Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.42 Mб
Скачать

5.5 Электр жабдықтарын пайдалану ережелерi

Жұмысшылардың электр тоғынан зақымға ұшырауының екi түрi болады: - ток зақымымен, ток соққысы. Ток зақымына жұмысшылардың денелерiнiң жарқаттанғаны және күйгенi жатады. Күю, электр тiзбегi айқас тұтықтанғанда және электр тiзбегi үзiлгенде, пайда болатын электр доғасының (температурасы 4000° ка дейiн жеткенде) әсерiнен болады. Ток белгiсi дегенiмiз, электр тоғының жылылық және химиялық әсерiнен 120 °С ыстықтықта жұмысшылар терiсiнде қалатын күйiк. Терiнiң металдануы, электр доғасының әсерiмен терiге кiрiп кеткен метал ұнтақтары. Адамдарға ең қауiптi болып саналатын өзгермелi токтың кернеуi 500 В дейiн, ал тұрақты токтың кернеуi 500 В жоғары болғанда. Өзермелi токтың қауiптiлiгi, токтың жиiлiгi 50 ден 500 Гц дейiн жеткенде болады, ал өте жоғары ток жиiлiгi аса қауiптi болмайды. Өндiрiстiк ток жиiлiгi 50-60 Гц болғанда, адамға қауiпсiз токтың күшi 0,01 А болады. Тұрақты токтың қауiпсiз мөлшерi бұдан 5 есе артық.

Адам денесiне өзгермелi токтың 0,015 А өтсе, ауыратын сезiм бiлiнедi, ал ток мөлшерi 0,015 - 0,05 дейiн жетсе, бұлшық еттерiнен жан кетiп қалады (0,025 А болғанда, бiреудiң көмегiнсiз ток сымынан қолын ала алмайды). 0,08- 0,1 А арасындағы токтың күшi өте қауiптi, кiсi өлiмiне дейiн болуы мүмкiн. Адам денесiнiң ток күшiне қарсылығы, құрғақ және тығыз терiде 10000 Ом, ал iш құрылысының қарсылығы 800 - 1000 Ом нан аспайды. Шамалап есептегенде, ылғалды ортада адам денесiнiң қарсылығын 1000 Ом деп алуға болады. Қауiпсiз деп өзгермелi токтың кернеуiн 10 В дейiн, тұрақты токтың кернеуiн 50 В қа дейiн болғанда айтады. Токтың әрекетi адамға үзiлмей жалғаса берсе, қаупi солай күшейе бередi.

Электр тоғының ең қауiптiсi, адамның мыйынан, тыныс жүйесiнен, етiнен, жүрегiнен өткенi. Электр тоғынан зақымданатын қауiптi орындарға электр машиналары, қондырғылар орнатылған камералар мен қазбалар жатады. Электр тоғымен зақымдану және оның қауiп туғызатын мүмкiншiлiгi адамның ток желiсiмен жанасу жағдайына байланысты. Егерде жұмысшы үш фазды желiнiң екi сымына жанасса (мұндай жанасу сирек кездеседi), өлiм қауiпi ток кернеуi 100 В тан асқанда туады. Ал егерде жұмысшы бiр сымға жанасса (өте көп кездеседi), онда адам денесiнен өтетiн токтың мөлшерi бейтарап желiсiнiң жұмысына байланысты болады. Мұндай желiнiң бiр сымы жерге тисе, одан ұшқын шығып, шақтыда газ бен шаңның атылуына әкеп соғуына мүмкiн. Сондықтан шақтыларда, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес, бейтарап сымы (нейтральный провод) жермен жалғастырылған электр желiсiн қолдану керек. Мұндай электр желiсiнiң сымына жанасқан адам, басқа желiлердiң сымдарының қабықтарының кедергiсiнен қосылған болып саналады. Мұндай жағдайда адам денесiнен өтетiн токтың күшi сымдардың сыртқы қабықтарының кедергiсiне (кедергi көп болса, өтетiн токтың күшi аз) байланысты болады. Шақтыларда электр тоғынан адамды қорғау екi топқа бөлiнедi:

  • электр жабдықтары ток өткiзушi бөлшектерiне жанастырмау әдiсi;

  • ток өткiзбейтiн жабдықтардың бөлшектерiне қауiптi кернеудiң ауыспауын сақтау;

Бiрiншi тобына, байқаусызда жанасып кетпес үшiн жасалған, сақтану торлары мен қоршаулар (ток өткiзетiн бөлшектерге жанаспас үшiн) жатады.

Екiншi тобына, электр желiсiнiң кернеуiнiң мөлшерiне шек қою, жерге қосу сақтандығы және сақтану үшiн токтан алу әдiсiн қолдану.

Электр машиналарымен, аппараттарды қосу үшiн керек кернеудiң күшi: - алыстан басқару жүйесiнде 30 - 60 В аспауы керек; өздiгiмен жүретiн машиналармен, жабдықтарда (көшiрiлiп тұратын подстанциялардан басқа) 1140 В тан аспауы керек; электр ток күшiн тұрақты қабылдаушыларда 6000 В тан аспауы керек, кейбiр жағдайда тау-кен бақылау басқармашылықтарының ұлықсаты бойынша 10000 В қа дейiн беруге болады.

Адамдарды электр тоғынан сақтап қалу үшiн, электр жүйелерi мiндеттi түрде жерлестiрiлуi керек, ал 1000 В қа дейiнгi ток желiсiнде, зақымдалған жерiн аз уақыттың iшiнде (0,2 с көп емес) ағытып тастайтын автоматтандырылған реле ағыны болуы керек.

Жерлестiру деп, электр қондырғыларының кездейсоқ ток кернеуiне душар болып қалу мүмкiншiлiгi бар металды бөлшектерiн, электр жүйелерi арқылы жермен қосуды айтады. Жерлестiрудiң мiндетi, токтың жерге кетуiне қосымша жол салып, адамның ток жүретiн жабдықтарға жанасқанда, оның денесiнен өтетiн токтың әсерiн қауiптi мөлшерiнен азайту болып саналады. Шақты iшiндегi жерлестiру қондырғылары негiзгi және жергiлiктi жерлестiру жүйесiнен тұрады және оларға жерлестiру жүйесiн жерге қосатын жерлестiрушi сымдар жатады. Негiзгi жерлестiрушiлер зумпфта және су жыйнағыштарда орналастырылады. Олар, көлемi 0,75 м2 ден кем емес, қалыңдығы 5 мм ден кем емес және ұзындығы 2,5 м кем емес құрыш табағынан жасалады. Ал жергiлiктi жерлестiрушiлер су ағатын жыраларда орналасады. Оларда, көлемi 0,6 м2 ден кем емес, қалыңдығы 3 мм ден кем емес және ұзындығы 2,5 м ден кем емес құрыш тiлiмiнен жасалады. Кебу қазбаларда, диаметрi 30 мм ден кем емес және ұзындығы 1,5 м ден кем емес шпурдың iшiне еңгiзiлген (құбыр қабырғасында, өзiнiң өн бойымен жасалған, диаметрi 5 мм ден кем емес 20 дан астам тесiк болуы керек) құбырлы жерлеткiштер жасалынады.

Жалпы жерлестiру жүйесi, барлық кабельдердiң сыртын (қорғасынмен қоршалған және брондалған) бiрiмен бiрiн үзiлiссiз электр жүйесi арқылы қосып, оларға негiзгi және жергiлiктi жерлестiрушiлердi жалғау арқылы орындалады. Жерлестiрушi сымдар және тұрғылықты машиналардың, қондырғылардың жалпы жерлестiрушi торға қосатын сымдары, құрыштан қиығы 50 мм2 ден асатын, не болмаса 25 мм2 ден кем емес мыстан болуы керек. Жерлестiрушi сымдардың кедергiсi 1 Ом нан, ал жалпы жерлестiрушi тордың кедергiсi 2 Ом нан аспауы керек. Себебi, жерлестiрушi сымдардың кедергiсi қанша кем болса, сонша адам денесiнен өтетiн ток күшi сонша аз болады. Жылжымалы машиналарды, қондырғыларды және оған қоса шамдарды жерлестiруi, әдейi арналған иiлмелi кабельдiң желiсiмен жасалады.

5.11 - сурет. Жеңiлдетiлген автоматты бақылаушы УАКИ схемасы: Тр - трансформатор; Р - реле; ОК - фидер автоматын токтататын ұршық; R - сыйымдылықты толтырушы; Д - диод; Iв - қосалқы ток; Iқаш. - қашқын ток; I және II - реле орамы

Мұндай желiнiң бiр басы жылжымалы машинаның қорабына, ал екiншi басы ток жiбергiштiң қорабының жерлеткiш қыспасына қосылады, ал ол өз алдына жалпы жерлеткiш торына және жергiлiктi жерлеткiшке қосылған. Автоматтандырылған, оқшаулауды бақылау қондырғысы УАКИ (380 және 660 В ток кернеуiне арналған) адамдарды электр тоғынан қорғау үшiн және жалпы оқшаулау кедергiсi қауiптi жағдайға дейiн азайғанда, оқшауланған бейтарапты үш фазды жүйенi тоқтату үшiн қолданылады. УАКИ дiң қондырғысының жалпы жеңiлдетiлген схемасы 5.11-суретiнде көрсетiлген.

Тұрақты токтың қос орамды релесi Р әдейi орам арқылы өтетiн магнит ағыны қарама қарсы болатын қылып жасалынған. Оқшаулаушы тор түзу болғанда, қашқын ток Iқаш болмайды, реленiң екi орамыда қосымша токтың Iқос ағынында болады, бұлардың қосындысы 0-ге тең болады.

Оқшаулуадың кедергiсi азайғанда, қашқын ток Iқаш және оралымдағы II реледегi ток күшейiп, ал диод Д арқылы өтетiн қосымша токтың күшi азаяды. Бұл жағдай диод Д - ның жабылуына әкеп соғады. Егерде осы кезде адам сымға жанасып кетсе, қашқын ток қауiптi жағдайға дейiн күшейiп, магнит ағынының айырмашылығы реленi iске қосып, ол фидерлi автоматтағы ОК ұршығын тоқтататын тiзбектегi өз жалғасуын қосады. Ақырғысы 0,1 с уақыт iшiнде, бұзылған оқшаулаулы ток жүйесiн алып тастайды. Көлемдi қашқын токтың азайғанын толтыру үшiн схемада үш конденсатордан (R) тұратын толықтырушы қолданылған. Бұл, ток жүйесiнiң сымына жанасқан адамның денесiнен өтетiн токтың көлемiн азайтады.

Қауiпсiздiк ережелерi бойынша, жұмыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, электр сымдарына электр машиналарына және аппараттарға тағыда олардың жұмысын қадағалайтын адамдарға арнаулы тiлектер қойылған. Көмiр шақтыларында, электр жабдықтары шақтыға сәйкес (жарылыстан қауiпсiз, өте берiктi және ұшқын шығармайтын) түрiнде жасалынады.

Электр жабдықтары, ток кернеуi ағытылмай ашылмайтын блокировкалы қондырғылары болуы керек. Барлық көмiр алатын учаскелердегi электр машиналары, магниттi жүргiзгiштiң көмегiмен, алыстан басқарылатын болуы керек. Бұл жағдайда, күш беретiн ток тiзбегi кенжарда үзiлмей, газбен, тозаңы аз таза ауа шығатын қазбаларда орналасатын арнайы аппарат iшiнде үзiледi.