Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СД есеп казакша 17.08.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.34 Mб
Скачать

2.2.11 Пәннің білім беру бағдарламасын оқу мақсатына сәйкес жоғары ғылыми деңгейді оқу-құрал материалдармен қамтамасыз ету.

Оқу процесінде оқу-дидактикалық материалдарды пайдаланустуденттердің кәсіптік білікті толық меңгеруіне әсер етеді. Кафедраларда оқыту кезінде оқу-дидактикалық материалдардың қазіргі заманғы жоғары мектеп талаптарына сай келетін сан алуан түрі қолданылады.

Студенттердің кәсіптік білікті толық меңгеруі үшін зертханалық жабдықтармен, құрылғылармен және аппаратурамен, материалдық-техникалық жабдықтар, фантомдар, муляждар және т.б.) түріндегі барлық қажетті ресурстармен жабдықталған. Осы жабдықтарда практикалық машықтарды меңгеру барлық бейіндеуші пәндер бойынша, соның ішінде базалық және ББ оқу жоспарының элективті пәндері бойынша жүргізіледі

Түрлі міндеттерді, соның ішінде кәсіптік міндеттерді дұрыс шешу жоғары ғылыми деңгейлі ОДМ қолдану арқылы жүзеге асырылады:

-оқу әдебиетті (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, анықтамалар, сөздіктер және т.б.);

-ақпараттық технологиялар негізінде жасалынған материалдар (электрондықкітаптар, тест тапсырмалары, презентациялар);

-манекен-имитаторлар, робот-имитаторлар, фантомдар, симуляторлар, виртуалдық компьютерлік тренажерлар;

-суреттер, сызбанұсқалар, муляждар, анатомиялық мүшелердің модельдері;

-манекен-имитаторлар, робот-имитаторлар, фантомдар, симуляторлар, виртуальді компьютерлік тренажерлер;

-биологиялық эксперименттік материал (егеуқұйрықтар, бақалар);

-ситуациялық тапсырмалар;

-оқу, зертханалық аппаратуралар;

-реактивтер;

-өздік жұмысына өз бетінше дайындалу және т.б. арналған тапсырмалар.

ББ жүзеге асыруға қатысатын «АстМУ» АҚ-тың құрылымдық бөлімшелері материалдық-техникалық жабдықтар (лингафондық кабинеттер, оргтехника, зертханалық аппаратуралар және реактивалар, фантомдар және т.б.) түріндегі барлық қажетті ресурстармен жабдықталған.

2.2.12. Білім беру бағдарламасының студенттерге және еңбек нарығында қажеттілігі. Жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша оқу жоспарына енген пәндер тізімі.

Элективті пәндер мамандықтың оқу жоспарларына МЖМБС сәйкес таңдалған оқыту траекториясы бойынша даяраду толықтыру, кеңейту және күрделендіру үшін ендіріледі.

Таңдау компоненті (элективті пәндер) бойынша сағаттар саны, олардың міндетті пәндермен арақатынасы ҚР МЖМБС реттеледі. «Мейірбике ісі» мамандығының ББ типтік оқу жоспарына сәйкес таңдау компонентінің жалпы көлемі бакалавриатта 3060 сағатты құрайды. Жұмыс оқу жоспарларымен оқытудың барлық курстарында элективті пәндерді оқыту қарастырылған.

Элективті пәндер бойынша оқу бағдарламалары жыл сайын кафедралар отырыстарында талқыланып бекітіледі. Кафедралармен элективті пәндерге «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша МББК отырыстарында қарастыру үшін өтінім беріледі, олар қарастырып келесі оқу жылына элективті пәндер тізімін анықтайды және ЖОО-ның Оқу-әдістемелік кеңесі отырысына бекіту үшін ұсынады. Мамандық бойынша элективтердің бекітілген тізілімі келесі оқу жылына Элективті пәндер каталогі (ЭПК) көрсетілген.

Элективті пәндер каталогінде әрбір пәнге (аңдатпа) қысқаша сипаттама беріледі, пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері және мәлімделген кафедра көрсетіледі.

Мамандықтың бекітілген элективтер тізімі офис-тіркеуші келесі оқу жылына Элективті пәндер каталогіне (ЭПК) жинақтайды.

Элективті пәндер каталогі мамандықтың жұмыс оқу жоспарына қосымша ретінде әзірленеді. Мұнда әрбір пәнге қысқаша сипаттама (аңдатпа) беріледі, пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері және өтінім берген кафедра көрсетіледі.

ЭПК білім алушыларға элективті оқу пәнінің альтернативасын таңдау мүмкіндігін береді.

Ағымдағы оқу жылы барысында кафедра ОПҚ-сы элективті пәндерге презентация жасайды.

Элективті пәндерге жазылу белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

«АстМУ» АҚ Элективті пәндер каталогін құру «АстМУ» АҚ Басқармасының 17.09.2013ж. №36 шешімімен бекітілген ЖОО әзірленген Элективті пәндер каталогі туралы ережеге АМУ-Е-16-13 сәйкес жүзеге асырылады.

2010-2011 оқу жылына арналған бірінші элективті пәндер каталогін «АстМУ» АҚ-та 2009-2010 оқу жылының сонында ЖОО-да офис-тіркеуші әзірлейді.

ПЭК-ке кіретін пәндер зертеу саласының өзекті дамы у бағытарын көрсетеді. Сонымен қатар элективтердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Ол студентер санының өсуімен қатар кафедралардың көбеюіне, олар ұсынатын пәндер санының көбеюімен байланысты. Еңбек нарығындағы сұранысқа бағдарланған жаңа пәндерді атап өткен жөн.

Есептік кезеңде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша барлығы 49 элективті пән ұсынылған