- •1Педагогика ғылым ретінде.
- •2Педагогика ғылымының пәні, қызметі, міндеттері және
- •4Педагогикадағы жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік бағыттар. ???
- •16Өзін-өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, оқыту және даму.?? Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
- •17Педагогикалық процестің тұтастығы.???
- •29Әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде оқушылар ұжымы ұғымы мен оның мәні.
- •32Тұтас педагогикалық процестегі оқыту. 33Оқыту концепциялары. 34Дидактиканың методологиялық негіздері. 35Дидактиканың жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік бағыттары.??
- •36Оқыту заңдылықтары мен принциптері. 37Оқыту мазмұны. 38Оқыту әдістері мен құралдары.
- •39Оқытуды ұйымдастыру формалары. 40Оқушының оқу іс-әрекетін бақылау, бағалау және диагностикалалау.
- •9Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-педагогикалық білім беру жүйесінің нормативтік құжаттары.
32Тұтас педагогикалық процестегі оқыту. 33Оқыту концепциялары. 34Дидактиканың методологиялық негіздері. 35Дидактиканың жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік бағыттары.??
36Оқыту заңдылықтары мен принциптері. 37Оқыту мазмұны. 38Оқыту әдістері мен құралдары.
39Оқытуды ұйымдастыру формалары. 40Оқушының оқу іс-әрекетін бақылау, бағалау және диагностикалалау.
Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады.
Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.
В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру.
Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.
Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.
Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияңты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары мұғалімнің түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады.
Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ережелер арқылы жүзеге асады.
3. Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондьщтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:
• педагогиканың, психологияның, озың тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбектіғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;
• индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану;
• жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау;
• ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру;
• жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу;
• оқушыларды көрнекті ғалымдардық өмірі және қызметімен таныстыру;
• жаңа ғылыми терминологияны қолдану;
• оқушыларды ғылым жетістштершен таныстырып отыру;
• оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
• тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау;
• оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру;
• жалған сөйлемеу.
4. Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Шарттары:
• оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;
• оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау;
• пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану;
• оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету;
• бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру;
• өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру;
• материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу;
• оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау;
• баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу;
• оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу;
• жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету;
• бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру;
• пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын өткізу;
• оқушылардың қателерін әдеппен түзету;
• оқушыны өз қатесін талдауға үйрету;
• оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу;
• баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру;
• жүйелі білім есте жақсы сақталады.
5. Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары:
• жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу;
• түсінікті етіп оқыту;
• танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану;
• талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану;
• аналогияны жиі қолдану;
• бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау;
• оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру;
• оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену;
• оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу;
• белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру;
• ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар;
• оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту;
• әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу;
• тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз;
• сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту;
• оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету;
• әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару;
• оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу;
• "Неге?" деген сұрақты көп өойып, оқушыны дамыту;
• дәйекті дәлелдермен оқыту;
• дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану;
• оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту;
• білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту;
• баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету;
• түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру;
• оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау;
• зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды өз бетмен меңгерулеріне жағдай жасау;
• дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.
6. Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.
Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудық өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысы-ның жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Шарттары:
• мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту;
• "Білім — өмір" байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетіну мәліметтерін қолдану;
• балаларға қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру;
• оқушыларды өз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны қолдану;
• оқушының әрбір сабақта өз жұмысының маңызын түсінуі.
• мектептің өндіріспен байланысын қолдану. "Оқу пәні өндіріс" байланысына бағыт беру, бақылау;
• оқушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін өмірден алынған мәліметтермен толықтыру;
• аймақтың сүранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу;
• Мәселелік - ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудық басты құралы;
• еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, мұғалімнің еңбектегі үлгі-өнегесі;
• қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті оқушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыруу, сұрақтар қою, көп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру;
• қоғамдьщ пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс - оқытудық өмірмен байланысын жүзеге асырудық маңызды жолдарының бірі;
• еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу;
• оқушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа жұмыстар беру;
• балаларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу;
• балалардың бастамашылығын мақұлдау, егер мүмкіндік болса "Жас өнертапқыштар" сайысын өткізу;
• әр оқушыны оған ұнайтын ғылым, техника, өнер салаларынан өз бетімен білім алуға ынталандыру;
• ақыл-ойіс-әрекетін тәжірибе мен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.
7. Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары:
• балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
• оқытудық алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дөмін таттыру;
• көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;
• оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру;
• көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;
• көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі;
• оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату;
• көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;
• көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;
• көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
• балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол;
• қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;
• көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
• көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;
• балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;
• надты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың көрнекі құралдарды қолдану.
Көрнекілік түрлері:
Табиғи көрнекі лік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.
Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.
Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).
Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.
Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б.
Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.
Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады.
8. Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.
Шарттары:
• қазіргі оқытуда естен гөрі ақыл-ойға баса назар аударылады. Сондықтан оқушылардың күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді;
• дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нерселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Бала тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде сақтау керек;
• әр түрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету;
• есте сақталу керек материалдар өте көп болмау керек, мұғалімнің қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы;
• оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты және жиілігі үмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді;
• жаңа материалды оқып болған соң қайталауды көп жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды;
• әр оқушыны өз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу;
• қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалды оқып-үйренуді бастамау;
• оқу материалын жүйемен беру;
• егер оқыту қарңыны төмендесе, онда бірден себебін анықтау. Көп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың төмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру;
• тіке тапсырмалар және нұсқауларды көп бермеу. Балаларды ақыл-кеңесті тыңдауға үйрету. Өте қызықтысын салмақтап айтықыз. Әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жөн;
• өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Өзара оқыту мұғалім қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады;
• оқушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға көмектесетін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану;
• баланың жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды;
• қайталау және бекіту кезінде оқушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды нақтылау;
• оқыту қисындылығын қадағалау.
• оқушының оқу материалына деген он көз қарасын қалыптастыру;
• жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу;
• оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау;
9. Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін өуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, бел-гісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.
Шарттары:
• оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бөлу;
• баланың ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу керек екенін ұмытпау;
• баланың дайындығын, дамуын және мүмкіндігін ескере отырып оқыту. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу және ескеру;
• балаларды оқыту арқылы дамыту;
• мүмкіндіктері бірдей оқушыларды біріктіру;
• жақсы оқушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар оқушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету;
• оқытудық қарңынын белгілеп, керек жағдайда өзгерту;
• ұқсатуды, салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең қолдану;
• жаңа және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын оқушыларды, бекітуге оқу үлгерімі нашар оқушыларды қатыстыру;
• өте асықпау!
• оқушыға келген ойды танымның соқы емес, басы деп түсіну;
• түсініктілік мұғалімнің аньщ түсіндіруіне және тіліне байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап өмірден, әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды сөйлемеу;
• монологты ұзаққа созбау, мұғалім іс-әрекеті мен оқушы іс-ерекетін анықтап алу. Балалардың түсінігіне жеңіл оқу материалдарын өз бетімен оқуға беру;
• оқытудық алғаш сәтінде барлық білімді емес, тек негізгілерін беріп, бекітуге жаңа мысалдар, фактілер алып, жаңа білімді нақтыландыру;
• оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару;
• оқушылардың оқу жұмысын жеңілдете бермеу, олардың өз бетімен оқуына, оқу материалынталдауына көмектесу, бағыт беру;
• түсініктілік баланың жұмыс қабілетімен байланысты, сондықтан баланы жұмыс істеуге үйрету.
10). Ынталандыру принципі
Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.
Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:
1. Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.
2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше.
3. Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.
4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін аньщтаудық маңызы зор.
5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.
6. Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.
7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.
8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.
9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.
10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.
11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.
Ынталандыру принципінің шарттары:
• жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану;
• ділгірлік оқыту;
• компьютерлік технологияны қолдану;
• интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану;
• өзара оқыту (жұптық, топтық);
• білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру;
• сыныпта жағымды микроклимат жасау;
• мұғалімнің өз пөніне, оқушыларға оң көзқарасы;
• оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету;
• білімнің оны ашқан адамдардық тағдырымен байланысы;
• оқыту нысандарын және әдістерін тұрлендіру.
11. Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.
Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.
Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек.
Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекше.
Ізгілендіру принципінің шарттары:
• оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау;
• оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау;
• үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;
• баланың өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру;
• қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою;
• жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу;
• баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талапта қою;
• оқушының табысына шынайы түрде қуану;
• баланың көңіл-күйін ескеру;
• баланың дене кемістігін сөз етпеу;
• баланың өздігін баспау;
• балаларды басқа балалармен салыстырмау;
• баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау.
12. Мәселелік принцип - оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип - оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудық басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.
13. Интеграциялау принципі
Бұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен әстетика, т.б. өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардық арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше.
Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру шарттарын қарастырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен қолдануға болмайды. Мұғалімнің алдымен бір принцип талабын, содан кейін басқасын орындаймын деуіне болмайды.
Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және көмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады.
41Білім беру жүйесін басқару. 42Оқу-тәрбие процесін демократизациялау мен гуманизациялау. 44ҚР білім беру жүйесін дамыту тенденциялары. 45Біліктілікті арттыру институттары мене жоғары оқу орындарында мамандарды дайындау және қайта дайындау мазмұны. 46Заманауи білім беру жүйесі – «оқытудағы инновация».
47Қазақстандағы заманауи педагогикалық зерттеулер бағыттары. 48Білім беру жүйесіндегі интеграция Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi.
Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Білім беру мазмұны — оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.
Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2. Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3. Білім берудің зайырлы сипаты;
4. Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5. Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
6. Білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7. Білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8. Білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9. Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11. Білім беру жүйесін ақпараттандыру;
12. Оқу мен тәрбиенің бірлігі;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
. 49Боландық процесс.
Бөлім 2. Әлеуметтік педагогика
1Әлеуметтік педагогика ғылым және практикалық іс-әрекет сферасы ретінде. 2Әлеуметтік педагогика категориялары: әлеуметтену, тәрбие, әлеуметтік тәрбие. 3Әлеуметтік педагогика қағидалары.4 Әлеуметтік педагогикалық зерттеулердің пәнін анықтаудың әдіснамалықмәселелері. 5Әлеуметтік педагогиканың категориялық-түсініктік аппаратын анықтаудың әдіснамалық мәселелері.
6Әлеуметтік педагогикалық үдеріс туралы түсінік, оның мәні мен мазмұны. 7Әлеуметтік педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері туралы жалпы түсінік.
Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде адамның бүкіл өмірі барысында жүзеге асырылатын әлеуметтік тәрбиесін қарастырады. Барлық ғылымдар саласы секiлдi әлеуметтiк педагогика да өзiндiк ұғымдар мен түсiнiктерге және ғылыми категорияларға ие. Олар әлеуметтену, әлеуметтiк оқу, әлеуметтiк тәрбие, әлеуметтiк iс-әрекет, әлеуметтiк-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтену процесi және т.б.
«Әлеуметтiк» деген сөз латын тiлiнен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны бiлдiредi, яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi. Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады.
Әлеуметтiк педагогикада екi бағыт байқалады: әлеуметтiк және тұлғалық.
Бiрiншi бағыт мемлекет пен қоғамның өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жалпы ықпал етуi арқылы анықталады. Бұл - социопедагогика деп аталады, ал тар мағынада - адамның тұлғасын қалыптастыру процесiне өмiр сүру ортасының ықпалы - орта педагогикасы болып саналады.
Әлеуметтік педагогиканың мәселелерi П. Наторп, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, Дж. Дьюи, Г. Кершенштейнер, Р. Зейдель, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, Б. Р. Лихачев, В. Д. Семенов және т.б. еңбектерiнде теориялық тұрғыдан зерттелдi.
Әлеуметтiк педагогиканың тұлғалық бағыттары Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо, Ф. Ницше және т.б. философиялық көзқарастары арнасында қарастырылған. Аталмыш бағыттың бастауы – «даралық» педагогикасы болып саналады. XIX ғасырдың екiншi жартысында адамнан
жоғарыны қалыптастыру концепциясы пайда болды. (Ф. Ницше) Бұл бағыт педагогтар алдына адамның өзi үшiн тәрбиелеу мәселесiн шешудi мiндет еттi.
Тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуы оның табиғат заңдары бойынша дамитын әлеуметтiк жан ретiнде, әрi әлеуметтiк орта, қоғам, индивидтiң белгiлi бiр ықпал ету қабiлеттiлiктерiн ескеру негiзiнде тәрбиеленедi деген тұжырым бередi.
Адамның әлеуметтiк өзiндiк дамуы өте күрделi процесс, дегенмен әлеуметтiк даму жағдайлары, бағыттары және қарқындылығы өзгерiс үстiнде болады.
Сонымен, әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары: әлеуметтену, әлеуметтену процесi, әлеуметтік оқу, әлеуметтік тәрбие, педагогикалық іс-әрекет, әлеуметтік-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтендіру, әлеуметтендіру факторлары, әлеумет (социум), микроәлеумет, әлеуметтік институт, теріс әлеуметтендіру (деәлеуметтендіру) институттары, әлеуметтік рөл, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік құлдырау, педагогикалық құлдырау, балалықты қорғау, бала құқығы, қамқорлыққа алу, қорғаншылық жасау, жетімдік, балаларға деген қатігездік қатынас, әлеуметтік жұмыс, қайырымдылық әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік кеңес беру, отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясы және т.б.
Педагогика ғылымы «жеке адам», «даму», «әрекет», «әлеуметтендіру», «қоғам» деген секілді көптеген басқа пәндер түсініктерін де қолданады. Оны педагогика ғылымының кірме түсініктері деп айтамыз. Ал педагогика ғылымының төл ұғымдары «білім беру», «оқыту», «тәрбиелеу» категориялары болып табылатындығын бiлемiз. Енді осы ұғымдардан әлеуметтік педагогиканың негізгі түсініктерін ажыратып көрсетейік.
Түсінік - бұл шындықты танып-білу процесінің санамызда бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Ғылыми түсінік бірден қалыптаспайды. Түсініктің мәнін анықтау үшін оның белгілерін ажыратып алу қажет.
Сонымен қатар, негiзгi ұғымдар деп тек сол ғылымға тән түсiнiктердi айтамыз. Кез келген жаңа ғылым саласы өзiнiң негiзгi түсiнiктерiнен туындайтын жаңа түсiнiктерге ие болады. Әлеуметтiк педагогиканың түсiнiктерi педагогика ғылымының түсiнiктерiнен туындайды, олай болса әлеуметтiк педагогика пәнiнiң өзi ғылыми педагогиканың бiр саласы ретiнде көптеген зерттеу объектiсi жеке адамның қалыптасуы болып табылатын басқа ғылымдармен тығыз байланыста болады. Оны төмендегі 1-схема мынадай түрiнде көрсетуге болады:
Тұжырым:
1Әлеуметтік тәрбиенің мақсаты адамзат қоғамының барлық кезеңiнде адамды өзi өмiр сүрiп отырған қоғамының талаптарына сай етiп қалыптастыруды көздеген.
Әлеуметтік педагогика ғылдымының негізгі категориялары педагогика ғылымы категорияларынан келіп туындайды, сонымен қатар олар да қоғамдық категория болып табылады. Өйткенi әртүрлi қоғамдық талаптарға сай берiлген анықтамалар мазмұны бiрдей емес. Бұдан байқайтынымыз, қоғамның мақсаты тәрбиенiң, тұлғаны қоғам талабына сай етіп қалыптастырудың мақсатымен сәйкес сабақтасып отырады.
Тәрбие үздiксiз және үзiлiссiз процесс болғандықтан, тұлғаны қоғам талабына сай әлеуметтендіру үрдісі де үздіксіз әрі үзіліссіз процес болып табылады.
8Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңарту мен дамытудың қазіргі кезеңдегі стратегиясы. Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.
Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.
Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар:
макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады;
зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.
Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың – азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осында. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.
Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) болуы тиіс.
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.
