- •6М030100 – Құқықтану мaмaндығы бойыншa зaң ғылымдapының мaгиcтpi aкaдемиялық дәpежеciн aлу үшiн дaйындaлғaн мaгиcтpлiк диccеpтaция
- •1 Халықаралық дербес құқықтағы мұрагерлік құқықтың теориялық негіздері
- •2 Мұрагерлік құқықтық қатынастарды коллизиялық реттеу
- •3 Мұрагерлік құқықтарды қорғау және жүзеге асырудың жолдары
- •Ноpмaтивтiк ciлтемелеp
- •2. Теpминдеp мен aнықтaмaлap
- •3. Белгілеулер мен қысқартулар
- •Кipicпе
- •1 Халықаралық дербес құқықтағы мұрагерлік құқықтың теориялық негіздері
- •1.1 Мұрагерлік мирасқорлықтың пайда болуы тарихы мен жалпы түсінігі
- •1.2 Ежелгі Рұмның мұрагерлік құқығын қазақ мұрагерлік құқығымен салыстыру
- •1.3 Мұрагерлік мирасқорлықтың түсінігі
- •2 Мұрагерлік құқықтық қатынастарды коллизиялық реттеу
- •2.1 Мұрагерліктің коллизиялық мәселелерінің заңнамалық негіздері
- •2.2 Мұрагерлікті өсиет негізінде коллизиялық реттеу
- •2.3 Әлемнің түрлі құқықтық жүйелеріндегі мұрагерлік қатынастарды реттеу
- •3 Мұрагерлік құқықтарды қорғау және жүзеге асырудың жолдары
- •3.2 Мұрагерлік істерін хаттаудың ережелері
- •3.3 Мұрагерлік мүліктердің сақталуын қамтамасыз етудің шаралары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Халықаралық дербес құқықтағы мұрагерлік құқықтың теориялық негіздері
1.1 Мұрагерлік мирасқорлықтың пайда болуы тарихы мен жалпы түсінігі
Еліміз өзінің қазіргі кездегі экономика, рухани, құқықтық қайта құруларын өткізіп жатқан кезде қоғам қазақтың халықтық әдет-ғұрыптық заңнамаларын қамтитын салаларды зерттеу үстінде. Сондай зерттеулердің ішіндегі жеке-дара институтының бірі – мұрагерлік құқықтың мәселелері.
Мұрагерлік құқығының бастамалары бұдан 2500 жыл бұрындары қалыптасып, заманауи уақытқа дейін өзінің мағынансын жоғалтқан жоқ.
Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзаттың дамуы тарихындағы ең бірінші қоғамдық-экономикалық формация болып табылады. Алғашқы қауымдық пен рулық даму дәуірінде мұрагерлік атты ұғым мүлде қалыптаспаған болатын. Себебі, рулық қауымдастық кезеңде еңбек ету құрал-саймандары, аңның терілері, үйдің ішкі, қажетті жабдықтары түгелімен рудың барлық мүшелеріне тиесілі болатын және ол рудан руға өтіп отырды. Бірақ, кейінірек жеке меншіктің пайда болуы себерті тіршілік етуге керекті еңбектің құралдары мен қалыптасқан байлықтар әкеден ұлға өтетін болды. Осындай жолмен әкеден балаға мүлікті қалдыру - мирас ұғымы дүние келіп, ғасырлар желісінде қалыптасқан салт-дәстүрмен реттеліп жатты. Мұндай қатынастарды жүзеге асыру қазіргі кездегідей мемлекеттің мәжбүр ету шараларымен емес, қоғамның пікірі, ру, тайпаның абыройлы іс-шараларымен орындалып отырды. Рулық қоғамдастықтың соңғы кезеңінде өсиет негізінде мұраға қалдырудың институты қалыптасты.
Уақыт өте келе шаруашылықтың салалары жетіліп, қоғам әлеуметтік топтарға бөлініп, жеке меншіктер қалыптасады және олармен қатар мұрагерлік пайда болады. Таптық қоғамда әдет-ғұрыптар алғашқы нысанын сақтап қалғанымен, олардың мазмұны мен мағынасы өзгеріп кетті. Енді жерде әдет мемлекет билігінен қолдау тапты, заң ережелері ретінде оның орындалуына күштерді қолдану негізінде жүзеге асыру қамтамасыз етілді.
Осындай ежелгі заңнамаларға ежелгі Үндістандағы - Манудың заңы, Рұмдағы - ХІІ Кестелер заңы, ежелгі Франк еліндегі – Сали шындығы, Қазақ хандығындағы - Жеті жарғы деген атаулармен біздің заманымызға жетті.
Алғашқы қауым құрылысы кезінде мүлікті мұраға қалдырудың ешқандай тәртіп ережелері болмады. Сол кездегі қоғамның экономикалық дамуы негізінде мұрагерліктің ережелері де өндірісте болып жатқан өзгерістерге сай дамып ауысты. Жеке меншік пайда болған сәттен бастап өсиет негізінде мұраға қалдыру институты қалыптасты [11, 32 б.].
Ежелгі Мысыр елінің құқығында сақталып қалған мұраларынан құлдарды иеленуші мемлекеттегі заңнама мен өсиет негізінде мұраға қалдырудың мәлім болғандығын көруімізге болады. Мұраға қалдырудың тек жариялық нысандарына ғана рұқсат берілген.
Мұраға қалдырушы қажетті негіздер болған реттерде, заң бойынша мұрагерлерді мұрадағы үлестерінен айыра алады. Мұраны қалдырушы өз мүліктері тек қана заң бойынша мұрагерлерге ғана емес, сонымен қатар өзге де тұлғаларға қалдыруға құқылы. Өсиеттер болмаған кездері, мұрагерлер ретінде қайтыс болған адамның мүліктері заңды мұрагерлерге өтеді. Мұрагерлікке бірінші кезекте мұраны қалдырушы адамның ұл-қыздары тұрды.
Мұраға қалдырылған мүліктер оның балалары арасында теңдей үлестерде бөлінеді. Егер балалары болмаса, мұрагерлер ретінде қайтыс болған адамның аға-інілері мен апа-қарындастары шақырылады.
Құл иелену құрылысындағы мұрагерлік қатынастардың толығымен реттелу жағдайы Рұм құқығы пайда болған кезде орын алды. Рұм құқығының ежелгі көне мұрасына 12-кі Кесте заңы жатады. Заңнамада патриархат дәуірінің соңындағы мұраға қалдырушылықтың тәртіп ережесі мазмұндалған және мұраға қалдырушылық толық танылады.
Рұм құқығында өсиет негізінде не заң негізінде мұраға қалдыруға рұқсат етілді. Мұраға қалдырушылықтың қос түрі де бір мезетте әрекет ете алмады [11, 34 б.]. Өсиет негізінде мұраға қалдыру заңнама негізінде мұраға қалдыруға рұқсат бермеді.
Сол замандағы өзге де құлиеленуші мемлекеттер іспетті рұм құқығы да мұраға қалдырушылықтың жариялық нысандарын қарастырды. Мұраға қалдырушылықтың мұндай нысандары мұраға қалдырушы адамның жан-ұясы мүшелерін мұрагерліктің қателіктерінен сақтап отырған. Себебі, халықтың жиналыстары мұраға қалдырушылықты әділетсіз деп танитын болса, онда рұқсат берілмеді.
Өсиеттің мазмұндарына да керекті талаптар жасалды. Олардың ішінде міндетті түрде мұрагерлер нақты көрсетілуі тиіс болды. Егер де мұраларды қалдырушы адамның туыстары ішінен мұрадан айыратын адам болса, онда ол адам мұрасыз қалатын адамдарды жазуы керек. Егер де мұндай тәртіп қолданылмайтын болса, өсиет жарамсыз болып танылған.
Империялық дәуірде рұм құқығында легаттардан өзге (өсиет бойынша бас тарту) жолдармен бас тартушылықтың басқа да түрі - фидейкомисс болды. Фидейкомисстің легаттан ерекшелігі тек қана өсиет негізінде мұрагерлерге ғана емес, сондай-ақ заңгнама негізінде мұрагерлерге де қойылады.
Рұм құқығында шартты негізде мұрагер болуға болады. Егер, тұлға өсиетті қалдырушының шарттарын орындағаннан кейін ғана мұрагер бола алады. Егер де мұндай шарттар орындалмаса өсиет жазылмаған болып есептеледі, яғни, өсиеттің қажетілігіне ықпал жасайды [11, 37 б.].
Өсиет келісім-шарт болып саналғандықтан, өсиетке қалдырушы адамның құқыққабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің болуы шарт. Рұм құқығы мұраға қалдырушылықты кешенді (әмбебап) мирасқорлық ретінде қарастырады. Мұндай кезде мұрагер мұраға қол жеткізгеннен соң, қайтыс болған адамның барлық құқықтары мен міндеттері жиынтығын алған. Мұрагер мұраны алу үшін, мұраны қабылдап алуға тиісті болған. Мұрагер мұраны алған болып есептеледі, мұраға қалдырылған мүліктерді басқаруға көшсе не куәгерлердің қатысуымен мұраны қабылдау жөнінде мәлімдеме жасаса ғана танылады [12, 24 б.].
Жеке меншіктің дамуы және жан-ұя мүшелері еңбектерін құлдардың еңбектеріне алмастыру құлиеленуші қоғамдағы жан-ұяны өндірістік ұжым ретінде, экономикалық топ ретінде тануды тоқтатты. Мұрагерлікке мұралық мүліктерді жинақтауына және алуға қатысушылығына қарамастан, қайтыс болған адамның жақын қан туысқандары шақырылады. Өсиеттік мұраға қалдырушылықтың басымды нысандары болады.
Өндірістік құралдардың одан әрі дамуы негізінде еңбектің өнімділігінің өсуіне алып келді. Құл иеленушілік мемлекеттегі өндірістік қатынастарда өнімділік күштерінің өсу сәйкессіздіктері құл иеленуші құрылыстың бірте-бірте феодалдық құрылысқа ауысуына жол берді [11, 31 б.].
Феодалдық мемлекеттің құрылыстың сипаттамасына жерге деген меншіктің иерархиялық тәртібі қолданылды. Феодалдық меншіктің басым бөлігінде саяси орталықтандырылмаған және өзара соғысулардың кесірінен жүйелі заңнамалар болған жоқ. Мұрагерлік құқықтың мәселелері өзге де құқықтардың институттарында кемшін қарастырылды. Құл иеленушілік құрылым іспетті феодалдық құрылыс та бірқатар мұрагерлік кезектіліктерін сақтады.
Мұрагерлік кезектің соңында тұрған мұрагерлер егер де бірінші кезектегі мұрагерлер болса онда шақырылмаған. Мұрагерлік кезектіліктің жүйесі туыстық қатынастар мен дәрежеге негізделеді. Туысқандық дәрежеде жақын туыстар алыс дәрежедегі туысқандарын шегеріп тастап отырған.
«Саксон айнасы» атты (герман тайпалары құқығының 13-ші ғасырдағы ескерткіші) мұрагерлер мұраға қалдырушы адамның арызын жылжитын мүлік бағасы мен жауаптылық мөлшерлерін азайтқан [12, 38 б.].
Феодалдық құқықта мұраға қалдырудың тек қана заңнама негізінде ғана емес, сондай-ақ өсиет негізінде де белгілі болған, бірақ мұраға қалдырушы адамның құқықтарында бірқатар шектеулер болған. Мәселен: егер де мұраға қалдырушы адамның ұл-қыздары болса, онда мүліктерді өсиет негізінде мұраға қалдыру мүмкін болмады. Мұндай кезде мұраға қалдырушы адам еркінен тыс бүкіл мұра мүліктерін балаларының арасында теңдей етіп бөліп берген. Егер де балалары болмаса, мұраға қалдырушы адам өзінің мүліктерін кез-келген адамға қалдыра алған.
Феодалды құрылыстағы қоғамда мұрагерлік құқықтық қатынасты реттеу қатты ықпалдарда болды. Діндер, идеологиялар, әлеуметтің феодалды таптарында, қоғамда үстем таптың еріктерін білдірді.
Жалпы құқықтың дамуы үрдісіне араб елдерің діні ерекше кең әрі үлкен ықпал жасады. Осы жағдайда діннің алғышарттары мұсылман құқығының негізі болды. Мұсылмандық мұрагерлік құқық Құранның оқылуында көрініс табады.
Еуропадағы феодал мемлекеттердегі мұрагерлік құқықтың мұсылман елдеріндегі мұрагер құқығымен салыстырсақ, біршама ерекшеліктерді көреміз:
1. Мұрагерлік мүліктер анасы тарапынан туыстарға көшірілмейді.
2. Ер кісінің мұрагерлік үлестері әйел кісінің үлестеріне қарағанда, екі еседей көбірек болады.
3. Мұрагерлікке ұсыныс тәртібі негізінде жүргізуге болмайды;
4. Әлі өсіп келе жатқан жас жеткіншек мұрагерлерді шығарып тастамаған;
5. Мұрагерлер мұрадан бас тарта алмаған;
6. Құлдыққа сатылған не түсіп қалған адамдар мен діннен безгендер заңнама негізінде мұрагер болып есептелмеген;
7. Мұраға қалдырушы адамның қарыздары негізінде оның жауапкершілігі мұраның көлемі бойынша шектелген;
8. Мұраға қалдырушы адам тек қана мұраның 3-тен 1 бөлігіне ғана иелік еткен;
9. Өсиет негізінде мұрагер болып, заңнама негізінде басқа да адамдар танылған [12, 41 б.].
Сонымен, феодалды құрылыстағы құқықтың мынандай өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Феодалды құрылыс қоғамының экономикалық негізіне феодалдың жерге меншігі мен крепостнойлық шаруаға шектеулі меншігінің болуы, заңнама негізінде осындай меншіктердің түрлерін феодалға және оның мұрагерлеріне қалдыруы маңызды болады. Егер құлиеленуші мемлекетте мұраны тұтас ретінде бүкіл мұралық мүліктерді мұраға қалдырушылықтың біртұтастық ережесін орнатса, феодалды қоғамда жер мен өзге де жылжымайтын мүліктер мұрагерлік көпшіліктен бөлініп, мұрагерлік институтының жеке нысаны ретінде қарастырылған. Жылжымайтын мүліктер мұрагерлік құқықтың негізгі нысаны болды.
2. Жылжымайтын мүліктерді мұра ретінде қалдыру құлиеленуші қоғамның кейінгі кезеңдерінде қанды туыстық негізде емес, екібірдей белгісін біріктіруі арқылы жасалады. Оларға жататындар: туыстық пен мұрагердің әскери қызметті өтеуге жарамдылығы.
4. Феодалды мұрагерлі құқығы сословиелік құқығы болатын, ерекше мұрсатты сословиелі мұрагерлі тәртіптері төмендегі сословиелі мұраға қалдырушылық тәртібінен ерекшеленеді.
5. Патриархат принциптерін пайдалана отырып және діннің ықпалы негізінде феодалды құқықта еркек пен әйел арасында теңдік болмаған. Әйелдердің мұрагерлік құқықтары шектеулі болған [12, 42 б.].
Буржуазиялық қоғамның жеңісі арқасында мемлекеттегі қоғам өзгерістерге ұшырады. Сословиелі - буржуазиялық заңнама буржуазиялық болып өзгерді. Буржуазиялық мемлекеттердің Конститутциялары ақсүйектердің артықшылығын алып тастап, заңнама алдында формалды түрде тең деп жариялайды.
Азаматтық кодекс жеке меншікті қорғау, шартты қатынастар еркіндіктерін, жұмысшы мен кәсіпкердің ортасындағы еңбек қатынастарына мемлекеттің араласпауы принциптеріне негізделді. Буржуазиялы мұрагерлік құқығының негізінде мұрагерлік бұқаралық тұтастық пен ер адам мен әйелдің арасындағы мұрагелі құқықтар теңдігі принциптері қойылды.
Буржуазиялы мемлекеттердің экономикалық мазмұны бірдей болғаныменен, буржуазиялы мұрагерлі құқықтар әр елдерде жеке мұрагерлі қатынастарды түрлі жолдармен реттеді. Бірқатар елдердің топтарына мұрагерлік құқық ережелері 1804 жылы қабылданған француздың азаматтық кодексі үлгісі негізінде жасалған. Ал, енді келесі тобында Герман азаматтық жинақтар үлгісі негізінде; үшінші топта ағылшынша-американдық құқықтар үлгісімен жасалған.
Франция мұрагерлік құқығы мұраға қалдырушылықты әмбебап мирасқорлық сияқты қарайды. Ол мұраны заңнама және өсиет негізінде жасауды қарастырады. Заңнама негізінде мұраны қалдырушылық келесідей жағдайлар болғанда жүзеге асады: өлген адам өсиет тастамаған не мұрагерлік туралы келісім-шарт жасамаған, өсиеттерді жарамсыз ретінде таныған кездерде.
Заңнама бойынша мұраға қалдырушылық өсиеттермен көрсетілмеген мүліктерге қатысты жағдайларда да қолданылуы мүмкін.
Француздардың заң шығарушы билігі кіші, орта буржуазия талаптарын орындай отырып, мұрагерлік мүліктерді бөлшектеуге және мұрагерлердің құқықтарын теңестіруге бағыттар құрайды. Сондай-ақ заң шығару билігі буржуазияның өз мүлкімен өлгеннен кейін де басқару ретіндегі мүдделерімен санасты. Осыларға байланысты өсиет негізінде мұраға қалдыруға үлкен шектеулер қойылса да, рұқсаттар берілді.
Жеке меншіктің иесіне тиісті мүліктердің бөлігіне ғана өсиет етіп қалдыру еркіндігін барынша шектеулердің мақсаты бір адам қолында бар байлықтың үлкен бөлігінің шоғырлануына жол бермеу болды [12, 43 б.].
Заңнама мүліктің иесінің өсиеті бойынша мұрагерлерді таңдауға шектеулер жасамады. Мұраны заңнама негізінде мұрагерлер мен өзге де адамдарға қалдыруға мүмкіншілік болды. Дегенмен, сондай-ақ мұраға қалдырушы адамға өз туыстарын заңды үлестерінен айыруға рұқсат етілмеді.
Мұрагерлерге мұраларын алу не одан бас тарту құқықтары берілді. Мұрагерлер мұраларын алды деп, егер де олар мұрагерлік мүлікттерді басқаруға кіріскен сәттерінен бастау алды. Адам мұрадан бас тартты деп, егер ол сотта арнайы реестрде өзінің бас тартатындығы жөнінде тіркелгеннен кейін есептелінді. Мұрадан бас тартқан адамның үлесі басқа мұрагерлерге берілді [13, 25 б.].
Германдық заңдар француздық заңдарға қарағанда мұрагерлікті нақтыланған сандармен, кезектермен шектемейді. Яғни, мұрагерліктің жүйесі мұрагерлік мүліктердің алыс туысқандарына өтуіне мүмкіндік тудырады.
1896 жылғы Германияның азаматтық жинағы негізінде өсиетті өкім етуді кейін қалдыру мен жою шарттарымен жасалуы мүмкін. Мұраға қалдырушы адамға мұрагер адамды тағайындап қоюына рұқсат етіледі.
Германдық азаматтық жинақтары бойынша мұрагерге мұраларды алуға не одан бас тартуға құқық берілген. Бас тарту құқығы сотқа арыз жазумен орындалады. Мұрадан бас тарту мерзімдері өткеннен кейін мұраны алды деп есептеледі. Адамның мұра құқығын растайтын құжаты ретінде, мұрагер өтініші негізінде сотпен ұсынылған құжаттама болып саналады.
Ағылшын-американдық мұрагер құқығы француз, герман және басқа да буржуазиялы елдер құқықтарынан айырмасы бар.
Мұраға қалдырушы адамның құқықтары мен бостандықтары шектелмеген. Мұраға қалдырушы әрбір адам мұрагерлік мүліктердің барлығы не бір бөлігін ұсынуды бұйыра алады. Ол әрбір заңнама негізінде мұрагерлерді мұрасыз қалдыруға құқығы бар [13, 39 б.].
Мұрагерліктің шектеусіз еркіндігі мен міндетті үлестер институттарының болмауы ағылшын-американдық мұрагер құқығының өзіндік айырма белгісі ретінде болады.
Ағылшын-американдық мұрагер құқығы өсиеттің жеңіл нысандарын қарастырады. Кәдімгі өсиет үшін өсиет қалдырушы адамның еркі жазбаша формада болады, өсиетті өсиет қалдырушы адам мен екі куәгердің қатысуымен қол қойылады. Мұраға қалдырушы адам өсиетті кейінге қалдыру не болмаса белгілі-бір жағдайлар туындағанда шартты түрде көрсетіледі.
Мұрагерлік қатынастарды жүзеге асыруда түрлі коллизиялық жағдайлар туындап отырады, ал ол түрлі елдердің мұрагерлік қатынастар саласындағы заңнамалардың әр-түрлі болуларына себепті. Мәселен: заңнама негізінде мұрагер болу үшін кезектілік Қазақстанда 6-у болса, ал енді басқа елдерде одан көп не аз болады.
Өсиеттер негізінде мұрагер атануда әр елдің заңнамасы әр-түрлі болады. Ол өсиеттерге қойылатын нысандарға байланысты. Бірқатар елдерде өсиеттер жазбаша нотариалды формада жасалады, мұндай жағдайда талаптар орындалмайтын болса, онда ол жарамсыз деп саналады.
Ал, енді кейбір елдерде алографиялық формада жасалған өсиеттер кездеседі, яғни өсиет қалдырушы адамның өз қолымен жазылған. Басқа мемлекеттерде мұраға ие болу үшін мұрагерлерге белгілі бір шарттар қойылуы мүмкін [14, 57 б.].
Ағылшын заңнамасының ережелерінде коллизиялық құқықты жылжымалы және жылжымалы емес деп екіге бөлуінде мүліктерді мұраға алу айырмашылықтары бар. Жылжымайтын мүлікттерді мұраға алуда мүліктің орналасқан жерінің заңнамасы пайдаланылады.
Жылжитын мүліктерге қатысты өсиеттер қалдырылған кездерде мұраға қалдырушы адамның соңғы тұрақты тұрған жері заңнамасы қолданылады. АҚШ-да мұраға қалдыру кезінде ағылшын заңнамасының ережелеріндегі коллизиялық нормалар қолданылады. Француз заңнамасы негізінде жылжымайтын мүліктерді мұраға алуда оның орналасқан жері заңнамасының, жылжитын мүлікті алуда жеке заңнамамен айқындалады.
Герман елінің заңнамасы негізінде бүкіл мүліктер туралы мұраға қалдырушы адамның өмірден озған кездегі жеке заңнамасы қолданылады. Қазіргі кезде өсиет формасына қатысты заңдардың коллизиясы жөнінде 1961 жылғы Гаага Конвенциясы қолданылады. Осы Конвенцияға сай өсиеттер жарамды болып есептеледі.
Егер: мұраның формасы жасалған жер заңнамасына не өсиетті қалдырушы адамның жеке заңнамасына не өсиет қалдырушы адам тұрақты тұрған жердің заңнамасына не өсиет қалдырушы адам өлер алдын тұрған жердің заңнамасына сәйкес болса жарамды деп есептеледі. Осы Конвенцияға әлемнің көптеген елдері қол қойған. Мұрагерлі қатынастарға байланысты коллизиялық мәселелер көп ретте әр елдің ішкі заңнамаларымен реттеледі.
Бүкіл мүліктік құқықтар және міндеттер мұра құрамына енбейді. Мұраға қалдырушы адамға тиісті жеке мүліктік емес құқықтар мен өзге де материалды емес игiлiктердi мұрагердiң орындауы және қорғауы да мүмкiн.
Мұра адамның қайтыс болуы не болмаса ол адамды қайтыс болды деп жариялау негізінде ашылады. Мұраға ие болу мақсатында мұрагер мұраны қабылдауы тиіс. Мұраны қабылдау дегеніміз - біржақты келісім-шарт және әрбір келісім-шарт ретінде қабылдау тек қана құқықтық қабілетті азаматпен жүзеге асады [15, 63 б.].
Мұндай қабылдау екі жолмен жүзеге асырылады:
нотариусқа арыз беру жолымен;
нақты (мұра мүлікке иелік ету).
Егер мұраны қабылдаудан мұрагер өсиет негізінде не болмаса заңнама негізінде бас тартатын болса, онда ол иесіз қалған мұра болып саналады.
Мұрагерлі құқықтың маңызы жеке меншікті тұтынушылық сипаттарымен айқындалады. Мұра есебіндегі мүлік - бұл материалдық және рухани сұраныстарды қанағаттандыратын адамдардың жеке меншіктері. Мұрагерлі құқық - азаматтық құқықтың ерте кездердегі және жеке дара бір саласы. Мұра сөзі адамзатқа өте ерте кездерден белгілі болған. Мұрагерлік мәні мен рөлі қоғамдағы қатынастың дамуы деңгейлеріне байланысты өзгеріп отырады, бірақ кез-келген жағдайда мұраға қалдырушы адам өзі жинаған мүлікін, мұрагерлі құқықтарын өзі тағайындайтын жақын туыстары мен жеке, заңды тұлғаларға мұраға қалдыруға хақылы.
Сондай-ақ, «....Мұрагер болушылық құқықтары - әрбір азаматтың құқықтың мәртебесі ретіндегі ажырамас элементі». Дегенмен, мұрагерлік құқығы азаматқа нақты мұраға қалдыруды туғызбайды. Мұндай құқықтар тек өсиет қалдыру мен заңнама негізінде туындайды.
