Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.42 Mб
Скачать

4.4.5 Кен байыту машиналарының қауiпсiз жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар

Байыту машиналары жұмыс iстеген кезде, қауiпсiздiк ережесi өте ұқыпты сақталуы керек. Әсiресе ұсатқыш тұрғыларға тiлектер өте қатал болуы керек. Ұсатқыш тұрғылардағы тесiктер жан жақты қоршаулы болуы керек. Ұсатқыштардан ұшқан көмiр және жыныс кесектерiнiң жолдарына қалқан орнатылуы керек. Егерде ұсатқышта материалдар болатын болса, онда оны жүргiзуге болмайды. Ұсатқышты жүргiзбей тұрып, ұсатқыштан шығатын материалдарды таситын конвейерлер қосылып, ұсатқыш жүксiз жүргiзiледi. Содан кейiн барып ұсатқышқа жүк тиелуi керек. Ұсатқышқа металдар түсiп кетпеуiн өте қадағалап отыру керек. Ұсатқышты тоқтатарда, алдымен оны толтыру тоқтатылуы керек, содан кейiн оның iшiндегi материалдар түгел ұсатылуы керек.

Шаң орналасқан жерлерде, шаң ұстағыштар орнатылуы керек. Байыту фабрикасының iшi тартымды желдетпелермен қамтамасыз етiлуi керек.

5 Шақтыларды желдету, еңбек қорғау, қауiпсiздiк ережелерi

5.2 Желдетудiң негiзгi нышандары, желдету

схемалары

Шақты желдеткiштерi ауа қысымына, қысым айырмашылығын жасағандықтан, ауа тау-кен қазбаларымен ағыс алады. Ауа кен қазбаларымен жылжығанда, қазбаның беттерi ауаның жылжуына кедергi жасайды. Бұл кедергiлер, көбiнесе қазбалардың беттерiнiң кедiр-бұдырлығына байланысты болады. Қазбалардың екi қыйығының арасындағы қысымның, не болмаса басқа жел жiберткiштердiң қысымының айырмашылығы депрессия деп аталады, ол тең:

Һ = Рl / S3Q2, Па,

мұнда  - аэродинамикалық коэффициент, Нс24; мағынасын эксперимент жолымен, формула арқылы есептелiп, не болмаса анықтамалық (справочник) арқылы табуға болады; Р - қазбаның көлденең кесiмiнiң ұзындығы, м; l - қазбаның ұзындығы, м; S - қазбаның жүргiзiлгеннен кейiнгi қиығы, м2; Q - қазбаның iшiнен жүретiн ауаның үдемi, м3/с.

Ауаның керектi көлемде қазбалардың тармақтарымен жылжуы үшiн, желдеткiш барлық жеке қазбалардың депрессияларының қосындысына тең депрессия беруi керек. Мұндай жағдайда ең қыйын жол (ең ұзын қазбалар, кедiр-бұдырлы қазбалар, қиығы аз және ауа көп жүрмейтiн) таңдалынып алынады. 5.1-суретте, шақты қазбаларының жалпы желдету схемалары көрсетiлген.

5.1 - сурет. Шақтыны желдету схемасы:

1 - желдеткiш.

Желдеткiш арқылы жасалынатын қысым айырмашылығы арқасында таза ауа қосалқы оқпанмен, оқпан албарына жетедi, одан кейiн квершлагпен екiге бөлiнiп, бiреуi бiр көмiр тақталарындағы қазбаларға, екiншiсi екiншi көмiр тақталарындағы қазбаларға бағытталады. Квершлагпен, тасыма штректiң түйiлiсiнде ауа тағы бөлiнiп, осы көмiр тақтасының қанаттарына қарай жiберiледi. Әрi қарай, даярлаушы және тазартпа кенжарларды желдетiп, желдетпе штрегiне барады. Содан кейiн, ластанған ауа көмiр тақталарының екi қанатынан желдетпе квершлагына жетедi. Желдетпе квершлагынан, екi көмiр тақталарынан келген ластанған ауа, желдетпе горизонтындағы оқпан албарына бағытталып, одан әрi қарай негiзгi оқпанмен желдеткiш арқылы сыртқа шығарылады. Басқа көмiр тақталарындағы желдету осыған ұқсас болады.

Шақты қазбаларын желдету үшiн керектi ауа, шығатын көмiр көлемiне және шақтыдағы жұмыс iстейтiн кеншiлердiң санына байланысты есептелiнедi. Әр кеншiге 3 м3/мин. кем емес ауа берiлуi керек. Шақтының метан шығу категориясына байланысты, ауа төмендегi көлемде берiлуi керек:

  • бiрiншi категориялы шақтыға - 1 м3/мин;

  • екiншi категориялы шақтыға - 1,25 м3/мин;

  • үшiншi категориялы шақтыға - 1,5 м3/мин, ал категориядан сыртқы шақтыларда таза ауа көлемi, шақтыдан шығатын ластанған ауада метан мөлшерi 0,75 % тен аспайтын болатындай есептелiп, бiрақта бiр тәулiк табысына тиiстi ауа 1,5 м3/мин. кем болмауы керек.

Учаскелердің желдету схемалары.

Ең көп тараған желдету схемаларындағы кең тарағаны қайтпа ағынды схемалары болып жүр. Бұл схемада (5.2-сурет ) ауа, көмiр тақтасын тiкелей алғанда, тазартпа кенжарға тасыма штректен жеткiзiлiп, тазартпа кенжардың артындағы желдетпе штрекке (5.2, а-сурет), ал көмiр тақтасын қайталай алғанда, тазартпа кенжардың алдындағы желдетпе штрекке (5.2, в-сурет) шығарылады. Таза ауаның бiразы тазартпа штрекпен бос кеңiстiктiң iшiмен өтiп желдетпе штрекке қарай бағытталады. Егер бос кеңiстiкке газ шығуы байқалмаса, бұл ауаның бөлшегi пайдасыз жоғалған болып есептелiнедi, ал егер газ болатын болса, онда бұл ауа түгелiмен, не болмаса бөлшектенiп газ шоғырлануын басуға жұмсалады.

5.2 - сурет. Учаскелердi желдету схемалары:

а, в - қайтпа ағынды желдету; б, г - тiк ағынды желдету

Бұл схеманың артықшылығына жататындары: оңайлылығы; сенiмдiлiгi; желдетпе құрылғыларының жоқтығы. Кемшiлiгiне жататындары: - көмiр тақталарын тiкелей алғанда, жiберiлген ауаның, штректiң ұзаруына байланысты, бос кеңiстiкпен кетуi; тiреулердiң жаншылғанына байланысты аэродинамикалық кедергiсiнiң өсуi; даярлау және тазартпа кенжардың алдындағы тасыма штректi тiзбектеле желдету керек болатындығы.

Көмiр тақтасын қайталай алғанда, газды шақтыларда қайталай желдету схемасының кемшiлiгiне жататыны, кенжардан және бос кеңiстiктен шыққан метанның желдетпе штрегiмен тазартпа кенжардың түйiлiскен жерiнде жыйналуы.

Көмiр шығатын учаскелердi тiкелей желдеткенде (5.2-сурет), ауа тасыма штрекпен, тазартпа кенжардың бойымен желдетпе штрекке шығады. Егерде желдетпе штрек кенжардың артында болса (5.2б-сурет), бос кеңiстiкпен өтетiн ауа шығыны желдетпе штрекке барады.

Бұл схеманың артықшылығы тазартпа кенжарға ауа тасыма штректен шығынсыз жетедi, сөйтiп штректiң ұзындығына қарамай жақсы желдетiледi, ал лавадан тыс кеткен таза ауа, бос кеңiстiктегi метанды сұйытады, сондықтан олардыда пайдасыз деуге болмайды. Метанның бос кеңiстiктен, тазартпа кенжарға соқпай, желдетпе штрегiне тiкелей баруы, лавадағы газ жыйналу қаупiн азайтады.

Тiк ағынды схемада, желдетпе штрегi лаваның алдында орналасқаны (5.2г-сурет) қолайсыздау болып саналады. Себебi, жоғарыда қаралған қайталап желдетуiне ұқсас, мұндада лавамен желдетпе штрегiнiң түйiлiсiнде метанның қауiптi түрде жыйналуы мүмкiн.