Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турегелдиев_дайын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.78 Кб
Скачать

3.2 Мұрагерлік істерін хаттаудың ережелері

ҚР-ның АК-нің 1072-ші бабы талаптарына сай мұрагерлер оған қатысты мұраларға не оның бөлігіндегі құқықтардағы мұралардың ашылуы сәттерінен бастап иелік етеді. Егер, тек қана мұрагерлер мұралардан бас тартпай не мұраға иелік ету құқықтарынан айырылмайтын болса.

Мұралардың ашылғаны күндерінен бастап 6 айдың ішінде мұралар қабылдануы тиіс. Ал, мұралардың ашылуы күні болып мұраны қалдырушы адам дүние салған күн танылады. Мұралар азаматтардың дүние салған күнін жарияланған соң алты айдың ішінде, егер сот шешімдерінде басқаша күні көзделмесе, адамды дүние салды деп жариялау жөнінде соттың шешімі заңи күшіне енген күннен есептегенде мұралар қабылданады. Егер мұрагерлік құқықтарға ие өзге азаматтар үшін мұрагерлердің мұралардан бас тартуы, АК-тің 1045-ші бабы ережесінде көрсетілген негіздермен байланысты мұралардан шеттетулер зардаптарынан туындайтын болса, олардың алты айдың ішінде мұраларды қабылдауға құқықтары болады.

Мұрагерлер егер мұраларды қабылдау мақсатында көзделген уақытты дәлелді себептерге байланысты өткізіп алған болса, онда алты айдың ішінде уақытты өткізіп алған мұрагерлердің өтініштерімен соттар мерзімдерді қалыптарына келтіреді. Мұрагергер мұраларды қабылдады деп танылған кездерде соттар бүкіл мұрагердің мұрагерлік мүліктердегі үлестерді анықтайды. Керек болатұғын болса жаңа мұрагерлердің мұралардан өздеріне тиісті үлестерін алулары құқықтарын қорғау іс-шараларын айқындайды. Соған дейін ұсынылған мұраларға құқықтарды соттар жарамсыз ретінде таниды. Егер, мұрагерлер ҚР-ның АК-нің 1072-1 бабындағы 2-ші тармағында көзделген кез-келген бір іс-әрекеттерді жасап, мұраларды шын мәнінде қабылдайтын болса, бірақ нотариустар қандайда бір себептермен мұраларды алушылық құқықтары жөнінде куәліктерді беруден бас тартатын болса, онда мұрагерлер соттарға айырықша іс-жүргізу тәртібінде нотариустардың әрекеттеріне шағымдар жасауға құқылы болады [38, 46 б.].

Ал, мұрагерлер мұраларды іс-жүзінде қабылдап, мұраларды алушылық құқықтары жөнінде куәліктерді алуға нотариусқа керекті дәлелдемелерді келтіре алса, мұрагерлер мұраларды қабылдаудың заңды фактілерін белгілеу жөнінде арыздармен соттарға жүгінуге құқықтары бар. Арыздар айырықша іс-жүргізушілік тәртіптерімен қаралады. Егер, құқықтар жөнінде даулар туындаған жағдайда, онда істер талаптар қоюшылық тәртібінде жүргізіледі. ҚР-ның АІЖК-ң 291-ші бабының 2-ші бөлігінің 8-ші тармағына сай, соттар мұрагерлікті қабылдау мен олардың ашылуы орындары жөнінде фактілерді айқындайды. Мұраларды қабылдау мерзімдерін қалыптарына келтіру жөнінде істерді соттар талаптық өндірістер ережесімен қарайды.

Мұраларға иелік етуі үшін мұрагерлер оны қабылдаулары тиіс. Мұраларды қабылдау – бір жақты келісімдер мен әрбір келісімдер іспетті қабылдаулар тек қана іс-әрекет қабілеттілігі бар азаматтық тұлғалармен жүзеге асады [42, 37 б.]. Мұраны қабылдау екі әдіспен жүзеге асырылады:

Мұраларды қабылдаушылық мұралар ашылған жерлердегi нотариуске не заңнамаға сай мұраны алушылық құқықтары жөнінде куәлiктi беруге өкілетті лауазым адамына мұрагерлердiң мұраларды қабылдаулары жөнінде өтiнiштерiн немесе мұрагерлердiң мұраларға құқықтары жөнінде куәлiктерді берулері жөнінде өтiнiштерiн беру негізінде орындалады. Егер, мұрагерлердiң өтiнiштерін нотариуске өзге адамдар берсе не ол пошта арқылы жiберiлген болса, өтiнiштердегі мұрагерлердiң қолдарын нотариуске, нотариаттық іс-әрекеттерiн жасайтын өкілетті лауазымды адамдар не сенiмхаттарды куәлендыруға өкiлеттi адамдар куәлендырады. Егер, сенiмхатта мұраларды алуға уәкiлеттiк арнайы қарастырылса, мұраларды өкiлдер негізінде қабылдаушылыққа рұқсат беріледі. Заңды уәкiлдiң мұраларды қабылдауына сенiмхаттар талап етіп жасалмайды.

Егер, мұрагерлер мұрагерлiктерін шын мәнінде қабылдағанын куәлендыратын iс-әрекеттер жасайтын болса, атап айтсақ, мұрагерлер:

  • мұраға алынған мүлiктердi иеленуді не оны басқаруға кiрiсетін болса;

  • мұраға алынған мүлiктердi сақтаушылық, оған қол сұғудан не үшiншi адамдардың талап етулерінен қорғаушылық туралы іс-шаралар қабылдаса;

  • мұраға алынған мүлiктердi ұстаушылық шығындарын өздерінің есептерінен жүргiзсе;

  • өздерінің есептерінен мұраға қалдырушы адамның қарыздарын төлесе не мұраға қалдырушы адамға тиістi ақшаларды үшiншi адамдардан алса, басқаша дәлелденгенге дейiн мұрагерлер мұраларды қабылдады деп анықталады.

Жалпы бәріне бірдей қойылатын талаптар – мұрагерлердің қолдары арыздарда нотариалды түрде куәлендырулы болуы шарт. Оның ерекшелігі –адам жеке іс-құжаттармен, куәліктерімен жеке өзі алу керек, сонымен қатар, егер бұл адам нотариуске оның қолы куәлендырылып, мұраларды қабылдау жөніндегі арызбен бірнеше рет келіп тұрған болса және ол қазіргі кезде өзге мұралар туралы арыздармен келсе. 14 жасқа толамаған жасөспірімдер үшін мұраларды қабылдау туралы арыздарды олардың ата-анасы береді, 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жастар өздерінің іс-әрекеттеріне өздері жауап береді, бірақ тек ата-аналары не қамқоршылары келісімдерімен [43, 35 б.].

Спиртті ішімдіктер мен нашақорлы заттарын пайдаланатын не қиянат жасайтыны үшін қабылеттіліктері шектелген азаматтар осындай арыздарды қамқоршылар келісімдерімен ғана берулеріне болады. Қабылдаулар туралы арыздар мұрагерлердің сенімділік хатттары негізінде өкілдермен беріледі.

Бүкіл талап-арыздар мұрагерлі істер туралы есептер кітаптарында нотариустармен тіркеледі. Мұраларға иелік ету үшін нотариустармен мұраларға құқықтары бар туралы куәліктер мұралардың ашылуы күнінен алты ай уақыт мерзім өткенге деуір беріледі.

Өсиеттер негізінде, тура осындай заңнама бойынша да мұраларға иелік ету үрдісінде куәліктер көзделген мерзімдерге дейін беріледі. Егер, нотариуске куәлікттерді алу үшін келген мұрагерден, өзге мұрагер жоқ екендігі туралы нақты мәліметтер болса, бұл жағдайларда тәртіптерге сәйкес нотариуске кадрлар бөлімінен жұмыс орындары бойынша мұраны қалдырушы адамның жан-ұясы құрамдары туралы анықтамалар ұсынылады.

Дегенмен, мемлекет үшін мұраларға құқықтары бар туралы куәліктер мұралардың ашылуы күнінен алты ай мерзімге дейін ертерек берілмейді.

Куәліктер тек мұрагерлік құқығына даусыз болған реттерде ғана ұсынылады [43, 76 б.].

Мұрагерліктерді қабылдаулар мерзімдерінен өткізіп алған мұрагерлер тек мұрагерліктерді қабылдаған бүкіл мұрагердің келісімі негізінде ғана куәлікке жіберіледі. Осындай келісімдер жазбаша формада куәліктерді беру алдын мәлім етіп жасалады.

Аталған куәлікті алу үшін мұрагерлердің өздерінің болулары шартты емес, олар сенімхат негізінде іс-әрекет етіп тұрған өкілдер арқылы беріледі.

Мұрагерліктің құқықтылығын анықтау туралы куәліктерді беру кезінде нотариустар келесілерді тексеруден өткізеді:

  • Мұраны қалдырушы адамның өлімі туралы деректер;

  • Мұраның ашылуы уақыты мен орындары;

  • Мұраны қалдырушы адам мен мұрагердің туысқандық және өзге де қатынастары түрлерінің бар болуын;

  • Мұрагерлік құқығы туралы куәлікті мұрагерліктер мүліктерінің құрамдары мен тұруы орындарына ұсынады.

Мұраны қалдырушы адамның дүниеден өтуі туралы мәліметтер мен мұрагерліктің ашылуы мерзімі АХАЖ-дың органдары куәліктерімен расталып отырады. Өлгендігі туралы мәліметтердің расталуына дәрігерлік мекемелер берген дәрігерлік анықтама қағаздар мен өлімі туралы куәлік қабылданбайды [44, 56 б.].

Заңнама негізінде мұраны иеленушілік негіздері болып саналатын қатынастар түрлеріне келесілер жатқызылады:

  • туысқандық пен неке қатынастары;

  • мұраны қалдырушы адамның қамқорлығында болу.

Мұраны қалдырушы адам мен мұрагердің туысқандық қатынастары келесідей құжаттар түрімен расталады:

  • АХАЖ-дың органдары куәлігімен;

  • метрлік кітапшалардың көшірмелері;

  • сот шешімдері негізінде заңды күшіне енген туысқандық қатынастардың шынайы, әрі дәйекті екендігі.

Мұрагерлік құқықтары бар екендігіне дәлелдемелер жасауға мүмкіндіктері жоқ мұрагерлердің куәлікке тек өзге мұрагердің келісім беруімен ғана кіргізіледі. Мұндай келісімдер жазбаша формада куәліктерді беру алдын мәлім етіледі.

Осындай арыздың үлгісін ұсынып отырмыз (Үлгінгі қараңыз):

Үлгі

Нотариус________________

аты-жөні

Л.И. Сергеевтен және В.И. Сергеевадан, Шымкент қ., Бауман к. 61 тұратын.

АРЫЗ

Сізді, біздің әпкеміз болатын мұраны қалдырушы азаматтың қызы – Ирина Игнатьевна Мурзинаны мұрагерлік құқық туралы куәліке енгізуіңізді, И.И. Мурзинаның тууы жөніндегі акті жазбасы АХАЖ-дың органында сақталмағандықтан туысқандық қатынастар дәйектілігі туралы сот шешімдерін талап қылмауыңызды сұранамыз.

Облыстық АХАЖ-дың мұрағаты И.И. Мурзинаның тууы туралы акті жазбасының жоқтығы жөнінде анықтама қағазы бар.

Күн, ай, жыл _________________

Қолдары: 1.______________________

2.______________________

Қолдар, менің (нотариус) алдында өз басыммен қойылды.

Л.И. Сергеевтың және В.И. Сергееваның жеке бастары белгіленген, №000106824, 1997ж. 25 сәуірде ҚР-ның ІІБ-де берілген және № 000103048, 1995ж. 12 қаңтарда ҚР-ның ІІБ-де берілген жеке куәліктер тексерілді.

Мұрагердің біреулермен өзге мұрагердің бар екендігі туралы мағлұмат қасақан жасырылса, берілген куәліктер заңға қайшы деп есептелінеді. Бірақ, осындай кездерде жауаптылық нотариусқе емес, кінәлі болып есептелетін мұрагерлерге жүктеледі.

Мұрагерлердің осындай сипаттағы істері олардың лайықсыз мұрагерлер деп танылуларына негіздер болып саналады [45, 43 б.].

Ашылған мұралар жөнінде мұрагерге және бас тартылған мұраларды алушылар (легатарийлерге) нотариустер хабарлайды.

Ашылған мұралар жөнінде хабарламалар алған нотариустер тұрғылықты тұратын жерлерi не жұмыс орындары өзiне мәлім болған мұрагерге осы жөнінде хабарлаулары тиіс.

Өсиеттен бас тартушылық (легаттық) қамтылған өсиеттер болған кездерде нотариустар тұратын жерлері не қызмет ететін орындары өздеріне белгілі бас тартылған мұраларды алушы адамдарға (легатарийлер) өсиеттер негізінде мұралардың ашылғандықтары жөнінде хабарлаулары тиіс. Егер, мұрагердің не бас тартылған мұраларды алушы адамның тұратын жерi мен қызмет ететін орындары белгiсiз болса, нотариус бұқаралық ақпараттар құралдарының көмегімен мұралардың ашылғандығы жөнінде хабарлауы тиісті.

Мұралардан бас тартушылық пен оларға құқықтар жөнінде куәлiктер берушілік жөнінде өтiнiш қабылдауда Нотариустер мұралардың ашылған орындары негізінде ҚР-ның заңнамаларына сай мұрагерлердің мұралардан бac тартулары не оларға құқықтар жөнінде куәлiктер беру жөнінде өтiнiштердi жазбаша формада қабылдайды.

Мұрагердiң жазбаша өтiнiшi негізінде мұралар ашылған жерде орналасқан нотариус мұраларға құқық жөнінде куәлiктер бередi. Мұраларға құқықтары жөніндегі куәлiк берушілік ҚР-ның АК-де көрсетілген мерзiмдерде жасалады.

Мұраларға құқықтар жөнінде куәлiк ҚР-сы азаматтық заңнамаларының ережелеріне сай мұраларды қабылдаған мұрагерге бередi. Мұраларға құқықтар жөнінде куәлiктер бүкіл мұрагерлерге, олардың қалаулары бойынша, бiрге болмаса әрқайсына жеке-жеке берiлуі мүмкін. Нотариус қорғаныста болмаса қамқорлықта тұрған, кәмелет жасына келмеген не iс-әрекет қабiлеті жоқ мұрагерлердiң аттарына мұраларға құқықтар жөнінде куәлiктер берiлгендігі туралы олардың мүлiктiк мүдделерін қорғау мақсатында мұрагерлердiң тұрған жерлеріндегі қорғаншылық пен қамқоршылық органдарына хабарлама береді. Мұраларға құқықтар жөнінде мүлiктер мемлекеттерге өткен кездерде мұраларға құқықтар жөнінде куәлiк өкiлеттi мемлекеттiк органдарға ұсынылады. Мұрагерлiк құқық негізінде мемлекеттiк меншiктерге келіп түскен мүлiктердi есептерге алушылық, сақтаушылық, бағалаушылық, одан кейін пайдалану мен сатулар туралы жұмыстар түрлерін ұйымдастыруды өкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

Мұрагерлiк құқықтар негізінде мемлекеттiк меншiктерге түскен мүлiктерді есептерге алу, сақтаулар, бағалаулар, пайдаланушылық пен сатушылық тәртiптерін ҚР-ның Үкiметi айқындайды.

Нотариустер заңнама негізінде мұраларға құқықтар жөнінде куәлiктер берген жағдайларда сәйкесінше дәлелдемелерді талап етулер негізінде мұраны қалдырушы адамның дүниеден озу фактiсiн, мұралардың ашылған мерзімі мен жерлерін, мұраларға құқықтар жөнінде куәлiктердің берiлуi туралы өтiнiштер берушi азаматтарды заңнама негізінде мұраларды иеленушілік мақсатында негiз болатын қатынастардың болуын, мұра болатын мүлiктердiң құрамалары мен тұрған орындарына тексеру жасайды.

Егер, заңнама негізінде бiр не бiрнеше мұрагерлердiң мұраларды иеленуіне тарту мақсатында негiздер болатын дәлелдемелерді табыстауға мүмкiншілік болмаған кезде, олар мұраларды қабылдаған және осындай дәлелдерді табыстаған өзге мұрагерлердiң барлықтарының келiсiмдерімен мұраларға құқықтар жөнінде куәлiктерге ендіруі мүмкiн.

Нотариустер өсиеттер негізінде мұраларға құқықтар жөнінде куәлiктер берген кездерде тиiстi дәлелдерді талап ету негізінде мұраны қалдырушы адамның дүниеден өтуі фактiлерін, өсиеттердiң бар-жоқтарын, мұралардың ашылғаны уақыты мен орындарын, мұраға қалдырылған мүлiктердің құрамы мен тұрған орындарына тексеру жасайды. Нотариустен сонымен қатар мұралардағы мiндеттi үлестерге құқықтары бар адамдардың топтарын айқындайды. Өсиеттен бас тартушылық болған кездерде нотариус бас тартылған мұраларды алушы адамдарды шақырады және оларға өсиеттен бас тартушылықтың мазмұнын, олардың мұрагерлерден өздеріне тиісті мұраларды алушылық құқықтарын түсіндіріп береді.