Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.42 Mб
Скачать

3.6 Тазартпа қазбалардағы технологиялық үдірістерді ұштастыру жолдары

Циклды, не болмаса үздіксіз негiзiнде ұйымдастырылған лаваларда, жұмыстың ырғақты орындалуы үшiн барлық технологиялық процестер мерзiмiмен, кеңiстiк арасында үйлесiмдi болуы керек. Қайтымды ұйымдастыру, кең алымды, не болмаса енсiз алымды, жеке тiреумен тiрелген лаваларға тән. Тазартпа комплекстерiн қолданғанда негізгі жұмыстар қатарынан орындалып, көмiрдi ағынды әдiспен алуға жол ашылады. Кенжардағы процестердiң орындалу тәртiбiн планограмма дейдi. Планограмма - барлық операциялардың уақыт (абцисса бағытында уақыт өлшемi) және кеңiстiк (ордината бағытында) координаттарындағы графикалық бейнесiн көрсетедi (3.19-сурет).

3.19 - сурет. Механикаландырылған комплекс орнатылған көлбеу көмiр тақталарындағы тазартпа жұмыстарының планограммасы

Планограммада лаваның төрт ауысымда жұмыс iстеуi көрсетiлген. ‡ш ауысым көмiр шығаратын, төртiншi ауысым жөндеу, дайындау ауысымы болып саналады. Әр ауысымда 2 цикл орындалып, оның iшiнде көмiрдi ойып алу, тiреулердi, конвейерлердi жылжытып көшiру, комбайн орналасатын ойыстарды алу жұмыстары қоса атқарылып отырылады. Ал жөндеп - дайындау сменасында электрслесарлар тiреулердiң, комбайн мен конвейердiң ақауларын түзету, насос станцияларын жөндеу және жүргiзу аппаратураларын түзету жұмыстарын атқарады. 3.20-суретте көрсетiлгендей, тiк көмiр тақталарында комбайн арқылы алуда, жеке ағаш тiреулерi орнатылғанда, тазарту жұмысының планограммасы тәулiгiне 3 циклдан құралады, шой-балғамен алғандада сондай болады.

3.20 - сурет. Комбайнмен алғандағы, тiк көмiр тақталарындағы

тазартпа жұмыстарының планограммасы

Екi жағдайдада бiр ауысымда қосалқы (тiреу материалдарын жеткiзу, қысымды ауа жүретiн құбырларды көшiру және тiреу қалау) жұмыстарды атқару үшiн қалдырады. Оған қоса, бiр ауысым сақтану (тосын көмiр, газ атылысы) жұмыстарын атқару үшiн қолданылады. Сонымен, тазартпа жұмысын көбінесе екi ауысымда атқарады.

3.7 Кен қазу жүйесiне түсiнiк және оларды таңдағанда әсер ететiн себептер

Пайдалы қазба алынғаннан кейiнгi босаған орындарын тазартпа қазбалары деп, ал ондағы кенжарларды тазартпа кенжары деп атайды. Тазартпа кезiндегi кеңiстiктi тазартпа кеңiстiгi деп, ал тазартпа кенжарындағы кендi алу жұмыстарын тазартпа жұмыстары дейдi. Тазарту жұмыстарын жүргiзу үшiн, көмiр алатын алаңда даярлау қазбалар өткізіледі. Даярлау қазбалар алдын ала, тазарту жұмысы басталмай тұрып, не болмаса бiрге, қабаттастырыла жүргiзеле бередi. Осыған орай тазарту және дайындау жұмыстарының арасында мерзiмдiк және кеңiстiк байланысы болады.

Сонымен, тазарту және дайындау жұмыстарын мерзiмдi және кеңiстiкпен байланысты жүргiзу кен қазу жүйесi деп атайды.

Қолданылған кен қазу жүйесi тау-кен жұмысының қауiпсiздiгiн, кен қорының экономикалық және техникалық тұрғыдан жағылымдылығын, тиiмдiлiгiн, шыққан қордың, мүмкiндігінше арзанға түсуiне себеп болуы керек. Қабылданған кен қазу жүйесi, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес келіп, тау-кен жұмысын бақылайтын орындармен бекiтiлуi керек. Кен қазу жүйесiнiң экономикалық тұрғыдан тиiмдi болуы үшiн кен қазу, оны тиеп жеткiзу процестерi механикаландырылып, автоматтандырылып, дайындау үңгiлерiн керегiнше азайтып, кен қазу жұмысында ұтымды жолдарын қарастыру керек. Кен шығындарын азайту жолдарында, пайдалы қазбаның геологиялық жатыс жағдайына байланысты, кен қазу жүйесi таңдап алынуы керек. Кен қазу жүйелерi пайдалануына байланысты бiрнеше топқа бөлiнедi. Ал көмiр алу саласында, кен қазу жүйелерiнiң топтары өзiнiң негiзгi және қосалқы нышандарымен байқалады.

Негiзгi нышан ретiнде, көмiр тақтасын қуатына байланысты толық алу, не болмаса қабаттап алу әдiсi қолданылады.

Қосымша нышанға жататыны, тазартпа алаңындағы көмiр тақталарын дайындап алып, содан кейiн алу.

Осымен, негiзгi нышан тобына сәйкес көмiр тақталарының қазу жүйелерi екi класқа бөлiнедi :

  • көмiр тақталарын толық қазу жүйесi;

  • бөлшекті қабаттап қазу жүйесi.

Қосымша топтасу нышанына байланысты, қазу жүйелерi тағыда төмендегiдей бөлiнедi ;

  • жаппай қазу жүйесi;

  • бағаналы қазу жүйесi;

  • қысқа тазартпа кенжармен қазып алу жүйесi;

  • кенжар iшiнде адамдарсыз қазу жүйесi;

  • құлама қабаттармен қазып алу жүйесi;

  • көлденең қабаттармен қазып алу жүйесi;

  • жазық қабаттармен қазып алу жүйесi;

  • ықтиярсыз қопарып қазып алу жүйесi.

Пайдалы қазбалардың жер астында орналасуы әртүрлi болады, Сондықтан, кен қазу жүйесiн таңдап алуда геологиялық, техникалық себептердi толық қарастырған жөн. Кен қазу жүйесiн таңдағанда негiзгi себептерге жататындары: пайдалы қазбаның қуаты, құлама бұрышы; бүйiр жыныстарының механикалық қасиеттерi; су аумақтары; көмiр тақталарының өртке шалығуы; тазартпа және даярлау кенжарларындағы ұйымдастыру, механикаландыру әдiстерi.

Көмiр тақтасының қуаты қалың болған сайын, жыныс қопарылу қарқыны жиiлейдi, соған байланысты төбенi тiреу оны игеру жұмысы қиындайды. Әр қуатты көмiр тақталарында, әртүрлi комплекстер қолданылады, ал қалың қуатты көмiр тақталарында қабатты алу жүйесi пайдалынылады. Көлбеу және жазық көмiр тақталарында пайдалы қазбаны тазартпа үңгiлерде конвейермен тасиды. Ал тiк, тiк-құлама көмiр тақталарында қопарылған көмiрлер және тығындалатын материалдар тазартпа кенжар бойымен өз салмағымен түсiрiледi. Бiрiншi жағдайда, төселген темiр төсенiштермен не рештактермен, екiншi жағдайда, көмiр тақтасының табанымен түсiрiледi.

Көмiр қаттылығы, алу әдiсiн механикаландыруға және тазартпа механизмдердiң қуатына, ал тiк, тiк-құлама көмiр тақталарында жоғарыдағы көмiр сiлемiнiң тұрақтылығына әсер етедi. Жұмсақ және шашырауға икемдi көмiрдi алғанда, олар құлап кетпеу үшiн, кенжар бағытын дұрыс алу керек. Бүйiр жыныстарының қасиеттерi төбенi игеру әдiстерiне, даярлау үңгiлерiн сақтауға әсер етедi. Төбе жыныстары ашылған кезде қопарылуға, не болмаса шашырап түсуге, ал табан жыныстары дөмпуге душар болады. Жалаңаштанған жыныстардың бiраз уақытқа дейiн өз салмағымен құламауы олардың тұрақтылығын көрсетедi. Тұрақтылығына байланысты жыныстар тұрақсыз, нашар тұрақты, аз тұрақты, тұрақты, өте тұрақты болып бiрнеше топқа бөлiнедi. Төбе жыныстарының тұрақтылығына байланысты, көмiрдi алу технологиялық схемасы, лаваны тiреу, тау-кен қысымын игеру жұмыстары қабылданады. Пайдалы қазбаның және бүйiр жыныстарының механикалық қасиеттерiне жататындары, көмiр тақталарындағы бүйiр жыныстарындағы жарықтар (кливаж). Осы жарықтар бойымен пайдалы қазбаның, не болмаса бос жыныстардың кесектерi негiзгi сiлемiнен бөлiнедi. Кливаж, көмiрдiң итерiлiп шығуына және пайдалы қазбаны, жыныстарды механикаландырылып, не болмаса жарылыс күшiмен алғанда, қопарылу жағдайын күшейтедi, тазартпа кенжарындағы төбе жыныстарының, оған қоса тау-кен қазбаларының тұрақтылығына әсер етедi.

Жонып алатын машиналарды қолданғанда, жұмыс көрсеткiштерi жақсы болу үшiн, жонып алу жұмысының бағыты кливаж бағытымен сәйкес болып кенжар бағытында алынуы керек. Кен қазу жүйесiн және оның құралымын таңдауға көмiр тақтасының газдылығы әсер етедi. Шақтыға жiберiлетiн ауаның көлемi, шақтыдан шыққан ауадағы метанның көлемi 0,75 % аспайтын болып есептелiнедi.

Қауiпсiздiк ережесiне сәйкес тау-кен үңгiлерiндегi ауа жылдамдығы шектелетiнiне байланысты, кейде лавалардан шығатын көмiрдi азайтуға, не болмаса басқа қазу жүйесiн қолдануға, алдын ала газсыздандыру жұмысын жүргiзуге тура келедi. Газды шақтыларда озық, әсiресе өрлеу бағытында жүргiзiлетiн үңгiлердi азайтқан жөн. Ал өте көп көмiртегiн шығаратын көмiр шақтыларында, қазбаларды құлама бағытпен жүргiзгендi шектеген жөн.

Су көпшiлiгінiң әсерi, сулы кенжарда кеншiлердiң денсаулығына зиян келтiредi, жарақаттану көбейiп, еңбек өнiмi азаяды. Су сiңген жыныстардың тұрақтылығы азайып, дүмпуге әкеп соғады. Осыған байланысты, кен қазу жүйесiн таңдағанда, алдын ала мұндай жерлерде су азайту жұмыстары жүргiзiлуi керек.

Көмiр тақталарының өзiнен өзi тұтануы, көбiнесе көмiр тақталарының қуатына, оның iшiндегi ұшқын құралымына байланысты. ¤здігінен тұтану эндогенді өрттерi, көбiнесе ауа араласып тұратын геологиялық бұзылыс бар жерде, көмiр уатылған жерлерде, құлатылған, бұзылған кентiректерде, көмiр ұнтақтарында және шаңды жерде болады.

Тазартпа кенжардың, даярлау үңгiлерiнiң механикаландырылуы кен қазу жүйесiмен байланысты. Кен комбайндарының пайда болуы, кен қазу жүйесiнiң құралымына өзгешелiк еңгiздi. Тазартпа кенжардан шығатын өнiмнiң өсуiне байланысты, лаваларда өте ұтымды, тиiмдi жұмыс iстейтiн конвейерлер қолданылады. Метал тiреулерiн, әсiресе отырғыш тiреуiн қолдану, тау-кен қысымын игерудегi толық құлату әдiсiне көшуге жол ашты. Тазартпа кенжарда кеншiлерсiз жұмыс iстеу әдiсi, ол кенжарларды тiреусiз қолдануға мүмкiншiлiк бердi. Тау-кен қазбаларын механикаландырып өткiзу әдiсi, жаппай қазу жүйесiнен, өнiмдi бағаналы қазу жүйесiне көшуге жол салды. Осымен, кен қазу жүйесi, кен алу машиналарын, агрегаттарды, комплекстердi жасау, бiрiмен-бiрi байланысты болуы керек.

Кен қазу жүйелерiн жобалағанда, айтылған себептерден басқа ерекше жағдайлар, оларға жататындар, кен орнының бұзылыстары, су қоймаларының астындағы кендi алу және жер бетiн, жер бетiндегi құрылыстарды сақтау жұмыстары қарастырылуы керек.