Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2011-2012 Жалпы және кәс. есеп.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
355.33 Кб
Скачать

131 Тобының «Математика оқыту әдістемесі» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары:

Топ

Білім алушы

Тақырыбы

Ғылыми жетекші

1

131

Оспанова Талшын

Бастауыш сыныптарда оқушыларды есептеулер жүргізуге машықтандыру

Ташкеева

Ж. Т.

2

131

Қамесхан Сұлушаш

Математиканы оқыту әдістері, оқытудың дәстүрлік әдістер жүйесі.

Ташкеева

Ж. Т.

3

131

Омарбекова Мадина

Математика сабақтарындағы дидактикалық ойындар

Ташкеева

Ж. Т.

4

131

Райымбекова Назгүл

Бастауыш сыныптарда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

131 топ Оспанова Талшын «Бастауыш сыныптарда оқышуларды есептеулер жүргізуге машықтандыру».

Мақсаты –оқушыларды есептеулер жүргізуге үйретудің әдістемелік жүйесін негіздеу және оны тәжірибеде қолдануға ұсыну.

Кіріспе бөлімде арифметиалық амалдар және олардың қасиеттеріне қолданылатын амалдарға тоқталған.

Математикалық білімнің мазмұны, математикалық білімді оқытып –үйретудің өзіндік ерекшеліктері, бастауыш сыныпта орындалатын есептерді орындау технологиясы, 1-2 сынып математика курсындағы математика есеп жаттығуларды орындау әдістемесі, 3-4 сынып математика курсындағы математикалық есеп- жаттығуларды орындау әдістемелерін, жолдарын ашқан.

Негізгі бөлімде ізденуші тақырыпты толық аша алмаған.

Қорғау барысында интерактивті тақта мүмкіндіктерін толық пайдалана алмады.

Курстық жұмыс кіріспе , негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады.

Курстық жұмыс қорғауда қосымша қойылған сұрақтарға жауап бере алмады, курстық жұмыста грамматикалық қателер, курстық жұмыста кемшіліктер болып, барлық жалпы тақырып мәселелері дұрыс ашылып, елеулі қателіктері болып, қорытындылар мен ұсыныстар жеткіліксіз негізделіп, ал қорғау барысында студент орындалған жұмысты меңгергендігін дәлелдей алмады.

Бағасы: 3 (қанағаттанарлық).

131 Топ Камесхан Сұлушаш «Математика оқыту әдістері,оқытудың дәстүрлік әдістер жүйесі».

Жұмыстың мақсаты бастауыш сыныпта оқытудың дәстүрлі әдістер жүйесін пайдаланудың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және

І.Кіріспе бөлім оқыту әдістері дидактикасы, оқытудың әдіс-тәсілдеріне тоқталған.

ІІ.Негізгі бөлім математиканы оқытудың дәстүрлі әдістері иллюстративті түсіндіру, репродуктивті әдісі, оқыту әдістерін схема түрінде бөліп, олардың мазмұны, оқыту әдістерін классификациялау, инновациялық технологиялар,оларды оқытудың ерекшеліктері, мәселелік оқыту, бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дәстүрлік оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру жолдары,бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік даярлығы, оқытудың тұлғалық-бағдарлық ыңғайы жағдайындағы оқушылардың жекелей оқытуды ұйымдастыра білу жолдары, бастауыш мектепте математиканы оқытудың ғылыми зерттеу әдістеріне тоқталған.

Қорғау барысында интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін тиімді қолдана білді.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден, ғылыми аппараттан, тақырып мазмұнын ашатын символикалық көрнекіліктерден тұрады. Курстық жұмысты қорғауда ізденуші жұмыстың теориялық жағы мен құрылымы, ізденіс дәрежесі толық емес, жан-жақты сұрақтарды қамти отырып жазылған, қойылған сұрақтарға жауабын ескеріп, курстық жұмыс 4 (жақсы) деп бағаланды.

Бағасы: 4 (жақсы)