Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.42 Mб
Скачать

1.9.3 Құранды ашу жүйелерi

Күрделi геологиялық жағдайда жатқан көмiр тақталарын ашқанда, жоғарыда көрсетiлген ашу жүйелерi қолданылады. 1.18-суретте, құлама бұрышы 15-180 көмiр тақталарын құранды ашу жүйесi көрсетiлген. Төменгi екі көмiр тақтасы бiрiне-бiрi жақын, ал жоғарғы тақта әжептәуiр қашықта орналасқан. Мұндай жағдайда, бiрiне-бiрi жақын жатқан көмiр тақталарын тiк оқпандармен, этажды кевршлагтармен, қашықтағысын күрделі квершлагпен ашқан дұрыс.

Көмiр тақталарының құлама бұрышы аз болған жағдайда, этажды квершлагтардың орнына гезенктер арқылы (күрделі 1 және этажды 2) ашқан дұрыс (1.18, б-сурет). 1.18, в-суретте үш көмiр тақтасының құлама бұрыштары өзгермелi жағдайдағы ашылуы көрсетiлген.

1.18 - сурет. Құранды ашу жолдары: а) көлбеу көмiр тақталарын (екi жақын жатқан және бiр алшақтау жатқан), этажды және күрделі квершлагтармен ашу; б) үш көлбеу тақталарын (екi жақын жатқан және бiр алшақтау жатқан), этажды және күрделі гезенктермен ашу; в) құлама бұрышы өзгермелi топты көмiр тақталарын ашу

1.9.4 Штольнялар арқылы ашу жүйелері

Таулы жерлерде штольнямен ашу жүйесi қолданылады. Тақталар жатысына байланысты штольня көмiр тақтасымен, не болмаса жыныстар арасымен, көмiр тақтасының жазық бойына қиыла өткізiледi (1.19-сурет).

Жүк тасу мен шақты суының табиғи шығуына ыңғайлы болу үшін штольня 0,003-0,006 көтерiңкi бойымен өткізiледi.

Штольня өткізiлгенде жыныстардың құлау жағдайын, су қауіпiн, жер бетiндегi құрылыстарға байланысты қалдырылатын жер мөлшерін даярлау, қаржының аз, штольняның темiр жолдармен қатынасы сенімді болуын ескеру керек.

Штольня горизонтынан жоғары жатқан қорлар алынғаннан кейiн, жазық көмiр тақталары құлау бағытында күрделі еңестермен (3 және 4) ашылады.

Көмiр тақталары тiке жатқан жағдайда, олар құлау бағытында тұйық оқпандармен (5, 6) және квершлагпен (7) ашылады. Желдету үшiн, көмiр тақталары шыққан жерiнде штольня (1) немесе шурф (2) өткізiледi. Шақты алабын штольнямен ашқанда су шығару, шақты ішіндегі тасу жұмыстары жақсарады.

1.19 - сурет. Штольнямен ашу

1.9.5 Руда кеніштерін ашып даярлау ерекшелiктері

Кен орындары екi түрге бөлiнедi: металды (темiр, цинк, т.б) және металсыз (аппатит, фосфорит, асбест, каолин т.б) кендер. Олар жер астында әртүрлi болып жатады, көбiнесе желi немесе тұтас түрiнде.

Ұзындығы 1 - 2 км шақты алабы этаждарға бөлiнедi. Тiк құламалы жатқан пайдалы қазбаларды қазғанда, этаждарды блоктарға бөледi. Этаждың әдеттегі биiктiгi 60 – 80 м, бiрақ ол 20-300 м дейiн өзгеруi мүмкiн.

Блоктар созылым бағытында өрлемемен шектеледi (1.20- сурет).

Ж азық кеніштер штректермен панелге бөлiнедi. Блокта немесе панелде тікелей пайдалы қазбаны өндіру жұмысы жүргізіледі.

1.20 - сурет. Этажды блокқа бөлу

Басты оқпандар әдетте жыныстардың опырылып құлау аймағы шегiнен 50-100 м тыс жатыс бүйiрiнде орналасады (1.21-сурет).

Сонымен кентіректегі кен жоғалымы азаяды және жер бетiндегi құрылыстарды жыныстардың опырыла-құлау шегiнен (суретте үзiлмелi сызықтармен көрсетiлген) сырт салуға мүмкiншiлiк туады. Жазық не көлбеу жатқан шағын кен сілемдерін тiк оқпанмен ашқанда, оларда сілем және құлау аймағы сыртында орналасады.

1.21 - сурет. Кен қазбаларын тiк оқпандармен ашу жүйесi:

а) тiкелей жатқан; б) жазық жатқан; 1- басты және 2 - қосалқы оқпандар

Егерде пайдалы қазбаның көлемi өте үлкен болса, онда шақты алабынан тыс орналастырылған оқпан өткізiледi.

Құлама оқпандар кен бойымен, немесе, жатыс бүйірінде орналасады (1.22-сурет).

К өлбеу оқпанды деформацияланудан сақтау мақсатында сілемге параллель жүргізеді, бірақта оның құлама бұрышы жыныстардың сырғу бұрышынан аз болуы қажет (1.22, а-сурет). Ал егерде, пайдалы

1.22 - сурет. Кен қазбаларын құлама оқпанмен ашу: а) кен сiлемiнiң құлама бұрышы жыныстардың жылжу бұрышынан аз; б) кен сiлемiнiң құлама бұрышы жыныстардың жылжу бұрышынан көп

қазбаның құлама бұрышы жыныстардың жылжу бұрышынан көп болса, онда құлама оқпандар жыныстардың жылжу бойына жапсарлас өткізiледi (1.22, б-сурет).

1000 м төмен жатқан кендi алу үшiн, құранды ашу әдiсi қолданылады, ол жағдайда 1000-2000 м тереңдiкке дейiн тiк оқпандар өткізiледi (1.23-сурет), ал кен жұмыстары әрі қарай төмендеген сайын соқыр оқпандармен ашу жүйесі пайдаланылады.

1.23 - сурет. Жер бетiнен тiк оқпандармен және тереңдiкте тұйық оқпандармен құранды ашу жолдары

Егерде пайдалы қазбаның қуаты 1-5 м болса (1.24, а-сурет), тасыма штректердi пайдалы қазбаның бойымен, не болмаса бос жыныстар iшiнде жатыс бүйірінде өткізiледi.

Егерде пайдалы қазбаның қуаты 50 м жоғары болса, онда дала штрегіне параллел пайдалы қазба бойымен тағы бiр штрек өткізiледi (1.24, в-сурет). Көрсетiлген екi жағдайдада дала штрегінен 50-60 м аралық салып тасыма орттары өткізiледi (1.24, б,в-сурет).

1.24 - сурет. Кен қазбаларын алуға даярланғандағы тасыма горизонттағы қазбалардың орналасу жүйесi: а) аз қалыңдықта; б) орташа қалыңдықта; в) жоғары қалыңдықта