меншігіне айналатын. Қазіргі кездері не өзгерді? Біріншіден, мұрагерлердің аясы айтарлықтай кеңейтілді. Мемлекеттің мұндай жағдайларда мүлікке дүниеден озған адамның мүлде туыстары болмаса не ондай туыстары мұрадан бас тартқан жағдайда ғана иелік ете алады. Екіншіден, заңнама негізінде мұрагерліктің алдында өсиет бойынша мұрагерліктің басым болатындығы туралы нақты жазылған. Кез-келген адамның басқа адамға өз мүлкін өсиет етіп қалдыруына құқығы бар. Бір ғана «кемшілік»: жұбайлар мен кәмелетке толмаған балаларзаңнама бойынша мүліктің тек жартысы ғана тиесілі. Үшіншіден, заңнама өсиеттің толық құпиялығына кепілдік береді. Онда не жазылғандығын ешкім білмейді, яғни не нотариус, не куәгерлер білмейді – тек қана өсиет етуші адамның өзі ғана біледі. Заңанама сонымен қатар өсиет етудің жеңілдетілген формасын да есепке алады. Азамат, егер де өзінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төніп тұрған жағдайлар бар екендігін білетін болса, онда ол өзінің соңғы тілегін ешқандай куәгерлер мен нотариустың қатысуынсыз жай ған жазбаша түрде жасай алады. Бірақ, бұл жағдайда өсиеттің орындалуын оның ерекше жағдайларда жасалғандығы фактісін сот куәлендіріп, дәлелдеп шығатын болса жүзеге асырылады. Мұраға құқытың пайда болуы негіздері – мұраның ашылуы сәтіндегі заң фактілерінің жүйесі. Екі топты бөліп қарастыруға болады – заңнама бойынша мұраны алудың заңды фактісі және өсиет бойынша мұраға алудың заңды фактісі. Өсиет – бұл мұраға қалдырушы адамның өзінің қайтыс болғаннан кейін мүліктерінің заңды тағдырын шешу жөніндегі заңды формадағы еркін білдіруі. Мұндай ерікті білдіру бір жақты сипатта болады және пікірлер тудырады. Өсиет бойынша құқықтық мирасқорлықтың негізіне келесідей заңды құрам болады: мұраға қалдырушы адамның дүниеден озуы, мұраның ашылуы, өсиеттің болуы. Өсиеттің түпнұсқалығы мұрагерлердің келісімдерінің бар не жоқ екендігі мен олардың қарсылықтарына байланысты болмайды. Сонымен қатар, өсиеттің жазылғандығы фактісі құпия түрде сақталуы тиіс. Өсиет нақты бір жеке адамның басымен байланысты болғандықтан, үшінші өкіл немесе сенім білдіру арқылы жасалмайды. Өсиетті жазған адам өзінің жасап жатқан әрекеттерін анық және нақты білуі тиісті және ақыл-ойымен жасау керек. Өсиет бойынша мұрагер болып табылатын адам мұраны алуға немесе одан бас тартуға құқылы. Бір мұрагерлік құқықты қабылдай отырып, ол басқа мұрагерлік құқықтардан бас тарта алмайды (не бүкіл мүліктерді қабылдайды, не олардың барлығынан бас тартады) [25, 46 б.].

Құрлықты Еуропа елдерінің заңнамалары бойынша келесідей негізгі өсиет етудің формаларын анықтайды.

1) Өз қолымен жазылған өсиет – бұл өсиет, толығымен мұраны қалдырушының өз қолымен жазылып, күні мен қолы қойылуы тиіс, ал ол өз кезегінде түрлі жалғандықтардан сақтауға мүмкіншіліктер береді (яғни, машина арқылы мәтіндерді теруге рұқсат етілмейді). Аталған форма өзінің қарапайымдылығы мен өсиет етудің құпиялығын сақтауды қамтамасыз ететіндігіне байланысты кеңінен таралған форма болып табылады.

2) Бұқаралық ашық формадағы өсиет – қолданылымдағы заңнама ережелеріндегі процедураларға сәйкес лауазымды адамның қатысуымен жасалатын өсиет, әдетте мұндай тұлғаға нотариус жатады. Осы форманың басты артықшылығы – өсиеттің түпнұсқалығын, онда жазылған мәтіннің шын мәнінде мұраны қалдырушының еркі болып табылатындығын куәлендіру. Өсиеттің сақталуын заңнамада көзделген тәртіпте нотариуста немесе өзге де лауазымды адамдарда депонировать ету негізінде кепілдік беріледі.

3) Құпия өсиет – бұл өсиет жазушының куәгерлердің қатысуымен жазылып, мөрленіп нотариустың сақтауына куәгерлердің қатысумен өткізуі.

Мұрагерлік құқықтық қатынастың заңнама негізінде туындауының келесідей заңды құрамы болады: мұраға қалдырушы адамның дүниеден озуы, мұраның ашылуы мен мұрагерлердің кезектілік тізімде болуы, өсиеттің болмауы. Заңнама негізінде мұрагерлік мынандай жағдайларда туындайды: өсиеттің мүлде болмауы; мүліктің тек қана бір бөлігінің өсиетке қалдырылуы; егер мұрагер өсиет бойынша мұраны қабылдамаса; егер мұрагер мұраны қалдырушы адамнан бұрын дүниеден озса; егер өсиет толығымен немесе оның бір бөлігі жарамсыз деп танылса; сот мұрагерді мұраны алуға абройлы емес деп жарияласа.

Заңнама негізінде мұрагерліктің мәнісі, мұраға мұрагерлердің дүниеден озған адамның жақын туысқандары болып табылатындықтарында. Заң бойынша мұрагерлік кезінде заңнаманың өзінде қайтыс болған адамның мүліктеріне мұрагер болып табылатын адамдардың тізімі келтірілген. Бұл адамдар мен тұлғалар заңнама бойынша мұрагерлер деп жарияланады, ал осындай мұрагерлік құқықтары бар адамдар заң бойынша мұрагерлер деп жарияланады. Заңнама негізінде мұрагерлердің аясын анықтай отырып заң олардың кезектілігін де айқындайды (Сурет 2. Заңнама негізінде мұрагерлік кезектілігі). ҚР-ның АК-нің 1061-бабының 1-ші тармақшасына сәйкес бiрiншi кезектегі - мұрагерлер болып мұраны қалдырушы адамның балалары, соның iшiнде ол дүниеден озғаннан кейін тiрi туылған балалары, жұбайы мен ата-аналары. Екінші кезекте - мұраны қалдырушы адамның бiр әке мен шешеден туған және әкесi, шешесi бөлек аға-iнiсі, апа-қарындасы, сiңлiсі, әкесi жағынан, анасы жағынан да атасы мен әжесi. Үшінші кезекте - әкесiмен бiрге туылған ағалары, апалары, нағашы ағалары, апалары. Төртінші кезекте – мұраны қалдырушы адамның арғы аталары мен әжелерi. Бесінші кезекте - туған немере iнiлері-қарындастары, жиендерi балалары, шөбере iнiлері-қарындастар, жиеншарлар және өзінің аталары мен әжелерiнiң туған ағалар-iнiлерi, апа-қарындастар, сiңлiлерi. Алтыншы кезекте - шөбере iнiлері, қарындастары, жиеншарлары балалары, өзінің немере ағалары, iнiлерi, апалары, қарындастары, сiңлiлерi балалары мен өзінің 2 атадан барып қосылатын аталары, әжелерi балалары.

Егер, жоғарыда аталған кезектегi мұрагерлер жоқ болса, заңнама негізінде жетiншi кезектегi мұрагерлердің түрінде мұраға қалдырушы адаммен кем дегенде 10 жыл бiр жан-ұяда өмір сүрген мұраны қалдырушы адамның өгей әкесi немесе өгей шешесiнің артынан ерiп келген ағалары мен інiлерi, апалары, қарындастар, сiңлiлер, өгей ұлдар, өгей қыздар, өгей әкесi мен өгей шешесi шақырылуы мүмкін [27, 39 б.].

Мұрагерлердің әрбірінің мұрадағы мүліктегі жеке үлестері заңнама бойынша олардың барлығының шақырылуы кезекетілігіне сәйкес анықталады. Егер, мұрагерлердің бірі мұраны қабылдамаса не өсиеттің жарамсыздығы салдарынан шететілетін болса, онда оның үлесі заңнама негізінде қалған мұрагерлердің арасында теңдей етіп бөлінеді, яғни олардың мұрадағы үлестеріне қосылады. Әлем елдерінің көпшілігінің заңнамасына сәйкес мұрагерлердің жоқтығы мен одан мұрагерлердің бас тартулары кезінде мұраны қалдырушының мүліктері мемлекетке өтеді. Заңнама немесе өсиет боынша мұраға қалдырылған мүлікті иеленген мұрагер мұраны қалдырушыға тиесілі болған осы мүлікке қатысты бүкіл құқықтар мен міндеттерге де иелік етеді. Мұраға алынған мүліктерді қабылдағаннан кейін мұрагердің жауапкершілігі мұраны қалдырушының кредиторлары алдында; өсиет бойынша қарсылық қабылдаушылар алдында; мұраны қалдырушы адамды жерлеу сияқты міндеттерге жауапты болады. Мұрагердің басқа тұлғалар алдындағы жауапкершілігінің тікелей негізділігіне мүліктік құндылықтардың мұрагерге реалды формада өтуі жатады. Мұраны қабылдаған мұрагерлер мұраның қалдырушы адамның қарыздарына өздерінің иелігіне өткен мүліктердің нақты мерзімі ішіндегі бағаларына сәйкес жауапты болады.

Қазақстандағы мұраға қатысты қолданылатын мұрагерлік мирасқорлық құқығы:

  1. Егер заңнама ережелерімен өзге де жағдайлар көзделмесе, онда мұрагерлік қатынастарға байланысты қатынастарды реттеуде мұраны қалдырушы адам соңғы тұрған мекен жайының құқықтары қолданылады. Жылжымайтын мүліктің мұрагерлігі осы мүлік орналасқан елдің заңнамасымен анықталады, ал Қазақстанның мемлекеттік реестріне енгізілген жылжымайтын мүліктің мұрагерлігі Қазақстан заңнамасымен анықталады.

2) Тұлғаның өсиетті жасау мен оның күшін жою қабылеттілігі, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке қатысты осындай өсиеттің және оның күшін жою формасы осындай өсиетті жасау сәтінде мұраға қалдырушы соңғы тұрақты тұрған елдің заңнамасымен анықталады. Бірақ, өсиет пен оның күшін жою арнайы форманы сақтамай жасалса да жарамсыз деп танылмайды, егер ол жасалған елдің заңнамасы мен Қазақстанның заңнамасына қайшы келмейтін болса. [28, 63 б.].

Заңнамалық ғылымда құқықтық қатынастар күрделі жүйелер сипатында қарастырылады, олар жекелеген үш элементтен тұрады. Яғни: субъекті, объекті (пән) мен мазмұны (субъективті құқық пен міндеттер).

Мұрагерлі құқықтық қатынастар субъектілері мұрагерлі құқықтық қатынастарға қатысушы адамдар, яғни мұраны қалдырушы адам мен мұрагерлер болып табылады.

Мұрагерлі құқықты қатынастардың объектілері мұрагерлі құқықтың негізіне сай, мұраны қалдырушы адамның мүлікті жиынтықтары (оның ішінде мүлікті құқық пен міндеттерді) біртұтас ретінде мұрагерлерге ауысуы болып табылады.

Бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-де мұрагерлік терминіне түсініктеме берілмеген, ал қазіргі ҚР-ның АК-нің мұрагерліктің нақтыланған анықтамасы көзделген. Енді, мұрагерлік құқықтың анықтамасына сараптама жасайтын болсақ, заң әдебиеттеріндегі мұрагерліктің анықтамасы бір текті емес.

Жалпы мұрагерліктің қандай тілден шыққандығына назар аударсақ, мұрагер сөзі (Inheritance, succession) ағылшын тілінен аударғанда, дүние салған адамның мүлікті және мүлікті емес құқықтары мен міндеттерінің мұрагерге өтуін білдіреді [29, 43 б.].

Ю.Н. Власовтың пікірінше, мұрагерлік (мұрагерлік мүлік) мұраның ашылған күнінде мұра қалдырушыға тиесілі жеке мен-шігіндегі заттар, өзге де мүліктер және оның мүліктік құқығы мен міндеттерінің жиынтығы дей келе, бұл ұғымды мұраның құрамына қатысты ережелермен байланыстырады [50, 9 б.].

Осы орайда С.М. Ильясова ҚР-сы АК-нің 1038-ші бабы 1-ші тармағына келесі толықтыруларды ұсынған: «Мұрагерлік – дүние салған адам мүліктерінің (мүлікті және мүлікті емес құқықтары) заңнама не өсиет негізінде оның мұрагеріне өтуі деп көрсетеді».

ҚР-сы АК-нің 1038-ші бабы шарттарына сай мұрагерлік – дүние салған адам (мұраны қалдырушы) мүліктерінің өзге адамдарға – мұрагерлерге өтуі.

Мұрагерлі құқықтық қатынастар субъектілерінің одан әрі қарай құқықты қатынастарында тағдырларын анықтау, осындай қатынастарға құқықтары бар тұлғаларды білу үшін адамның дүние салуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынастар сипатын сараптау керек. Революция алдын орыстардың цивилис ғалымдары заңнамалық қатынастарды субъективті құқық деп түсіндірген, яғни басқа тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандырушылықты қамтамасыз етуді орындаған. Олар екі адамның арасындағы құқықты қатынас, яғни өзара белгіленген талаптар мен міндеттер сияқты. Қазіргі кезде құқықты қатынастар дегеніміз – бұл адамдардың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланыстылығы.

Мұрагерлік құқықтық қатынастарға келетін болсақ, бұл қатынас жөнінде бірнеше көзқарастар бар екенін айта кету керек.

П.Д. Егоровтың айтуынша, мұрагерлік құқықтық қатынас абсолюттік сипатқа ие және мұра қалдырушы қайтыс болған мезгілде, өсиет және заңды мұрагерлік бойынша танылған мұрагерлердің арасында пайда болады және оны мұраның ашылуымен байланыстыратынын айта кеткен. Ал, абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады.

Ю.К. Толстойдың көзқарасы бойынша, мұрагерлік құқықтық қатынас мұраның ашы-луына байланысты, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған кезде мұрагерлерді мұраға шақыру кезден басталады деп түсіндіреді. Бұл кезең «абсолюттік құқықтық қатынас» ретінде қалыптасып тұр, солай болғандықтан мұраны қабылдау құқығына мүмкіндік пайда болады және мұрагердің бұл құқығын жүзеге асыруға кедергі жасамайды. Бұл этап «мұраны қабылдау құқығы кезінде немесе оны өзгеше .... жүзеге асырылса» аяқталады. Екінші этап мұрагер мұраны қабылдаған жағдайда мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болуын дамытады және «мұра мүлкінің тағдыры» айқындалғанға дейін созылады. Үшінші автордың Л.И. Корчевскаяның концепциясы бойынша мұрагерлік туралы мұрагерлік қатынастар азаматтық құқықтық ке-шен ретінде, тұлғаның қайтыс болуына байланысты пайда болады және мұраның ашылуына байланысты туындайды деп көрсете отырып, келесі құқықтық қатынастарды қарастырады:

1) мұраның ашылу фактісі бойынша құқықтық қатынас;

2) мұраны қабылдау бойынша құқықтық қатынас;

3) мұрадан бас тартудағы құқықтық қатынас;

4) өсиетті орындау бойынша құқықтық қатынас;

5) мұра мүлкіне қатысты несие берушілердің құқықтық қатынасы;

6) мұра мүлкін бөлуге қатысты мұрагерлер

арасындағы құқықтық қатынас;

7) жүктеу бойынша мұрагерлік құқықтық қатынас;

8) мұрагерлік трансмиссия бойынша құқықтық қатынас;

9) субституция бойынша құқықтық қатынас;

10) мұрагерлерді тағайындау бойынша құқықтық қатынас;

11) мұралық үлестерді үлестіру бойынша құқықтық қатынас;

12) мүлікті сенімгерлікпен басқару бойынша құқықтық қатынас.

Егер осы аталған құқықтық қатынастар пайда болса, онда олар азаматтық құқықтық сипатқа ие болады деп тұжырымдайды [30, 44 б.]. Осы тұрғыда Л.И. Корчевская құқықтық қатынастардың бірнеше түрін көрсете отырып, осы негіздер мұрагерлік құқықтық қатынастың туындайтыны көрсетеді.

Мұрагерлік құқықтық қатынастың анықтамасын осындай тәсілде ескерсек, онда «мұрагерлік» ұғымы «мұрагерлік құқықтық қатынас» ұғымына қарағанда, мағынасының ауқымды екенін байқаймыз. Барлық мұрагерлік процеспен бір құқықтық қатынасты қамтуға болмайды. Бұған мысал ретінде, мұрагерлік құқық-тық қатынастың пайда болуы заңдық фактінің бар болуымен байланысты. Нақ азаматтың қайтыс болу фактісі бойынша мұра ашылады, яғни бұл мұрагердің (өсиет бойынша немесе (және) заңды мұрагерлік бойынша) мұраны қабылдау не одан бас тарту құқықтарының пайда болуы деген сөз. Заң әдебиеттерінде мұраны қабылдау не одан бас тарту фактілерінің біржақты мәміле екеніне күмән келтірмейді, осы кезден бастап субъективтік құқықтар мен міндеттер пайда болады, тоқтатылады не өзгертіледі.

Субъективтік құқық дегеніміз берілген адамның байқалатын мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Субъективтік міндет дегеніміз міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы [22, 93 б.]. Бұл жерде «мінез-құлқы» ұғымы мұрагердің іс-әрекеті мағынасында айтылады. Яғни мұрагерлердің мұрагерлік құқыққа қатысты әрекеттері (мұраны қабылдау не одан бас тарту). Мұраны қабылдау не одан бас тарту – біржақты мәміле, яғни ол (мұрагер) біреуге жауап қайтарады (мұрадан бас тартады), не болмаса оның еркіне қарсы келмейді (мұраны қабылдайды), осы негіздерден заңды салдар туындайды [56, 20 б.]. Олай болса, қандайда бір әрекеттерді (мұраны қабылдау не одан бас тарту) жүзеге асыру кезінде, сол әрекеттер төңірегінде құқықтық қатынастар пайда болады, соның нәтижесінде аталмыш әрекеттер нақты мазмұнды (құқық пен міндет) құрайды.

Біздің ойымызша, «мұрагерлік» пен «мұрагерлік құқық қатынастарының» ұғымдарын анықтап, айыра білу керек. Мұрагерлік, мұра бойынша ауысатын мүлікке қатысты мұрагерлердің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру және ол өздігінше бірнеше құқықтық қатынасқа ие болатын процесс. Сонда ғана, мұрагерлік құқықтық қатынас мұра қалдырушының қайтыс болу факті негізінде пай-да болады және мұрагерлік құқық субъектілерінің нақты құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін.

Заң әдебиеттерінде мұра ашылғанға дейін мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болуы туралы айтылып жатады. Бұл мұрагерлік неке шарты күшінің негізінде болуы мүмкін. Бұл жағдайда мұра қалдырушының тірі кезінен бас-тап құқықтық қатынас пайда болады. Мұндай шарттың түрі кейбір мемлекеттердің заңында қарастырылған, мысалы Германия [57, 480 б.] мен Францияда [58, 30 б.]. Мұрагерлік құқықтық қатынас азаматтық құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады, ол өзіне тән ерекшелігі мен белгілеріне байланысты. Осы орайда, жалпы құқықтық қатынастардың, соның ішінде мұрагерлік құқықтық қатынастарды толық сипатқа ие болу үшін В.С. Еманың пікірі бойынша:

1) негіздердің пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы;

2) оның субъектік құрамын анықтау;

3) оның мазмұнын анықтау;

4) оның объектісін нақты көрсету сияқты мәселелерді қарастыру қажет екенін көрсетеді [59, 90 б.].

Кез келген құқықтық қатынастың пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы нақты қандайда бір негіздерге байланысты.

Заң әдебиеттеріндегі құқықтық қолдану тәжірибесінде, мұраның ашылуының заңдық маңызы бар түсінік бірыңғай қалыптасқан, және бұл құқық теориясында мұрагерлік құқық қатынастардың пайда болуымен байланыстыратын заңдық факт болып табылады [60, 30 б.].

Ю.К. Толстойдың пікірі бойынша, құқық және құқық қабілеттілікке қатысты нормалар абстрактілі не болмаса құқықтық қатынастардың пайда болуы жалпы алдыңғы себептердің негізінен туындайды [54, 53 б.].

Алайда, мұра қалдырушының мұрагерлік құқығы мен міндетінің мұрагерлеріне ауысуы үшін заңдық факт (мұраның ашылуы) аз, сонымен қатар факт жүйелері мен заңдық фактының құрамы қажет, бұл басты оқиғамен (азаматтың өлімі) қатар әрекетте маңызды орын алады, адамдардың бұл жерде іс-әрекеті айтылады [61, 286 б.].

Б.Б. Черепахиннің айтуынша, мұрагерлік бойынша мұра қалдырушының мүлкінің мұрагерлеріне ауысуы үшін заңдық фактінің нақты құрамы заңда қарастырылған дәйектердің жиналуынан, яғни мұрагерлік құқықтық мирасқордың заңдық құрам болуы керек, дей-ді. Бұл орайда, Б.Б. Черепахин заңдық фактіні үш топқа бөлінетінін көрсетті:

1) мұрагерлік құқықтың пайда болуының алдыңғы себебі заңдық факт болып табылады. Бұл топты өзінше 2 топшаға бөлді. Алғашқысы, заң бойынша мұрагерліктің заңдық фактісі, соңғысы, өсиет бойынша мұрагерліктің заңдық фактісі. 2) мұра ашылуының заңдық фактісі; 3) мұраны алу актісі [62, 121 б.].

Мұрагерлік құқықтық қатынас басқа құқық-тық қатынастардан өзгеше. Мұрагерлік құқықтық қатынас, қайтыс болған адамның мүлкімен байланысты және бұл әртүрлі қатынастардың нәтижесінде пайда болады. Осыған байланыс-ты Б.С. Антимонов пен К.А. Гравенің пайымдауынша, мұра ашылған кезде және мұраны қабылдауға мұрагерлерді шақырған кезде құқықтық қатынас пайда болады және бұл мұраның ашылуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынас деп айтуға болады [63, 55 б.].

Мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру, жойылу негіздерін заңдық фактілер деп түсіну қажет. Бұл жердегі заңдық факт – заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және осы құбылыстармен байланыстыратын мән-жай.

Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, мұрагерлік құқықтық қаынастың пайда болуы, өзгеруі және жойылу негіздері заңдық фактілерге байланысты келесі топқа бөлінеді. Біріншісі – оқиға (мысалы, мұра қалдырушының өлімі), екіншісі - әрекет, қимыл (мысалы, мұрагерлердің мұраны қабылдауы не одан бас тартуы), соңғысы туыстық-жағдай (мұрагерлердің мұра қалдырушымен туыстығы).

Кейбір жағдайда заңдық құрам құқықтық салдарды туғызады. Ол заңдық фактілердің қатаң нақты тәртіпте пайда болу шартымен анықталады. Мысалы, өсиетте көрсетілген мұрагер мұраға қалдырылған мүлікке келесі заңды фактілер негізінде ие болады: өсиет қалдырушының өсиетті құруы, мұраның ашылуы және мұрагерлердің мұраны қабылдауы. Жалпы құқықтық теория-да мұндай заңдық құрам күрделі заңдық факт жүйесімен реттеледі [54, 328 б.].

Э.Б. Бабыкова мұрагерлік құқықтық қатынасты мұра қалдырушының мүлкінің мұрагерлеріне ауысуына байланысты қоғамдық қатынас деп көрсетсе [49, 3 б.], Л.Ю. Грудцынаның айтуынша, мұрагерлік құқықтық қатынас – қайтыс болған адамның (мұра қалдырушы) мүліктік және кейбір жеке мүліктік емес құқықтардың басқа адамдарға (мұрагерлеріне) заңда белгіленген тәртіппен мұрагерлік негіз бойынша ауысуы. Шын мәнінде, мұрагерлік құқықтық қатынас – мұра қалдырушыға тиесілі мүліктің мұрагерлеріне заңды тәртіппен ауысуын реттейтін қоғамдық қатынас.