Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турегелдиев_дайын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.78 Кб
Скачать

2. Теpминдеp мен aнықтaмaлap

Бұл магистрлік диссертация жұмысында келесі терминдер сәйкес анықтамаларымен пайдаланылған:

Мұра

бұл мүліктік немесе басқа да мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің қайтыс болған адамның мұрагерлеріне заңды түрде қалуы.

Мұрагерлік

қайтыс болған адамның мүлкі мен мүліктік құқықтарының мұрагерге ауысуы.

Мұрагерлік құқық

қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Заңнама негізінде мұрагерлік

мынандай жағдайларда туындайды: өсиеттің мүлде болмауы; мүліктің тек қана бір бөлігінің өсиетке қалдырылуы; егер мұрагер өсиет бойынша мұраны қабылдамаса; егер мұрагер мұраны қалдырушы адамнан бұрын дүниеден озса; егер өсиет толығымен немесе оның бір бөлігі жарамсыз деп танылса; сот мұрагерді мұраны алуға абройлы емес деп жарияласа.

Өсиет бойынша мұрагерлік

азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады.

3. Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР АК

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі

ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысы

КСРО

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ТМД

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы

ҚР ЖС

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

ҚР БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚР ТСМ

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

ҚР Әділетмині

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

АХАЖ

Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдер

Кipicпе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс халықаралық мұрагерлік құқықтық реттеудің теориялық жағынан және заңнамалық мәселелерін зерттеуге арналған. Мұрагерлік қатынастарды реттеу негізінде туындайтын көптеген теориялық пен заңнамалық мәселелерін шешудің жолдары қарастырылып анықталады. Жұмыста мұрагерлік құқық ережелеріне талдау жүргізіледі, сонымен қатар халықаралық мұрагерлік қатынастарды реттеудің теориялық және заңнамалық мәселелер негізінде отандық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Нұрлы жол» жаңа экономикалы саясатын – біздің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы жаһандық қадамымыз [5, 12 б.]. Осы жөнінде Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға жасаған дәстүрлі Жолдауы кезінде айтқан болатын. Кез-келген адам бизнес және халық шаруашылығының өзге де түрлі салаларында жұмыс жасай жүріп нақты бір мүлік иесі болады. Белгі-бір уақыт өте келе осы мүліктің кімнің иелігіне қандай тәртіпке сәйкес өтетіндігін анықтау сұрағы туындайды. Мұндай сұрақ кенеттен өткір мәселеге айналуы мүмкін, егер көші-қон үрдістерінің күрт артуы орын алса, аралас некелердің жасалуы көбейсе, кәсіпкерлік қызмет саласының халықаралық азаматтық айналымға шығып, мүліктік пен мүліктік емес құқықтар бір-бірінің құқықтық жүйелеріне сәйкес келмейтін елдердің аумағында орналасатын болса. Осындай жағдайлар мұрагерлердің және басқа да мүдделі тұлғалардың мұраға қалдырушының құқықтары мен міндеттерінің мұрагерлерге өтуі кезіндегі мүдделерін сәйкестендіру арқылы мұрагерлердің мұрагерлік құқықтарын қамтамасыз етуді талап етеді.

Мұрагерлік құқықта пайда болатын шетелдік элемент объективті түрде бірқатар коллизиялық жағдайлардың туындауына себепші болады. Олардың негізгі түрлері – заңнама бойынша мұрагерлік саласындағы коллизиялар, өсиет жөніндегі мұрагерлік немесе осындай мұрагерлік негізіндегі жылжыйтын не жылжымайтын мүліктерге мұрагерлік түрлерін жүзеге асыру. Мұрагерлік қатынастарды реттеудің ұқсастығына қарамастан барлық мемлекеттердегі мұрагерлік құқықтық жүйелер мазмұны әртүрлі болып келеді, өйткені түрлі елдердегі мұрагерлік қатынастар олардың салт-дәстүрлері мен өмір сүру факторлары және тағы басқа да жағдайлармен ерекшеленеді. Нәтижесінде түрлі елдердің аумақтарында орналасқан мүлік, айтарлықтай коллизиялық қарама-қайшылықтарға толы немесе мүлде сәйкес келмейтін құқықтық жүйелерге және құқықтық мұрагерлікті қамтамасыз етудің қиыншылығына алып келетін құқықтық жүйелерге тәуелді болып шығады.

Түрлі елдердің заңнамаларында мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттеудегі коллизиялық жағдайлар туындаған кездерде, яғни мұраға қалдырушының құқықтары мен міндеттерін мұрагерлерге өтуі мәселелерін халықаралық шарттар жасау негізінде мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелерді бірдейлендіру мен жақындастыру арқылы қамтамассыз етеді. Осындай мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан бірқатар екі жақты және көп жақты халықаралық мұрагерлік сұарақтарды реттейтін халықаралық келісім-шарттар жасаған, сонымен қатар еліміз 2002 жылы 7 қазанда Кишинев қаласында қол қойылған «Азаматтық, жан-ұя мен қылмыстық iстер жөніндегі құқықтық көмектер мен құқық қатынастары жөніндегі» Конвенцияның қатысушысы болып табылады. Аталған Конвенцияның арнайы (V) бөлімінде мұрагерлік сұрақтарын реттеу қарастырылған. ҚР-ның Азаматтық кодексінің VІ бөлімі 57 тарауында халықаралық мұрагерлік құқықтар жайлы толық ережелер келтірілген [7, 84 б.].

Дегенмен, Қазақ елінде осы уақытқа дейін мұрагерлік құқықтық қатынастарды талдаудан, зерттеуден өткізген, әсіресе халықаралық жеке құқықтағы шетел элементтері қатысуымен туындайтын қатынастардағы жылжыитын не жылжымайтын мүліктердің құқықтық мұрагерлігінің кезектілігін, коллизиялық сұрақтарын, өсиет қалдыру тәртіптері мен формалары жайлы, жұбайлардың мүліктері мен некелеріндегі мұрагерлік және тағы да басқа көптеген маңызды мәселелерді шешуді қарастыратын кешенді ғылыми зерттеу еңбектері болған емес.

Ғылыми зерттеу жұмысы сонымен қатар, Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасын жетілдіруге және мұрагерлік құқық туралы ережелерді бірдейлендіру, азаматтардың мүдделерін қамтамасыз ететін арнайы халықаралық келісім-шарттарға қол қоюдың негізділігін айқындап беретін ұсыныстар жасауға негіз болып табылады.

Жоғарыда айтылған осындай негіздер барлық азаматтардың мүдделеріне қатысты халықаралық жеке құқықтағы мұрагерлік тақырыбын ғылыми зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігін көрсетеді. Осы аталған жағдайлар диссертациялық зерттеудің тақырыбын таңдауға негіз болды.

Тaқыpыпты зеpттеудiң мaқcaты мен мiндеттеpi. Диccеpтaциялық жұмыcтың негiзгi мaқcaты халықаралық жеке құқықтың шетел элементі бар мұрагерлік қатынастарды реттейтін кешенді жүйесі ретінде ғылыми мазмұндау мен теориялық және практикалық мәселелерін талдау және осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында ұсыныстар жасау.

Диccеpтaциялық зерттеудің мақсатына қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылып отыр:

  • мұрагерліктің құқықтың ерекшеліктеріне зерттеулер жасау;

  • мұрагерліктің құқық негіздерін жүйелеу мен оның формальды-заңды және мазмұндалу жағының нормативті-құқықтық негіздеріне сипаттама беру;

  • қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар жүйесіндегі мұрагерлік құқығының орны мен рөліне талдаулар жүргізу;

  • ұлттық заңнама мен халықаралық құқықтық актілердегі мұрагерлік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздерін талдау, олардың сәйкестіктері мен өзара байланыстылығын анықтау;

  • халықаралық жеке құқықтағы мұрагерлік қатынастарды реттеудің коллизиялық ерекшеліктерін айқындап беру;

  • шетел элементі бар қатынастардағы мұрагерлік құқықтарын жүзеге асырудың жалпы жағдайлары мен нақыт әдістерін бекітетін халықаралық жеке құқық ережелерінің ерекшеліктерін айқындау;

  • шетел элементі бар мұрагерлік қөатынастарды реттейтін азаматтық заңнаманы жетілдірудің нақты ғылыми-практикалық ұсыныстарын жасау.

Зеpттеудiң пәні шетел элементі бар мұрагерлік қатынастарды реттеу жүзеге асырылатын түрлі елдердің ұлттық құқық нормаларын, соның ішінде Қазақстан Республикасының және халықаралық-құқықтық келісімдеріне, олардың өзара байланыстылығына, ерекшелігі мен ондай ерекшеліктерді реттеулерге кешенді талдаулар жүргізу.

Зеpттеу жұмысының негiзгi ныcaны Қазақстан Республикасындағы шетел элементі бар мұрагерлік үрдістер кезінде қалыптасатын мұрагерлік қатынастарды коллизиялық-құқықтық реттеу.

Диссертациялық зерттеудің теоpиялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық негізін халықаралық мұрагерлік қатынастарды реттеу саласындағы М.С. Абраменковтың, К.С. Антимоновтың, М.Ю. Барщевскийдің, Ю.Г. Басинның, С.Н. Братусьтің, А.В. Венедиктовтың, С.И. Вильнянскийдің, К.А. Гравенің, Д.Х. Гольскаяның, А.Г. Диденконың, Г. К. Дмитриеваның, В. К. Дрониковтың, Т. И. Зайцеваның, О.С. Иоффенің, Л. Кассоның, И.Л. Корнееваның, П.В. Крашенинниковтың, Л.В. Лазеревтің, Л.А. Лунцтың, М.Ф. Лукьяненконың, Ф.Ф. Мартенстің, А.Л. Маковскийдің, А.В. Масляеваның, Д.И. Мейердің, Р. М. Мусаевтың, П.С. Никитюктің, В. Н. Никольскийдің, В.П. Павловтың, И. Покровскийдің, Р. П. Пригоданың, А.А. Рубановтың, А. П. Сергеевтің, В. И. Серебровскийдің, К.И. Скловскийдің, М.К. Сулейменовтың, Е.А. Сухановтың, Ю.К. Толстойдың, Р.О. Халфинаның, В.М. Хвостовтың, Б.Б. Черепахиннің, Б.Н. Чичериннің, Н.Ф. Шершеневичтің, Э.Б. Эйдинованың, В.Ф. Яковлевтің, К.Б. Ярошенконың және тағы басқалар сияқты заңгер-ғалымдардың еңбектері құрады.

Мұрагерлік қатынастарды реттеу мәселесі жалпы теориялық және салалық деңгейлерде: Л.Б. Нысанбекова, А. Түркпенбаева, К. Касиенова, Г. Алиева, С.М. Ильясова, Э. Телеуова, К. Асильбекова және тағы сияқты отандық зерттеуші заңгер-ғалымдардың талдау еңбектерінде қарастырылған.

Зерттеу барысында объективтілік критерияларына жауап беретін жалпы және арнайы әдістер қолданылды. Зерттеу жасалатын нысандардың ұқсастығы мен ерекшелігін анықтау мақсатында салыстыру әдісі, зерттеу нысандарының барынша маңызды бөліктері мен мазмұндарын ашып көрсететін абстракциялау әдісі пайдаланылды. Сонымен қатар, талдау мен синтездеу әдістері, абстрактіден нақтылыққа өту, сол сияқты логикалық-құқықтық әдістер және тағы басқалары қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Осы диссертациялық зерттеу қолданылымдағы Қазақстан Республикасының және халықаралық нормативті-құқықтық актілердің негізінде мұрагерлік құқықтың жалпы теория мен практикалық және халықаралық жеке құқықтағы мұрагерлікті қорғаудың мәселелеріне кешенді зерттеуді жүзеге асырады. Мұнда тұңғыш рет Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа интеграциялануына байланысты мұрагерлік мәселелеріне жүйелі зерттеу жүргізудің алғышарттары жасалған.

Ғылыми зерттеулер жүргізудің нәтижесінде қоpғaуғa ұcынылғaн ғылыми тұжыpымдaмaлap:

1. Қазақстан Республикасындағы мұрагерліктің негізгі принциптерін айқындау, яғни: мұрагерлердің өсиет және заңнама бойынша құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; өсиеттің еркіндігі; мұраға қалдырушы адамның жан-ұясы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау; мұрагерлікті қорғау.

2. Мұрагерлік қатынастарды коллизиялық-құқықтық реттеу әдісімен қатар материалды-құқықтық нормалармен реттеуді айқындап беру. Коллизиялық ережелердің қолданылатын құқыққа, соның ішінде шетел мемлекетінің маңыздылығын ашып көрсету. Қосымша түрде Қазақстан Республикасының коллизиялық ережелерінің құрылымында «гипотеза» болатындығын, сондай-ақ коллизиялық-құқықтық реттеудегі санкциялардың қолданылуы ерекшелігіне дәлелдер жасайды.

3. Жылжитын және жылжымайтын мүліктерге қатысты қолданылатын құқықтың нақты критерилер жүйесін жасау қажеттігіне дәлелдер келтіреді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қандай объектілер қандай мүліктің түріне жататындығын нақтылау қажет.

4. Қазақстан Республикасы заңнамасындағы үшінші мемлекеттердің заңнамасына сілтемелер мен қайта сілтеулер жасауды қайта қарау керектігі келтіріледі. Қолданылымдағы Қазақстан Республикасының заңнамасының нормативті-құқықтық актілері шетел мемлекетінің материалды-құқықтық ережелеріне қайта сілтеу жасайды. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасы ережесіне қайта сілтеу жасау мүмкін болмайды, нәтижесінде туындайтын мұрагерлік қатынастар мүлде реттеусіз қалады.

5. Мұраға қалдырушы мен мұрагердің мұрагерлік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөнінде нотариалдық қорғауды жетілдіру қажеттілігі ұсынылады; мұрагерлік саласындағы құқықтық қабылеттілікті қамтасыз етуде маңызды негіз болып табылатын әрекеттерді жүзеге асырудағы нормативті реттеулер; мұрагерлік сұрақтар жөнінде білікті заң көмектерін ұсынудың жаңа нысандарын ендіру.

6. Қазақстан азаматтарының тек қана өз еліміздің аумағында орналасқан мұрагерлік құқығына ғана емес, өзге шетелдерде орналасқан мұрагерлік құқықтарын унификациялау мен кепілдік беру саласындағы халықаралық конвенцияларды ратификациялау қажеттілігі келтірілген. Халықаралық өсиет формасы туралы 26 қазан 1976 жылы қабылданған, өсиет формасының бірыңғай материалды-құқықтық ережелерін орнататын, сондай-ақ халықаралық өсиет саласындағы қызмет ететін уәкілетті тұлғалар институтын қалыптастыруды көздейтін және осы салада туындайтын мәселелерді шешетін Вашингтон конвенциясына, 5 қазан 1961 жылы қабылданған шетел ресми құжаттарын дипломатиялық немесе консулдық легалициялауды алып тастайтын Гаага конвенциясына қосылудың керектігі дәлел ретінде келтіріледі.

7. Шетел қатысушысы бар кәсіпорындардың мұрагерлігі ережелерін жетілдіру, яғни кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде бөлу мәселелері, кәсіпорынды қайта құру мен фирмалық атауының сақталып, бір немесе бірнеше мұрагрелер болған жағдайларда кәсіпорынның құрамы мен құны жөніндегі мұрагерлік ережелерін жетілдіру қосымша дәлел ретінде ұсынылады. Жалпы кәсіпорынның мұрагерлерге өтуі механизмдерін жетілдіру, олардың дайын өнімді шығарып, жұмыс орындарын ұсынып, елдің бюджетіне кірістердің түсуін қамтамасыз етеді, яғни еліміз үшін бұл әлеуметтік жағымсыз салдарға алып келмес еді.

Зеpттеудің теориялық және практикалық маңызы жұмыстың мұрагерлік саласындағы қолданылымдағы заңнаманы жетілдіру жөнінде заң шығарушы және құқық қолдану органдарына жасалған ұсыныстардың мазмұндалуымен және оны пайлануда тиімді шешімдерді қалыптастыруымен ерекшеленеді. Жұмыста мазмұндалған теориялық ережелер болашақта мұрагерлік құқық мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерді пайдалануға болады. Ол халықаралық салада туындайтын мұрагерлік ережелерін, оларды түрлі елдердің нормаларын коллизиялық реттеу арқылы қолдануға болатындығын дұрыс бағамдауға мүмкіндік береді. Зерттеудің ережелерін мұрагерлік құқық нормаларын шетел элементі бар мұрагерлік қатынастарды реттеулерді талқылау процесі кезінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, зерттеудің нәтижелерін мұрагерлік құқық курсы бойынша негізгі және арнайы дәрістік оқуларда пайдалануға болады.

Зеpттеу жұмыcының cыннaн өтуi. Диссертациялық зерттеудің нәтижелері Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің құқықтану кафедрасында талқылаудан өтті.

Зеpттеудiң негізгі нәтижелеpi, қоpытындылapы мен тұжыpымдapы aвтоpдың ғылыми мaқaлaлapындa беpiлген. Зеpттеу жұмыcы екi ғылыми бacылымдa, хaлықapaлық, pеcпубликaлық ғылыми­теоpиялық конфеpенция мaтеpиaлдapының жинaқтapындa, ғылыми­көпшiлiк конфеpенциялapдaғы жapиялaнымдapындa мaзмұндaлды.

Диccеpтaция мaтеpиaлдapы «Халықаралық жеке құқық», «Мұрагерлік құқық» пәнi бойыншa дәpic оқу және cеминap caбaқтapын өткiзу бapыcындa Академиялық инновациялық институтының құқықтану мамандығы бойынша оқу пpоцеciне енгiзiлген, «Азаматтық құқық», «Азаматтық іс-жүргізу», «ҚР нотариаты» пәндеpiн оқытудaғы оқу үpдiciнде пaйдaлaнуғa болaды.

Зеpттеу жұмыcының құpылымы. Диccеpтaциялық жұмыcтың құpылымы aлдынa қойылғaн мaқcaт және мiндеттеpдiң мaзмұндapымен aйқындaлғaн. Ұcынылып отыpғaн мaгиcтpлiк диccеpтaция кipicпеден, үш тapaу, тоғыз тapaушa, қоpытындыдaн және пaйдaлaнылғaн әдебиеттеp тiзiмiнен тұpaды.