Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.42 Mб
Скачать

5.4 Жерасты жұмыстарындағы еңбек қорғау, жұмыс

қауiпсiздiк ережелерi туралы мәлімет

Жер астындағы жұмыста әкiмшiлiкпен, инженер-техникалық қызметкерлер қауiпсiздiк ержелерiн басшылыққа алып, ал жұмысшылар болса бекiтiлген кәсiптiк нұсқауларды орындауы керек. Шақтыда жұмыс iстейтiн барлық еңбекшiлер алдын ала дәрiгерлiк тексерiстен өтуi қажет. Осыған қоса, даярлаушы және тазартпа кенжарда жұмыс iстейтiн кеншiлер, мiндеттi түрде бiр жылда бiр рет рентгенографиядан өтулерi керек, ал басқа жұмыстағылар екi жылда бiр рет өтулерi керек.

Шақтыға жұмыс iстеуге келгендер, не болмаса басқа мамандықтан ауысқандар, оқитын күндерi жұмыстарынан босатылып, бекiтiлген программа бойынша өндiрiстiк санитариямен, техника қауiпсiздiгiмен таныстырылып, бас инженердiң басқаруымен құралған арнайы комиссияның алдында емтихан тапсырулары керек. Алдын ала техника қауiпсiздiгiнен дайындық өткен жұмысшылар, программада көрсетiлген мерзiмiне сәйкес, алатын мамандығына қарай оқуға жiберiледi.

Тазартпа және даярлаушы кенжарлардағы кеншiлер, бiрнеше мамандықты қоса атқаруына байланысты, өзге мамандықтарғада оқытылып дайындалынады. Мамандығы бойынша кеншiлер жұмысқа толық дайындалып емтиханнан өткеннен кейiн жiберiледi. Машинамен, механизмдердi басқарып жүргiзуге, жөндеуге, электр жабдықтарын орнатып жұмыс iстеуге, сонымен қатар оқпан жұмыстарын атқаруға, рукоятчиктер болуға арнайы дайындалып, тиiстi куәлiк алған кеншiлер жiберiледi.

Көмiр өндiрiсiндегi шақтылардың әкiмшiлiк, инженер-техникалық қызметкерлерi үш жылда бiр рет қауiпсiздiк ережелерiнен емтихан тапсырулары керек. Жұмыс iстеп және салынып жатқан шақтылардың әкiмшiлiгi кеншiлердi үш жылда бiр рет, өз мамандықтары бойынша, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес дайындықтарын тексерулерi керек.

Көмiрмен газ қауырт жарылатын қаупi бар көмiр шақтыларындағы тазартпа және даярлаушы кенжарларда жұмыс iстеуге, тазартпа, даярлаушы кенжарларда бiр жылдан аса жұмыс iстеген және оқу комбинатында арнайы "Тосыннан көмiр және газ атылатын көмiр тақталарындағы жұмыс қауiпсiздiгi" программасымен дайындалған кеншiлер жiберiледi. Бұған қоса, кеншiлер алынып жатқан көмiр тақтасына тән алдын ала жарылыс белгiсiмен және сақтанатын шаралары жайында әрбiр алты ай сайын қайталай нұсқау алып отырады. Бұл нұсқауларды алғаннан кейiн, кеншiлер "Жұмыс қауiпсiздiгi туралы" кiтапқа, нұсқау алғаны туралы қол қояды.

Тау-кен соққысы қаупi бар көмiр шақтыларына жұмысқа бiр жылдан аса жер астында жұмыс iстеген, алдын ала тау-кен соққысының басталар алдындағы құбылыстармен танысқан және нұсқаулар алған кеншiлер жiберiледi. Астындағы не үстiндегi көмiр, этаж бойымен алынып қорғанған көмiр тақталарында жұмыс iстеуге, жұмыскерлер жалпы ереже бойынша жiберiледi. Жұмыскерлер бiрiншi дәрiгерлiк жәрдем көрсетуге үйретiлуi керек және өзiмен бiрге, су өтпейтін қапшықтың iшiнде жара таңатын пакетi болуы керек.

Шақты астына жеке дара құтқарушы аспабы мен шаңшырағы жоқ жұмыскерлер жiберiлмейдi. Клетке, не болмаса адамдар таситын вагонеткаларға кiру және шығу тек рукоятчиктiң, кондуктордың, оқпаншының ұлықсатымен ғана болады. Клеттен, адамдар таситын вагонеткалардан шығу, олар толық тоқтағаннан кейiн, бiрақ бағытпен ғана атқарылады. Оған қоса, темiржол үстiмен жүру, вагонеткалар арасымен өту, жүк тиелген вагонеткаларға, электровоздарға мiнуге өте қатты тыйым салынады. Кеншiлер қатынасуы, темiржолы 0,005 еңкi жүргiзiлген қазбаларда, әдейi кеншiлер жүру үшiн жабдықталып арналған жолмен атқарылады. Шақтыдан шығуға сменаның аяғында ғана ұлықсат берiледi, ал смена кезiнде шығуға диспетчердiң, не болмаса техника қадағалау адамының ұлықсаты керек. Шақтыдан шыққан әр адам жеке құтқарғышы мен шамын шамханаға өткiзуi керек.

Ә

5.10 - сурет. Тiк қазбадағы саты бөлiмiнiң жабдықтары

р шақтыда кеншiлер жүрiп - тұруға және оларды тасуға арналған, жер бетiне шығатын екi шығу орны болуы керек. Ал әр горизонттада, жоғарғы горизонтқа шығатын, не болмаса жер бетiне шығатын, кеншiлер жүрiп-тұруға және оларды тасып тұруға арналған ек бөлек шығыс орындары болуы керек. Егерде, екi шығу жағдайына арналған тiк оқпандар болса, олар көтергiш қондырғыларымен жабдықталуы (бiреуi клет оқпанында болып) және саты бөлiмi болуы керек. Оқпан iшiндегi екi көтергiш қондырғылары энергия қуатымен бөлек қамтамасыз етiлсе, онда бiр оқпанда саты бөлiмi болмауынада болады. Ал егерде екi оқпанда, әрқайсысында екiден көтергiш қондырғылары орнатылған болса және энергия қуатымен бөлек қамтамасыз етiлсе, не болмаса әр оқпан негiзгi көтергiштен басқа, апат-жөндеушi көтергiшiмен жабдықталса, онда 500 м ден терең мұндай оқпандарда саты бөлiмi болмауғада тиiс. Тiк қазбаларда сатылар 80° ке тақап қойылып және сөреден 1 м асып тұруы керек. Кеншiлер өтетiн тесiк ұзындығы 0,7 м, ал көлденеңi 0,6 м ден кем болмауы тиiстi (5.10-сурет).

Бiрiншi сатының төбесi қақпамен жабылуы керек. Егерде жер астындағы қазбалардан шығуға құлама оқпандар пайдаланылса, олардың бiреуi механикаландырылған көтергiшпен жабдықталуы керек, ал ол iстен шыққан жағдайда, кеншiлер жүретiн тiгiнен 1,8 м, көлденеңiнен 0,7 м ден кем емес жол болуы керек.

Бремсбергпен, еңiстерге жапсарлас, кеншiлер жүру үшiн, әдейi арналған жүрiс жолдары жүргiзiлуi керек, кейде жүрiс жолдарының жоғарғы және төменгi биiктiктерiнiң айырмашылығы 25 м ден асса, онда кеншiлер механикаландырылған тасу жабдықтарымен тасылады. Бремсбергтердi, еңiстердi көрсетiлген жүрiс жолдарынсыз пайдалануға болмайды. Әр тазартпа кенжардан, ештеңемен толтырылмаған, екi шығу орны болуға тиiстi, бiрi желдетпе штрегiне, екiншiсi жүк тасыма штрегiне шығатын.

Тiк құлама көмiр тақталарында, көмiр өз салмағымен түсетiн лаваларда, бiреуi желдетпе штрегiне (кеншiлер жүру, материалдарды және жабдықтарды түсiру үшiн) шығатын, екi тасыма және конвейер штрегiне (бұл шығатын орындарды көмiр түсiру үшiн қолданбауы керек) шығатын, шығыс орындары болуы керек. Тасыма және конвейер штрегiнен шығатын шығыстар лаваның алдында орналасуы керек.

Барлық кен қазбалары бекiтiлген жоба, тiреу паспорты және төбе жынысын игеру әдiстерiне сәйкес уақытында тiрелуi керек. Жұмыс басталар алдында участок бастығы жұмысшыларды, инженер-техникалық қызметкерлерiн жобамен, тiреп-бекiту паспортымен, төбе жынысын игеру әдiстерiмен қол қойдырып таныстырады. Бекiтiлмеген, не болмаса бұрмаланған жобамен, не бұрмаланған паспортпен тау-кен жұмысын жүргiзуге қатты тыйым салынады.

Механикаландырылған комплекстермен жабдықталған тазартпа кенжарларда жұмыс iстеу үшiн, тек техника қауiпсiздiгiнен арнайы дайындық өткен жұмысшылар ғана алынады. Комплекстi құрастырып-жыйып және оны пайдалану жұмысына, емтихан тапсырып куәлiкке ие болған адамдар алынады.