- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті з.М. Смағұлов, и.Д. Арыстан, т.К. Исабек
- •Қарағанды
- •1 Пайдалы кен орындары мен оның жекелеген бӨлІктерiн ашу жӘне даярлау
- •1.1 Табиғи көмір құрылымы және оның қасиеттері
- •1.2 Тау кен жұмыстары туралы ұғым
- •1.3 Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы
- •1.4 Кен орнын ашу және ашу жүйелерiнiң
- •1.5 Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн
- •1.6 Ашу жүйесiн таңдау мен негiзгi қазбалар орнын белгiлеуге байланысты қойылатын экономикалық талаптар
- •1.8 Жерасты шақты алабының бөлiмдерiн
- •1.9 Ашу жүйелерi
- •1.9.1 Жекелеген көмiр тақтасын ашу
- •1.9.2 Топты көмiр тақталарын ашу
- •1.9.3 Құранды ашу жүйелерi
- •1.9.4 Штольнялар арқылы ашу жүйелері
- •1.9.5 Руда кеніштерін ашып даярлау ерекшелiктері
- •1.9.6 Оқпан албары
- •2.1 Жеке дара қазбаның айналасындағы тұтас жыныстардың кернеулі-деформациялық күйі жөнінде деректер
- •Қазбаларды бекіту
- •2.3 Тiреу материалдары
- •Процестер
- •2.5.1 Жыныстарды бұрғылап-жару жұмыстары
- •2.5.2 Кенжар ауасын алмастыру
- •2.5.3 Жыныстарды тиеу
- •2.5.4 Қазба өткізердегі қосалқы жұмыстар
- •2.6 Ұңғылау жұмыстарының ерекшелiктерi
- •2.7 Тiк қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.8 Жазық қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.9 Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi
- •3 Тазартпа жұмыстары
- •3.1 Тазартпа жұмыстарындағы технологиялық процестер
- •3.2 Әртүрлi геологиялық жағдайда көмір қазу машиналарының жұмыс істеу схемалары
- •3.3 Тазартпа қазбалардағы қысымдар туралы түсiнiктер
- •3.4 Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу
- •3.5 Тазартпа жұмысын жүргiзу кезiндегi тау-кен қысымын игеру
- •Тікелей төбе жыныстарының түрлері: т – тұрақты, от – орташа тұрақты, те – тұрақты емес.
- •3.6 Тазартпа қазбалардағы технологиялық үдірістерді ұштастыру жолдары
- •3.7 Кен қазу жүйесiне түсiнiк және оларды таңдағанда әсер ететiн себептер
- •3.8 Кен қазу жүйелерiнiң жалпы сипаттамалары
- •3.8.1 Көмiр кенiшi
- •3.8.2 Руда кеніштері
- •4 Кен Өндiрiсiндегi технологиялық тiзбеК
- •4.1 Кен өндiрiс транспорты
- •4.2 Кен көтермесi мен су ағызу жолдары
- •4.2.1 Кен көтермесi
- •4.2.2 Рудник суағары
- •4.3 Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi
- •4.4. Пайдалы кенді байыту
- •4.4.1 Кен байыту әдiстерi мен негізі
- •4.4.2 Байытудағы дайындауыш процестер
- •4.4.3 Кен байыту процестерi
- •4.4.4 Кен байытуда қосалқы процестер
- •4.4.5 Кен байыту машиналарының қауiпсiз жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар
- •5 Шақтыларды желдету, еңбек қорғау, қауiпсiздiк ережелерi
- •5.2 Желдетудiң негiзгi нышандары, желдету
- •5.3 Желдеткiштер және шақтыдағы желдетпе қондырғылары туралы деректер
- •5.4 Жерасты жұмыстарындағы еңбек қорғау, жұмыс
- •5.5 Электр жабдықтарын пайдалану ережелерi
- •5.6 Апат кезiндегi жүрiс-тұрыс шарты
- •5.7 Жұмыскерлердi қорғауға арналған құтқару аспаптары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Зекен Майшекеұлы Смағұлов, Ибатолла Дайырұлы Арыстан, Тұяқ Көпейұлы Исабек
5.6 Апат кезiндегi жүрiс-тұрыс шарты
Әр-бiр шақтыда, апат кезiнде құтқару жұмысының жоспары жасалынып бекiтiлуi керек. Апаттың құтқару жоспарының көлемi және оны iске асыру жұмыстары, қауiпсiздiк ережесiнде және оған қосылған нұсқауларда көрсетiлген. Апаттан құтқару жоспарымен таныспаған және өзiнiң жұмысына қатынасты жерiн, жұмысқа бару жолын бiлмейтiн адамдар шақты астына жұмысқа жiберiлмейдi. Апаттан құтқару жоспарымен танысқан жұмыскерлер әдейi арналған кiтапта тiркелуi керек.
Тұйық қазбаларға және жұмыс орнынан қашық қазбаларға, онан қоса басқа жер астындағы қазбаларға, жұмыссыз күндерi және жұмыссыз сменаларда, алдын ала бақылау қызмет орнынан жiберiлген адамдармен тексерiлген нен кейiн ғана, жөндеулi газ өлшегiштерi бар, екi адамнан кем емес тәжiрибелi жұмыскерлер баруынга ұлықсат берiледi.
Барлық жер астындағы жұмыскерлер, жаңадан қабылданғандар, басқа учаскелерден ауысқандар негiзгi және қосымша шығатын жолдармен танысып, бақылаушы қызметтегi жұмыскерлерiмен бiрге жұмыс орнынан жер бетiне дейiн шығып көруi керек. Қосымша шығатын жолдармен қайтадан таныстыру, 6 айдан кейiн, бақылау қызметкерлерiмен жүргiзiледi, ал қосымша шығатын жолдар өзгергенде, жұмыскерлер бiр тәулiктiң iшiнде қайтадан таныстырылады. Әр таныстыру жұмысы арнайы журналда тiркеледi. Апаттан құтқару жоспарымен таныспаған адамдар және жұмыс iстейтiн жерiне қатынасатын, оған қоса негiзгi және қосымша шақтыдан шығатын жолдарды бiлмейтiндер, шақтыда жұмыс iстеуге жiберiлмейдi.
Шақтыда жұмыс iстейтiндер, смена бойынша өзiнiң жұмыс iстейтiн жерiнiң қауiпсiздiгiн бақылауы керек. Қауiп жағдайы байқалғанда (тiреуге қысым көбейгенде, су келiсi молайғанда, метан шығуы көбейiп, желдету нашарлағанда, өрт қауiпi байқалғанда) жұмыскерлер жұмыстарын тез тоқтатып, жолдастарын ескертiп, қауiпсiз жерлерге (таза ауасы бар жаққа, не болмаса шақты оқпанына қарай) кетулерi керек.
Апат болған жағдайда, барлық шақтыдағы жұмыскерлер тез арада апатты жою жұмысына барлық мүмкiшiлiктерiн салулары керек, жолдастарын төнген қауiптен ескертулерi керек және бақылаушы қызметкерлердiң тiлектерiн бұлжытпай орындаулары керек.
Тосыннан газ, көмiр және жыныстардың атылуы байқалғанда (газ шығу мөлшерi көбейгенде, кенжардан көмiр және жыныс кесектерiнiң атылуы, сiлем iшiнде шыртылдау, дүмпу байқалғанда), жұмыс iстеп жатқандар, қауiп туралы жолдастарын ескертiп, өздерi кенжардан қауiпсiз жерлерге кетулерi керек. Жұмыскерлер, қауiп туған жағдайда (метан шоғырланғанда, желдету бұзылғанда, қауiпсiздiк ережелерi сақталмағанда), бақылаушы қызметкерлердiң жұмысты тоқтату және жұмыс жерлерiнен кету тiлектерiн сөзсiз орындаулары керек. Жұмыс орнында өрт болған жағдайда, не болмаса жұмыскерлер жүрген жерде өрт болғанда, олар барлық қолдарында бар заттармен (инерттi өрт сөндiргiш шаңмен, құммен, өрт сөндiргiштермен т.б) өрт сөндiру қамын жасаулары керек.
Жұмыс орнында, не болмаса қазбаларда апатқа (өртке, жарылысқа және тосыннан газ, көмiр, жыныс атылуына) ұшыраған жұмыскерлер, тез арада құтқарғыштарын киiп апат орнынан, апат жоспарында белгiленген бағытпен, не болмаса жұмыскерлердi құтқару жұмысына жауапты қызметкерлердiң көрсетуiмен жер бетiне шығулары керек. Жұмыс жүргiзуге жағдайы келмейтiн қауiптi қазбаларда, тек сондағы қауiптi жоғалту жұмысынан басқа, жұмыскерлердiң болуына, не болмаса жұмыс iстеуiне ұлықсат берiлмейдi. Әр жарақат алған жұмыскер, не болмаса оның жолдасы тез арада смена бақылаушысына, шақтының медпунктiне хабарлауы керек. Жұмысты бiрге iстейтiн жолдастары жараланғанда, бiрiншi көмек берiп және оны шақтының медпунктiсiне жеткiзуге көмектесулерi керек. Ауыр жараланған жұмыскердiң жеткiзiлуiн дәрiгер қызметкерi шешуi керек. Ал электр тоғымен жараланған адамға, қауiпсiздiк ережесiн сақтай бiле, электр тоғы жүйесiнен босатуға көмек жасалуы керек. Тосыннан дем алуы нашарлап, не болмаса өзгергенде, жараланған адамға тез арада дем беру жағдайын бастау керек және оны дәрiгер қызметкерлерi келмей тоқтатпаулары керек.
