- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті з.М. Смағұлов, и.Д. Арыстан, т.К. Исабек
- •Қарағанды
- •1 Пайдалы кен орындары мен оның жекелеген бӨлІктерiн ашу жӘне даярлау
- •1.1 Табиғи көмір құрылымы және оның қасиеттері
- •1.2 Тау кен жұмыстары туралы ұғым
- •1.3 Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы
- •1.4 Кен орнын ашу және ашу жүйелерiнiң
- •1.5 Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн
- •1.6 Ашу жүйесiн таңдау мен негiзгi қазбалар орнын белгiлеуге байланысты қойылатын экономикалық талаптар
- •1.8 Жерасты шақты алабының бөлiмдерiн
- •1.9 Ашу жүйелерi
- •1.9.1 Жекелеген көмiр тақтасын ашу
- •1.9.2 Топты көмiр тақталарын ашу
- •1.9.3 Құранды ашу жүйелерi
- •1.9.4 Штольнялар арқылы ашу жүйелері
- •1.9.5 Руда кеніштерін ашып даярлау ерекшелiктері
- •1.9.6 Оқпан албары
- •2.1 Жеке дара қазбаның айналасындағы тұтас жыныстардың кернеулі-деформациялық күйі жөнінде деректер
- •Қазбаларды бекіту
- •2.3 Тiреу материалдары
- •Процестер
- •2.5.1 Жыныстарды бұрғылап-жару жұмыстары
- •2.5.2 Кенжар ауасын алмастыру
- •2.5.3 Жыныстарды тиеу
- •2.5.4 Қазба өткізердегі қосалқы жұмыстар
- •2.6 Ұңғылау жұмыстарының ерекшелiктерi
- •2.7 Тiк қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.8 Жазық қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.9 Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi
- •3 Тазартпа жұмыстары
- •3.1 Тазартпа жұмыстарындағы технологиялық процестер
- •3.2 Әртүрлi геологиялық жағдайда көмір қазу машиналарының жұмыс істеу схемалары
- •3.3 Тазартпа қазбалардағы қысымдар туралы түсiнiктер
- •3.4 Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу
- •3.5 Тазартпа жұмысын жүргiзу кезiндегi тау-кен қысымын игеру
- •Тікелей төбе жыныстарының түрлері: т – тұрақты, от – орташа тұрақты, те – тұрақты емес.
- •3.6 Тазартпа қазбалардағы технологиялық үдірістерді ұштастыру жолдары
- •3.7 Кен қазу жүйесiне түсiнiк және оларды таңдағанда әсер ететiн себептер
- •3.8 Кен қазу жүйелерiнiң жалпы сипаттамалары
- •3.8.1 Көмiр кенiшi
- •3.8.2 Руда кеніштері
- •4 Кен Өндiрiсiндегi технологиялық тiзбеК
- •4.1 Кен өндiрiс транспорты
- •4.2 Кен көтермесi мен су ағызу жолдары
- •4.2.1 Кен көтермесi
- •4.2.2 Рудник суағары
- •4.3 Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi
- •4.4. Пайдалы кенді байыту
- •4.4.1 Кен байыту әдiстерi мен негізі
- •4.4.2 Байытудағы дайындауыш процестер
- •4.4.3 Кен байыту процестерi
- •4.4.4 Кен байытуда қосалқы процестер
- •4.4.5 Кен байыту машиналарының қауiпсiз жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар
- •5 Шақтыларды желдету, еңбек қорғау, қауiпсiздiк ережелерi
- •5.2 Желдетудiң негiзгi нышандары, желдету
- •5.3 Желдеткiштер және шақтыдағы желдетпе қондырғылары туралы деректер
- •5.4 Жерасты жұмыстарындағы еңбек қорғау, жұмыс
- •5.5 Электр жабдықтарын пайдалану ережелерi
- •5.6 Апат кезiндегi жүрiс-тұрыс шарты
- •5.7 Жұмыскерлердi қорғауға арналған құтқару аспаптары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Зекен Майшекеұлы Смағұлов, Ибатолла Дайырұлы Арыстан, Тұяқ Көпейұлы Исабек
4.3 Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi
Шақтының техникалық және шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыратын жер бетiндегi құрылыстар, үйлер, кен көтергiштер - шақтының жерүстілік комплексi деп аталады. Бұл комплекске жататындары жерүстiндегi құрылыстар, діңдер, көтергiш машиналар т.б. Бұл құрлыстарға жүк итергiштер, пайдалы қазбаны сақтайтын бункерлер және темiр жол вагондарына, арнаулы қоймаларға тиейтiн, ленталы конвейерлер жатады. Пайдалы қазбалар, темiр жол бункерлерiне тиелмей тұрып, iрiктелiп, сортталып, не болмаса байыту фабрикасына жiберiледi. Әрбiр шақтыда әкiмшiлiк-тұрмыстық комбинат салынады. Комбинаттан қосалқы оқпанның сөресiне қатынасу жабық галарея, не болмаса туннель арқылы атқарылады. 4.11-суретте шақтыдағы өндiрiс алаңының негiзгi (бас) жоспары көрсетiлген.
Жер бетiндегi құрылыстардың және оқпан албарының жоспарлануы бiрiмен-бiрi байланысты болуы керек. Жаңа салынған шақтыларда, жер бетiндегi технологиялық процестердi механикаландыру, автоматтандыру үшiн, жер бетiндегi құрылыстар бiрiмен-бiрi қосылып топтасуы керек. Шақтыларда, жер бетi құрылыстарының топтамасы үш блоктан тұрады: бас оқпан блогi; қосалқы оқпан блогi; әкiмшiлiк - тұрмыстық комбинаты.
4.11 - сурет. Шақты құрамының жобасы:
1 - негiзгi және қосалқы оқпан блоктары; 2 - байыту қондырғысы; 3 – жылыту орны; 4 – көмiр қоймасы; 5 - желдетпе қондырғылары; 6 - электростанциялар; 7 - тiреу материалдары қоймасы; 8 - әкiмшiлiк-тұрмыстық комбинат; 9 – көмiр тиейтiн жер
4.12-суретте, салынатын шақтылардағы жербетi құрылыстарының блоктанған түрi көрсетiлген. Рудниктердегi жер бетiндегi құрылыстар, көмiр шақтыларындағы құрылыстарға ұқсас келедi.
4.12 - сурет. Шақты маңайы
4.4. Пайдалы кенді байыту
4.4.1 Кен байыту әдiстерi мен негізі
Минералды шикi затты өндеу кезiнде оған кiретiн барлық пайдалы минералдарды өндiрiске пайдалану жолы қаралады. Пайдалы қазбалар табиғи түрiнде сапасы жоғары болып, тек сол бетiнде өндiрiс мұхтажына пайдаға асатыны сирек кездеседi. Олардың қоры аса көп болмағандықтан қазіргi өндiрiс талабын қамтамасыз ете алмайды. Қазіргi шығарылып жатқан коксті көмiрдiң 16 - 30 % күл болады, ал оларды қолданатын химия өндiрiсiнде ол 7 - 8 % аспауы керек. Марганец шығару өндiрiсiнде, марганец 25 - 30% тен аспайды, ал оларды металургияда қолдану үшiн марганец шығымы 43 - 50% болуы керек. Түстi металургия шикiзатындағы ( мыс, цинк, қорғасын т.б ) металдар қосындысы 40 - 60% болуы керек болса, қазіргi уақыттағы шығарылып жатқан кендер iшiнде көрсетiлген металдардың оннан бiр бөлiгi ғана болады, ал сирек кездесетiн металдар оданда аз болады. Қазіргi уақытта коксохимия, металургия тағы басқа өндiрiс саласында минералды шикi заттың пайдалы қосындысын қауырт көбейтпесе болмайды. Осы жағдайға байланысты қазып алынған шикiзатты алдын ала өңдеу керек. Осындай жұмыста пайдалы қазбаны байытатын арнайы байыту фабрикалары қолданылады.
Кен байыту дегенiмiз, шикiзат минералдарының химиялық сапасын өзгертпей, құнды минералдарды (керек жерiнде өзара ажырату) бос жыныстан босату. Байыту технологиясы, минералдың физикалы және физика-химиялық қасиеттерiне байланысты әртүрлi әдiспен жүргiзiледi. Негiзгi байыту әдiсiне гравитациялық, флотациялық, магниттi әдiстер жатады. Пайдалы қазбаны байыту процестерi дайындаушы, негiзгi, қосалқы болып бөлiнедi. Дайындаушы процестердiң мақсаты пайдалы минералды ашу. Дайындаушы процесс кезiнде, пайдалы қазбаны үгiтiп ұсақ, құнды минералмен, бос жыныс аралас ұнтақ қоспаға айналдырады. Негiзгi процесс кезiнде, үгiтiлген қосындыдан әр-түрлi әдiспен, құнды минералдар бөлiнiп алынады. Қосалқы процестер кезiнде байытылған өнiмдер құрғатылады. Алғашқы материалдар шикi зат түрiнде шақтылардан, карьерлерден фабрикаға жеткiзiледi. Байытылған шикiзаттан бiрнеше өнiмдер алынады.
Концентрат - металургия, химия және басқа да өндiрiс саласындағы технологиялық процестер талабын қанағаттандыратын, пайдалы қазбадан тұратын өнiм.
Қалдық - бос жыныстар мен мардымсыз пайдалы қазбалар қалдықтары.
Аралық өнiм - оның iшiндегi пайдалы өнiм алғашқы шикiзаттағыдан көп болып, бiрақ концентраттағыдан аз болатын өнім.
