- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті з.М. Смағұлов, и.Д. Арыстан, т.К. Исабек
- •Қарағанды
- •1 Пайдалы кен орындары мен оның жекелеген бӨлІктерiн ашу жӘне даярлау
- •1.1 Табиғи көмір құрылымы және оның қасиеттері
- •1.2 Тау кен жұмыстары туралы ұғым
- •1.3 Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы
- •1.4 Кен орнын ашу және ашу жүйелерiнiң
- •1.5 Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн
- •1.6 Ашу жүйесiн таңдау мен негiзгi қазбалар орнын белгiлеуге байланысты қойылатын экономикалық талаптар
- •1.8 Жерасты шақты алабының бөлiмдерiн
- •1.9 Ашу жүйелерi
- •1.9.1 Жекелеген көмiр тақтасын ашу
- •1.9.2 Топты көмiр тақталарын ашу
- •1.9.3 Құранды ашу жүйелерi
- •1.9.4 Штольнялар арқылы ашу жүйелері
- •1.9.5 Руда кеніштерін ашып даярлау ерекшелiктері
- •1.9.6 Оқпан албары
- •2.1 Жеке дара қазбаның айналасындағы тұтас жыныстардың кернеулі-деформациялық күйі жөнінде деректер
- •Қазбаларды бекіту
- •2.3 Тiреу материалдары
- •Процестер
- •2.5.1 Жыныстарды бұрғылап-жару жұмыстары
- •2.5.2 Кенжар ауасын алмастыру
- •2.5.3 Жыныстарды тиеу
- •2.5.4 Қазба өткізердегі қосалқы жұмыстар
- •2.6 Ұңғылау жұмыстарының ерекшелiктерi
- •2.7 Тiк қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.8 Жазық қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.9 Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi
- •3 Тазартпа жұмыстары
- •3.1 Тазартпа жұмыстарындағы технологиялық процестер
- •3.2 Әртүрлi геологиялық жағдайда көмір қазу машиналарының жұмыс істеу схемалары
- •3.3 Тазартпа қазбалардағы қысымдар туралы түсiнiктер
- •3.4 Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу
- •3.5 Тазартпа жұмысын жүргiзу кезiндегi тау-кен қысымын игеру
- •Тікелей төбе жыныстарының түрлері: т – тұрақты, от – орташа тұрақты, те – тұрақты емес.
- •3.6 Тазартпа қазбалардағы технологиялық үдірістерді ұштастыру жолдары
- •3.7 Кен қазу жүйесiне түсiнiк және оларды таңдағанда әсер ететiн себептер
- •3.8 Кен қазу жүйелерiнiң жалпы сипаттамалары
- •3.8.1 Көмiр кенiшi
- •3.8.2 Руда кеніштері
- •4 Кен Өндiрiсiндегi технологиялық тiзбеК
- •4.1 Кен өндiрiс транспорты
- •4.2 Кен көтермесi мен су ағызу жолдары
- •4.2.1 Кен көтермесi
- •4.2.2 Рудник суағары
- •4.3 Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi
- •4.4. Пайдалы кенді байыту
- •4.4.1 Кен байыту әдiстерi мен негізі
- •4.4.2 Байытудағы дайындауыш процестер
- •4.4.3 Кен байыту процестерi
- •4.4.4 Кен байытуда қосалқы процестер
- •4.4.5 Кен байыту машиналарының қауiпсiз жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар
- •5 Шақтыларды желдету, еңбек қорғау, қауiпсiздiк ережелерi
- •5.2 Желдетудiң негiзгi нышандары, желдету
- •5.3 Желдеткiштер және шақтыдағы желдетпе қондырғылары туралы деректер
- •5.4 Жерасты жұмыстарындағы еңбек қорғау, жұмыс
- •5.5 Электр жабдықтарын пайдалану ережелерi
- •5.6 Апат кезiндегi жүрiс-тұрыс шарты
- •5.7 Жұмыскерлердi қорғауға арналған құтқару аспаптары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Зекен Майшекеұлы Смағұлов, Ибатолла Дайырұлы Арыстан, Тұяқ Көпейұлы Исабек
4.4.3 Кен байыту процестерi
Дайындауыш процестен кейiн пайдалы қазба байытуға жеткiзiледi. Қазіргi кезде төмендегiдей байыту процестерi қолданылады:
гравитациялық - пайдалы минералдар мен бос жыныстардың тығыздылығына байланысты;
флотациялық - минералдарға су жабысу қаблеттігіне байланысты;
магниттi - минералдардың магниттену қасиеттерiне байланысты.
Гравитациялық процеске жататындары - тұндыру, ауыр ортада байыту т.б. Бұл процестiң мағынасын былайша түсiндiруге болады. Бiз айталық, бiр ыдысқа меншiктi салмағы 13 кН/м3 ZnСl2 ертiндiсiне, меншiктi салмағы 12 кН/м3 көмiрмен, меншiктi салмағы 15 кН/м3 жыныс қосындыларын құйсақ, көмiр ұнтасы қосындының бетiне шығып, ал жыныстар ыдыстың түбiне түседi, яғни минерал ертiндiлерi ауыр ортаға түскенде көмiр концентраты және қалдық болып бөлiнедi. Гравитациялық процестер тұндырғы машиналарда, суспензиялы сепараторларда, ертiндiнi қойылту столдары деп аталынатын аппараттарда орындалады.
Флотациялық әдiстi көлемi 0,5 мм ден аспайтын минералдарды байыту үшiн қолданады. Бұл әдiстiң мағынасы, кейбiр минералдардың сумен жабыспауына байланысты. Бұл минералдар ауа шашырандысымен соғысқанда, сол шашырандыға жабысып су бетiне шығады, ал сумен дымқылданатын минералдар шашырандыдан алшақтап су түбiне кетедi. Флотация әдiсi, флотациялық машиналарда орындалады. 4.17-суретте флотация ФМУ- 6,3 машинасының жалпы көрiнiсi келтiрiлген.
4.17 - сурет. Флотациялық машинаның жалпы көрiнiсi
Бұл машина екi камералы бөлек станциядан тұрады.
Магниттi байыту әдiсi - минералдардың әртүрлi магниттiк қасиеттерiне байланысты қолданылады. 4.18-суретте минералдардың магниттiлiк қасиеттерiне байланысты бөлшектенуi көрсетiлген.
4.4.4 Кен байытуда қосалқы процестер
Жоғарыда көрсетiлген байытудағы негiзгi процестермен қатар қосалқы процестердiң негiзгiлерiн келтiрейiк.
Шаң басу, гравитациялық байыту процесiнiң алдында жүргiзiледi. Шаң, гравитациялық байытуға жарамайтынына қарамай, ол жуатын суды ластандырып, негiзгi заттарды байытуға кедергi жасайды. Сондықтан жұмыс орны, шаң сорушы аппараттар арқылы, шаңнан тазартылып отырылуы керек.
Көмiр дымқылы 7% асқанда, көмiр тозаңын төмендету әдiсi қолданылады. Ол үшiн, тесiк мөлшерi 0,5-1 мм ден аспайтын елеуiш үстiндегi уатылған көмiр күштi таза су ағынымен елеуiш астына түсiрiледi.
Байыту өнiмiн, ылғалды процестерден кейiн, суынан айыру керек. Үнiмдердiң iрiлерi бункер iшiнде, не болмаса елеуiш үстiнде, артық судан айырылады. Ұсақ өнiмдердi судан айыру оңай емес, оларды ажырату үшiн 2 - 3 тәсiл қолданылады. Алғашқы су ажырату iсi елеуiш, не болмаса су ажыратушы элеватор арқылы орындалады. Ал осыдан кейiн концентратты, қосымша өнiмдi судан ажырату жұмысы центрифугада, ал қыс кезiнде арнайы құрғату арқылы жасалынады. Жыныстарды құрғатуда бункерлер қолданылуы мүмкiн.
4.18 - сурет. Магниттi байыту схемасы
Құрғатуға қыйын түсетiндерi флотоконцентратпен, қойыртпалар. Оларды құрғату үшiн әуелi қойылтады, одан кейiн ваакум-фильтрмен, не болмаса центрифугамен судан ажыратады, содан кейiн кептiредi.
Дымқыл байытудан кейiн, суды қайтадан қолдану үшiн, оларды тазарту керек. Егерде байытудан кейiнгi су керегi жоқ болсада, оларды табиғи су қоймаларына жiберуге болмайды. Суды тазарту жұмысы қоюлатқыштарда, не болмаса даладағы су тұндырғыларында атқарылады.
