Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.42 Mб
Скачать

4.4.2 Байытудағы дайындауыш процестер

Д айындаушы процестерге жататындары: - елеу, ұсату, уату және топтастыру. Бұл про-цестердiң мақсаты шикiзатты байытуға дайындау. Пайдалы қазбаны (жарылыс күшiмен, не болмаса машиналар күшiмен) қазу әдісіне және байыту фабрикасына жеткiзетін көлік түріне байланысты, шикiзаттардың кесектерi 1200 мм дейiн барады. Ал олардың iшiндегi құнды материалдар кесектерi жүзден бiр, оннан бiр мм болады. Сондықтан пайдалы қазбаны байытуға дайындау бiрнеше сатылы болып өтеді. Ең алдымен материалдар ұсатылады, кейіннен ол електен

өткiзiледi. Електен өткен кесектер қосымша майдалануға жiберiледi, ал електен өтпей қалғандары қайтадан ұсатылуға жiберiледi.

4.13 - сурет. Тау-кен өнiмiн байытуға дайындау

схемасы

Майдаланған зат топтастырылып, ұсақтары байытуға жiберiлсе, iрiлеулерi қайтадан майдалануға қайтарылады. 4.13-суретте, шикiзатты байытуға дайындау схемасы көрсетiлген.

Ұ сату, ұсатқыш машиналарымен іске асады. Ұсатқыш машиналар, конструкцияларына байланысты, әртүрлi болады. 4.14-суретте, жақты ұсатқыш машинасы көрсетiлген. Бұл машинаның жұмыс камерасы қозғалмайтын жақ (1) және қозғалмайтын жаққа құлама, төмен қарай тарыла орналасқан, бiлiкке (3) iлiнген қозғалғыш жақтан (2) тұрады.

4.14 - сурет. Жақты ұсатқыш: 1 - қозғалмайтын жақ; 2 - қозғалтқыш жақ; 3 - қозғалмалы жақтың бiлегi; 4 - бiлек; 5 - шатунның басы; 6 және 7 - кернеу плиталарының шетi; 8 және 9 - тығындар; 10 - тартқыш; 11 және 12 - жеңiлдету тесiгiнiң сынасы; 13 - маховик; 14 және 15 - алынып салынатын футеровка плитасы; 16 - жылтыр плита

Бiлiктiң (4) орта кезiнен, бiлiк айналғанда жоғарыдан төмен қарай соғатын, қозғалыс алып тұратын эксцентрлi жонғышқа, шомбал шатунның басы кигiзiлген. (6) және (7) кермелi плиталардың үшi (8) және (9) сыналарға еркiн кiредi. Шатун жоғары жылжығанда, жылжымалы жақ жылжымайтын жаққа тақалып, жұмыс камерасының iшiндегi материалдарды ұсатады. Шатун төмен жылжығанда, жылжымалы жақ жылжымайтын жақтан өз салмағымен алыстайды. Жылжымалы жақтың алыстауына, жылжымалы жақ (2) мен тартқыш (10) арқылы қосылған буферлi пружина әсер етедi. Жақтың жұмыс кезiнде пружина қысылып, ал қайтар кезiнде плиталарды сынаға қысады. Босату саңлауларының мөлшерiн өзгерту үшiн (11) және (12) сыналар пайдалынады. Осы сыналарды көтерiп түсiрiп, кернеу плиталарының құлама бұрыштарын өзгертуге болады. Энергия қуатын пайдаланудың және инерциялық күштiң мөлшерiн реттеу үшiн бiлiк (4) ке екi маховик (13) орнатылған. Екi жақтың беттерi ауыстырмалы футеробкаланған, қырлы (14) және (15) плиталармен қапталған. Жылтыр плиталар (16) жұмыс камерасының бүйiр беттерiн қорғайды. Уатылған заттар елеуiш (грохот) деп аталатын аппаратпен еленедi. Елеуiштiң мiндетi, керектi кесектi материалдарды дайындау.

4.15-суретте, ең соңғы өнiмдiлiгi жоғары, энергия қуатын аз алатын резонансты елеуiштiң схемасы көрсетiлген. Резонанс режимiнде шайқалатын салмағына қарасты - екi салмақты, үш салмақты, төрт салмақты елеуiштер болады.

Е кi салмақты елеуiште (4.15, а-сурет) шайқалатын салмаққа қорап (1) және рама (2) жатады. Рама үстiнде орнатылған эксцентрлi жетекшi (3) серiппелi шатунмен серiппелi тiрек (5) те орнатылған рамаға, серiппелi байланыс (4) арқылы қорапты ерiксiз шайқалуға мәжбүр етедi.

4.15 - сурет. Резонансты елеуiштiң схемасы: а) екi массалы елеуiш: 1 - қорап; 2 - рама; 3 - эксцентриктi жетекшi серiппелi шатунмен 4 - серiппелi байланыс; 5 - серiппелi көтергiштегi рама; б) үш массалы елеуiш: 1 және 2 - қораптар; 3 - рама; 4 - эксцентриктi жетекшi серiппелi шатунмен; 5 - серiппелi байланыстар; 6 - серiппелi көтергiштер; в) төрт массалы елеуiш: 1 және 2 – қораптар; 3 және 4 – рамалар; 5 және 6 – амортизаторлар; 7 – эксцентриктi жетекшi; 8 – серiппелi байланыс; 9 және 10 – байланыстар; 11 – келген материалдарға арналған бункер

Үш салмақты елеуiште (4.15, б-сурет) шайқалатын салмаққа қораптар (1), (2) және рама (3) жатады. Эксцентрлi жетекшi (4) серiппелi шатун арқылы қорап (1) ге шайқалу қозғалысын бередi. Серiппелi байланыс (5) арқылы бұл шайқалыстар серiппелi тiректер (6) да орналасқан рама (3) ке, одан қорап (2) ге жеткiзiледi.

Төрт салмақты елеуiште (4.15, в-сурет) қораптар (1) және (2), рамалар (3) және (4) те орнатылған, ал рамалар амортизаторлар (5) және (6) да орналасқан. Эксцентрлi жетекшi (7), серiппелi шатун арқылы қорап (1) дi шайқайды. Серiппелi байланыс (8) арқылы бұл шайқаулар рама (3) ке берiледi, одан байланыс (9) арқылы рама (4) ке жеткiзiледi, ал одан әрi қарай серiппелi байланыс (10) арқылы қорап (2) берiледi. Ұсатылған материалдар воронка (11) арқылы қорап (1) дiң елегiне түсiрiледi.

Ұсатқыштар алғашқы түскен материалдарды, кесектерiнiң үлкендiгi 15-30 мм болатындай қылып, ұсатады. Одан әрi қарай ұсату жұмысы диiрмендерде атқарылады (4.16-сурет).

4.16 - сурет. Шарлы диiрмендегi ұсату схемасы

Шарлы диірмендер, iшiнде диаметрi 30-60 мм дейiн метал шарлар орналасқан, салмақты айналмалы барабан сияқты болады. Ұсатылатын материалдар диiрменнiң iшiне жiберiледi. Диiрмен айналғанда, шарлар айналма жылдамдылыққа байланысты жоғары қарай көтерiлiп, одан парабольды траекториямен төмен қарай бiрiне-бiрi соғыла құлайды (4.16-сурет). Шарлар, бiрiне-бiрi соғылыса, араларына түскен материалдарды ұсатады. Сонымен шарлы диiрмендер күрделi ұсату жұмысын атқарады. Шарлы диiрмендердiң айналуы, шарлардың диiрменге жабыспайтын жылдамдықпен айналуына байланысты болуы керек.