Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.42 Mб
Скачать

2.5.2 Кенжар ауасын алмастыру

ЖЗ жарылғанда мынадай заттар пайда болады - көмiр тотығы (СО), азот қос тотығы (NО2), т.б. Кен қазбалары (оқпандар, штольнялар, квершлагтар, штректер т.б.) сыңар тұйық ретiнде жүргiзiледi. Мұндай қазбаларда жарылғыш жұмыстары орындалғаннан кейiн, ауасын алмастырып тұру үшiн жергiлiктi желдеткiштердi қолданады. Жел ауыстырудың үш түрлi әдiсi бар: ауаны қысып үрлеп жылжыту; сорып жылжыту; аралас әдiс. Ауаны үрлеп жылжытуда таза ауа құбыр арқылы берiлiп, ал жарылғыш заттары араласқан лас ауа қазба бойымен тысқа бос ағызылып шығарылады (2.18, а-сурет). Сорып жылжыту әдiсiнде ластанған ауа құбырға желдеткiшпен сорылып, ал таза ауа қазба бойымен кенжарға ағынмен жеткiзiледi (2.18, б-сурет). Екi әдiстiң екеуiндеде таза ауа келетiн қазбамен қазылып жатқан қазбаның түйiсетiн жерiнен ең кем дегенде 10 м қашықтықтан алынады. Аралас ауа әдiсiнде екi желдеткiш қойылады, бiрiншiсi ластанған ауаны қазбадан сорып тартса, екiншiсi таза ауаны қазбаның iшiне үрлейдi (2.18, в-сурет).

2.18 - сурет. Тұйық қазбалардағы ауа ауыстыру жүйесi

Жарылыс жұмыстарынан кейiн ауа тазарту iсi 15-20 минуттан аспауы керек. Сондықтан көрсетiлген ауаны сорып, не болмаса қысып ауыстыру әдiстерi қысқа (200-300 м) қазбаларды ұңғылағанда қолданылады. Ал қазбалар ұзарғанда аралас әдiстерi қолданылуға тиiстi. Желдеткiш құбырлары метал, мата, капрон, полихлорвинил материалдарынан жасалады. Құбырдың енi 200 - 800 мм, ал ұзындығы 2 - 3 м тұрады. Метал құбыры, қалыңдығы 1 - 3 мм құрыш табағынан, ал мата құбыры резина араласқан матадан жасалады. Мата құбырдың ұзындығы 5 - 30 м дейiн, диаметрi 200, 500 және 600 мм болады. Құбырлар өзара серiппелi сақинамен қосылып, жоғарыда тартылған сым арқанға iлiнiп қойылады. Кенжардан құбырдың үшi 8-12 м-ден аспауы керек.

Тiк қазбалар кенжарлары аралас әдiспен желденедi. Қысымды ауа жiберетiн құбыр төмен түсiрiлiп, ал сорма 5 - 6 м жоғары iлiнедi. Желдеткiштер жерүсті не бұрын жүргізілетін желдетпе горизонтта қойылады.

2.5.3 Жыныстарды тиеу

Ауа тазартылғаннан кейін уатылған жыныстарды тиеу жұмысы басталады.

Тiк қазбалар өткiзгенде жыныстар грейферлi тиегiштермен ГП-2, КС-3, КС-2М, КС-1М қазба қауғасына тиеледi. Олар 500 кПа ауа қысымымен жұмыс iстейдi. Кенжардың 10 - 16 м2 қимасына бiр тиегiш қолданылады.

Г рейферлi тиегiш (2.19-сурет) ауа көтергiшiмен жоғарғы шығырға арқанмен iлiнедi.

2.19 - сурет. ГП-2 жүк тиегiші: 1 - бес саусақты грейфер; 2 - ауакөтергiш; 3 - құрық; 4 - грейфер жапқызғышы;

5 - саусақтар; 6 - тартушылар; 7 - қозғалмалы траверс

Көлемі 0,1 м3 грейфер тиегiшi ауа жапқышымен жабдықталған. Грейфер тиегiшiн арнайы жетекпен басқарады, онда екi кнопка болады, бiреуi грейферді басқару үшiн, екiншiсi көтергiш үшiн. Грейфердiң сағатына орта есеппен 14 м3 жыныс тиейдi. Қауғаға тиелген жыныс жер бетiне шығарылып жыныс үйiндiсiне жеткiзiледi. Жазық қазбаларда жыныстар циклді не үзiлiссiз iстейтiн машиналармен тиеледi. Жазық қазбалар жүргiзу мен тазартпа жұмыстарында ППН2Г жүк тиегiш машинасы қолданылады. Машина дербес қозғалтқышы, басқару пультi мен суландыру системасы бар, қос шынжыр табанды арбадан тұрады (2.20-сурет).

2.20 - сурет. ППН2Г жүк тиегiш машинасы

Үздiксiз тиейтiн ПНБ машинасы ленталы немесе қатпарлы конвейерлермен тасыма құралдарға тиейдi (2.21-сурет).

2.21 - сурет. Жүк тиегiш машина 1ПНБ2: 1 - жүк тиейтiн құрал; 2 - шынжыр табан; 3 - қырнағыш конвейер; 4 - электр жабдықтары;

5 - су жабдықтары; 6 - басқару пульты

Жүк тиегiш машиналардың iшiндегi ең көп тарағандары 1ПНБ2, 2ПНБ2, 1ПНБ2У. Кен қазбаларын өткізу жұмысы тұрақты бекітпелер орнатумен аяқталады.