Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.42 Mб
Скачать

1.9 Ашу жүйелерi

1.9.1 Жекелеген көмiр тақтасын ашу

Ж екелеген көмiр тақтасын тiк оқпанмен ашып, оны қазып алу тәртiбi 1.12 - суретте көрсетiлген. Көрсетiлген жүйеде тізбектеле, алдымен тiк оқпан, оның төңiрегiндегi камералар, содан кейiн күрделі бремсберг пен жүрiс жолы өткізіледі. Шақтының бремсберг

1.12 - сурет. Көлбеу жатқан жекелеген көмiр тақтасын тiк оқпанмен ашу жолдары: 1 - оқпан албары; 2 - басты оқпан; 3 - қосалқы оқпан; 4 – тасыма штрек; 5 - желдетпе штрек; 6 - тазартпа кенжар; 7 – күрделі бремсберг; 8 - жүрiс жолы; 9 - күрделі еңес; 10 - желдетпе түйiлiспе; 11- шурф

жағындағы алабы алынып таусыла бастағанда, шақтының еңес жағындағы алаб даярлана басталады. Ол үшiн төмен қарай күрделі еңес пен жүрiс жолы өткізiледi. Кен орны ашылып болғаннан кейiн, этаждағы көмiрлер тiкелей (1.12-сурет, сол қанаты), не болмаса керiсiнше (оң қанаты) бағытта алынады.

Шақты алабының бремсберг жағындағы көмiрі тазартпа кенжардан тасыма бойымен штрекке жеткiзiлiп, әр қарай бремсбергке, оқпан албарына, одан тiк оқпан арқылы жер үстіне шығарылады. Желдету таза ауа оқпандардың бiрiмен, бремсбергке, тасыма штрекпен, тазартпа кенжарға жеткiзiледi, ал ластанған ауа желдетпе

штрегi, жүрiс жолы мен шурф арқылы жер бетiне шығарылады.

Шақты алабы панел тәсілiмен даярланғанда, оқпан албары горизонтында бір штректің орнына екi штрек өткізіледi. Бұл штректер ашу қазбалары болып саналады және осылардан бастап дайындау қазбаларын - панел бремсбергтерiн жүргізеді.

Көлбеу жатқан көмiр тақталарын тақта бойымен өткізілетін құлама оқпанмен ашуға болады (1.13-сурет). Оқпандар бірінші этаждың тасымал горизонты белгісіне жеткенде, оқпан албары қазбалары өткізiледi. Осыдан соң этажда дайындық жұмысы

1.13 - сурет. Көлбеу жатқан жекелеген көмір тақтасын көлбеу оқпанмен ашу схемасы: 1 – оқпан албары; 2 – бас оқпан; 3 – қосалқы оқпан; 4 – тасыма штрек; 5 – желдетпе штрек; 6 – тазартпа кенжар (лава)

басталады. Тазартпа кенжарынан өндірілген пайдалы кен тасыма штрекке, оқпан албарына жеткізіледі де, одан әрi қарай құлама оқпанмен қырға шығарылады. Таза ауа оқпандардың бiрiмен оқпан албарына жеткiзiлiп, одан әрi қарай шақты алабының екi қанатына бөлiнеді, тасыма штректермен тазартпа кенжарға, сонан соң желдетпе штрегі арқылы екiншi оқпанмен қырға шығарылады. Осы жұмыстармен қатарлас, екiншi этажды ашу мақсатында, оқпанды әрі қарай тереңдету жұмысы жүргізiледi. Шақты алабын құлама оқпанмен ашу, тiк оқпанмен салыстырғанда, күрделi қаражат тiлемейдi. Бiрақта бұл тәсілді пайдаланғанда оларды жөндеуге және бұл оқпандарды сақтауға кететiн қаржы көбейедi. Шақты алабын құлама оқпанмен ашқанда пайдалы кенді жер бетiне дейiн тұтасынан тасыма конвейермен шығару мүмкiншiлiгi туады. Бұл схема көбiнесе жазық және көлбеу, әрі жер бетiне жақын орналасқан тақталарды қазғанда қолданады.

Тiк және тiк-құлама жатқан көмiр тақталары әдетте тiк оқпандармен және этаждық квершлагтармен ашылады. Этаж немесе горизонт қазылған сайын оқпандар тереңдетiледі, жаңа оқпан алаңы мен этаж квершлагы жүргізiледi (1.14, а-сурет). Егерде көмiр тақтасы қалың болса (1.14, б-сурет), онда оқпандар көмiр тақтасының жатыс бүйірiнде орналасады.

1.14 - сурет. Жеке дара тiкелей не тiк жатқан көмiр тақтасын ашу схемасы: а) жұқа тақтаны ашу; б) қалың тақтаны ашу: 1 - тасыма квершлаг; 2 - желдетпе квершлаг; 3 - тасыма штрек; 4 - желдетпе штрек; 5 - тазартпа кенжар; 6 - сақтаушы кентірек; 7 - даярланып жатқан тазартпа кенжар