- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті з.М. Смағұлов, и.Д. Арыстан, т.К. Исабек
- •Қарағанды
- •1 Пайдалы кен орындары мен оның жекелеген бӨлІктерiн ашу жӘне даярлау
- •1.1 Табиғи көмір құрылымы және оның қасиеттері
- •1.2 Тау кен жұмыстары туралы ұғым
- •1.3 Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы
- •1.4 Кен орнын ашу және ашу жүйелерiнiң
- •1.5 Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн
- •1.6 Ашу жүйесiн таңдау мен негiзгi қазбалар орнын белгiлеуге байланысты қойылатын экономикалық талаптар
- •1.8 Жерасты шақты алабының бөлiмдерiн
- •1.9 Ашу жүйелерi
- •1.9.1 Жекелеген көмiр тақтасын ашу
- •1.9.2 Топты көмiр тақталарын ашу
- •1.9.3 Құранды ашу жүйелерi
- •1.9.4 Штольнялар арқылы ашу жүйелері
- •1.9.5 Руда кеніштерін ашып даярлау ерекшелiктері
- •1.9.6 Оқпан албары
- •2.1 Жеке дара қазбаның айналасындағы тұтас жыныстардың кернеулі-деформациялық күйі жөнінде деректер
- •Қазбаларды бекіту
- •2.3 Тiреу материалдары
- •Процестер
- •2.5.1 Жыныстарды бұрғылап-жару жұмыстары
- •2.5.2 Кенжар ауасын алмастыру
- •2.5.3 Жыныстарды тиеу
- •2.5.4 Қазба өткізердегі қосалқы жұмыстар
- •2.6 Ұңғылау жұмыстарының ерекшелiктерi
- •2.7 Тiк қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.8 Жазық қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.9 Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi
- •3 Тазартпа жұмыстары
- •3.1 Тазартпа жұмыстарындағы технологиялық процестер
- •3.2 Әртүрлi геологиялық жағдайда көмір қазу машиналарының жұмыс істеу схемалары
- •3.3 Тазартпа қазбалардағы қысымдар туралы түсiнiктер
- •3.4 Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу
- •3.5 Тазартпа жұмысын жүргiзу кезiндегi тау-кен қысымын игеру
- •Тікелей төбе жыныстарының түрлері: т – тұрақты, от – орташа тұрақты, те – тұрақты емес.
- •3.6 Тазартпа қазбалардағы технологиялық үдірістерді ұштастыру жолдары
- •3.7 Кен қазу жүйесiне түсiнiк және оларды таңдағанда әсер ететiн себептер
- •3.8 Кен қазу жүйелерiнiң жалпы сипаттамалары
- •3.8.1 Көмiр кенiшi
- •3.8.2 Руда кеніштері
- •4 Кен Өндiрiсiндегi технологиялық тiзбеК
- •4.1 Кен өндiрiс транспорты
- •4.2 Кен көтермесi мен су ағызу жолдары
- •4.2.1 Кен көтермесi
- •4.2.2 Рудник суағары
- •4.3 Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi
- •4.4. Пайдалы кенді байыту
- •4.4.1 Кен байыту әдiстерi мен негізі
- •4.4.2 Байытудағы дайындауыш процестер
- •4.4.3 Кен байыту процестерi
- •4.4.4 Кен байытуда қосалқы процестер
- •4.4.5 Кен байыту машиналарының қауiпсiз жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар
- •5 Шақтыларды желдету, еңбек қорғау, қауiпсiздiк ережелерi
- •5.2 Желдетудiң негiзгi нышандары, желдету
- •5.3 Желдеткiштер және шақтыдағы желдетпе қондырғылары туралы деректер
- •5.4 Жерасты жұмыстарындағы еңбек қорғау, жұмыс
- •5.5 Электр жабдықтарын пайдалану ережелерi
- •5.6 Апат кезiндегi жүрiс-тұрыс шарты
- •5.7 Жұмыскерлердi қорғауға арналған құтқару аспаптары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Зекен Майшекеұлы Смағұлов, Ибатолла Дайырұлы Арыстан, Тұяқ Көпейұлы Исабек
2.9 Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi
Көлбеу қазбалардың өткізу технологиясының ерекшелiктерi, бұл қазбалардың жер кеңiстiгiнде еңкiс жүргiзiлуiндегiсi.
Көлбеу қазбалар төменнен жоғары, не болмаса жоғарыдан төмен қарайда жүргiзiледi. Кенжарды төменнен жоғары қарай қазғанда, шақты газы ауадан жеңiл болғандықтан кенжар бетiне үйелеп жарылыс қаупiне әкеп соғады, сондықтан кенжарды пәрмендi желдетуге мұқтаждық туады. Осыған байланысты, газды шақтыларда көлбеу қазбаларды көбiнесе жоғарыдан төмен қарай өткізу әдiсi қолданылады.
Көрсетiлген әдiстердiң кемiстiгiне мыналар жатады: кенжардан шыққан көмiрмен, жыныстарды қырға шығару, су көтеру жұмысын ұйымдастыру, осының бәрi қосылып қазба өткізу жұмысын қиындатып, еңбек көлемiн көбейтiп, қазу қарқынын шабандатады. Бремсбергпен, жүрiс жолы, әр тектi жыныс арасында енсiз кенжармен жүргiзiлгенде, бұрғылап - жару әдiстерi қолданылады. Бұрғылап жару әдiсi, жазық қазбаларды жүргiзгендей, айырмашылығы жоқ. Құлама бұрышы 180 дейiн қазбаларда тиеу жұмысында 1ПНБ2У тиеу машинасы қолданылады, ал одан жоғары жағдайда қол күрегiмен тиеледi. Бремсбергпен адам қатынасатын жүрiс жолдарынан шығатын көмiр және жыныстар тасыма штректерге дейiн, көлбеу көмiр тақталарында қырнағыш конвейерлермен, ал құлама көмiр тақталарында өз салмағымен, төселген рештактар бойымен тасылады.
Еңестер енсiз не ендi кенжарымен жүргiзiледi. Еңестермен қатар 30-40 м қашықтықта бiр не екi жүрiсжолы жүргiзiлiп, олар ұзарған сайын, бiрiмен бiрiн желдеткiш жапсырмақазбен (просекпен) қосып отырады. Бiртектi жыныс бойымен, 100 дейiнгi еңестердi 4ПУ, ГПК, ГПКВ комбайндарымен жүргiзiледi. Әр тектi жыныстар бойымен еңестер бұрғылап-жару әдiсiмен қазылады. Бұрғылап - жару арқылы өткізу технологиясы, жазық қазбаларды қазудағыдай. Еңес қазу жұмысының шапшаңдығы, кенжардағы су жиналысына байлынысты. Су жыйналымы сағатына 5 м3 дейiн, насоспен вагонеткаға не скипке құйылып қырға шығарылып, ал су одан көп болған жағдайда, насоспен су ағызатын штректiң каналына көтерiледi. Кенжармен қабылдаушы алаң арасында хабарласып тұратын сигнализация болуы шарт. Еңкi оқпанды өткізу технологиясы еңес қазу технологиясындай. Жазық жатқан көмiр арасынан тiлмеқазбаны жүргiзгенде, көмiрдi бұрғылап-жару әдiсiмен омырып не болмаса арнайы комбайнмен шауып алады. Омырылған көмiр конвейермен штрекке дейiн, не болмаса скрепермен жеткiзiлiп тұрады. Кенжар ауасы жергiлiктi желдеткiшпен тазартылып отырылады. Бастаушы тiлмеқазбаны ағаш не метал бекітпелерiмен, тақтай кесiндiсiмен бекiтiледi. Тiлмеқазба Донбасста, тiк жұқа көмiр тақталарының арасында шой балғамен, "Темп" және "Поиск" комбайндарымен жүргiзiледi. Алдын ала, төменнен жоғары қарай этаждың өн бойына, диаметрi 250-400 мм скважина жүргiзiлiп, ол скважина жоғарыдан төмен қарай, диаметрi 600-800 мм дейiн кеңейтiледi. Бұрғылау жұмысы штректен Б68КП бұрғы қондырғысымен жүргiзiледi (2.40-сурет).
2.40 - сурет. Б68КП бұрғылау қондырғысы
С
важинаның
екi жағынан 4-6 м қашықтықта шой балғамен
ұзындығы 10 м дейiн айналма тiлмеқазба
жүргiзiлiп скважинамен жапсырмақазбамен
қосылады (2.41- сурет).
2.41 - сурет. Тiк көмiр тақталарындағы тiлме қазбаларын комбайнмен өткізу: а) комбайнмен жұмыс бастардағы кенжардын орналасуы; 1 - скважина; 2 - жапсырмақаз; 3 - айналма тiлмеқазбалар; 4 - комбайн;
5 - тартқыш; б) тiлмеқазбаның қиығы
Жанама, айналма тiлмеқазбаны қосымша адам қатынасатын қазба ретiнде пайдалануға болады. Бұл тұстағы скважинаның мөлшерi тiлмеқазбаның мөлшерiне дейiн кеңейтiледi. Осыдан кейiн желдеткiш штрегiнде орналасқан лебедканың жұмыс және сақтандыру арқандары түсiрiлiп жүк штрегiнде тұрған комбайнға iлiнедi. Әрi қарай комбайнды ортадағы тiлмеқазбаға жеткiзiп, скважина бойымен жоғары жылжып көмiр қазуына мүмкiншiлiк туғызады.
Кен өндiрiсiнде өрлемелер бұрғылап - жару әдiстерiмен жүргiзiледi (2.42-сурет).
Қазбаны төменнен жоғары қарай тұйық кенжармен жүргiзедi. Кенжарға тайау сөреден, тереңдiгi 1,5-1,8 м теспе, телоскопты бұрғы машиналарымен бұрғыланады. Жарылып құлаған жыныстар, өрлеменiң жыныс жылжитын бөлiмiне түсiп, не бiрден штректе тиелiп, не болмаса уақытша өрлеменiң iшiнде қоймаланады (магазінделеді).
2.42 - сурет. Өрлемелердi өткізу әдiсi: 1 - жыныстар бөлiмшесi; 2 - құлату сөресi; 3 - саты бөлiмшесi ; 4 – сым арқан; 5 - қақпа; 6 - вагонетка; 7 - төменгi шығыр; 8 - жоғарғы шығыр
Жарылыс жұмысы бiтiсiмен, кенжардың ауасы желдеткiш күшiмен тазартылады. Кенжарға керектi материалдар жабдық, жүк штрегiндегi лебедкаға тiркелген гондола арқылы жеткiзiлiп тұрылады. Көрсетiлген схема бойынша, өрлемелердiң қазып өткізу шапшаңдығы айына 60 м дейiн жетедi.
Ө
рлеменi
төменнен жоғары қарай КПВ2А комлпексiмененде
жүргiзiледi (2.43-сурет).
2.43 - сурет. Өрлеме-лердi өткізетiн КПВ2А комплексі: а) өткізу схемасы; б) комплекс-тiң өткізу сөресi
Бұл комплекс жылжымалы сөре, автоматталған лебедка, қуат берушi жүйе және монорельстi секциядан құрылады. Теспе монорельс бойымен жылжитын сөренiң үстiндегi, мөлшерi 1500-1500 мм плаформадан бұрғыланады. Кенжар жүргiзiлген сайын, монорельс ұзартылып отырылады. Жарылыс кезiнде, сөре төмен түсiрiлiп, өрлеменiң сыртына орналастырылады. Ауа тез ауыстырылу үшiн, алдын ала, кенжардың орта кезiнен желдеткiш штрегiне дейiн скважина өткізiледi. Осындай жағдайда, өрлеменi өткізу шапшаңдығы айына 200 м дейiн жетедi.
