Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турегелдиев_дайын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.78 Кб
Скачать

1.2 Ежелгі Рұмның мұрагерлік құқығын қазақ мұрагерлік құқығымен салыстыру

Мұрагерлік құқығы өзінің дамуы үрдісінде феодалды және буржуазиялық құқықтар жүйелерінің дамуына, қалыптасуларына ғана ықпал еткен жоқ, сонымен қатар заманауи құқық жүйесінің дамуы үрдісіне де үлкен ықпалын тигізіп отыр.

Ежелгі Рұм құқығының өзінде мұрагерлік ұғымы қалыптасып, өзінің дамуы сатыларынан өткен. Жалпы мұрагерлік дегеніміз өмірден озған адамның құқықтары және міндеттерінің үшінші бір өзге адамдарға өтуі. Мұрагерлік кешенді, әмбебап ереже негізінде құқықтардың ауысуы арқылы өтетін, яғни мұрагерлер мұраларды қабылдай отырып, мұраға қатысы бар бүкіл құқық пен міндеттерді иеленуі. Әмбебап құқықтардың ауысуы ерекшелігіне байланысты сингулярлы құқықтардың ауысуымен ерекшеленген. Біріншісі негізінде құқық пен міндеттерге бөлінсе, екіншісі тек арнаулы құқықтармен ғана шектелген.

Мұрагерліктің үрдісінен екі негізгі кезеңді айқындауға болады: мұраның ашылуы (мұраға қалдырушы адамның қайтыс болуы) мен мұраны қабылдап алу. Мұрагерлердің мүлікке меншік құқықтары мұраларды қабылдағаннан кейін жүзеге асқан.

Ежелгі Рұмның өзінде, мұрагерлік екі жолменен жүзеге асып отырған: өсиет негізінде болмаса заңнама негізінде (егер өсиетті адам қалдырмаса не өсиет негізінде мұрагерлер мұраларды қабылдамаған болса).

Заңнама негізінде мұрагерлік ежелгі Рұм құқығы жүйесіндегі ХІІ Кестелер ережесі сілтеме жасайды. Заңнамада мұрагерліктің үш кезектілігі реттелген. ХІІ Кестелер заңнамасында 1-ші кезектегі мұраға қалдырушы адамның қоластында болатын балалары, оның алдын өмірден озған баласының балалары, демек немерелері де енген. Олар «керекті мұрагерлер» деп саналған. Егер, «керекті мұрагерлер» болмаған кездерде мұраға өмірден озған адамның агнаттық туысқандары шақырылған.

Оның мұраны қабылдамау құқығы болған, ондай кездерде мұраны иесі жоқ мұра ретінде санаған, осындай кездерде құқықтарды ауыстыру жасалмаған. Егер мұраға қалдырушы адамның жақын туысы болмаса мұра екінші кезекте тұратын когнаттық туыстарыны өткен. Тек кезек ретінде ғана мұралар қалдырушы адамның жұбайына өтіп отырған. Бірақ, мұндай кезде жесір әйелге тиген. Рұм құқығында өсиет жеке адамның көзі тірісінде дүние-мүліктерін мұраға жазып қалдырып кетуін айтқан. Егер өсиетте мұрагер көрсетілмесе, онда құжаттарға ешқандай құқықтық нәтиже бермеген. Өсиетте мұрагермен қоса легатты, яғни кәмелетке толмаған азаматқа тағайындалған қамқоршыны да келтіруге болады [16, 47 б.].

Өсиет - бір жақты жасалатын мәміле ретінде есептелген. Өсиеттер мен мұраларды қабылдау үшін басқа бөлектелген құқық актісі жасалған. Өсиетті қалдыру үшін жеке адамның беделі өсиетке құқықтық қабілеттілігі талап етіліп (бұларға әрекет ету құқытық қабілеттіліктері жоқ, қылмыстары үшін сотталғандар, адамдардың кейбір топтары енбеген) отырған.

Өсиет формасы әр кезеңдерде әр-түрлі болған, мысалы өсиет 7 куәгердің қатысуымен жасалатын, жазбаша формада сақтау керектігі міндетті болмаған.

Ал, Қазақтың әдет-ғұрыптық құқықтық жүйесі негізінде әкенің қалдырған мұрасы мен мұрагерлік құқығы туралы Қасым ханның Қасқа жолынан, Есімханның ескі жолынан, содан кейін Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» көруімізге болады.

Қазақта мұрагерлік құқықты қасиетті жазу-жазбалар түрінде қалдырып кету дәстүрі болған, бірақ ондай жазу-жазбалар біздің дәуірімізге дейін жетпеген, сондықтан біз көп ретте ауызша өсиет етіп қалдыру мұрагерлігі жөнінде мәліметтерден көптеп білеміз. Қазақтың әдет-ғұрыптық заңнамалары бойынша әкенің мұрасына иелік еткен марқұмның балалары, әйелі, ағалары мен інілері, жақын туысқандары, аталас туыстары болады.

Себебі, мұраны қалдырушы адамның мүліктері өзінен туған балаларын, бірге туған ағалары мен інілерін, аталас немере туыстарына көшіріліп отырған. Ал, егер өзінің бірге туған туыстары бола тұрып, дүниеден озған адам өзінің мұраларын өзге ата балаларына, немесе жора-жолдастарына қалдыра алмаған. Ондайға ағайындары қарсы болғандықтан, қалдырылған мұрадан әрбірі өзінің үлестерін алғаннан кейін арнайы рұқсат беру негізінде мұраға қалдырушының жолдастарына, достарына, өзге де туыстарына берілген.

Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі негізінде қайтыс болған адам артында мұраның түрінде малдар, жер-сулар,(қыстаулар), үй-жайлар, мүліктер, ақшалар мен жесір қалған. Ертеректе әкенің мұрасы ретіндегі құрамда құл менен күң де болған.

Қазақтың әдет-ғұрыптық құқығы негізінде мұрагерлік құқығы ерекшелігіне мұраның өтуі өлген адам жасына байланысты болған. Себебі, орта жастан асып, қартайған шағында өлген адамның еншілерін алған үлкен ұлдарының мұраға үлестері болмады. Аталғандар өздеріне тиісті бөліп берілген еншілеріне ғана билік ететін болған. Ал, үй-жайлар, мал-мүліктер, қара шаңырақта қалған ең кенже баланың еншісі болған.

Ал, қайтыс болған адамның қатыны қара шаңырақты иеленген кенже баланың қолында қалған. Егер, мұраға қалдырушы адамның әйелдері көп болса да, олардың барлығы мұраға қалдырушы адамның көзі тірісінде бөлініп берілген еншілерімен қалған. Сол себепті, қазақтың әдет-салтында мұрагерлік жөнінде туындайтын даулар көп болмаған. Ал, егер әйелі жас болса, онда ол әмеңгерлік жолымен қайтыс болған адамның бауырларының біріне атастырылған. Мұндай кезде бірінші кезекте үлкені тұрған. Егер ол бас тартатын кезде ғана қалған бауырларына кезек тиген. Тура осындай жолмен егер еркек адам әйелі қайтыс болған жағдайда әйелінің сіңлілері, яғни балдыздарын әмеңгерлік жолымен алған. Бірақ, бұл ретте екі жақ келіспей қалса, онда алуға болмайтын [16, 58 б.].

Қайтыс болған адамның артында қыздары қалса, онда оның мұралары бәрі-бір кіші ұл-балаларға көшіп отырған. Ал, мұрадағы үлестен қыздарын бағып, қағып, тұрмысқа беру міндеттері болғандықтан, оған тиісті мүліктер саналатын болған. Осындай мәселелер жөнінде Құран Кәрімнің Ниса сүресі 11 аятта былай жазылған: «Балалардың мирасқорлығы туралы Алла былай белгілеген: бір еркек баланың үлесі – екі қыз баланың үлесіне тең. Егер марқұм адамның қыздары екеуден көп болса, онда қыздарға бүкіл мұраның үштен екісі беріледі. Мұраға қалдырушының бір ғана қызы болған болса, онда қызға мұраның тең жартысы тиесілі» - деп тікелей жазылған.

Қайтыс болған адамның ұл-балалары жас болатын болса, олардың мүліктеріне әмеңгерлік жасап отырған мұрагер-балалардың үлесіне қамқоршысы тағайындалып, балалары өскенше млікті сақтау міндеті болған. Мұндай жайт туралы Құран Кәрімнің Ниса сүресі 2 аятта былай делінген: «Жетім-жесірдің мал-мүліктерін (балиғат жасына толғанда) өздеріне беріңдер, оның жақсысын өз жамандарыңа алмастырып алмаңдар. Олардың мал-мүліктерін өз мал-мүліктеріңе қосып алып, иеленіп кетпеңдер. Мұндай ету – шындығында зор күнә». Осыларға қарасақ ислам дінінде мұрагерлік құқығына үлкен мән берілгендігін көреміз.

Мұра мұраға қалдырушы адам өлгеннен кейін ашылған. Ашылғаны сәтінен бастап оған мұрагер шақырылған. Мұра ашылғанменен архаикалы кезең қабылдамаған мұра иесіз мұраға теңескен. Мұндай кездері кез-келген адам мұраның ашылғаны сәтінен мүліктерді кем дегенде бір жылдай арасында иеленсе, меншіктің иесі ретінде есептелген. Ал, енді классикалы кезеңдерде «тұрып қалған мұра» өлген адамның иелігінде болған. Ежелгі Рұм құқығы осылайша түсінік береді.

Мұрагерлер мұраны қабылдау кезінде өз еріктерін тікелей білдірулермен көрсетсе, кейін Юстиниан құқығы мен преторлық құқық негізінде өздерінің жүріс-тұрыстары арқылы көрсеткен. Егер, мұрагерлердің мұраға деген құқықтары танылмаса, онда мұраны қайтару жөнінде айырықша цивильдік талап қоюдың құқығы болған, ондай талаптардың ерекшеліктеріне байланысты виндикациялық талаптарға ұқсайтын болған.

Аталған заңнамалар жинақтарының бәрінде мұрагерліктің мәселелері қарастырылған. Дүниежүзінде қоныстанған өзге халықтар іспетті Азия құрлығын қоныстанған көшпенділердің арасында ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мен түркілер іспетті ұлыстар өздерінің әр кездегі, әр деңгейлердегі әдет-ғұрып заңнамаларын бірт-бірте өмірге әкелген. Аталған заңнамалар ұлыстардың орнығып, қуаттанып, дамуларына себеп болды. Біртіндеп көшпенді халық басқарудың құнды тәжірибелерін меңгерді. Соның дәлелді көрінісі, саяси биліктің жоғарғы басқару формалары мемлекеттік таққа мұрагерлік институты пайда болды. Таққа мұрагерлік әр елде әр-түрлі атауға ие болғанымен сипаттамасы жағынан олардың барлығы монархиялық билік болатын.

Түркі тілдес халықтар, оның ішінде қазақ халқы тарихында ерте дәуірлерден бері мұрагерліктік әскери, әкімдік, ру, мүлік және рухани мұрагерліктері қалыптасқан.

Адам дүние салғаннан кейін, оған тиісті болған мүліктерге меншіктік құқықтар өсиет не заңнамаға сай мұрагерлік негізінде өзге адамдарға өтеді. Бірқатар заң әдебиеттерінде мұралар бірінші мәрте Ежелгі Рұмда «hereditas», - деген атаумен қолданылатын болған деген пікірлер қалыптасқан [17, 55 б.].

Мұраға қалдырылған мүліктерге мұраны қалдырушы адамның заңнама негізінде тиісті меншіктері ғана кіреді. Егер, мұраны қалдырушы адам мүліктерді қылмыстық жолдармен тапқан болса, бұндай мүліктер мұраға беруге жатпайды. Азаматтар меншіктері, соның ішінде жеке меншіктер құқығы объектілері мұрагерлік мүліктер құрамдарына кіреді.

Мемлекет заңдары - мүліктік қатынастарда және азаматтар құқықтарын қорғаушылық салаларында заңдылықтарды одан әрі нығайтудың маңызды құралдары болып есептеледі. Меншіктердің иелерінің заңнамада көзделген шектерде мүліктерді иелену, пайдалану мен оларға билік етуге құқықтары бар. Азаматтардың жеке меншіктерін және оларға мұрагерлер болуы құқықтарын мемлекет қорғайды. Мұрагерлі құқық жеке меншіктен өзге де мүліктерді мұраға қалдырушы азаматтың мұраларға ие болатын мұрагердің қарауына өтулерін реттейді. Мұрагерлі құқық отбасы құқығымен заңнамалықты қорғайды, жанұялардың нығайып, оданда өркендеуіне, кәмелетке толмаған балалар мен еңбек етуге жарамсыз отбасының мүшелері құқықтарын қорғауда бір-бірін толықтырып, мазмұндарын ашады.

Мұрагерлі құқық азаматтық құқықтың бір салысы. Қазақтың отбасыларындағы көп балалы жан-ұяларының ішінен кенже балаларын ата-анасы қолдарында қалдырып, шаңырақ иесі деп атайды. Осы кенже бала шаңырағына «Қара шаңырақ» деген атау береді. Өзге балалары үйленіп, жеке отау тіккен кезде қара шаңырақтан өз еншілерін алып отырады. Қара шаңырақтарға қазақтың даласының жазылмаған заңнамасы негізінде, қашанда үйдің ең кенже баласы ие болған. Жанұяның үлкен балалары берілген еншілерге көңілдері толмай өкпелеуге барғанымен, қара шаңыраққа мұрагерлер болу үшін таласпаған. Салт-дәстүр негізінде кенже бауырларын ата-аналарымен бірге тастап, олар бөлек отау тіккен. Дегенмен, жастарының үлкен екендіктеріне қарамастан кенже бауыры ие болып қалған қара шаңырақты ешуақытта аттап өтпейтін болған, әрлі-берлі жол жүргендерде, алыс сапарларға шыққан кездерде қара шаңырақтан дәм татып, бата алған. Қазақ халқының осындай салттары ағайындар араларындағы мүліктерге таласулардың, алауыздықтардың болмауы үшін жасалған. Керісінше, ынтымақтастық, бірліктер-берекеге шақырып, ауызбіршілік үрдісіне тәрбиелеген. Қазақтың осы дәстүрі біршама өзгеріске ұшырағанмен, қазір уақытта да сақталып отыр. Ерте замандарда әкесінің көзі тірісінде балаларына енші бөліп, салт-дәстүрлер негізінде реттеп отырса, енді жерде атадан балаға қалатын мирастарды АК-тің баптарының шарттары негізінде ресімдеп, мұраға қалдыратын болдық. Мұралар адамдардың дүние салуы не ол адамды дүние салды деп жариялау салдарынан орын алады. Мұралар екі жолмен қалады: заңнама және өсиеттер негізінде. Мұраны қалдырушы адам дүние салар алдын өзінің мүліктері туралы ешкімге өсиеттер қалдырмаса не өсиет жасағаннан кейін де мүліктер иесіз қалса, мұрагер заңнама негізінде мұраларға иелік етуге шақырылады. [18, 9-10 б.].

Мұрагерлі құқық жеке меншіктер құқығымен тығыз байланысты болады. Мұрагерліктердің негізгі объектілері – мұраны қалдырушы адамның өмір сүруі кезінде мұрагер пайдаланылатын мүліктер, азаматтар жеке меншіктері. Мұрагерлі құқықтардың маңыздылығы жеке меншіктерді тұтынушылық сипаттарымен айқындалады. Мұралар ретінде өтетін мүліктер – бұл олардың материалды және рухани мүдделерін қанағаттандыратын адамдардың жеке меншіктері. Егер, адам дүние салған жағдайда ешқандай өз мүліктеріне қатысты өкімдер жасамаған болса, онда заңнама мұрагерлікке оның балалары, жұбайы, ата-анасын, жақын туыстарын шақырады. Осылайша, мұрагерлі құқық дүниеден озған адамның мүліктерін оның жанұясына таратып беріп, оның мүдделерін қамтамасыз ету үшін сақтайды және пайдаланушылық мүмкіндіктерін туындатады. Бұл адамдардың жеке меншік құқықтарын толықтырып, бекітеді, оларды қорғау мақсатында қызмет жасайды. Мұраны қалдырушылық құқықтық қатынастары өзге қатынастардың түрлері іспетті дамыған. Олар қоғамның экономикалық дамуы өнімдері болады. Материалды құндылықтар өндірісіндегі үрдістерде азаматтардың қарым-қатынастары қоғамының экономикалы базистері болады. Өндіріст күштерінің дамуымен бірге экономикалық құрылыстар да өзгеріп отырады. Экономикалық құрылыстардың өзгеруімен қатар қоғамның көзқарастары да өзгереді. Өндіріс күштерінің даму барысында құқықтың өзгерушілігіне алып келеді, яғни дәлірек айтар болсақ мұраны қалдырушылық қатынастары.

Мұраларды қалдыру мен басқа да қатынастар түрінің өзгеруі, тек қоғамның нысаны ауысуы нәтижелерімен ғана емес, сондай-ақ бір экономикалы құрылыстардың өздері өндіріс күштерінің дамушылығымен белгілі бір өзгеріс түрлеріне ұшырап отырады. Құқық ережелерінің өзгерулеріне және қалыптасуларына, оның ішінде мұраны қалдыру ережелерін реттейтін тәртіптеріне тек экономикалы базистер ықпал етіп қоймай, сонымен бірге қоғамдық құрылымдардың түрлі бөлшекетері ықпал етеді: мемлекеттер, діни, философия, мораль мен тағы басқалар.

ҚР-сы АК-нің 1040-шы бабы шартарына сай мұраны қалдырушы адамның жеке басына тікелей байланысты мынадай құқық пен мiндеттердің түрлері енбейді:

1) егер заңнама актiсінде не шарттарда басқаша көзделмесе, заңды тұлға болатын ұйымдарға мүше болушылық құқықтары;

2) өмiрi мен денсаулығына келген зияндарды өтеу құқықтары;

3) алименттi мiндеттемелерден туындайтын құқық пен мiндеттер;

4) зейнетақыны төлеу, жәрдемақыны және еңбек ету мен әлеуметтiк қамсыздандыру жөнінде заңнама актiлерi бойынша өзге де төлемдерді төлеу құқықтары;

5) мүлiктi құқықтармен байланыстылығы жоқ жеке мүлiктi емес құқықтары мұралардың құрамына енбейді [19, 65 б.].

Заңнама негізінде адамдардың меншіктік құқықтарының объектіс: интеллектуальды және материалды қызмет өнімдері, кәсіпорындардың, өндірістің құрал-жабдықтары, патентр, лицензия, ақшалар, тұрғын үй, пәтерлер, саяжайлар, бау-бақшалар, өндірілген өнімдер, олардан алынған кірістер және басқалар болады. Өзіне пайдалану үшін берілген пәтерлер, саяжайлар, гараждар, басқа да мүліктерге өзінің үлестік жарналарын толық өткізген тұрғын үйлер құрылыстық кооперативтерінің мүшесі сол мүліктерді меншіктеу құқықтарына иелік етеді. Сондай-ақ, пәтерлерді жалдап алушы азамат не оның отбасы мүшелері осы пәтерлерді иемдену құқықтарына иелік етеді. Егер, ол адам осы пәтерлерді сатып алған болса, онда пәтерлерді өзінің қалауы бойынша пайдалану, сату, уақытша жалға беру, мұрагерлікке тастауға және өзге де келісімдер жасауға құқықтары болады.

Меншік құқығы мазмұнын - меншік иесіне тиесілі иеленушілік, пайдаланушылық және билік етушілік сипатындағы өкілетіктер (элементтері) құрайды. Мұндай өкілеттіктердің әрбірі меншіктік құқығы қажеттілігі элементтері болады. Сондықтан, осындай көзделген жеке меншіктер құқықтарының объектілері азаматтардың мұрагерлі мүліктерінің құрамдарына енеді, ал адам дүние салғаннан кейін заңнама негізінде оның мұрагеріне өтеді.

Мұраларға иелік ету кезектілігі мен үлестерге қарамастан, қарапайым үй жиһаздары және бұйымдары мұраны қалдырушы адам дүние салғанға дейін кем дегенде бір жыл көлемінде бірге тұрған мұрагерлерге ауысады. Үйдің жиһаздары мен бұйымдарына күнде тұрмыста пайдаланылатын заттар, айталық: жиһаздар, ыдыс-аяқтар, көрпе-төсектер кіреді. Мұраны қалдырушы адамның теңгелері, алтындары, күмістері, хрустальді бағалы металдар мен қымбат тастары және інжуден жасалған бұйымдар мұрагерлі мүліктердің құрамдарына еніп, заңнама негізінде мұрагерге теңдей етіп үлестермен бөлініп беріледі. Ал, автокөлік, мотоцикл және өзге де көлік түрлері дүние салған адамның меншіктерінде болып, сол адам атына тіркелсе ғана мұрагерлік мүлік болып есептелінеді [20, 16 б.].

Көп ретте тұрғын үйлер отбасының мүшелеріне ортақ мүліктер болып есептелінеді. Сондықтан, қазіргі кезде қолданылстағы заңнама негізінде, кәмелет жасына толған бірнеше баласы бар отбасының басшысы баспананы балаларының біріне мұраға қалдыра алмайды. Өйткені, ол ортақ мүлік ретінде саналады. Отбасына ортақ меншікке қатысы бар адамның дүниеден озуы оның меншіктегі үлестерін анықтау мен ортақ мүліктерді бөлу ҚР-ның АК-сі бойынша орындалады. Бұл ретте мұралар дүние салған адамның ортақ мүліктердегі үлестеріне, ал мүліктерді заттай бөлу мүмкін болмаған кездерде үлестердің құндарына қатысты белгіленеді. Отағасы дүние салғаннан кейін ортақ мүліктердегі өз үлестеріне өсиет қалдыруға құқықтары бар. Мұрагерлі мүліктердің ең көп тараған түрі тұрғын үйлер. Егер, мұра мүліктерінің құрамдарында тұрғын үйлер болса, нотариустер үйдің мұраға қалдырушы адамның жеке меншіктерінде екені жөнінде құқықтар белгілейтін құжаттарды, техникалық инвентаризациялау бюросының анықтамасын талап етеді. Сондай-ақ, тұрғын үйлер орналасқан жерлердегі нотариалды кеңсесінің құжаттары негізінде үйлерден айыруға тыйым салынғандығы не мекен-жайлардың бар не жоқ екендігін тексереді. Егер, тыйым салу сауда салуға байланысты болса, нотариустер сауда берген мекеме орнына сауда алушы адамның мұрагерлеріне мұрагерлік құқықтар жөнінде куәліктер берілгендігін хабарлайды. Тұрғын үйлерді мұраға қадырушы адамның жеке меншіктері екені жөнінде құқықтарды белгілейтін құжаттар техникалық инвентаризациялау бюросында міндетті түрде тіркеледі.

Мұраның ауысу – жердің телімдеріне жеке меншіктер, ұзақ мерзімді жер пайдаланушылық пен уақытша қысқа мерзімдерде жерді пайдалану құқықтары бар адам дүние салған жағдайда жеке меншіктер не жерді пайдаланушылық құқықтарының (егер уақытша жерді пайдалану шарттарында өзгеше көзделмесе) басқа адамға ауысады. Мұра құрамына мұраға қалдырушыға тиісті, оның дүние салуына байланысты тоқтатамайтын, құқық пен міндеттер де енеді. Мұраны қалдырушы адамның бүкіл құжаттары мұрагерлі негізде беріле бермейді. Айталық, мұраға қалдырушы адамның отбасы-некелік қатынастарына жататын мүлікті емес құқықтары адам дүние салғаннан кейін жойылады.

Мұрагерлік негізде дүние салған азаматтың жеке басымен байланысты құқықтар не өзіндік меншіктік құқықтары заңнама негізінде заңды мұрагерге ауысады. Айталық, дүние салған адамның авторлы және өнертабыстық қатынастары негізінде туындайтын құқықтары мұрагерге мұралық жолмен өтеді. Авторлы құқыққа қысқартылған уақыт қолданылған кезде авторлы құқықтар мерзімі қалған бөліктері мұрагерге заңнама негізінде ауысады.

Көшпелі халықта елдің қорғаны бола білген батырлар елдің, жердің билеушілері болған, тақта отырған. Олардың биліктері ұрпақтардан-ұрпақтарға жалғасын тауып, тақтың өзі мұраға айналған. Мұрагер үрдісі, мұрагерлік заңнама - мұрагерлік институт дәстүрлер жалғасындағы үйлестіруші тетік, ал мұрагер институты - мұрагерлік заңнаманың жалғасы формасы мен нәтижелері.

Сондықтан, Кеңестік өкімет жылдарына дейін мұрагерлікке байланысты туындайтын қатынастар дәстүрлер ерекшеліктерін сақтап отырған болатын. Ал, кеңестік өкімет жылдары мұрагерлік құқықтар өз заманының бағыт-бағдарларына тәуелді болып, дамудың мүмкіншілігі шектелген салалар біріне айналды. Мұраның негізі жеке меншіктерден бастау алатындығы бұрыннан белгілі. Сөйтіп жеке меншіктерді жою үшін бірқатар заңнамалар қабылданды.

Теріскей саясаттың қойған тосқауылына қарамастан, өзінің қалыпты дамушылығын сақтап отырған мұрагерлік институты тек 1945 жылдардан бастап қана жайла дами бастады. Осы жылдардың наурыз айында қабылданған КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің Президиумы «Заңды мұрагер мен өсиетке мұрагер болушы жөнінде» Жарлығында мұраларды бөлу ерекшеліктері тәпіштеп жазылды. Осы жарлық негізінде заңды мұрагер кезектілігі анықталып, өсиет ету белгілері көрсетілді. Сонымен қатар аталған құжат кәмелет жасына толмаған балаларды мұрагер ретінде тізімге қосып, олардың сандарын көбейтті.

Осымен бірге, мұраларды алу тәртіптері де айқындалды. Осындай жолмен КСРО-ның Жоғары Кеңесінің Президиумы Жарлығы негізінде заңнама және өсиет бойынша мұрагердің құқықтары айтарлықтай кеңейді. Осындағы демократиялық принциптері кейіннен ҚР-ның Азаматтық кодексінде өзінің көріністерін тапты [21, 39 б.].

Міне, осындай түрлі тар-жол тайғақ жолдардан өткен мұрагерлік институты тәуелсіз Қазақстанның заңнамаларында өзіне лайықты орын алды. Еліміздің құқық жүйесінде мұрагерлік құқық институты азаматтық құқықтың үлкен бір бөлігі сияқты бекіген, әрі еліміздің заңнамаларына сай мұра көлемдеріне шектеулер жоқ.

ҚР-ның Азаматтық кодексі ерекше бөлімі VI-бөлімінің 57-ші, 58-ші, 59-шы, 60-шы тараулары түгелдей осындай күрделі институттың бірі-мұрагерлікке арналған. Аталған тараулар аясында мұрагерлік жөнінде жалпы нормалар, өсиет негізінде мұрагерлік, заңнамалық мұрагерлік пен мұраны алушылық ерекшеліктері реттелген, заңнама нормаларымен бекітілген. Нақты түрде айтсақ 1038-1045 баптарында мұрагерлік құқығы жалпылама нормалары мен азаматтық құқық қатынастардағы рөлі мен ерекшеліктері анықталған, ал 1046-1059 баптарында өсиет негізінде мұрагерлік жалпылама нормалары, өсиеттің мазмұнына жасалатын шарттар, заңнамалық күштерін бекіту ерекшеліктері мен өсиеттік бас тартуларды реттеу мен өсиеттердің орындалуы нормалары жазылған, 1060-1071баптарында заңнамалық мұрагерліктегі кезектерге шақыру ерекшеліктері мен оларды қорғаушылық қарастырылған, 1072-1083 баптары аясында мұралардың ашылуы орны, мерзімдері мен реттелулері, үлестер және тізімде жоқ мұрагерлер құқықтары анықталған.

Осы кездерде мұрагерлік құқықтың маңыздылығы өте зор. Азаматтар нарықтық экономикаға сәйкес соңғы кездері жеке меншіктердің түрлері (тұрғын үй, жер учаскесі, түрлі бағалы қағаз, пәтер) көбейіп келеді. Мұраға қалдырушы өмірден озған кездерде мүліктердің тағдырлары қалай шешілу сұрақтары мұрагерлік өсиетке алып келеді.

Өсиетті құқықтық әрекет қабілеттілігі бар, 18-жасқа толған азамат жасай алады. Мұрагерлер құрамына мұра ашылған кезде көзі тірі адам, іште қалған, бірақ туылмаған нәресте, заңды тұлғалар мен мемлекет кіреді.

Осылайша өсиет заңнамаға қарсы келмей, мұрагер тағайындау, мүлікті көрсету арқылы орындалады. Өсиет еркіндігі еңбек етуге жарамсыз әке-шешесі, әйелі, балаларына, кәмелетке жасына толмаған балаларына, міндетті үлеске құқықтары бар мұрагерге шектеу қойылмайды. Өсиетті қалдырушы адам өсиетте өзге мұрагерлерді көрсетуге құқықтары бар, егер осы мұрагерлер мұрадан бас тартатын болса не мұра ашылған мерзімге дейін дүниеден озса, онда қосымша тағайындаулар жүзеге асады.

Өсиет ету өкіміне өсиеттен бас тартушылық, жүктеу мен өсиеттерді орындаушылар жатады. Өсиеттен бас тартушылықты өсиет қалдырушы адам өсиет негізінде мұрагерлерге бір не бірнеше адамның пайдасына нақты бір міндеттерді орындау керектігін талап етеді. Өсиетсіз өсиеттен бас тартушылықтың заңды күштері болмайды.

Жүктеу - өсиет қалдырушы адамның мұрагерлерден белгілі бір әрекеттерді көпшілікке пайдасы бар мақсаттарды орындау үшін міндеттейді.

Өсиет қалдырушы адам өсиетті жүзеге асыруды өсиеттің өзінде көрсетілген нақты тұлғаға, мұрагерлерге не өзге де бір тұлғаларға тапсыруы мүмкін. Заңнаманың ілгері қарай жетілуіне қарамастан мұрагерлік институты өмірдегі барлық жаңалықтарды орындауға мүмкіндігі бола бермейді.

Тәжірибелердегі талдауларды қоырта келе біз төмендегідей тұжырымға келдік. Ата-бабамыздан келе жатқан мұрагерлік құқықтың жолдарын дұрыс ұғынып, зерделеп, толықтыра отырып, өте жақсы анықтап беру Қазақтың әдет-ғұрыптық заңнамаларының мұрагерлік нормаларын заманауи ережелерге сәйкестендіре отырып, өміріміз бен тәжірибемізге ендіру. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары негізінде өсиеттер жазбаша формада жасалды деген мәліметтер болғаныменен бізге ондай дереутер жетпеді. Соған орай, ҚР-ның заңнамасында өсиетті міндетті түрде формаға сәйкес жасалуы тиіс.

Азаматтар өсиетті куәлендырғанда тұратын мекен-жайларына қарамастан кез-келген мемлекеттік не жеке нотариуста куәлендыруға құқықтары бар.

ҚР-ның «Нотариаты жөнінде» заңнаманың 6-шы бабы 2-ші бөлімі ережелеріне сай жеке мен мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметтері орындалған кездерде құқықтары мен міндеттері теңдей болады. Олардың ресімдеген құжаттардың заңды күші бірдей болады.

Соттардың тәжірибелерін талдау мұрагерлікке байланысты қызметтердің көбейгендіктерін көрсетіп, әлі де мұраларды заңға қайшы жолдармен алатындардың кездесетіндіктерін көрсетті. Осылардың бәрі мұрагерлік жөнінде заңнаманың бұдан әрі де жетілдіру қажет екендігін көрсетіп отыр.