Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.42 Mб
Скачать

2.8 Жазық қазбаларды өткізу технологиясы

Жазық қазбаларды біртекті (қалың тақталардағы - квершлагтар, орттар, штректер) және әртекті (жұқа көмiр тақталарындағы - штректердi) жыныстар арасында өткізедi. Бiртектi, қатты жыныстар арасындағы қазбаларды бұрғы-жарылыс тәсілімен жүргізеді. Теспелер санын, тереңдiгi мен бағыттарын жыныстың физика-механикалық қасиеттерiн және қазбаның көлденең қимасын ескере отырып қабылдайды. Ең алдымен кертпе теспелері жарылады (2.31-сурет), одан кейiнгілерін қосымша дейді. Ең соңында долбарлаушы теспелер жарылып, қазбаның пiшiнi қалыптастырылады.

Қ

2.30 - сурет. Оқпан өткізуші комплекс: 1 - металдан жасалған қалып; 2 - тiректi шеңбер; 3 - сыртқы қалқан; 4 - екi этажды сөре; 5 - грейферлi тиегiш; 6 - қауға

осымша және долбарлаушы теспелер қопарушы теспелер депте аталады. Жыныстардың құралымына және қасиетiне байланысты әртүрлi қазба кертпелері қолданылады. Олар пирамида түстес (2.32, а-сурет), тiк сыналы (2.32, б-сурет), жазық (2.32, в-сурет), саңлау түстес (2.32, г-сурет), призма түстес (2.32, д,е-сурет) болады. Жарылғыш заттың қуатын молайту мақсатында кенжардың орта тұсынан, диаметрi 300 мм дейiн бір-екі скважина бұрғыланады, сөйтiп қосымшы ашық кеңiстiк жолы ашылады. Бұрғылап болғаннан кейiн теспелер қысымды ауа күшімен үрлеп тазартылынады. Қысымды ауа үрлейтiн құрал болмаған жағдайда, теспенің iшiн арнайы тазартқыш қасықпен тазартады. Теспелерді оқтауды, барлық кеншiлердi, жабдық саймандарды, материалдарды

2 .31 - сурет. Жазық кенжардағы кертпе (а) қосымша

(б) долбарлаушы (в) теспелердің орналасуы

қ ауiпсiз жерге жеткiзiп күзет қойғаннан кейiн бастайды. Теспелерді оқтау паспорт ережесiне сәйкес жүргiзiледi. Теспедегі дәрi патрондары түбiнен бастап ағаш таяқпен тығыздалады.

2.32 - сурет. Кенжардағы теспелердің орналасуы (а-е)

2.33 - сурет. Қарағанды шақтыларындағы квершлагтарды тездік әдісімен өткізу кестесі

К ертпе теспелердегі дәрiлер қопару теспелерді дәрiлерiнен көп болуы керек. Теспенің дәрiден бос қалған жерi балшықпен тығындалады. Кенжардағы теспе жарылып, ауа тазартылып болғаннан кейiн, уақытша бекітпе орнатылып, қопарылған жыныстарды тиеу жұмысы басталады (2.22-сурет). Жыныстар тиелiп жатқанда тұрақты бекітпе орнатылады, су жырасы қазылып, темiр жол ұзартылады. 2.33-суретте квершлагты жарылыс әдiсiмен өткізу графигi келтiрiлген.

Қаттылығы 4-тен аз жазық қазбаларды өткізуде комбайндар қолданылады. Қазбалар өткізушi комбайн деп - көмiр не болмаса жыныстарды қазып алып тасыма транспортқа тиейтiн машиналарды айтады. Комбайндар кәзiргi кезде әртүрлi қопарушы құралдармен жабдықталған (2.34, 2.35-суреттер).

2.34 - сурет. Қазбалар өткізушi ГПК комбайны

Жазық қазбалар көбінесе әртүстi жыныстар арасында жұқа көмiр тақтасы, не болмаса, кен желiсi бойымен жүргiзiледi. Осындай жағдайда кен қоршаған жыныстар бір-бірімен бөлек қазып алынады. Қазбаны кеңейту мақсатында қоршаған жыныстарды қопару керек болады. Тақтаның құлама бұрышына, бүйір жыныстарының беріктігіне қазба міндетіне және пайдалы кенді тазартпа кенжардан әкету әдісіне қарай - штректердің табанын (2.36, а-сурет), төбесiн (2.36, б-сурет) және екi қанатын (2.36, в-сурет) қопарып жүргізеді. Табан жағын қопаратын әдiс жазық не тiк жатқан көмiр тақталары бойымен өткізілетін штректерге тән, ал штректің төбесiн және табанын қопарып жүргізу құлама тақталарында байқалады.

2.35 - сурет. Штректі комбайнмен өткізудегі жұмыс графигі (сызықтың астындағы цифрлар операциялардың уақытын көрсетеді, мин). ГПК комбайнымен бiр ауысымдағы жұмыс ұйымдастыру кестесі келтiрiлген. Осы комбайнмен 31 күн iшiнде 1530 м қазба өткізілген

2.36 - сурет. Штректi жұқа көмiр тақталарының бойымен өткізгендегі, бүйiр жыныстарын қопару әдiстерi

Штректердi өткізу әдiсi екi түрлi болады: бiрiншiсi - көмiр мен жыныс жұмыстарын бөлмей атқарғанда, екiншiсi – кенді алу мен жыныстағы жұмыстарды бөлек өткізгенде.

Бiрiншi схемада (бiр тектi жыныс қазбаларын қазу әдiсiне сәйкес) штректерді тұтас кенжарлап жүргізеді. Екiншi схема кең тараған. Ол, кенжардың кертпе түрімен ерекшеленеді. Бұл жағдайда, пайдалы қазба жыныстардан бұрын алынады.

Әртектi жыныстарда қазбалар екі әдiспен - тар және кең кенжарлармен жұргізіледі. Қазбаларды тар кенжармен жүргiзгенде, жыныстар жер бетiне шығарылады не болмаса қазым кеңiстiгiне орналастырылады.

Қ азбаларды кең кенжармен жүргiзгенде, пайдалы қазбаның алу енi қазба енiнен кең қылып алады. Кейiннен қазба штректен тыс жерге бос жыныстарды орналастырады. Желдетуге, су ағызу, жүк тасымалдауға және кеншiлер жүрiп тұруға арналған пайдалы қазба (көмiр) шетiнен ені 1 – 2 м бос кеңiстiк қалдырылып отырылады. Оның төменгi, жоғарғы және екі жақты түрлерi болады (2.37-сурет).

2.37 - сурет. Штректi әртектi жыныстар арасында өткізу схемасы: а) тар кенжармен; б) кең кенжармен, жоғарғы бос кеңістікпен; в) екi жақты бос кеңістікпен; г) төменгi бос кеңістікпен; 1 - штрек; 2 - тасқорған (бут жолағы); 3 – жасанды қазба

Штректi тар кенжармен жүргiзгенде, көмiр мен жыныс қазып алу жұмысы тiзбектелiп бiрiнен кейiн бiрi не болмаса қабаттастырылып өткізіледі. Тiзбектелiп өткізу схемасында, көмiр кенжары жыныс кенжарынан 1,5-2 м озып отырады. Көмiрдi алуда жарылыс күшi, қопару балғасы не болмаса бұрғылап шығару әдiстерi қолданылады. Жарылыс күшiмен алғанда, теспе тереңдiгi 2-2,2 м болады. Ал бұрғылап алғанда, тереңдiгi 3 м, диаметрi 600 мм сважиналар қолданылады. Осындай әдiс өте көп метан шыққан жағдайда пайдаланылады.

Т ар кенжарды қосарлап алу схемасында, көмiр және жыныс кенжарындағы жұмыстар жұптастырылады, ол үшiн көмiр кенжары жыныс кенжарынан 4 - 7 м алда жүргiзiлетін жағдай жасалынады. Көмiр кенжарының ұзындығы штрек енінен 1 - 1,5 м артық алынады, ол өрлеме жағынан алаң (берма) жасауға қажет. Бермада орнатылған сырмалы конвейер құлатылған көмiрдi 20 - 40 м қашықтыққа тасып, вагонеткаларға тиейдi (2.38-сурет). Көмiр кенжары жылжысы өскен сайын, конвейер де ұзартылып отырылады.

2.38 - сурет. Штректердi кертiк кенжармен өткізу технологиясы

(қосарлы схема)

Көмiр және жыныс кенжарларындағы теспелерде қол немесе колонкалы электр бұрғыларымен, ал үшiншi және жоғарғы категориялы шақтыларда үрме бұрғыларымен бұрғыланады. Кенжарда әдетте 2 - 3 бұрғы машинасы жұмыс істейді.

Жарылыстан кейін кенжар ауасы жергiлiктi желдеткiш арқылы тазартылып отырылады. Штректер ұзарған сайын оған параллел жапсырмақаз (просек) жүргiзiледi. Екi қазба өзара түйiлiспелер арқылы қосылып отырылады. Түйiлiспе арқылы жел еркiн өтiп, ал тұйық қазбалардың ауасы жергiлiктi желдеткiшпен ауыстырылып отырылады. Кенжар iшiндегi үйiндi жыныстар вагонеткаларға машиналар арқылы тиеледi.

2 .39 - суретте, штректi ендi кенжармен өткізу әдiсi көрсетiлген. Штрек кең алымды кенжармен жүргiзiлгенде, көмiр кенжары тазартпа кенжармен қосылып отырады, ал жыныс кенжары көмiр кенжарынан қалыс жүргiзiледi. Көмiрдi құрамды көмір кенжарынан әкету үшiн үш сырма конвейері қолданылады.

2.39 - сурет. Штректi ендi кенжармен өткізу схемасы

Штрек кенжарындағы жыныс қопару жұмысы бұрғы-жарылыс әдiсiмен іске асады. Кенжар төңірегіндегі бос кеңiстiктi толтырма (тығындама) жұмысы, қол немесе рештак арқылы орындалады. Тығындама жұмысын механикаландыру үшiн сырма құралдары, тербелмелі конвейерлер мен арнайы толтырма машиналары пайдаланылады.