- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті з.М. Смағұлов, и.Д. Арыстан, т.К. Исабек
- •Қарағанды
- •1 Пайдалы кен орындары мен оның жекелеген бӨлІктерiн ашу жӘне даярлау
- •1.1 Табиғи көмір құрылымы және оның қасиеттері
- •1.2 Тау кен жұмыстары туралы ұғым
- •1.3 Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы
- •1.4 Кен орнын ашу және ашу жүйелерiнiң
- •1.5 Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн
- •1.6 Ашу жүйесiн таңдау мен негiзгi қазбалар орнын белгiлеуге байланысты қойылатын экономикалық талаптар
- •1.8 Жерасты шақты алабының бөлiмдерiн
- •1.9 Ашу жүйелерi
- •1.9.1 Жекелеген көмiр тақтасын ашу
- •1.9.2 Топты көмiр тақталарын ашу
- •1.9.3 Құранды ашу жүйелерi
- •1.9.4 Штольнялар арқылы ашу жүйелері
- •1.9.5 Руда кеніштерін ашып даярлау ерекшелiктері
- •1.9.6 Оқпан албары
- •2.1 Жеке дара қазбаның айналасындағы тұтас жыныстардың кернеулі-деформациялық күйі жөнінде деректер
- •Қазбаларды бекіту
- •2.3 Тiреу материалдары
- •Процестер
- •2.5.1 Жыныстарды бұрғылап-жару жұмыстары
- •2.5.2 Кенжар ауасын алмастыру
- •2.5.3 Жыныстарды тиеу
- •2.5.4 Қазба өткізердегі қосалқы жұмыстар
- •2.6 Ұңғылау жұмыстарының ерекшелiктерi
- •2.7 Тiк қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.8 Жазық қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.9 Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi
- •3 Тазартпа жұмыстары
- •3.1 Тазартпа жұмыстарындағы технологиялық процестер
- •3.2 Әртүрлi геологиялық жағдайда көмір қазу машиналарының жұмыс істеу схемалары
- •3.3 Тазартпа қазбалардағы қысымдар туралы түсiнiктер
- •3.4 Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу
- •3.5 Тазартпа жұмысын жүргiзу кезiндегi тау-кен қысымын игеру
- •Тікелей төбе жыныстарының түрлері: т – тұрақты, от – орташа тұрақты, те – тұрақты емес.
- •3.6 Тазартпа қазбалардағы технологиялық үдірістерді ұштастыру жолдары
- •3.7 Кен қазу жүйесiне түсiнiк және оларды таңдағанда әсер ететiн себептер
- •3.8 Кен қазу жүйелерiнiң жалпы сипаттамалары
- •3.8.1 Көмiр кенiшi
- •3.8.2 Руда кеніштері
- •4 Кен Өндiрiсiндегi технологиялық тiзбеК
- •4.1 Кен өндiрiс транспорты
- •4.2 Кен көтермесi мен су ағызу жолдары
- •4.2.1 Кен көтермесi
- •4.2.2 Рудник суағары
- •4.3 Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi
- •4.4. Пайдалы кенді байыту
- •4.4.1 Кен байыту әдiстерi мен негізі
- •4.4.2 Байытудағы дайындауыш процестер
- •4.4.3 Кен байыту процестерi
- •4.4.4 Кен байытуда қосалқы процестер
- •4.4.5 Кен байыту машиналарының қауiпсiз жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар
- •5 Шақтыларды желдету, еңбек қорғау, қауiпсiздiк ережелерi
- •5.2 Желдетудiң негiзгi нышандары, желдету
- •5.3 Желдеткiштер және шақтыдағы желдетпе қондырғылары туралы деректер
- •5.4 Жерасты жұмыстарындағы еңбек қорғау, жұмыс
- •5.5 Электр жабдықтарын пайдалану ережелерi
- •5.6 Апат кезiндегi жүрiс-тұрыс шарты
- •5.7 Жұмыскерлердi қорғауға арналған құтқару аспаптары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Зекен Майшекеұлы Смағұлов, Ибатолла Дайырұлы Арыстан, Тұяқ Көпейұлы Исабек
5.3 Желдеткiштер және шақтыдағы желдетпе қондырғылары туралы деректер
Жер астындағы қазбаларға таза ауа беру үшiн шақты үстiнде ортатепкiш (5.3а-сурет), не болмаса бiлiктi желдеткiштер орнатылады. Желдеткiштер оқпандардың бiреуiнiң ауа шығатын ауызында орналасады.
5.3 - сурет. Шақты желдеткiш-терi: а) ортатепкiш желдеткiштерi: 1 - жұмыс дөңгелегi; 2 - спиралдi қаптама; 3 - пирамидалды диффузор; 4 - подшипниктер; б) бiлiктi желдеткiштер: 1 - алдыңғы шайғыш; 2 - коллектор; 3 - цилиндiрлi қаптама; 4 - жұмыс дөңгелегi; 5 – түзетушi аппарат; 6 - подшипник; 7 - диффузор
Екiншi оқпаннан, желдеткiш күшiмен жасалынатын қысым айырмашылығына байланысты, ауа шақты астына жеткiзiледi. Бұл қысым шақты депрессиясы деп аталады. Бiлiктi желдеткiштiң жұмыс дөңгелегiнiң қалақтары ауаны қысып оны түзетушi аппарат және диффузор арқылы сыртқа жiбередi.
Қазіргi шақтыларда көбiнесе жұмыс дөңгелегiнiң диаметрi 1200 - 2800 мм дейiнгi желдеткiштер қолданылады. Бұл желдеткiштердiң өнiмдiлiгi 1000 нан 6800 м3/мин дейiн болады. Желдеткiштердiң күшiмен шақтыға таза ауаны үрлеп, не болмаса ластанған ауаны сорып шығаруға болады.
Ә
р-бiр
желдеткiштер қондырғылары екi
желдеткiштерден тұрады, бiреуi жұмыс
iстейдi, екiншiсi резервте болады. Қазбаларды
жүргiзгенде, кенжарларды желдету үшiн
жергiлiктi желдеткiштер қойылады
(5.4-сурет).
5.4 - сурет. Жергiлiктi желдеткiш
Олар ауаны металды, не болмаса резиналы, диаметрi 400 - 1200 мм дейiнгi құбырлар арқылы жеткiзедi. Жер астына желдеткiш күшiмен жеткiзiлген ауа қазбаларға әдейi арналып жасалған желдеткiш қондырғыларымен таратылады. Бұларға жататындары: желдетпе бекiндiлері; желдетпе есiктері; ауа көпiрлерi. Керектi жағдайда желдетпе есiктерде терезелер жасалынады. Таза не лас ауаның ағынын тоқтату үшiн, қазбада орналасқан, желдетпе есiктерi пайдаланылады (5.5-сурет ).
5.5 - сурет. Ағаш желдеткiштер есiктерi:
а) бiр қақпалы; б) екi қақпалы
Егерде бұл қазбалармен кеншiлер, не болмаса транспорт жүретiн болса, онда мұнда екi есiк, не болмаса екi парлама есiк (шлюз мiндетiн атқаратын) орнатылады. Қазбаларға ауа таза жiберiлмейтiн жағдайда бекiнділермен жабылады ( 5.6, а,б,в-сурет).
5.6 - сурет. Желдеткiш қақпа-лары: а) бiр жақты ағаштан жасалған; б) екi жақты жасалған; в) кiрпiштен жасалған
Екi қазбаның қыйылысқан жерiнде бiреуiмен таза ауа, екiншiсiмен ластанған ауа жүрсе, екi ауаның бiрiмен-бiрi араласпауы үшiн ауа көпiрi - кроссинг жүргiзiледi (5.7-сурет).
5.7 - сурет. Желдетпе кроссинг
Клеттi оқпандарда, шақты үстiндегi құрылыстардан ауа шықпайтындай болмағанда, клеттiң қозғалып жүрiп тұрғанда желдету режимi бұзылмау үшiн ауа қақпағы орнатылады. Бұл ауа қақпағы (5.8-суретте) көрсетiлген.
Қабылдаушы алаңнан төмен, клет мөлшерiмен өлшегенде, қақпамен жабылып тұратын құдық жасалынады. Қақпа, клетпен бiрге көтерiлiп бағыттаушы құралдар бойымен жылжып тұрады. Клетттер қабылдаушы алаңда тұрғанда, ауа шығыны көп болмау үшiн клеттерге фартук тағылады. Себебi желдеткiш қақпалар көп шығын бередi. Желдеткiш оқпаннан жел шығыны аз болуы үшiн, бүкiл шақтының құрылыстары тығындалады. Құрылыстардың қабырғалары кiрпiшпен, не болмаса бетонитпен көтерiлiп, төбесi әдеттегiдей бетонмен жабылады. Копер бетi темiр табақтарымен қапталады. Құрылыстарда, кеншiлер және жүктер өту үшiн, бiрiнен-кейiн бiрi орналасқан есiктер арқылы, шлюздер жасалынады. Шақты үстiндегi құрылыстардың бункерлерiн жел жiбермейтiндей қылып тығындау үшiн, арнайы шлюздi жапқыштар құрылады, не болмаса бункерде қалдырылған көмiрлер қабаттары пайдаланылады.
Шақтылардағы шаңтазарту жұмысын бақылайтын орынның атқаратын мiндеттерi: күнде ауаның қазбалармен тармақталуын; ауа құрамын және оның iшiндегi улы қосындының, метан мен шаңның болуын; желдеткiш қондырғыларының жұмыс iстеуiн; температура мен ауа дымқылдығын; желдетпе қазбаларды жөндеу жұмыстарын бақылау. Шаң тазарту орындарының негiзгi жұмысына, барлық қазбаларды, кенжарларды керектi ауамен қамтамасыз ету жатады. Осыған байланысты, барлық кiретiн және шығатын ағындағы, кейбiр көмiр тақталарындағы және учаскелердегi тармақталынған қазбалардағы, желдеткiш каналдарындағы ауа жылдамдығы үздiксiз өлшенiп отырылады.
5.8
-
сурет.
Ауа жапқыш
қақапақ: 1 -
қақпақ; 2 - құдық; 3 - клет; 4 - алжапқыш; 5
- қабылдаушы алаң
5.9
-
сурет.
Шақтының
депрессиясын өлшеу схемасы
Қазбалар бойындағы ауаның ағу шапшаңдығы, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес, төмендегi дәрежеден аспауы керек, м/сек :
көтергiшi жоқ оқпандарда және желдеткiш каналдарында - 15;
жүктi көтерiп түсiретiн оқпандарда - 12;
кроссингтерде - 10;
кеншiлерді, жүктердi түсiрiп көтеретiн оқпандарда, квершлагтарда, штректерде, күрделі бремсбергтерде, еңiстерде - 8;
көмiр не жыныс iшiнде жүргiзiлген басқа қазбаларда - 6;
тазартпа кенжарларда (лавада) - 4.
Тау-кен қазбаларының iшiндегi ауа жылдамдығы қанатты және чашечный анемометр арқылы тексерiледi. Шақтының депрессиясын өлшеу V-ға ұқсас, не болмаса өзi жазатын депрессиометрмен жүргiзiледi. V - түстi депрессиометрмен өлшегенде, оның бiр үшiндегi түтiгiн, желдеткiш каналының статикалық қысымын қабылдаушысына қосып, ал екiншiсiн таза ауаға қосады (5.9-сурет).
Депрессия түтiгiндегi су деңгейiнiң айырмашылығы шақтының депрессиясына тең болады.
