- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті з.М. Смағұлов, и.Д. Арыстан, т.К. Исабек
- •Қарағанды
- •1 Пайдалы кен орындары мен оның жекелеген бӨлІктерiн ашу жӘне даярлау
- •1.1 Табиғи көмір құрылымы және оның қасиеттері
- •1.2 Тау кен жұмыстары туралы ұғым
- •1.3 Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы
- •1.4 Кен орнын ашу және ашу жүйелерiнiң
- •1.5 Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн
- •1.6 Ашу жүйесiн таңдау мен негiзгi қазбалар орнын белгiлеуге байланысты қойылатын экономикалық талаптар
- •1.8 Жерасты шақты алабының бөлiмдерiн
- •1.9 Ашу жүйелерi
- •1.9.1 Жекелеген көмiр тақтасын ашу
- •1.9.2 Топты көмiр тақталарын ашу
- •1.9.3 Құранды ашу жүйелерi
- •1.9.4 Штольнялар арқылы ашу жүйелері
- •1.9.5 Руда кеніштерін ашып даярлау ерекшелiктері
- •1.9.6 Оқпан албары
- •2.1 Жеке дара қазбаның айналасындағы тұтас жыныстардың кернеулі-деформациялық күйі жөнінде деректер
- •Қазбаларды бекіту
- •2.3 Тiреу материалдары
- •Процестер
- •2.5.1 Жыныстарды бұрғылап-жару жұмыстары
- •2.5.2 Кенжар ауасын алмастыру
- •2.5.3 Жыныстарды тиеу
- •2.5.4 Қазба өткізердегі қосалқы жұмыстар
- •2.6 Ұңғылау жұмыстарының ерекшелiктерi
- •2.7 Тiк қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.8 Жазық қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.9 Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi
- •3 Тазартпа жұмыстары
- •3.1 Тазартпа жұмыстарындағы технологиялық процестер
- •3.2 Әртүрлi геологиялық жағдайда көмір қазу машиналарының жұмыс істеу схемалары
- •3.3 Тазартпа қазбалардағы қысымдар туралы түсiнiктер
- •3.4 Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу
- •3.5 Тазартпа жұмысын жүргiзу кезiндегi тау-кен қысымын игеру
- •Тікелей төбе жыныстарының түрлері: т – тұрақты, от – орташа тұрақты, те – тұрақты емес.
- •3.6 Тазартпа қазбалардағы технологиялық үдірістерді ұштастыру жолдары
- •3.7 Кен қазу жүйесiне түсiнiк және оларды таңдағанда әсер ететiн себептер
- •3.8 Кен қазу жүйелерiнiң жалпы сипаттамалары
- •3.8.1 Көмiр кенiшi
- •3.8.2 Руда кеніштері
- •4 Кен Өндiрiсiндегi технологиялық тiзбеК
- •4.1 Кен өндiрiс транспорты
- •4.2 Кен көтермесi мен су ағызу жолдары
- •4.2.1 Кен көтермесi
- •4.2.2 Рудник суағары
- •4.3 Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi
- •4.4. Пайдалы кенді байыту
- •4.4.1 Кен байыту әдiстерi мен негізі
- •4.4.2 Байытудағы дайындауыш процестер
- •4.4.3 Кен байыту процестерi
- •4.4.4 Кен байытуда қосалқы процестер
- •4.4.5 Кен байыту машиналарының қауiпсiз жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар
- •5 Шақтыларды желдету, еңбек қорғау, қауiпсiздiк ережелерi
- •5.2 Желдетудiң негiзгi нышандары, желдету
- •5.3 Желдеткiштер және шақтыдағы желдетпе қондырғылары туралы деректер
- •5.4 Жерасты жұмыстарындағы еңбек қорғау, жұмыс
- •5.5 Электр жабдықтарын пайдалану ережелерi
- •5.6 Апат кезiндегi жүрiс-тұрыс шарты
- •5.7 Жұмыскерлердi қорғауға арналған құтқару аспаптары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Зекен Майшекеұлы Смағұлов, Ибатолла Дайырұлы Арыстан, Тұяқ Көпейұлы Исабек
1.9.6 Оқпан албары
Шақтының барлық қазбаларын шақты оқпанымен қосуға арналған қазбалар шоғырын - оқпан албары деп атайды. Оқпан албарынан барлық шақтыдан шығарылатын және жер бетiнен түсiрiлетiн жүктер өтедi. Сондықтан оқпан албары жүк алмастыруға ыңғайлы болуы керек. Оқпан албарындағы көп қоймалар су тартуға, транспорттарды даярлауға т.б жағдайларға қолданылады. Ашу жүйесiн таңдағанда, оқпан албарын тұрақты жыныстардың арасында орналасуын қарастыру керек. Оқпан албарының жүк тасу мүмкiншiлiгi, шақтының жылдық өнiмiне сай болуы керек. Оқпан албарындағы рельс жолдары жүк жүру бағыттарына сай қылып өткізiледi. Оқпан албарындағы қазбалардың аумақтары оқпандардың орналасуына, көтергiш құбырлардың түрiне, ашу жүйесiне, тақталардың жатыс жағдайына, жер бетiндегi темiр жолдардың орналасуына байланысты жасалуы керек. 1.25-суретте, оқпан албарының, пайдалы қазбаны тiк оқпанмен ашқандағы орналасуы көрсетiлген. Оқпан албарындағы барлық камераларда, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес, өздерiнiң атқаратын жұмыстары болады. Мысалы, шақтыны тосыннан су басып кетпеу үшiн, насосты камераларға, электр станцияларына үш жүрiс жолдары өткізiледi. Оның бiреуi шақты оқпанына, камерадан жоғары 7 м биiктiкте қосылады, ал басқалары, тығыз жiктi есiктермен жабдықталып, оқпан албарына шығады. Орталық электр станциясының камерасы және басты су шығаратын камералар, оқпан албарындағы рельстерден 0,5 м жоғары орналасуы керек. Насос камерасынан 5,5 м төмен су жинағыш (шұңқыр) жасалынады, барлық шақтыдан шығатын су осында жиналады. Су жинағыш екеу болады, олар кезек-кезек жиналған, ластанған суларды тазалап тұрады. Басты су жинағыш камерасы 4 сағат бойындағы суды жинауға есептелiнедi.
Қауiпсiздiк ережесi бойынша, шақтының әр горизонтында өрт сөндiргiш поезд және өрт сөндiруге керек материалдар сақталынатын қойма болуы керек. Поезд және қойма оқпан албарында орналасуы керек. Қосалқы оқпанға келетiн қазбалар, өрт жiбермес есiктермен қамтамасыз етiледi. Көп шақтыларда жүк тасуда аккумляторлы электровоздар қолданылады, сондықтан аккумуляторды зарядтайтын станциялар және оларды жөндеу шеберханасы салынуы керек. Кеншiлер жұмыстан кейiн қырға шығу үшiн аялдама камерасына жиналады. Егерде шақтыда iстейтiн кеншiлердiң саны 500 ден асса, онда медпункт ашылады. Жүктер тасылған және шоғырланған жерiнде диспетчер бөлiмi болу керек.
1.25 – сурет. Оқпан албары: 1 – скипті оқпан; 2 – клетті оқпан; 3 – ЖЗ қоймасы; 4 – ЖЗ қоймасын желдететін түйіліспе; 5 – зарядтау камерасы; 6 – жөндеу шеберханасы; 7 – электртасымалдаушы тұратын жер; 8 –
алмастыру станциясы; 9 – жыныстар түсіретін шұңқыр; 10 – көмір түсіретін шұңқыр; 11 –
медпункт; 12 – туалет; 13, 14 – орталық электрстанциялары; 15 – су жүретін жүрісжол;
16 – кеншілердің поезға мінетін жері; 17 – насос станциясы
2 Тау-кен қазбаларын Өткізу
2.1 Жеке дара қазбаның айналасындағы тұтас жыныстардың кернеулі-деформациялық күйі жөнінде деректер
Бұзылмаған тұтас ортадағы жерасты тау-кен жыныстары жоғары жатқан жыныс қалыңдықтары салмағынан қысым көредi. Жер бетiнен (Н) тереңдiкте жатқан жыныстың әрбiр бөлшегiнiң бетiне түсетiн қысым (Р) тең: Р = Н, мұнда - жыныстар тығыздығы, т/м3.
Жыныс бөлшегiнiң деформациялуына қоршап тұрған жыныс массиві кедергi болуына байланысты бүйiр беттері (Р) күшiне қарсы қысым әсерінде болғандықтан, олар жан-жақты қысым жағдайына ұшырайды.
Тұтас жыныстарының кернеулі тепе-теңдік жағдайы қазбалар өткізіле бастағаннан бастап бұзылады. Қазба маңында кернеулердің қайта таралып бөлінісі басталады. 2.1-суретте дөңгелек қазба кесiндiсiнде серпімді фото әдiсiмен түсiрiлiп алынған басты тангенциал кернеулерінiң изосызықтары көрсетiлген. Күш сызықтарының қоюланған жерлерi кернеу шоғырланысын көрсетедi. Қазба бөлiктерінің, төбе мен табаны жағынан қауiптi созылу кернеуi пайда болады. Егер кернеу шоғыры жыныстың берiктiгiнен асып кетсе, онда ол жыныстардың күйреуіне әкеп соғады. Қазбаны қоршаған жыныстар күйреуі әртүрлi болуы мүмкiн. Бiрінші жағдайларда жыныстар шытынап жарылып барып, кесек болып бөлiнiп түседi. Басқа жағдайлардағы, деформациялану жыныстардың қазба iшiне пластикалық сығылуы түрінде болады. Қазба маңайында күйреу зонасы пайда болады, оның әсерi жыныс қойнауына тереңдеген сайын әлсiрей бастайды.
2.1- сурет. Дөңгелек қиықты қазбаның маңайындағы, серпiндi ортадағы кернеудiң тангенциалды және негiзгi сызықтары
Жыныс формасының өзгеруi мен оның жылжуы, қазба өткізу кезінде кернеу тепе-теңдiгінің бұзылып, тау қысымының пайда болғанын көрсетедi. Қазбаны қоршаған жыныстардағы тiреуге, кен дiңгегiне, массивке әсер етіп тұрған күштi тау-кен қысымы деп атайды.
