Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2011-2012 Жалпы және кәс. есеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
355.33 Кб
Скачать

24

«ЖАЛПЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ» кафедрасының 2011-2012 оқу жылында істелінген іс-шаралары бойынша

ЕСЕБІ

Мемлекетіміздің білім саясатын жүзеге асыратын кәсіптік мекемелер десек, ал оқытушы сол мекемедегі басты тұлға.. Кафедрада 17 оқытушы жумыс істейді.

Кафедра мақсаты: Қәзіргі заманғы білім беру технологияларын жалпы кәсіптік пәндер сабақтарында қолдану арқылы түйінді құзіреттіліктерді дамыту технологиясын зерттеп, жалпы және кәсіптік білім беретін пәндерге енгізу.

Оқу жылында жұмыс жоспарларының үнемі жетілдіріліп, жүйелі түрде жүзеге асыруды қадағаланып отырылды. Кафедраға қатысты әрбір пәннің оқу-әдістемелік жұмыстарының сапалы орындалуы, пән бағдарламаларына сәйкес болуы, және оқу процесіндегі проблемаларды тиімді шешу жолдарына баса назар аударылды. Сол мақсатта әр айдын соңында барлық пәндер бойынша үлгерім көрсеткіштері талқыланып отырылады.

Кафедраның әдістемелік жұмыстың бір түрі – колледжің және Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған кештер, сыныптан тыс жұмыстар өткізу болды.

Мысалы, Июнусова М.Н, Н.Б Базилова орыс тілі пәнінен І-ІІ курстар арасында «Моя Родина–Казахстан», «Наша главная ценнность -это наша Родина, независимый Казахстан» тақырыптарына шығарма жазды және көркем сөздер оқуда жарыстар өткізілді. Мақсаты,білім алушыларды Қазақстан халқының өлең–жырларына, тарихына, экономикалық дамуы, мәдениеті, шетел халқының Қазақстанға деген көз- қарасын айтып көрсету. Құсайнова Мира Камзаевна 11б, 11м, 11и, 11ш, 11і, 11а, 11қ, топтар арасында «Гүлдер вальсі» сайысын өткізді. Сайыстың негізгі мақса-

ты : Білім алушыларға «Гүлдер вальсі» мерекесі арқалы гүлдер туралы, олардың қасиеті, маңызы туралы мағлұматтар беру, гүл сыйлау өнерін, флористика өнерін үйретіп, дамыту, әдемілікке, эстетикалық тәрбие беру.

Сонымен қатар Мамықова Гүлбанудың жетекшілігімен 20 жылдық мерекеге арналған «Шебер қолдар» көрмесін ұйымдастырды. Даулетбаева М.П, Байтелеева Г.А., Алимқұлова Б.Н, Мұсаханова Қ.Т, «Колледж менің өмірімде. Қазақстан менің көзіммен» атты презентациялар байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: Білім алушыларды Қазақстан Республикасының тәуелсіздіктің тарихи тағылымы және жетістіктерінен мағлұмат айдарын ұсынып, тәуелсіздіктің бел құрдасы оқу орны №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжінің 20 жылдық тарихы мен даму тенденцияларын үйлестіре отырып мазмұнды, құнды мәліметтер негізінде білім-бағдар беру.

Презентациялар байқауына 7 мамандық бойынша 30 білім алушы қатысты. Әрбір презентацияның өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, 31ш топ білім алушылары өздерінің презентацияларын ағылшын тілінде дайындап, сол тілде қорғады. 41и топ білім алушысы Керімқұлов Алмат колледждің күнделікті өмірін бейнеледі, осы топтың білім алушысы Баратова Ләззат бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығы аясында колледждің жеткен жетістіктерін жұлдызды пирамида түрінде ұтымды көрсете білді.

Презентациялар байқауының қорытындысы:

Жүлделі орындар

Иегерлері

І орын иегерлері:

41и топ білім алушысы Баратова Ләззат,

42 и топ білім алушысы Асқанбаев Дархан

ІІ орын иегерлері:

11б топ білім алушысы Тұрсынбаева Қымбат,

12б топ білім алушысы Самат Аида

ІІІ орын иегерлері:

31ш топ білім алушылары Абдибаева Камила, Алимбекова Назгул

Кафедра жоспары бойынша білім алушылардың білім сапасын, алдыңғы айлар нәтижесімен салыстыру мақсатында қараша, желтоқсан, наурыз, мамыр айлары аралығында кафедра ішілік және әкімшілік тарапынан тест тапсырмалары алынды. Химия,физика және биология пәндерінен әкімшілік тарапынан семестірлік тест алды. Жалпы тексеру қортындысының нәтижесімен кафедра отырысында талқыланды.Оқу әдістемелік жұмысын үнемі жетілдіріп, оны жүйелі түрде жүзеге асыру қадағаланып отырылады. Мамандыққа қатысты пәннің оқу-әдістемелік жұмыстарының сапалы орындалуы, пәннің бағдарламасына сәйкес болуы, оқытушыларының тәжірибесіне, білімінің тереңдігіне, оқу процесіндегі проблемаларды тиімді шешу жолдарын дұрыс жолға қоя білудің арқасында өз нәтижесін тапты. Оқушылардың дәптерлері жүйелі түрде тексеріледі. Оқушылардың дәптерлерінен колледж оқытушыларының тірек - сызбалар, логика-модульдік сызбалар, таблица, диаграммаларды жиі пайдаланатындығы байқалады.

Әр оқытушыға білім сапасын арттыруда жіберген қателіктерін талдай отырып, болашақта білім алушымен жүйелі жұмыс жасау жүктеледі және дәстүрден тыс сабақтар өткізу, дидактикалық материалдарды қолдану, модульдік сызбаларды, аудио - видео материалдарды қолдану кеңінен ұсынылады.

Оқытушы Июнусова М.Н. – «Құзіреттілік көзқарас технологиясының тәсілдерін орыс әдебиеті сабақтарында пайдалану» әдістемелік проблеманы негізге ала отырып,сабақта дамыта оқыту, коммуникативтік технологиясымен жұмыс жүргізеді. Білім алушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту барысында білім алушылар өздері жазушылардың өмір баянына презентациялар жасап, қорғайды. Алған білімдерін тақырыптар бойынша орыс тілі, орыс әдебиеті пәндерінде бекіту үшін синквейн жазады. Сабақ барысында интерактивті тақтаны, мультимедиялық электронды оқулықтарды қолданады.Білімді ең алғаш беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді (хабарлап дамытушы,проблемалық ізденісті) сабақ барысында қолданады. Білім алушылар өз беттерінше орыс әдебиеті пәні бойынша интернеттен қосымша ақпараттар дайындап сабақта корғайды. Білім алушылардың жүйелі түрде жұмыс жүргізу әдісін қалыптастыру мақсатында оқытушы үнемі тірек конспектілерін, тірек-схемаларын, ребустарды білім алушылар өздері тақырыпқа байланысты сызып сабақта қолданады. Білім алушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру үшін жеке сұрау әдісін карточка тапсырмалар,іскер ойындар ұйымдастырады. Оқытушы сабақтарында интеграциялық, арнайы тренинг, эвристикалық, шығармашылық әдістерін пайдаланады. Республикалық институттың ұйымдастыруымен және Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында мұғалімдердің білімін жетілдіру курсында, қалалық семинарда « Я помню чудное мгновенье» тақырыбында ұйірме жүмысын көрсетті

Ұсыныс:

Білім алушылардың тіл байлығын дамытуда жұмыс жүргізу

Даулетбаева М.П. «Информатика сабақтарында ақпараттық-технологиялық құзіреттерді бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастырудың басты шарты ретінде қолдану» тақырыбына ғылыми-әдістемелік жұмыс түрлерін жоспарлау мақсатында, информатика, компьютерлік технология, мамандандыру, информатиканы оқыту әдістемесі, ЭЕМ тәжірибешілік, машинамен жазу және стенография, ОТҚ қолдану әдістері пәндерінен дәріс береді.

Мақсаты:-компьютерлік оқытуды тәжірибелеу, білім беру және дамытудың бірлігін қамтамасыз ету;

-білім алушылардың шығармашылық қабілетттерін қалыптастыру;

-ақпаратты технологияларды қолданғанда бьілім алушы өз бетінше жұмыс істеу ролін жоғарлату;

-білім алушылардың білім деңгейлерін көтеру.

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институттың ұйымдастыруымен 18.04.2012 жылы Республикалық семинарда психология және ЭЕМ тәжірибешілік пәндерінен 31 и тобында «Қиял. Шығармашылық қиял. Графикалық редактордың мүмкіндіктері мен қолданылуы» тақырыбында интеграциялы (кіріктірілген) ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.

24.04.2012 жылы Алматы қаласы білім Департаментінің жанындағы Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында мұғалімдердің білімін жетілдіру курсында, «Жеке тұлғаның психодиагностикалық жұмыс жүйесін ұйымдастыру» тақырыбында дәріс оқылды. Баяндамада жеке тұлғалық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу барысында, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына ықпал жасау; жеке тұлғаның әрбір психологиялық қасиеттері бір-бірімен өзара байланысты болу жолдарына тоқталып кеңінен ашты. Баяндама мағаналы мәнді оқылды.

23.05.2012 жылы Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында мұғалімдердің білімін жетілдіру курсында, қалалық семинарда психология және ЭЕМ тәжірибешілік сабағынан «Қиял. Шығармашылық қиял. Графикалық редактордың мүмкіндіктері мен қолданылуы» тақырыбында интеграциялы (кіріктірілген) ашық сабақ өткізді. Оқутышы сабақта таным үрдісі – қиялдың психологиялық сипатын, ерекшеліктерін, қалыптасу жолдарын танып білуге, графикалық объектілермен таныстыру және жұмыс жасау тәсілдерін жаттықтыруға, психологиялық ахуалды қалыптастыруға, қарым-қатынас деңгейін жақсарту бағыттарын және өз бетінше жұмыс жасауға фличарт қурастырып.

Ұсыныс:

Интерактивті оқыту әдісін оқу үрдісінде жүйелі қолдану, оны түрлендіру жолдарын қалыптастыру.

Пән аралық байланыс, тәжірибелік жұмыстармен байланыстыру.

Білім алушылармен жеке жұмыс түрлерін түрлендіру.

Дулятова М.Ж. білікті маман дайындау үшін сабақтың мақсатын, міндетін дұрыс қойып, көрнекілікті орынды қолданып , білім алушылардың ізденушілік, зерттеушілік, кәсіпке,ситуацияларға талдау жасау қабілеттерін арттырады.

Жаңа технологиялармен жұмыс жүргізе отырып, сабақтарды ойын, жарыс түрінде, диспут, конференция, кіріктірілген,семинар сабақтарды интерактивті тақтаны пайдаланып өткізеді. «Бейорганикалық қосылыстардың генетикалық байланысы» қорытынды сабағында биология пәнімен байланыстыра отырып, заттар қасиеттеріне байланысты алған білімінің өз мамандығы үшін қажеттілігін, маңыздылығын бағалай білу, мамандық үшін физикалық, химиялық құбылыстар орнын көрсетті. Білім алушыларды табиғат туралы көз-қарасын кеңейтуге, құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсінуге баулыйды.

«Алтын - металдар патшасы» «Металдардың-адам өміріндегі маңызы» тақырыбында алдын-ала берілген проблемалық ізденістер, сұрақтар бойынша оқу пікір сайыс сабағын өткізді.

«Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі» тақырыбына семинар түрінде өткізді. Тақырыпқа байланысты оқу кинофильмін көрсетті, білім алушылар химиялық элементтердің атом құрылыс схемасын сызып түсіндіріп өз ойларын айтты.

Әр сабақта теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастырып отырады. Мысалы, «Темірдің химиялық қасиеттері», «Қышқылдырдың,негіздердің,тұздардың қасиеттерін анықтау», «Майлардың қасиеттері», «Белоктарға түрлі-түсті реакция», «Органикалық қосылыстардағы химиялық элементтерге (сутегіге, көміртегіге, хлорға) сапалық реакция» т.б. сарамандық жұмыстарда білім алушыларға электрондық оқулықты қолданып және мүмкіндігінше өз қолдарымен химиялық тәжірибелерді жасатып, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ізденісті-зерттеуші зертханалық жұмыстар, тесттер, реакция теңдеулерін, формулаларды жазғызып,олардың қасиеттеріне байланысты қолданылуына ерекше тоқталып, жұмыс жүргізеді. Материалдарды бір жүйеге келтірді, презентациялар, сызба – нұсқалар, көрнекіліктер, электрондық оқулықтар, тақырыптық папкалар,әдебиеттер, және жүргізілген т.б. жұмыстары жинақталды.

Ұсыныс:

- химия пәнінен интерактивті тақта арқылы тәжірибелерді көрсету

- Сабаққа флипчарт құруды үйреніп, пайдалансын.

Базилова Н.Б. болашақ мамандықтарына сай мәндік мазмұн болуы, сөздік жұмыстарын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, грамматикалық білім беруде әр түрлі оқыту технологияларын қолданып білім алушылармен топтық, жекелік, өз бетімен жұмыс, ақпараттандыру, іздену, шығармашылық зерттеу өз білімін жетілдіру іс- шараларын өткізеді Білім алушылар көптеген ақпараттық материалдарды интернет арқылы ізденеді. Дамыта оқыту мақсатымен орыс әдебиеті сабағында әр жазушыға арналған материалдарды қолдана отырып, ондағы иллюстрациялар, суреттерді және әр түрлі трек схемалар, хроникалық материалдар пайдаланылады.

Ұсыныс:

дебиеттердің жаңа басылымдарын, электронды оқулықтар топтамасын толықтыру.

- үйірме жұмыстырының сабақ жоспарларымен және презентациялармен толтырылсын.

Ташкеева Ж.Т. Сабақ берудегі басты мақсаты дамыта оқыту білім алушылардын сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануымен қамтамасыз ету, білім алушылары ізденуге өз бетімен қорытынды жасауға үйрету. Сабақ барысындағы басты міндет білім алушылардың білімін жүйелі есепке алып, бақылау жүргізе отырып, білім сапасын арттырудың үздік әдістерін қарастыру.

Ақпараттық технология мен деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланып 11і тобында «Функцияны туынды көмегімен зерттеу » тақырыбында кафедра ішілік ашык сабак берді. Мақсаты, тындыларды есептеу ережелері мен функцияны туынды көмегімен зерттеу алгоритмін қолданып, интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдаланып студенттердің функция зерттеп графигін тұрғыза білу қабілеттерін арттыру. Сабақ барысында топ білім алушыларын екі топқа бөліп сайыс сабақ ретінде өткізді. Білім алушылар функцияны туынды көмегімен зерттеп, интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдаланып, функция графиктерін тұрғыза білді. Сабақ барысында білім алушылар функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін, өсу және кему аралықтарын, максимум және минимум нүктелерін таба білуді меңгерді.

Кафедра отырысында «Болашық мұғалімдердің кәсіби әдістемелік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік баяндама оқыды. Баяндамада мұғалімдердің кәсіби әдістемелік құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдарын практикамен байланыстырып, нәтижесін интерактивті тақтада диаграмма бойынша көрсетті.

Ұсыныс :

-білім алушыларды шығармашылық жұмысқа жұмылдыра отырып, іскерлікке баулу және электронды оқулықтарды орынды пайдаланып, интерактивті тақтада -/ возможности использьвать/ жұмыс жүргізу және презентациялар жасау.

- білім алушылардың алған теориялық білімдерін практидада қолдана білуге үйрету.

- сабақ барысында білім алушылармен жеке жұмыс жүргізуге көңіл бөлу.

- постоянно работать над повышением своих знаний и умений

Абуев А.Н. оқытушы сабақ барысында білім алушылардың өздерінің ойларын ортаға салуға және пікірлерін білдіріп сабақ соңында қорытынды жасауға үйретеді. Қазақстан Республикасының 20-жылдығы тақырыбында сабақ беретін топтарды Тарихи мұражайларға саяхатқа танымдық ықыласын және жауап кершілікті қалыптастыру максатында апарып мұражайларда алған әсерлері бойынша шығарма және рефераттар жазылды, «Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы», «Туған жер тұғырың», «Табысқа толы 20-жыл», «Менің Отаным Қазақстан».

Әдістемелік проблема «Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы географияны оқытудың сапасын жетілдіру» бойынша географиядан «Ғылыми техникалық революция сипатты белгілері» тақырыбында семинар, «Дүние жүзілік халықаралық қатынастар» тақырыбына конференция сабақтарын білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізді. География пәні бойынша «Ғылыми техникалық революция», «Африка материгіне жалпы сипаттама», «Солтүстік Америка елдері», «Латын Америка елдері және экономикасы», «Азия елдерінің шаруашылығы», «Дүние жүзі елдерінің шаруашылығы» тақырыптық папкалар жаңартылып толықтырылды. Қазақстан тарихы және география пәндеріне қатысты жаңа оқулықтар сонымен қатар электронды оқулықтар корын көбейтті

Ұсыныс: Абуев А.Н.

Білім алушылармен жеке шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізу.

Сабақ өту барысында жаңа ақпараттық технологияны, интерактивтік тақтаны, электронды оқулықты тиімді қолданып, сабақ презентацияларын жасап, пайдалансын.

Тәжірибелі оқытушылар сабағына қатысып, тәжірибе жинақтасын.

Работать над повышением знаний по предмету история Казахстана

Мұсаханова Қ. Т. оқытушының негізгі мақсаты білім алушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту, жаңа ақпараттық технологияны меңгерту.Оқытушы әрбір сабағын түрлендіріп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді. Оқытушы сабақ барысында дамыта оқыту технологиясын, жаңа ақпараттық технологияларды кең пайдалана отырып, білім беру саласындағы оқытудың жаңа тенденцияларымен үнемі танысып, қолданады.

Математика және информатика пәндерінің оқытушысы «Коммуникативтік ақпараттық технология негіздері» пәнінен «Графиктік мәліметтердің берілуі. Растрлық және векторлық графиктік редакторлар» тақырыбында 11б тобында өткен колледж бойынша ашық сабағы ғылыми тұрғыда өткізілді. Сабақ барысында жаңа ақпараттық технологияның аппараттық және программалық (Paint графиктік редакторы, CorelDraw графиктік редакторы, ActivStudio программасы) жабдықтамасы тиімді қолданды. Бұл өткізілген сабақтың тиімділігі білім алушылар жаңа сабақты практикалық тұрғыдан зерттегендіктен теорияны қабылдау жеңіл болды.Жаңа тақырыпты бекітуді ActivStudio программасының сүйек лақтыру ойынын ойната отырып ұяшықтағы сұрақтарға жауап алу арқылы жүзеге асырды. Сонымен қатар оқытушы білім алушылармен үнемі тығыз байланыста болып, әртүрлі өзекті мәселелер бойынша зерттеулер жүргізді. Үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыстар жүргізіп отырады.

Ұсыныс: Мұсаханова Қ.Т. Білім алушыларға жаңа ақпараттық технологияны меңгерту, интерактивті тақтада жұмыс жүргізу, презентациялар жасауды, оқытушыларға сабаққа флипчарт құруды үйрету.

Білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны кең қолдану. Улучшить качество преподавания предмета математика

Байтелиева Г. А. білім алушыларға теориялық білімді тиісті дәрежеде меңгерту үшін «Ақпарат», «Ақпаратттық қасиеттері», «Санау жүйелері» «Қоғамдағы ақпаратттық үрдістер» тақырыптарын екі топқа бөліп ойын-жарыс түрінде тапсырмалар береді. Әрбір білім алушының логикалық қабілетін дамыта отырып, шығармашылық өзіндік ізденіс арқылы білімге құштарлығы мен қызығушылығын ояту информатика пәнінде программмалау тілін қызықтыра білуде қызықты сұрақтар қою арқылы, әртүрлі сөз жұмбақ, ребустар т.б. пайдаланылып әсерлі өткізеді.

Анимация, «Жаңа презентация құру», «Презентацияларды демонстрациялау» тақырыптарын тиімді өткізу жолдарын қазіргі заманға сай ақпаратттық дидактикалық материалдар арқылы жеткізеді. Білім алушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, «Архивтеу бағдарламалары» тақырыбы архивтеуші бағдарламалдардың түрлерін, олармен жұмыс жасай білуге, файлдардың, қапшықтардың көлемін кішірейту әдістерін практикада қолдана білуге дағдыландыруды сабақтың басты мақсаты ретінде қарастырады.

Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып оқыту білім алушылардың өзіндік-танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру мен олардың пәнге деген қызығушылығын және компьютерлік сауаттылықтарын арттырады. MS Word, Excel, MS Power Point тарауларын және бұл сабақтарды өткізу білім алушыларға ұлттық педагогика элементтерін меңгертуге, салауатты өмір салтының құпияларымен толық таныстыруға ағылшын тілінен сауатттылықтарын арттыруға көмектеседі.

Windows операциялық жүйесі, файлдар жүйесі, Paint графикалық редакторы, Word мәтін редакторы, Exsel электронды кестесі, Exsel-де есептеулер жүргізу, диаграмма тұрғызу, Power Point бағдарламасы, слайдтарды безендіру, интернет, электронды почта, тақырыбында тақырыптық папкалар жасады.

Ұсыныс:

Байтелиева Г.А. Білім алушыларға жаңа ақпараттық технологияны меңгерту, интерактивті тақтаның /возможности/ жұмыс жүргізу, презентациялар жасауды үйрету.

Білім алушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Пән аралық байланыс, тәжірибелік жұмыстармен байланыстыру.

Білім алушылармен жеке шығармашылық жұмыс түрлерін түрлендіру.

Толеуова Б.Т. әрбір білім алушының логикалық қабілетін дамыта отырып, шығармашылық өзіндік ізденіс арқылы білімге құштарлығы мен қызығушылығын оятады. АҚТҚ инфекциясынын алдын алу пәнін қызықтыруда, сұрақтар қою арқылы, әртүрлі сөз жұмбақ, ребустар т.б. пайдаланылып әсерлі өткізеді

Инновациялық технологияның маңыздылығы білім алушылардың белсенділіктерін және шығармашылықтарын қалыптастыру, әр білім алушының өз бетімен жұмыс жасауға шығармашылығын одан әрі арттыруда «Жүйке жүйесі», «Өсу мен даму заңдылықтары», «Анализаторлар» тақырыптарын тиімді өткізу жолдарын қазіргі заманға сай ақпаратттық дидактикалық материалдар арқылы жеткізеді. Сабақта пән аралыққа байланысқа , өмірмен байланыстыра өткізеді.

«Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу» тақырыбында кафедра ішілік сабақ өтізді. Сабақ барысында сабақтың үш мақсатын кеңінен ашты. жүрек қантамыр жүйесі ауруларымен таныстыру. Зиянды заттардың жүрек қантамыр жүйесіне әсері туралы білімдерін кеңейтті.

Білім алушылар қан кету түрлері жүрек қан тамырларын ажырата білу, олардың алдын алу, көмек көрсету икемділіктерін үйренді. Ақпараттық оқыту құрылдарын тиімді қолданды.

Ұсыныс.

Электронды ақпараттық оқу құралдарының жаңа түрлерін сабақтарда пайдалану жолдарын қалыптастыру.

Оқу-құралдарының жаңа басылымдарын, әдістемелік нұсқаулар, электронды оқулықтар топтамасын толықтыру.

Тақырыптық папкаларды жаңартып, қайта жасау.

Оспанова Гүлдар Ашимкызы

Сабақ барысында білім алушылардың физика және астрономия пәніне деген қызығушылығын арттыру, өзбетімен іздену, ой өрісін дамытуда модульдік оқыту технологиясының негізгі элементтерін пайдаланды.Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында бір тарауды толық өткеннен кейін қайталау сағатын жарыс сабақ түрінде өткізді. Жарыс сабақта өтілген тақырыптар бойынша білім алушылардың алған білімі тексеріледі. «Электр тогы, электр тогының сақталу заңы» тақырыбына кафедра ішілік ашық сабақ өткізді. Мақсаты білім алушыларға электр тогының шығу тегін, олардың таңбаларын сақталу заңдарын оқыту,үйрету. Сабақ өту барысында ақпаратты- хабарлағыш және ізденушілік әдіс-тәсілдерді қолданды.Электрондық оқулықты көрсете отырып білім алушыларға тәжірибелер жасатты. Білім алушылар үйкеу, жанасу, әсерлесу тәжірбиелерін жасады. Оқытушы мақсатына жетті. Сабақ жақсы өтті. «Электромагниттік толқындар»тақырыбына байланысты семинар сабағын өткізді. Интерактивті тақтаны қолданып білім алушылармен зертханалық жұмыстар, жаттығулар, тесттер алып отырды. Физика және астрономия пәнінен тараулар бойынша тақырыптық папкалар «Кинематиканың негізгі ұғымдары»

«Қозғалыс заңдары»

«Сақталу заңдары»

«Сұйықтар мен газдардың қозғалыстары»

«Термодинамика негіздері»

«Идеал газдың молекулалы- кинетикалық теориясы

«Молекулалық физика» дайындады. Тақырыптық папкада тест сұрақтары, дидактикалық материалдар, үлестірмелер жинақталған. Интернеттен алынған қосымша материалдар, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты фильмдер, презентациялар жинақталған.

Ұсыныс: Оспанова Г.А. сабақ өту барысында интерактивтік тақтаны,электронды оқулықты қолданып, сабақ презентацияларын жасап, пайдалансын. Тақырыптық папкалардың ішіндегі дидактикалық материалдарды және үлестірмелі материалдарды толықтырсын.

Молдахмет Эльвира Болатқызы. Оқытушы математикадан сабақ өткенде жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, пәнді меңгертуде түрлі сабақтар, танымдық ойындар мен дидактикалық материалдарды пайдаланады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда математика сабақтарында педагогикалық технологияны басшылыққа алу – басты бағыты болды. Сабақтарда түрлі дидактикалық материалдар, электронды оқулықтар, әдістемелік құралдарды кеңінен пайдалана отырып сабақтарында қолданады. Сонымен қатар үлгерімі төмен білім алушылармен қосымша сабақтар өткізілді. Оларға әдістемелік көмектер беріліп қосымша тапсырмалармен жұмыс жасайды. 11и топ білім алушыларымен наурыз айында колледжішілік ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ тақырыбы: «Тригонометриялық функциялар тақырыбын қорытындылау». Сабақты саяхат сабағы түрінде өткізді. Сабақтың нәтижесінде білім алушылардың осы тақырыпты қаншалықты меңгергендігі, есеп шығару қабілеті, сабақты тиімді ұйымдастыруы байқалды. Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру үшін ойын, пікір-талас, конференция сабақтарын өткізді. Нәтижесінде білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы айқындалды

Ұсыныс: Молдахмет Э.Б.

«Байқау және бақылау» практикасында, сабақ өту барысында жаңа технологияны, интерактивтік тақтаны,электронды оқулықты қолданып, сабақ презентацияларын жасап, пайдалансын.

Садырбекова Ақбала Тулеуқуловна Сабақты жаңа технологиялар СКТ, модульдік технологиялар бойынша өтіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Анатомия пәнінен «Клетканың құрылысы мен қызметі» тақырыбында проблемалық сабақ, «Сезім мүшелері» тақырыбына конференция сабағын өтіп, интерактивті тактаны колданды,тақырыпка байланысты интернет материалдарынан презентация жасалды,окушылар карточкалармен есептер шығарды,сабақ медицина мен байланыстырып өткізілді. Әсіресе ақпараттық технологияны қолданып өткен, «Анализаторлар», «Экология», «Витаминдер» атты сабақтары оқытушылар тарапынан жоғары бағаланды. Биология, анатомия, дүниетану пәндерінен тақырыптық папкалар жасап бір жүйеге келтіріп, электрондық нұсқада жасады.Сабақты жаңа технологиялар СКТ, модульдік технологиялар бойынша өтіп, ақпараттық технологияны қолданып өткен, 2011/2012 оқу жылында жеке материалдық базасы : үш электрондық оқулық, бес бейне таспалармен тақырыптық папкалар толықтырды.

Ұсыныс: Садырбекова А.Т. сабақ өту барысында білім алушылардың шығармашылык ізденісін дамыту.

Интерактивтік тақтаны, сабақ презентацияларын жасап, пайдалансын.

Тақырыптар бойынша дидактикалық материалдар толықтырылсын.

Кусайнова М.К.

Сабақ өту барысында «Экологиялық білімді сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетте білім алушылардың әлеуметтік құзіреттерін көтерудің құралы ретінде қолдану» әдістемелік жобаны негізге ала отырып анатомия сабағында «Шартты және шартсыз рефлекстер» конференция, «Сезім мүшелері» тақырыбына диспут сабақ өткізді. Сабақ өткенде пәнді меңгертуде семинар,конференция, диспут сабақтар, танымдық ойындар мен дидактикалық материалдарды пайдаланады. Әдістемелік тақырыпты негізге ала отырып, теориялық-практикалық тақырыптарды меңгертуде жаңа педагогикалық технологияларды оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданады. Оқуға қажетті материалдарды бір жүйеге келтірді, презентациялар, сызба – нұсқалар, көрнекіліктер, электрондық оқулықтар, Анатомия физиология және бала гигенасы пәнінен тараулар бойынша Адам организмі

Сезім мүшелері

Тірек қимыл жүйесі

Жүрек және қан айналым жүйесі

Тыныс алу жүйесі

Ас қорыту жүйесі

Терінің құрылысы қызметі тақырыптық папкалар дайындалды.

Тақырыптық папкада тест сұрақтары, дидактикалық материалдар, үлестірмелер жинақталған. Интернеттен алынған қосымша материалдар, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты фильмдер, презентациялар жинақталған.

Ұсыныс: Кусайнова М.К. Білім алушыларымен өздік жумыстарын жандандырсын және тараулар бойынша дидактакалық тапсырмалар интернеттен қосымша материалдар алып толықтырсын.

Сабақ өту барысында жаңа технологияны, интерактивтік тақтаны, электронды оқулықты қолданып, сабақ презентацияларын жасап, сабаққа флипчарт құруды үйреніп пайдалансын

Алимкулова Б.Н.

Оқытушы сабақта электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру мақсатында сабақ берді. «Кестемен жұмыс, формула енгізу және диаграмма құру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Microsoft Office Word мәтіндік процессорының барлық мүмкіндіктерін тек компьютерде ғана көрсетіп қоймай, интерактивті тақтамен де көрсетіп және онымен жұмыс істей отырып студенттердің еркін жұмыс жасауына бағыт берді. Әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланды, уақытты тиімді, яғни сапалы пайдаланды. Word 2003, 2007 жұмыс істеу жолдарын бірдей көрсетіп түсіндірді. Сонымен қатар HTML тілінде құрылған тесттерді электрондық оқулықпен, Интерактивті тақтада жасалған тесттерді Activ Voite құралының көмегімен алу уақыт тиімділін дәлелдеді.

Информатика пәнінен сабақ беру барысында басқа пәндермен байланыстыра отырып оқыту студенттердің өзіндік-танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру мен олардың пәнге деген қызығушылығын және компьютерлік сауаттылықтарын арттырды.

Ұсыныс:

Басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтасын.

Өз білімін жетілдіру мақсатында шығармашылық жұмыстар жүргізу.

Білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны кең қолдану.

Өзара сабаққа қатысу

Оқытушылардың сабақтарына қатысып өзара тәжірибе алмасу, жаңа инновациялық ақпараттық технологияны жүйелі қолдану, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын үйрену біздің басты міндетіміз.

Оқытушылар жоғарыда аталған мақсаттарды негізге ала отырып ,,477,, сағат сабақтар мен тәрбие сағаттарына, сыныптан тыс жұмыс түрлеріне қатысты.

Оқу-тәрбие процесінде жарты жылдық жоспар бойынша кафедра мамандарының өткізген пән сабақтарына, үйірме сабақтарына, тәрбие сағаттарына, «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелік», «Музыка әдістемесі» кафедрасының он күндік іс-шараларына қатысып, өз білімдерін көтеруге тәжірибе алмасты.

Ұсыныс: Тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына қатысып,тәжірибе алмассу.

Оқытушылар сабаққа қатысу барысында сабақты талдай отырып өз пікірлерін тәжірибе алмасуда білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы іс-тәжірибелерін, білімді ең алғаш беруге бағытталған әдіс-тәсілдер, ақпараттық технологияларды қолдану барысында ой қорытындыласын.

Жас оқытушылар тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына қатысып оқытудың әдіс-тәсілдерін: Білімді ең алғаш беруге бағытталған- проблемалы-ізденісті,(Эвристикалық әңгіме, ізденісті лабораториялық жұмыстар,оқу пікір сайысы, зерттеу орталығы) білімді өз бетінше ізденіс арқылы беруге талпындыратындар(оқулықпен, оқу бағдарламасымен жеке жұмыс) Білімді бекіту,дамыту,білім білік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді (репродуктивті, шығармашыл- қабылдатқыш) және оқу құралдарының түрлерін (көрнекі,вербальды, техникалық, жаңа технология құралдарын) қолдану қажеттіліктерін көріп,сабақ барысында қолдансын.

Үйірме жұмысы

Кафедрада 6 үйірме жұмыс істейді.

«Гүл өсірушілер», «Литературное кафе», «Жас экологтар», «Русское слово», « Жас Экохимик », «Табиғат тіршілік тірегі» тақырыптарында жыл басында үйірме жұмысының жұмыс жоспары бекітілді.

Июнусова М.Н.

Білім алушылардын білімін арттыруда кафедрадағы литературная гостиная „ Свеча” үйірмесі көп мүмкіндіктер жасауда. Бұл үйірмеде білім алушылардын қарым-қатынастың диалогтық және полиглоттық түріне үйрету барысында қолданылатын ойындар технологиясының рөлі мен түрлерін, мәтін-монолог түрінде сөйлеуге үйретудің бірлігін, жазу және жазба сөз біліктілігін тексерудің нысаны мен тәсілдерін литературная гостиная “Свеча” жетекшісі әдістемелік жұмыстар жүргізді.

Литературная гостиная „ Свеча” үйірмесінің мақсаты орыс әдебиетшілері мен шығармаларын талдай отырып тілді құрметтеуге, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, адамгершілікке тәрбиелеу бағыттары: тақырыптық баяндамалар, мақал –мәтелдер құрастыру.. Әдеби викториналар, дөңгелек столдармен кештер ұйымдастыру, театрларға бару, спектакльдерден үзінділер. « Я помню чудное мгновенье», «Тайна трех сестер», вечер, посвященный Пушкину», «Русский романс», «Он был источник дерзновенный», посвященный М. Лермонтову», спектакль «Барышня-крестьянка» А.С.Пушкин, «Последняя любовь Чехова» , спектакль, посвящённый жизни и творчеству С. А. Есенина «Божья дудка", Пока я дышу, надеюсь..." (интерпретация по пьесе М.Горького "На дне",

«Масленица» тақырыптарында кештер, үйірме отырыстары өткізілді. Сынптан тыс сабақта білім алушылар өздерінің әртістік қабілеттерін дамытты және білімдерін тереңдетті.

Базилова Н.Б.

Үйірме жұмысы оқу жылының басында құрылып жоспар бойынша өтілді.

«Великий, могучий русский язык », «Конкурс выразительного чтения стихотворений », «Язык – как основа культуры» тақырыптарына сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдық мерекесіне арналған «Астана-столица Казахстана» және колледждің 20 жылдығына «История моего колледжа» тақырыбтарында ашық үйірме жұмысын өткізді, «Великий могучий русский язык» тақырыбында КВН, «Русский язык в современном мире» конференция, «Шагни вперёд» тақырыбында интелектуалды ойын өткізді. Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тұлпардың қасиетін, ерекшелігін, оның түсінің ерекше қасиет және мән-мағана беретінін ғылыми тұрғыда көрсету. Сыныптан тыс сабақтардың нәтижесі: рефераттар, шығармалар, баяндамалар.

Дулятова М.Ж.

«Жас Экохимик» үйірме жоспары 2011-2012оқу жылына жасалынып, бекітілді. Мақсаты: білім алушыларды өз бетінше ізденуге, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту және техникалық қауіпсіздік ережелерін есте сақтап, химиялық қосылыстардың қасиеттерін білу, оның кейбір қосылыстарын қажет жағдайда тұрмыста қолдана білу.Үйірмеге 1-курс білім алушылары қамтылды. Білім алушылар «Химия - тұрмыста», «Химия және медицина, тақырыптарында конференция, «Жас экохимик», т.б. тақырыбында газет шығарды және семинар және үйірме отырыстарын өткізіп, «Химик ғалымдарының өмірі мен қызметтері», «Химия және экология»,«Химия міндеттері, маңызы, тарихы», «Улы және қопарғыш заттар», «Тұрмыста қолданылатын химиялық заттар», т.б. тақырыптарына рефераттар, баяндамалар, буклеттер жасап,электрондық оқулықтармен көріністер көрсетіп, ортаға салды.

Білім алушылар «Алтын - металдар патшасы», «Темірдің қасиетін қазақ білген», «Қазақстан химиктері және олардың еңбектері»,«Металдар - өмір өзегі», «Жас экохимик» тақырыптарында газет шығарды және кештер, семинар, конференция, КВН өткізді. Мейрам Жумабековна колледж ішілік 11қ тобы білім алушыларымен «Ауыз әдебиеті элементтері- экохимияда» тақырыбында ашық сыныптан тыс жұмысын өткізді.

Ауыз әдебиеті элементтерін химияда қай кезде , қалай пайдаланатынын және оның мағанасын, мәнін түсіндірді. Білім алушылар ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін арттыру барысында «Су оның маңызы», «Су-тіршілік тірегі», «Сусыз тіршілік жоқ» тақырыптарында жасаған презентацияларды қорғады. Металдар, су және т.б. тақырыптар төңірегінде мақалдар айтылып, талқыланды.

Абуев А.Н.

Үйірменің атауын «Табиғат тіршілік тірегі» деп атап, сол бойынша жыл бойы атқарылатын іс-шаралардың тақырыптық жоспары құрылды, 1-ші жарты жылдықта әр топтардан құралған білім алушылар мен үйірме жұмысы жүргізілді. Үйірменің мақсаты: қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға салауатты өмір салтын қалыптастыруға, болашақ ұрпаққа табиғатты, табиғи қалпын бұзбай сақтап қалудың маңызын меңгеру болып табылады. Үйірме аясында білім алушылар мен атқарылған іс – шаралар: Білім алушылармен бірге колледж ауласының тазалығын сақтау оны бұзбау жөнінде «дөңгелек стол» ұйымдастырды. «Қазақстан экологиясы» тақырыбына конференция, «Табиғат аясына саяхат», Ботаникалық саябаққа саяхат жасады.

МамыковаГ.Т.

«Шебер қолдар» үйрмесі ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжінің 20 жылдық мерейтойына орай колледж білім алушыларының шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды.

Көрменің негізгі мақсаты қазақ халқының тәуелсіздік арқасында қол жеткізген табыстарын қолөнер бұйымдарымен насихаттау, ұлттық дәстүр мен бұйымдардың ерекшеліктерімен таныстыру болды. Көрме бірнеше түрде жинақталды

Сәлдік қолданбалы

Қолөнер бұйымдары

Әшекей бұйымдары

Қағаз жұмыстары барысында қағаз , тері, мата, пеноплас, жібек маталар, ұсақ моншақтар, маржан моншақтар, ермексаздар, киізден материалдарды қолдана отырып тартымды бұйымдар жасалды.

Жасалған бұйымдар 20 жылдықтың эмбламасы, колледж эмблемасы ермексаздан жасалды. Ірі моншақтардан апорт алмасы, бәйтерек, киіз үй жасалды. Теріден әр түрлі техниканы қолдана отырып панолық гүлдер жасалды.

Көрмеге 41б, 11б, 31б, 11м, 11а, топ білім алушыларының шығармашылығынан жұмыстар қойылды. Көрмеге қойылған жұмыстар эстетикалық талапқа сай жасалынған

Құсайнова М.К.

«Гүл өсірушілер» үйірмесі атқаратын іс-шаралардың тақырыптық жоспары құрылып, әр топтардан құралған студенттер мен үйірме жұмысы жүргізді. Үйірменің мақсаты: колледж іші мен сыртын көгалдандыру, білім алушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру.

Экологиялық білім берудің мақсаты жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыру.Оқу жылының ІІ-і жарты жылдығында ғылыми танымдық бағыты жүзеге асырылды.Бұл бағыт білім алушылардың ізденісі мен шығармашылық қабілеттерін дамытты.Мәдени ағарту бағыты бойынша экологиялық кештер,сайыстар,конференциялар жүргізілді.Атап айтар болсақ, Өлкетану саясат бағыты бойынша жергілікті жерлердегі гүлдер мен өсімдіктер әлемімен және табиғатымен танысу мақсатында экскурсиялар ұйымдастырылды. 11б, 11м, 11и, 11ш, 11і, 11а, 511, 21 м топтар арасында «Гүлдердің емдік қасиеті» атты сайысы өтті. Сайыстың негізгі мақсаты : Білім алушыларға «Гүлдердің емдік қасиеттері туралы, маңызы туралы мағұлматтар » гүл сыйлау өнерін, флористика өнерін үйретіп, дамыту, әдемілікке, эстетикалық тәрбие беру. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында конференция, «Гүл жердің көркі, қыз елдің көркі тақырыбына» диспут өткізді. Сәуір айында колледж ішіндегі гүлдердің топырақтары ауыстырылып, жаңа гүлдер отырғызылды. Мамыр айының басынан бастап гүлзарлардың топырағы қопсытылып, тыңайтқыштар себіліп, әр түрлі гүлдер отырғызылды. Үйірме мүшелерімен бірге колледж ауласының тазалығын сақтау оны бұзбау жөнінде «дөңгелек стол» ұйымдастырды.

Оқу- әдістемелік жұмыс

Бүгінгі талабына сай қоғам дамуының тұтқасын ұстайтын белсенді маман иесін даярлау кафедра оқытушыларының мақсаты. Сондықтан пәнге деген оқушылардың қызығушылықтарын мамандықтарымен байланыстыра отырып арттыру кафедра оқытушыларының шығармашылықпен жұмыс жасауын талап етеді. Әрбір оқытушы өзінің ғылыми-әдістемелік проблемаларын сабақ үстінде ашып отырады.

Әрбір оқытушының жеке жұмыс жоспары толығымен түзіліп бекітілген.

Оқу әдістемелік жұмысын үнемі жетілдіріп, оны жүйелі түрде жүзеге асыру қадағаланып отырылады. Мамандыққа қатысты пәннің оқу-әдістемелік жұмыстарының сапалы орындалуы, пәннің бағдарламасына сәйкес болуы, оқытушыларының тәжірибесіне, білімінің тереңдігіне, оқу процесіндегі проблемаларды тиімді шешу жолдарын дұрыс жолға қоя білудің арқасында өз нәтижесін тапты.

Кафедра бірлестігінде өзара тәжірибе алмасу мақсатында оқылған баяндамалар талқыланды

Садырбекова А.Т. «Биология сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану».

Осы оқу жылында «Биология сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану» атты баяндамада жаңа технологияны меңгертудің жолдарын, жан-жақты базалық бейінді оқыту негізінде білім алушылардың қабілеттері мен жеке ерекшеліктері, бейімділіктерін ескере отырып, сапалы біліммен қамтамасыз етуді басты міндетке алды.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді оқытушы ізденісі арқылы білім алушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп алады.

Абуев А.Н. «География пәнін оқытуда өлкетану материалдарын қолданудың тиімділігі»

География сабағында өлкетану материалдарын пайдалану бойынша білімалушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлерін жайында баяндады.

Оспанова Г.А. «Физика сабағында жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану жолдары» Баяндамада әр бір сабақта педагогикалық комуникативтік технологияларды кеңінен қолдануға тоқталды.

Алимкулова Б.Н. «Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, білім алушылардың құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды. Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологияларының қолданылуын көрсетіп кетті.

Мұсаханова Қ.Т. «Білім беру үрдісінде білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында кафедра ішілік баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі уақыттағы өзекті мәселе он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу, жаңа талапқа сай жаңа формация мұғалімін дайындаудағы нәтижелі педагогикалық технологияларды тиімді пайдалануға тоқталды.

Байтелиева Г.А. «Жаңа ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану» тақырыбында кафедра отырысында баяндама оқып, онда ақпараттық технологияларды сабақта қолдану тиімділіктері туралы атап көрсетті.

Молдахмет.Э.Б. «Білім алушылардың математикалық қабілетін дамытудың ерекшеліктері». Баяндамада қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі ғылыми -технологиялы даму мен жаңару процестеріне, кәсіби даярлықты жан-жақтылықты талап етуге тоқталды.

Кафедрадағы оқытушылардың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жүйелі жүргізілген. Республикалық, қалалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларына қатысып, мақалалары жарыққа шыққан.

18.04.2012 жылы Республикалық семинарда, 23.05.2012 жылы Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында мұғалімдердің білімін жетілдіру курсында, қалалық семинарда Июнусова М.Н. «Я помню чудное мгновенье» тақырыбында ұйірме жүмысын көрсетті, Даулетбаева М.П.- психология және ЭЕМ тәжірибешілік сабағынан «Қиял. Шығармашылық қиял. Графикалық редактордың мүмкіндіктері мен қолданылуы» тақырыбында интеграциялы (кіріктірілген) ашық сабақ өткізді.

Даулетбаева М.П. 24.04.2012 жылы Алматы қаласы білім Департаментінің жанындағы Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында мұғалімдердің білімін жетілдіру курсында, «Жеке тұлғаның психодиагностикалық жұмыс жүйесін ұйымдастыру» тақырыбында дәріс оқыды.

Молдахмет Э.Б. Колледж жоспары бойынша бекітілген баяндама тақырыбы: «Білім алушылардың математикалық қабілетін дамытудың ерекшеліктері».

«Оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманауи технологияларын оқыту үрдісіне енгізу негізінде педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттіліктерін арттыру» тақырыбында колледж ішіде семинар өткізілді. Онда төмендегі оқытушылар баяндама оқыды.

Даулетбаева М.П. «On-line тәртібінде интерактивтік сабақтарды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері», Байтелиева Г.А. «Тестерді құрастыруда ақпараттық технологияның мүмкіндіктері», Мусаханова Қ.Т. «Куратордың электрондық журналы» тақрыптарында баяндама оқыды.

Кафедрадағы оқытушылардың ғылыми жұмыстары, үлгі сабақтары, кафедрада жинақталған.

Оқу процесінің графигіне сәйкес жасалған қысқы және жазғы сессия кестесі бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкес емтихан, сынақ, бақылау жұмыстары өткізілді.

«Инновациялық педагогикалық технологияны енгізу негізінде құзыреттілігі бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру» атты қалалық ғылыми практикалық конференция материалдарының жинағына кафедра оқытушыларының баяндамалары енгізілді:

Кенжеева Г.К. «Оқытушының құзыреттілігі – білім алушылардың құзыреттіліктерін тиімді қалыптастыру шарты ретінде», Июнусова М.Н. «Информационно – коммуникационные технологии как средство формирования ключевых компетенций обучающихся на уроках русского языка и литературы», Ташкеева Ж.Т. «Математика сабақтарында деңгейлік дифференциация құралдары арқылы білім алушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру», Мұсаханова Қ.Т. «Жаңашылдық және шығармашылық дағдыларын арттыра отырып, білім алушылардың кәсіби тұлғасының құзыреттілігін дамыту», Даулетбаева М.П. «Информатика сабағында ақпараттық – технологиялық құзыреттілікті бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастырудың басты шарттары ретінде қолдану», Тулеуова Б.Т. «Студент құзырлылығын дамытудағы валеология пәнінің ролі»,

Ташкеева Ж Т Қазақстан кәсіпкері Профессионал Казахстана №7(98). 2011ж. Ғылими - әдістемелік журналына “Математика сабақтарында компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдарын пайдалану” тақырыбында мақаласы жарыққа шықты

Оқу кабинеттерінің жабдықталуы

Оқу кабинетінің мақсаты:

-Білім мазмұнын жаңарту;

-Жалпыға міндетті стандартты ғылыми-әдістемелік жабдықтау;

-Жаңа педагогикалық технологияларды игеру;

-Оқытудың тиімді формаларымен әдістерін сабақтар, ғылыми теориялық конференциялар, практикалық семинарлар, әдістемелік секциялар мен бірлестіктер арқылы енгізу;

-Оқытушылардың жұмыс орындарын жаңа жабдықтармен құрал саймандармен жабдықтау, кабинеттерді оқу әдістемелік қамтамасыз ету;

-ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» т.б. заңдарын жүзеге асыру.

Кабинеттердегі әдістемелік жұмыстар

26 дәрісхана менгерушісі Июнусова М Н

№26 дәрісханасы оқыту үдерісінде психологиялық әдістәсілдерді қолдану, білім алушыларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру және психологиялық комфорт туғызу мақсатында жұмыс жүргізеді. Дәрісхана орыс тілі және орыс әдебиеті атрибуттар мен дидактикалық материалдармен қамтылған. «Орыс тілі және орыс әдебиеті» дәрісханасының мақсаты озық иновациялық технологияларды оқыту процесінде тиімді пайдалана білу, технологияларды қолдануда әдіс-тәсілдерді үнемі жетілдіріп отыру, пәннің негізгі терминдеріне, ұғымдарына сипаттама беру. №26 дәрісханасы қазіргі заман талабына сай жасалған.

Кабинетте стендтер «Необъятный мир слова», «секреты орфографии», «В мире слов», «Кружовцы» жаңартылды. Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің І,ІІ курс студенттеріне арналып жасалған оқу бағдарламалары бойынша оқу- әдістемелік кешені талапқа сай ұйымдастырылған, лекциялық және практикалық дәрістерді өз дәрежесінде жүргізуге мүмкіндік берді Оқу бағдарламасына сай тақырыптық папкалар «Фонетика», «Лексика», «Слово образование», «Имя существительное», «Глагол», «Местоимение», «Числительное» , « Наречие», «Причастие», «Деепричастие», «Служебные слова», «Простое предложение», «Сложное предложение », орыс әдебиеті

« А.С. Пушкин», «М.Лермонтов», «Н.Гоголь», « Н.Некрасов», «Л.Толстой», «И.Тургенев», «Ф.Достоевский», «М.Салтыков-Щедрин», «А.Чехов», «М.Горький», «А.Ахматова», «М.Цветаева», «А.Твардовский», «М.Шолохов», «В.Распутин», «В.Шукшин» және басқалар жасалып, толықтырылды. Дәрісханада пәнге байланысты оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, электронды оқулықтар, тест банкісі жинақталған. Сонымен қатар аталған дәрісханада лекция материалдары, презентациялар, компьютерде флипчарттар жинақталып, оларды интерактивті тақтаның көмегі арқылы көрсетуге жағдай жасалған. Орыс тілі, орыс әдебиеті пәндері бойынша әр тақырыпқа сабақ жоспары, презентация, видео фильмдер, тест сұрақтары,тірек кестелер, сурет көрнекілік- құралдары электрондық вариантта жинақталып, сабақта қолданады. Аудио және DVD дискілерімен толықтырылған.

Аудио кассета: Шолохов. Жизнь и творчество. Рассказы Тургенов. «Отцы и дети» Пушкин. Жизнь и творчество.Есенин. Жизнь и творчество. Салтыков- Шедрин. Сказки.

DVD дискілер: Русская литература ХІХ век.Русская литература ХХ век.Русские романсы. Песни военных лет.

Дәрісхана мультимедиалық техникалық құралдармен жабдықталған. Дәрісханада интерактивті тақтамен сабақ өту үшін қажетті оқу жоспарларын, сабақ жоспарларын құрастыру қажет және электрондық оқулықтармен толықтыру.

29 дәрісхана менгеруші Дәулетбаева М П

дәрісхананың жылдық жоспары негізінде қыркүйек және қазан айларында берілгені: техникалық қауапсіздік ережелерімен таныстыру,

ақпараттық техникалық құрал –жабдықтарды дұрыс пайдалану ережесімен таныстыру оны қолдану жұмыстарын жүргізу, мәдени-гигиеналық талаптар нормасын сақтау, кезекшілік графигін құрастыру үнемі қадағалау жұмыстарын ұйымдастыру, техникалық құрал-жабдықтарға жауап беретін оқытушы мен оқушыларға дәптер арнау оны қадағалап отыру, жүйелі ұйымдастыру, курстық жұмыс түрлеріне бұрыш ұйымдастыру ( кеңес беру, жалпы ережесімен таныстыру), экологиялық іс-шаралар, көгалдандыру, эстетикалық безендіру, күрделі тазалық жұмыстары жүргізілді.

Көрсетілген формалары бойынша дәрісханада үнемі жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді және өткізілуде. Техникалық құрал-жабдықтарды пайдаланудағы қауіпсіздік ережелеріне берілген нұсқау, арнайы журналына білім алушылардың қолдары қойылған.. Тазалық күндеріне кезекшілік графигі құрастырылып арнайы бұрышқа қыстырылған. Дәрісхананың техникалық-құралдарын тиімді пайдалануға және оны үнемі қадалауға арналған дәптер журналы іске қосылған. Дәрісханаға бөлме өсімдіктерін бірдей жүйеге келтіру жұмысы да қарастырылған. Жаңа ақпараттық технологиялар қабырғасында информатика мамандығы бойынша модульдік тірек схемаларға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Қосымша ЭЕМ тәжірибнешілік пәндеріне тақырыптық модуль, тақырыптық папка арналып іске қосылды. Информатиканы оқыту әдістемесі, Коммуникативті ақпараттық технологиялар негіздері, ОТҚ қолдану әдістері пәндерінен тест жұмыстарына қосымша толықтырулар енгізілді.

12 Дәрісхана менгерушісі Дулятова Мейрам Жұмабековна

Химия дәрісханасы толығымен ақпараттық технологияларымен жабдықталған. Материалдық базасы: 1интерактивті тақта, 1тақта, 1графопроектор, шкафтар, 1демонстрациялық үстел, 15оқушы парталары.

Оқу базасы: Жалпы химия, органикалық химия, бейорганикалық химия және сарамандық жұмыстар бойынша электрондық оқулықтар-7, видеокасеталар-4 т.б. ақпараттық құралдар, көрнекіліктер бар, арнайы жабдықталған.

1.2011-2012оқу жылының кабинет жұмыс жоспары бекітілді.

2.Білім алушыларға техникалық қауіпсіздік ережесі таныстырылып,журналға қол қойғызып алынды.

3. Стендтер, буклеттер жаңартылды («Химиялық элементтердің Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі, «Техникалық қауіпсіздік ережесі», «Химия ғажайыптары»)

4.Кабинетке жауапты топ білім алушылармен кеңес өткізіліп тұрады.

5.Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бұрышы бар, дайындалған.

6.Тақырыптық папкалар жаңартылды. «Металдар», «Бейметалдар»,«Алкандар және оның қосылыстары», «Алкендер және оның құрылысы», «Көмірсулар», «Ақуыздар»

7. Буклеттер (Әйгілі химиктер, Д.И. Менделеевтің периодтық кестесі, Биологиялық маңызы бар органикалық қосылыстар. т.б.)

8.Сызба-нұсқалар, кестелер: Көмірсулардың жіктелуі, қолданылуы,жасыл зертхана,күрделі эфирлердің физикалық қасиеттері, күрделі эфирлердің жіктелуі, нуклейн қышқылдарының құрылысы, ақуыздардың ағзада атқаратын қызметтері т.б.

9. Дәрісханағада бөлме гүлдерін реттеу, оны күту жұмысы бір жүйеге қойылған.

Білім алушылар кабинетте кітапханамен, көрнекіліктермен, электрондық оқулықтармен, тест тапсырмаларымен өз білімдерін көтеріп, интерактивті тақтада жұмыс жүргізеді.

Ұсыныс:

*2011-2012оқу жылы жалпы химия, органикалық химия пәнінен көрнекі құралдарды жаңарту және бір жүйеге келтіру.

*Білім алушыларды тақырыптық презентацияларды құрып, флипчартқа салып үйрету.

30 кабинет дәрісханаға меңгерушісі Тулеуова Балауса Турехановна

№30 дәрісхананың жылдық жоспары негізінде қыркүйек және қазан айларында берілгені: техникалық қауапсіздік ережелерімен таныстыру, ақпараттық техникалық құрал –жабдықтарды дұрыс пайдалану ережесімен таныстыру оны қолдану жұмыстарын жүргізу, мәдени-гигиеналық талаптар нормасын сақтау, кезекшілік графигін құрастыру үнемі қадағалау жұмыстарын ұйымдастыру, техникалық құрал-жабдықтарға жауап беретін оқытушы мен оқушыларға дәптер арнау оны қадағалап отыру, жүйелі ұйымдастыру, экологиялық іс-шаралар, көгалдандыру, эстетикалық безендіру, күрделі тазалық жұмыстары жүргізілді.

Көрсетілген формалары бойынша дәрісханада үнемі жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді және өткізілуде. Дәрісханаға бөлме өсімдіктерін бірдей жүйеге келтіру жұмысы да қарастырылған.

Сырттай оқу бөлімі білім алушыларына әдістемелік көмек бұрышын ұйымдастырылды.

Сабақтарда қолданылатын оқулықтар тізімі көрсетілген. Жыл сайын тізім толықтырылып отырады. Білім алушыларға қосымша қолданылатын оқулықтар тізімі беріледі.

Кабинетте «Тіршіліктің даму кезеңдері», «Тірі ағзаның систематикасы» атты арнайы қалқан жасатылды.

АҚТҚинфекциясын алдын алу, «Дүниетануды оқыту әдістемесі», «Анатомия және жас ерекшеліктер физиологиясы» пәндеріне арнайы тақырыптық папкалар жасатылды.

Кабинетте Анатомия, АҚТҚ иниекциясының алдын алу пәндері бойынша тарауларға тақырыптық папкалар жасалды «Ас қорыту жүйесі», «Қан айналу жүйесі», «Тыныс алу жүйесі», «Жасушаның кұрлысы мен қызметі». Тақырыпқа байланысты тесттері элетронды түрде жасалынды.Тақырыпқа байланысты схемалар, электронды оқулықтар, адам қаңқасы көрнекі – құралдарымен толықтырылды.

Кабинет табиғи көрнекі құралдармен: муляждармен, элетрондық оқулықтармен қамтамасыз ету. Кабинетте әр тақырыпқа байланысты кестелер, сызба-нұсқалар, стендтер жасалды.

Ұсыныс: анатомия пәнінен көрнекі құралдарды жаңарту және бір жүйеге келтіру

Байтелиева Гулнар Ашимовна

Дәрісхана мақсаты:

  • №31 кабинет 2010 - 2011 оқу жылында білім алушылардың іздемпаздығын, білімін тереңдетеді, іскерлігін және кәсіптік шеберлігін арттыруға, шығармашылық жұмыспен айналысу мақсатында жұмыс жасайды;

Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін, ынтасын, логикасын арттыру;

  • Жаңа технологияны пайдалана отырып, болашақ ұстаздың білімін тереңдету;

  • Білім алушыларды қазіргі заман талабына сай қолданушы ретінде компьютерде жұмыс жасау дағдыларын меңгеру;

  • Білім алушылардың қазіргі заман талабына сай қолданушы ретінде компьютерде жұмыс жасау дағдыларын меңгерту;

  • әлемдік ақпараттық мәдениетпен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін жасай отырып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Болашақ мамандарға қажетті кәсіби деңгейін көтеру арқылы жан-жақты, озық-ойлы мамандар етіп тәрбиелеу.

  • Негізгі пәндер: информатика, компьютерлік технология, мамандандыру, ЭЕМ тәжірибешілік, пәндерінен барлық курс бойынша сабақ жоспары жеке тақырыптық папкалар, модульдік сызба кестелер, символикалық таблицалар, тест жұмыстары, әдістемелік оқулықтар, қосымша папкалар, электронды оқулықтар топтамасы жинақталған. Дәрісханада 15 компьютер, 1 принтер, 1сканер жұмыс жасайды. Кабинеттегі 2 стенд материалдары жаңартылды. Сабақ барысында қолданылатын тақырыптық папкалар толықтырылды:

  1. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникалық ережелеріне қойылытын талаптар мен ережелер;

  2. Windows операциялық жүйесі;

  3. Стандартты бағдарламалар

  4. Word мәтін редакторы

  5. Word редакторында кестемен жұмыс жасау;

  6. PowerPoint бағдарламасы туралы жалпы түсінік;

  7. Excel электронды кестесі;

  8. Комьтерлік желілер;

  9. Электронды поштамен жұмыс істеу т.б.

Дәрісхана гигиеналық талаптарға сай, шағын алфавиттік және жүйелік каталогтар, жаңа түскен кітаптардың сипаттамалары жасалынды. Дәрісханада өмірді қорғау ережелері, көрнекіліктер мен құрал-саймандарды қалай пайдалану және студенттердің құқығы жөніндегі мәліметтер жазылып ілінген.Дәрісхананы эстетикалық интерьердің талабына сай безендірілген.Кабинеттегі компьютерлерді сабақтан тыс кезде білім алушылар практикалық білім дәрежесін көтеру үшін, тиімді пайдаланады. Білім алушыларды интернет жүйесімен жұмыс істеуге үйрету

13 дәрісхана меңгерушісі Оспанова Гүлдар Ашимкызы.Физика дәрісханасы толығымен ақпараттық технологияларымен жабдықталған. Материалдық базасы: интерактивті тақта, тақта, графопроектор, шкафтар, демонстрациялық үстел, оқушы парталары,

оқу базасы: электрондық оқулықтар-12, видеокассеталар т.б. ақпараттық құралдар, көрнекіліктер, бар арнайы жабдықталған , картотекаға такырыптык папкаларды жуйелеп кіргізді . Тақырыптық папкалар жаңартылып жасалынды:

1. «Бүкіләлемдік тартылыс заңы».

2. «Тербелістер мен толқындар»,

3. «Заттың агрегаттақ күйлері»

4. «Кристал және аморф денелер»

5. «Газ заңдары»

6. «Қызықты оптика»

7. «Ом заңы»

Кабинетте көрнекі құралдар: графиктер, диаграммалар, электронды оқулықтар топтамаларын жинақтап,білім алушыларды тақырыптық презентацияларды құрып, флипчартқа салып үйрету, сабақ барысында қолдану.

Ұсыныс:

Кабинетке тематикалық стендтер жасау,

қазақ халқының салт дәстүрлері тақырыптарын меңгеруге арналған әдістемелік материалдарді жинактау

Кабинет менгерушілеріне Ұсыныс:

Оқу кабинетінің аталуына сәйкес пәндер тарихына қатысты тарихи-тағлымдық және ұлы тұлғалар есіміне қатысты мәтіндерді меңгерту ,көрнекіліктері мен әзірлемелерді (дидактикалық материалдар, үлестірмелер, аудиодискілер, бейнедискілер, т.б.) жинактау;

-қазақ өнеріне, пәнге қатасты (қазақ музыкасы, өнер адамдары, ескерткіштер, бейнелеу өнері т.б.) тақырыптарды меңгеруге арналған әдістемелік материалдарды жинактау;

-қазақ халқының салт дәстүрлері тақырыптарын меңгеруге арналған әдістемелік материалдарды жинактау ;

-білім алушылардың пәнге қатысты қазақ тіліндегі сөздік қорын тексеріп, бекітуге арналған әзірлемелер (тесттер, тапсырмалар, т.б.) дайндау;

-білім алушылардың болашақ мамандығына қатысты тақырыптарды, терминдерді, сөз тіркестерін, кәсіби сөздерді меңгертіп бекітуге арналған материалдарды қурастыру;

-үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылардың білімін жетілдіруге арналған дара сипатты материалдарды жасау;

Тәлімгерлік жұмыс.

Даулетбаева МП

Оқытушы Алимкулова Балжан 2011 оқу жылының қыркүйек айында жоспар бойынша оқу-тәрбие процесіндегі жұмыстың орындалу тәртібімен таныстыру жұмыстары ұйымдастырылды және жылдық жоспар бойынша пәндерге бөлінген кешенді бағдарлама жұмысын жоспарлау, күнтізбектік тақырыптық сабақ жоспарын құрастыру қарастырылып талданды.

2011 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыстарының нормативтік құжаттарының жүргізілу тәртібімен, жылдық жоспарын, журналдың толтырылуын, білім алушылармен жеке, топтық жұмыс түрлерін жүйелі ұйымдастыру жолдары, тәрбие сағаттарының әзірлемелерін қалай жинақтау, әр бір тәрбие сағаттарына хаттама жазу оны бір папкаға тіркеу, тәртібі қиын білім алушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері де қарастырылды.

Жоспар бойынша қараша айында Информатика және есептеу техникасы негіздері пәндерінен кешенді мемлекеттік емтихан билеттерінің сұрақтарын қалай құрастыру жолдары көрсетіліп, талданды.

Қыркүйек айында 31 и тобында эем тәжірибешілік пәнінен «Мәтіндерді форматтау» тақырыбында өткен сабаққа Алимкулова Балжан Нарикбаевна қатысты.

Қараша айында 11и, 11 ш топтарына информатикадан , 32 и тобына информатиканы оқыту әдістемесі пәндері сабақтарына қатысып, сабақ жоспарын жүйелі құрастыру, аудиториямен қарым-қатынас іскерлігін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ғылыми ақпараттық мәліметтерді тиімді қолдану жолдары туралы әдістемелік көмек көрсетілді. Ақпан, наурыз айларында білім алушылармен курстық жұмыстың жазылуы, оны қорғату нұсқауымен таныстырылып педагогикалық кеңес берілді. Сәуір айында курстық жұмысты қорғату, оның кестесін құрастыру, бағалау, пікір жазу туралы жұмыс түрлері ұйымдастырылды.

2011-2012 оқу жылының жылдық жоспары негізінде «Информатика пәнінің бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша 41 «и», 42»и» топ білім алушыларында информатиканы оқыту әдістемесі, педагогика пәндерінен курстық жұмыс тақырыптары бөлініп берілді.

Садырбекова А.Т. оқытушы Әлдебаеваға Б.О. тәлімгер ретінде тақырыптық – күнтізбектік жоспар жасау кезінде өз тарапынан көмектер көрсетіліп ұсыныс айтты. Ашық сабақ өткізу барысында жоспар құруға және көрнекіліктермен көмектесті. Бағдат Оразбайқызымен сабақтарға бірге қатысып, талдаудың ретімен таныстырды және талдады.

Курстық жұмыс

Кафедра оқытушылары стандартта белгіленген арнайы пәндер бойынша білім алушылардын курстық жұмыстарына жетекшілік жасалып, қорғалған. бітіруші топтардың курстық жұмыстарының білім сапасының деңгейі:

Даулетбаева МП

Курстық жұмыстың мақсаты- білім алушылардың курстық пәндерден алған білім, білік, дағдыларын таңдап алынған тақырыптары бойынша теориялық негіздемелерді тәжірибемен сабақтастыра отырып, ғылыми бағытта зерттеулер жүргізу және оны қорғау.

1. Информатиканы оқыту әдістемесі:Даулетбаева М.П. 41 и - 12 білім алушы; 42и - 9 білім алушы

«Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша қорытынды (№1кесте бойынша)

№1 кесте

Топ

Пәндер

«5»

үздік

«4»

жақсы

«3»

қанағат

Барлығы

Үлгерім

Сапасы

1

41 и

42 и

Информатиканы оқыту әдістемесі

4

2

6

6

2

1

12

9

100%

100%

83%

89%

Барлығы:

6

12

3

21

Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмысты қорғау барысында 41 «и» тобынан үздік қорғаған білім алушылардың жұмысы:

Ескеева Мақпал тақырыбы: «Информатика курсының даму болашағы мен тенденциясы». Тақырыптың мазмұнын теорияны практикамен сабақтастырып, дамуы үздіксіз білім беру жүйесін тиімді ұйымдастырумен тығыз байланысты құралы ретінде қарастырған. Практикада ұйымдастырылған информатиканың қазіргі жағдайы мен даму болашағын теориямен айта келе тәжірибемен байланыстырған. Тәжірибемен байланыстыра отырып, слайд-шоу, модульдік сызбаларды қолдану арқылы көрсетіп нақтылады. Мәселен, қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайтындығын айтып, сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайтындығын көрсеткен.

Мұқан Мадина тақырыбы: «Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы» бөлімінде жеке интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, шығармашылықпен ойлайтын, жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу мәселесі қарастырылған.

Білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың мәнісі оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетінін білім алуын талап ететіні жайлы толық мағлұмат берілген. Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану керектігі негізгі басшылыққа алған.

Асқар Нұрболаттың тақырыбы: «Ақпараттық қоғам және оның қалыптасуындағы ақпараттандырудың рөлі». Білім саласында АКТ-ны пай даланудың басты себебі – оқу процесінің өзі мәліметті алу, өңдеу және оны тиімді пайдалану тәсілдерімен тұрады, ал мәліметтерді тиімді пайдалануға қазіргі уақытқа дейін мектептерде аз көңіл бөлініп келгені қарастырған.

Негізгі бөлімде ақпараттық қоғам жасау шарты ретінде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру жолдары, ақпараттық технологиялар мен ақпарат құралдарының ерекшелігі, орта мектептегі «Ақпарат мәдениет негіздері» курсының мазмұнын тәжірибемен байланыстырған.

Қорытынды бөлімінде оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын жүзеге асыру, оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік беретіндігі, өз бетімен танымдық және эксперименттік – зерттеушілік қызмет меңгеретіндігі, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасатындығы туралы айтылған.

Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен жақсы бағаға қорғаған білім алушының жұмысы:

Қартайған Аяжанның тақырыбы: «Білім беруді ақпараттандырудың даму тенденциялары». Курстық жұмыс тақырып өзектілігімен ерекшеленіп, білім беруді ақпараттандырудың даму тенденцияларына сәйкес зерттелген мәселе бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, қосымша материалдарды тиімді пайдалана білді. Ақпараттық білім беру ортасы жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің дамуының негізі мәселелері мен жай-күйін, білім беру жүйесінің ақпараттық-коммуникациялық инфраструктурасы, ақпараттық білім беру ортасы, білім беру дамуындағы динамиканың негізгі айырмашылықтарына тоқталған.

Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен қанағаттанарлық бағамен қорғаған білім алушылардың жұмысы:

Есалиева Назерке тақырыбы: «Информатика курсы бойынша үйірме жұмыстары». Курстық жұмыстың тақырыптық мазмұнын теорялық тұрғыдан толық тоқтамаған. Жазылу тәртібі нормаға сәйкес емес. Берілген талаптарды орындау ережесі қарастырылмаған.

Жалпы курстық жұмыстың орындалу тәртібі белгілі талапқа сай және ережені сақтай отырып жазылған, пәндер бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары қарастырылған. Информатика пәнін оқытуда үйірме жұмыстарының негізгі, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы, теорияны практикамен байланыстыру жолдарын қалыптастырған. Курстық жұмыс жылдық жоспардың талабына сай сәуір айында белгілі кесте бойынша қорғалды. Курстық жұмыстарға әрбір білім алушылардың жұмысына қорытынды пікір жазылып, бағасы қойылған. Қанағаттанарлық баға алған білім алушыларға келешекте берілген жұмыстың мазмұнына зейін қою және ұқыпты болу, болашақ маман иесіне зор ықпалы тиетіндігін атап көрсетілді.

Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмысты қорғау барысында 42 «и» тобынан үздік қорғаған білім алушылардың жұмысы:

Сұлтанбекова Ақнұр тақырыбы: «Информатикадағы теория мен практика» Тақырыптың мазмұнын теорияны практикамен сабақтастырып, теориямен практиканың байланысы тек принцип қана емес, оқытумен тәрбиелеудің негізгі заңы, теориямен практиканы ғылымның барлық саласында үйлестіре дамыту қажеттілігне, теорияны практика жүзінде тексеруде, ғылым мен техниканың жетістіктерін практикаға енгізуде меңгерген білімнің маңызы зор екендігін ашқан.Информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары, информатиканы жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың әдістері, информатиканы оқытудың ұйымдастыру түрлері, есеп шығарудың алгоритмдерін жазудағы практикалық ерекшеліктеріне тоқталып, әртүрлі сұрақтарға модульдік сызбаларды өте тиімді пайдаланып, техникалық құралдарды қолданды.

Эсенбаева Айбөлек. тақырыбы «Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы». Тақырып мазмұнын ашу үшін информатика пәнінің мақсат, міндеттері, ерекшеліктері, информатика пәнінің педагогикамен байланысы, психология пәнінің информатика пәнінен алатын орны, маңыздылығына тоқталған

Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен жақсы бағаға қорғаған білім алушының жұмысы:

Қуанышбаева Гүлзат. Тақырыбы «Ақпараттық қоғам және оның қалыптасуындағы ақпараттандырудың рөлі» Білім берудің ақпараттандыру деңгейі мен бағыттары, педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастыру, ақпараттандырудың инновациялық аспектілері сұрақтарына модульдік сызбаларды өте тиімді пайдаланды.

Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен қанағаттанарлық бағамен қорғаған білім алушылардың жұмысы:

Құрақбай Аяулым тақырыбы: «Бастауыш информатика оқыту курсында сабақ жоспарының алатын орны» Курстық жұмыстың тақырыптық мазмұнын теорялық тұрғыдан толық тоқтамаған. Жазылу тәртібі нормаға сәйкес емес. Берілген талаптарды орындау ережесі қарастырылмаған.

Жалпы курстық жұмыстың орындалу тәртібі белгілі талапқа сай және ережені сақтай отырып жазылған, пәндер бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары қарастырылған. Жеке пәндерде педагогикалық, психологиялық тұрғыдан теорияны практикамен байланыстыру жолдарын қалыптастырған. Курстық жұмыс жылдық жоспардың талабына сай сәуір айында белгілі кесте бойынша қорғалды. Курстық жұмыстарға әрбір білім алушылардың жұмысына қорытынды пікір жазылып, бағасы қойылған. Қанағаттанарлық баға алған білім алушыларға келешекте берілген жұмыстың мазмұнына зейін қою және ұқыпты болу, болашақ маман иесіне зор ықпалы тиетіндігін атап көрсетілді.

Ұсыныс:

Тақырып мазмұнын ашуда толық теориялық анықтама беру және ғылыми тұрғыда зерттеу.

Курстық жұмысты компьютерге теру кезінде грамматикалық қателерге көңіл бөлу.

Курстық жұмысты жазу барысында теориямен практикаға көңіл бөлу.

Молдахмет Э.Б.

Бітіруші 42б, 43б топтарынан оқу жылының басында бекітілген курстық жұмыстар жыл бойы қаралып, уақытында қажетті кеңестер, қосымша материалдар, әдістемелік әдебиеттер беріліп отырды. Олар төмендегідей нәтиже көрсетті:

Топ

Пәндер

«5»

үздік

«4»

жақсы

«3»

қанағат

Барлығы

Үлгерім

Сапасы

1

42 б

43 б

Математика

3

-

-

2

-

-

3

2

100%

100%

100%

100%

Барлығы:

3

2

-

5

Толеуова Б.Т.

Курстық жұмыстың мақсаты-

білім алушылардың курстық пәндерден алған білім, білік, дағдыларын таңдап алынған тақырыптары бойынша теориялық негіздемелерді тәжірибемен сабақтастыра отырып, ғылыми бағытта зерттеулер жүргізу және оны қорғау.

Дүниетануды оқыту әдістемесі: 11 білім алушы

Топ

Пәндер

«5»

үздік

«4»

жақсы

«3»

қанағат

Барлығы

Үлгерім

Сапасы

1

41 б

42 б

131

132

Дүниетануды оқыту әдістемесі

3

3

-

-

-

-

3

2

-

-

-

-

3

3

3

4

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

Барлығы:

6

5

-

11

Дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмысты қорғау барысында 41 «б» тобынан үздік қорғаған білім алушылардың жұмысы:

Сәдібаева Ажар тақырыбы: «Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар». Тақырыптың мазмұнын теорияны практикамен сабақтастырып, дамуы үздіксіз білім беру жүйесін тиімді ұйымдастырумен тығыз байланысты құралы ретінде қарастырған. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін ашқан.

Қорытынды бөлімінде оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын жүзеге асыру, оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік беретіндігі, өз бетімен танымдық және эксперименттік – зерттеушілік қызмет меңгеретіндігі, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасатындығы туралы айтылған.

Дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінен жақсы бағаға қорғаған білім алушының жұмысы:

Абдрешова Айжан тақырыбы: «Дүниетану сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру». Курстық жұмыс тақырып өзектілігімен ерекшеленіп, білім беруді ақпараттандырудың даму тенденцияларына сәйкес зерттелген мәселе бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, қосымша материалдарды тиімді пайдалана білді. Дүниетану пәнін оқытуда үйірме жұмыстарының негізгі, өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызын, теорияны практикамен байланыстыру жолдарын қалыптастырған.

Жалпы курстық жұмыстың орындалу тәртібі белгілі талапқа сай және ережені сақтай отырып жазылған, пәндер бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары қарастырылған. Дүниетану пәнін оқытуда үйірме жұмыстарының негізгі, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы, теорияны практикамен байланыстыру жолдарын қалыптастырған. Курстық жұмыс жылдық жоспардың талабына сай сәуіржәне мамыр айларында белгілі кесте бойынша қорғалды. Курстық жұмыстарға әрбір білім алушылардың жұмысына қорытынды пікір жазылып, бағасы қойылған.

Ұсыныс:

Тақырып мазмұнын ашуда толық теориялық анықтама беру және ғылыми тұрғыда зерттеу.

Курстық жұмысты компьютерге теру кезінде грамматикалық қателерге көңіл бөлу.

Курстық жұмысты жазу барысында теориямен практикаға көңіл бөлу.

Ж. Т. Ташкеева

Курстық жұмыстың мақсаттары:

курсты оқыту барысындағы маңызды деп танылатын жекелеген тақырыптарды тереңдетіп оқыту жолымен студенттердің теориялық білімін нығайту және арттыру;

студенттердің өзбетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығын және бастауыш сыныпта математикадан білім беру мәселелерін ізденіс жолымен шешуге дайындығын бақылау.

Курстық жұмыстың міндеттеріне мыналар кіреді:

таңдалған тақырыпты теориялық негіздеу және проблемалардың мағанасын ашу;

таңдалынып алынған тақырып немесе мәселелер бойынша ғылыми - еңбектермен жұмыстарды қарастыру;

нақтылы материалдарды талдау;

негізделген және нақты ұсынымдар жасау.

Математика оқыту әдістемесі пәнінен 41 б тобынан төмендегі студенттер курстық жұмыс қорғады.

Топ

Білім алушы

Тақырыбы

Ғылыми жетекші

1

41б

Мұсахан Айдана

Бастауыш сыныптарда шама ұғымы және оларды оқыту

Ташкеева Жанар

2

41б

Разахбергенова Айжамал

Бастауыш сыныптарда геометриялық материалдарды оқыту

Ташкеева Жанар

3

41б

Жұмабекова Назым

Бастауыш сыныптарда үлес ұғымы және оларды оқыту әдістемесі

Ташкеева Жанар

41 б топ Мұсахан Айдана «Бастауыш сыныптардағы шама ұғымы және оларды оқыту».

Мақсаты –озық әдістемелер арқылы оқушыларды шама ұғымымен таныстыру.

Негізгі бөлімде шама ұғымы және оны өлшеу, шама түрлері, шама қасиеттері, кесінді ұзындығы, оның негізгі қасиеттері, өлшемнің халықаралық өлшемдері, геометриялық фигура ауданы табу жолдары, дене көлемі және оны өлшеу, математикада қарастырылатын басқа да шамалар, натурал саны ұғымының кесінді өлшемі ретінде түсіндірмесі туралы материалдарды толық аша білген.

Бағасы жұмыс қойылатын талаптарға жауап беріп, оны дайындау барысында нақты материалдың маңызды көлемі қолданылып, өз бетілік жұмыстың жеке элементтерінің барын куәландыратын, ал қорғауда орындалған жұмысты түсініп, негізінен ұсынылған сауалдарға анық жауап берді.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден, ғылыми аппараттан, тақырып мазмұнын ашатын символикалық көрнекіліктерден тұрады. Курстық жұмысты қорғауда ізденуші жұмыстың теориялық жағы мен құрылымы, ізденіс дәрежесі толық емес, жан-жақты сұрақтарды қамти отырып жазылған қойылған сұрақтарға жауабын ескеріп, курстық жұмыс 4 (жақсы) деп бағаланды.

Бағасы: 4 (жақсы).

41 б Разахбергенова Айжамал «Бастауыш сыныптарда геометриялық элементтерді оқыту».

І. Кіріспе бөлімде бастауыш сыныпта геометриялық материалдардың қарастыру жағдайлары , математикалық оқу бағдарламасы қарастырылған.

ІІ. Негізгі бөлімде геометриялық материалдарды оқып үйрену әдістемесі, оқыту міндеттері, геометрия элементтері, нүкте, түзу және қисық сызықтар, түзу, кесінді таныстыру әдістемесі, салу жолдары, мақсаттары, көпбұрыш, бұрыш, дөңгелек, фигура аудандары мен көлемдерін табу жолдары қарастырылған.

ІІІ. Қорытынды бөлімде геометриялық материалдарды оқыту курсының мазмұнының ғылыми құндылығын аша білген.

Ізденуші курстың жұмыс мазмұнынын теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып оның білімділік, теориялық мәнін , бүгінгі қоғам талабына сай айқын да анық анықтама берген.

Қорғау барысында Разахбергенова Айжамал интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білді, ізденіс дәрежесі толық емес, жан-жақты сұрақтарды қамти отырып жазылған

Бағасы: 4 (жақсы)

41 «б» Жұмабекова Назым "Бастауыш сыныптарда үлес ұғымы және оларды оқыту әдістемесі"

Курстық жұмыстың мақсаты сабақта, білім беру барысында ой санасы дамыған, жоғары білімді иннобацияны игере алатын еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу негізінде алынып отырған проблемаларды ашып көрсету.

І. Кіріспе бөлімде ғылым мен техниканың, экономиканың дамуындағы білім беру жүйесіндегі оқытудың сапасын көтеру, оның заман талабына сай болуын, ғылыми ұғымдарды оқушының игеруін қамтамасыз ету жолдарын ашып көрсеткен.

ІІ. Негізгі бөлімде үлес ұғымы, үлестермен таныстыру, үлес туралы түсінік қалыптастыру, санның үлесін табу, санның үлесін табуға арналған есептер шығару жолдары, бөлшектермен таныстыру, үлесі бойынша санды табу жолдарына тоқталған.

ІІІ. Қорытынды бөлімде курстық жұмыс мазмұнын жинақтап қорытындылай білген.

Қорғау барысында Жұмабекова Назым интерактивті тақтаның «Кітапхана, перде, прожектор» сияқты функциялары мен әдістерін, мүмкіншіліктерін тиімді қолдана білді. Аудиториядағы білім алушылармен жақсы жұмыс жасады, ізденіс дәрежесі толық емес, жан-жақты сұрақтарды қамти отырып жазылған.

Бағасы: 4 (жақсы)