- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті з.М. Смағұлов, и.Д. Арыстан, т.К. Исабек
- •Қарағанды
- •1 Пайдалы кен орындары мен оның жекелеген бӨлІктерiн ашу жӘне даярлау
- •1.1 Табиғи көмір құрылымы және оның қасиеттері
- •1.2 Тау кен жұмыстары туралы ұғым
- •1.3 Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы
- •1.4 Кен орнын ашу және ашу жүйелерiнiң
- •1.5 Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн
- •1.6 Ашу жүйесiн таңдау мен негiзгi қазбалар орнын белгiлеуге байланысты қойылатын экономикалық талаптар
- •1.8 Жерасты шақты алабының бөлiмдерiн
- •1.9 Ашу жүйелерi
- •1.9.1 Жекелеген көмiр тақтасын ашу
- •1.9.2 Топты көмiр тақталарын ашу
- •1.9.3 Құранды ашу жүйелерi
- •1.9.4 Штольнялар арқылы ашу жүйелері
- •1.9.5 Руда кеніштерін ашып даярлау ерекшелiктері
- •1.9.6 Оқпан албары
- •2.1 Жеке дара қазбаның айналасындағы тұтас жыныстардың кернеулі-деформациялық күйі жөнінде деректер
- •Қазбаларды бекіту
- •2.3 Тiреу материалдары
- •Процестер
- •2.5.1 Жыныстарды бұрғылап-жару жұмыстары
- •2.5.2 Кенжар ауасын алмастыру
- •2.5.3 Жыныстарды тиеу
- •2.5.4 Қазба өткізердегі қосалқы жұмыстар
- •2.6 Ұңғылау жұмыстарының ерекшелiктерi
- •2.7 Тiк қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.8 Жазық қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.9 Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi
- •3 Тазартпа жұмыстары
- •3.1 Тазартпа жұмыстарындағы технологиялық процестер
- •3.2 Әртүрлi геологиялық жағдайда көмір қазу машиналарының жұмыс істеу схемалары
- •3.3 Тазартпа қазбалардағы қысымдар туралы түсiнiктер
- •3.4 Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу
- •3.5 Тазартпа жұмысын жүргiзу кезiндегi тау-кен қысымын игеру
- •Тікелей төбе жыныстарының түрлері: т – тұрақты, от – орташа тұрақты, те – тұрақты емес.
- •3.6 Тазартпа қазбалардағы технологиялық үдірістерді ұштастыру жолдары
- •3.7 Кен қазу жүйесiне түсiнiк және оларды таңдағанда әсер ететiн себептер
- •3.8 Кен қазу жүйелерiнiң жалпы сипаттамалары
- •3.8.1 Көмiр кенiшi
- •3.8.2 Руда кеніштері
- •4 Кен Өндiрiсiндегi технологиялық тiзбеК
- •4.1 Кен өндiрiс транспорты
- •4.2 Кен көтермесi мен су ағызу жолдары
- •4.2.1 Кен көтермесi
- •4.2.2 Рудник суағары
- •4.3 Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi
- •4.4. Пайдалы кенді байыту
- •4.4.1 Кен байыту әдiстерi мен негізі
- •4.4.2 Байытудағы дайындауыш процестер
- •4.4.3 Кен байыту процестерi
- •4.4.4 Кен байытуда қосалқы процестер
- •4.4.5 Кен байыту машиналарының қауiпсiз жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар
- •5 Шақтыларды желдету, еңбек қорғау, қауiпсiздiк ережелерi
- •5.2 Желдетудiң негiзгi нышандары, желдету
- •5.3 Желдеткiштер және шақтыдағы желдетпе қондырғылары туралы деректер
- •5.4 Жерасты жұмыстарындағы еңбек қорғау, жұмыс
- •5.5 Электр жабдықтарын пайдалану ережелерi
- •5.6 Апат кезiндегi жүрiс-тұрыс шарты
- •5.7 Жұмыскерлердi қорғауға арналған құтқару аспаптары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Зекен Майшекеұлы Смағұлов, Ибатолла Дайырұлы Арыстан, Тұяқ Көпейұлы Исабек
1.9.2 Топты көмiр тақталарын ашу
Құлама бұрышы 10-250 және тақтааралық қалыңдық үлкен қуатты болса, онда көмiр тақталарын әдетте тік оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашуға болады (1.15, а-сурет). Квершлагтар шақты алабын бремсберг және еңес алабына бөледi, алабтар әрi қарай күрделі бремсберг, еңес және оларға қосарлама өткізiлетін жүрiс жолдарымен ашылады. Егерде көмiр тақталары бiрiне бiрi жақын жатса (1.15, б-сурет), онда көмiр тақталарын тiк оқпандармен, этажды немесе ярусты квершлагтар арқылы ашқан дұрыс. Осындай әдiспен даярлағанда оқпандар (1 және 2) шақты алабының ортасына, белгіленген оқпан албары деңгейде өткізiледi де, осы горизонтта оқпан албары 1/ жабдықталынады, әрi қарай, оқпаннан төменгi көмiр тақтасының бойымен күрделі бремсберг 2/, күрделі еңес 3/ және оларға жапсарлас жүрiс жолдары өткізiледi.
1
.15
- сурет. Көлбеу жатқан топтама көмiр
тақталарын ашу
жолдары: а) тiк оқпандармен және күрделі квершлагтармен;
б) тiк оқпандармен, этажды квершлагтармен
Егерде бүйір жыныстары тұрақсыз болса онда, күрделі бремсбергтер мен еңестердi тұрақты жыныс араларында далалық етіп орналастырған дұрыс. Жоғарғы көмiр тақтасын ашу үшiн күрделі бремсбергтерден 1-шi этаждың мұғдарында тасыма квершлаг 4/, желдетпе квершлаг 5/ өткізiледi. Сонымен күрделі бремсберг 2/, күрделі еңес 3/ екi көмiр тақтасының жұмысын қамтамасыз етедi.
Шақты алабы панел тәсілiмен даярланғанда, әр ярустың штрегiне квершлаг өткізiледi, олар ярус квершлагы деп аталады.
Осындай жүйемен ашылғанда, құлама қазбалардың жалпы ұзындығы қысқарады, тек этаж (не ярус) квершлагтарын өткізу қажеттігі туындайды.
Келтірілген ашу жүйелер бiр горизонтты түрге жатады. Көп горизонтты ашу жүйесiнің мысалына тiк жатқан тақталарды ашу жатады. Бұл жағдайда топты көмiр тақталарын этаж квершлагтарымен және де әр этажда оқпан албарын құрып ашқан дұрыс (1.16-сурет).
Бiрiншi этаж екi тiк оқпанмен және этаж (тасыма 1, желдетпе 2) квершлагтарымен ашылады. Бiрiншi этаждағы қор алынып жатқан кезде, оқпандар 2-шi этаждың тасыма горизонтына дейiн тереңдетiлiп, 2-шi этаж ашылады.
Шақты алабының жоғарғы шекарасындағы үйiндi қабаты аз болған жағдайда, бiрiншi этаждағы желдетпе квершлагының орнына желдетпе шурф өткізiледi. Бұлай ашу әдiсiнiң негізгі артықшылығы, көмiрдi ұзындығы басым жазық қазбалармен тасуға мүмкiншiлiк туғызуында. Және де әр жаңа горизонт ашу сәтіне сәйкес қалыптасуын техника жетiстiгiне байланысты, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етедi. Бiрақта, әр тақтадағы көмiр қоры әртүрлi болғандықтан, кейде екi горизонтта қатар жұмыс iстеуге тура келедi.
Құлама бұрышы 100 дейінгі көмір тақталарында квершлагтардың айтусыз ұзарып кетуiне қарай, жүк тасымалдау мен адамдардың жүріп-тұруына қажетті жағдай туындауына қарамастан көмiр тақталарын (күрделі немесе этажды) гезенктермен ашқан дұрыс.
1.16 - сурет. Құлама және тiкелей көмiр тақталарын тiк оқпандармен
және этажды квершлагтармен ашу жолдары
Күрделі гезенкті пайдаланғанда (1.17, а-сурет), тiк оқпандар (1 және 2) төменгi тақтаға дейiн өткізiледi. Тiк оқпанның төменгi көмiр тақтасымен қиылысында немесе одан сәл төмен оқпан албары (3) ашылады. Төменгi көмiр тақтасын жоғарғы көмiр тақтасымен, оқпан албарынан өткізiлген гезенк (4) арқылы жалғастырады. Екi көмiр тақталарында, гезенк маңында, уақытында вагонеткалар алмастыратын тасыма жолдар (5) ескертiледi. Осыдан соң көмiр тақталарының әрқайсында күрделі бремсберг (6) пен күрделі еңес (7), оларға жапсарлас жүрiс жолдары өткізiледi. Төменгi тақтадағы көмiр әдеттегідей жолдарымен оқпан албарына жеткiзiледi. Ал жоғарғы тақтадан алынған көмiр күрделі бремсберг (6) немесе күрделі еңес (7) арқылы осы көмiр тақтасының тасыма штрегiне жеткiзiлiп, одан әрi қарай күрделі гезенк (4) бойымен оқпан албарына түсiрiледi.
Күрделі гезенкпен ашудың артықшылығына, ашушы қазбалардың қысқалығы жатады, бiрақта жер астындағы жүк тасымалдау мен желдету жағдайын қиындата түседі. Күрделі гезенкпен ашу әдiсi - көмiр тақталарының ара қашықтығы 20 м және оданда жоғары болғанда, сол сияқты көмiр тақталарын қоршаған жыныстардың орнықты болған жағдайында қолданылады.
Бiрiне-бiрi жақын орналасқан көлбеу көмір тақталарын тiк оқпандар мен этажды гезенктер арқылы ашу жүйесін қолданған дұрыс.
1.17, б-суретте шақты алабын этаж тәсілiмен даярлаудағы ашу жүйесi көрсетiлген. Тiк оқпандар төменгi көмiр тақталарына дейiн өткізiлiп, сол жерде оқпан албары ашылады, оқпан албарынан төменгi көмiр тақтасында штрек 2/, күрделі бремсберг 3/, еңес 4/, жапсарлас жүрiс жолдар өткізiлген. Осылардан кейiн, төменгi көмiр тақтасында этажды штректер өткізiледi, осы штректерден жоғарғы көмiр тақтасына этажды (көмiр түсiретiн 5/, желдетпе 6/) гезенктер өткізiледi. Күрделі бремсберг 3/ және күрделі еңес 4/ екi көмiр тақтасының жұмысын қамтамасыз етедi. Суретте, бiрiншi этажды желдеткендегi пайдаланған ауаның жүрiс жолымен ортада орналасқан, желдетпе оқпанға бағытталғаны көрсетiлген.
1.17 - сурет. Көлбеу жатқан топты көмiр тақталарын ашу жолдары: а) тiк оқпандармен және күрделі гезенктермен; б) тiк оқпандармен және этажды гезенктермен; в) әр көмiр тақталарын жеке горизонтпен; I, II, III, …VI - этаждар
Шақты алабы панел тәсілiмен даярланғанда, гезенктер панел сайын ярус штректерiнiң арасында өткізiледi. Олар ярусты гезенктер деп аталады.
Этажды гезенктермен ашудың артықшылығы, этажды квершлагтармен ашқанмен бiрдей, бiрақта кеншiлердiң қарым қатынасына, жабдықтарды, материалдарды жеткiзiп беруде, қиыншылыққа әкеп соғады.
Көмiр тақталарының құлама бұрышы 80 төмен, аралары әжептеуiр қашық болғанда, оларды бiрiне-бiрi байланыссыз горизонттармен ашқан дұрыс (1.17, в-сурет). Әр көмiр тақтасында оқпан албары 1/ ашылады, күрделі бремсберг 2/ және күрделі еңес 3/, жүрiс жолдары өткізiледi.
Бұлай ашу жүйесiн, екi көмiр тақтасын ашқанда ғана қолдану керек, және басты оқпанда екi көтергiш жабдықтары болуы керек.
