Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
спс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.72 Кб
Скачать

4Педагогикадағы жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік бағыттар. ???

5Педагогикалық зерттеулер әдістері мен логикасы. Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.

Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.

Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.

Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.

Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.

Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.

Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.

Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.

Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.

Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.

Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында.

Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді.

Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді.

Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.

Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мəнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.

Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.

Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.

6Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістеріне жалпы сипаттама: педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, математикалық. Кейінгі жылдары білім беру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі едәуір өсті. Білім беру ошақтарындағы педагогтар мен басшылар зерттеу-іздену жұмыстарының жаңа функциясын батыл түрде барлық кезеңдерін іске асыруға тырысуда, ал педагогикалық ізденіс педагогтер үшін кәсіптік қызметтің басты бағыттарының бірі болды. Педагогтердің мақсатқа бағытталған зерттеушілік қызметін жасау қажеттігі соңғы он жылда, яғни зерттеу міндеттері тек қана педагогтың құқығы ғана емес, сонымен қатар оның кәсіби міндеті екендігі қарала бастады. Зерттеушілік қызметі субъектінің ғылыми методологияға негізделген білім алу процесі кезінде жаңа, ғылыми білімді өз бойына сіңіруі деп қаралады. Кәсіби қызмет педагог үшін құнсыз, егерде ол бір кездері меңгерілген кәсіби тәсілдер арқылы құрылған жағдайда. Мұндай қызмет тек қана ондағы білімнің биік нәтижесіне жеткізетін объективті мүмкіндіктердің қолданылмауында ғана емес, ол педагогтың өзінің жеке-дара өсуіне де еш пайдасын әкелмейтін құнсыз болып есептеледі. Алайда біздің тәжірелер мен В.И.Боголовский, В.И.Загвязинский, И.А.Зимний, Н.М.Новиков, Н.М.Яковлевтің арнайы зерттеулерде, педагогтер комплексті зерттеу жұмыстарында қиыншылықтардың болатынын және көптеген жағдайларда зерттеу қызметтеріне дайындықтың аздығын көрсетеді. Мұны білім беру мекемелерінің басшыларының берген бағасы да, педагогтардың өзін-өзі бағалауы да растайды. Мұндай жағдайлардың орын алуы жоғарғы оқу орындарындағы болашақ педагогтарда өткізілетін практикалардың кәсіби деңгейде өткізілмеуінен, яғни білім алушылардың зерттеушілік құзырлығын дамытатын, зерттеу жұмысын орындауға жағдайдың жасалмауынан болады. Қазіргі таңда болашақ педагогтарды зерттеу жұмыстарына дайындаудың әр түрлі қырына арналған бөлек зерттеулер жасалуда, алайда олар ғылыми базаны зерттеу қызметінің жалпы дамуын, кәсіби зерттеу жұмыстарын жасауда өзіндік шешімге келуге толықтай жар

амды болуын қамтамасыз етпейді [1].

Зерттеу әдістері – обьективті шындықты көру,танып білу. Педагогика дамуындағы негізгі фактор оның үнемі толықтырылып отырылуында және зерттеу әдістерінің нақтылығында. Педагогика ғылымының жаңа тәсілдермен толықтырылуы басқа ғылымдармен тығыз байланысының арқасында. Зерттеу жұмыстарының педагогикамен байланысы үнемі, жоғары қарқынмен дамуда. XVIII ғасырдан бастап педагогика ғылымының мазмұны практикалық бақылау нәтижесінде теориялық тұжырымдармен толықты. Сол уақыттағы педагогикалық практиканың маңызды тұлғалары: Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, А.Н.Толстой, П.П.Бионский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий және т.б. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық тәжірибелер XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. XXғ басында-ақ педагогикалық эксперимент термині өзінің нақты мәнін алды және кең таралды. Эксперименттік педагогиканың атақты тұлғалары немістің және американың ғалымдары: В.Лай және Э.Мейман, С.Холл,Э.Торндайх болды.

Зерттеу процесінде нақты мәліметтерді алу үшін олар талапқа сай болуы керек. Онда көбінесе философия қарастыратын зерттелетін құбылыстардың мәнін түсіну қарастырылады.

Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес. Мәліметтердің өзгеруіне және эксперименттік жұмыстың шартының өзгеруіне байланысты нәтиже де әр түрлі болады. Эксперимент жүргізу үшін бір кішкене ғана компонентті өзгерткен жөн және сол кезде алынатын мәлімет бірден өзгереді. Бұл жағдайда алынатын мәліметтердің дұрыстығы, зерттеу жұмыстарының саны мен алынған нәтижеге байланысты. Педагогикада зерттеу жұмыстарын жүргізгенде эксперимент обьектісінің моральді – этикалық ережелерін қатаң ұстанған жөн. Педагогикалық процесс кезінде адам денсаулығына зиян келтірмеу және оқушылардың дамуын жақсылап ойластырып, жоспармен жұмыс жасаған дұрыс.

Қазіргі кезде педагогикалық зерттеу жұмыстарының үлкен жүйесі бар, оларға: педагогикалық бақылау,зерттеу сұхбаты,педагогикалық эксперимент,математикалық статистика,педагогикалық ойлардың теориялық анализі және т.б. жатады.

Педагогикалық бақылау – зерттеудің қарапайым, тиімді әрі бәрінің қолынан келетін әдіс болып табылады. Мұндай әдісті іске асырғанда зерттеу обьектісіне бақылаудың нәтижелері нақты мәліметтермен толығады. Бақылау әдісі системалық, организациялық және массалық қолданылуы эффективті болуы мүмкін және де басқа әдістермен педагогикалық зерттеу жүргізгенде араластыру қажет болады.

Педагогикалық сұхбат педагогикалық зерттеулердің қосымша бір әдісі болып есептеледі. Арнайы бағытталған сұхбат екі жақтың араласуымен болатын педагогикалық әсер ету фактысы болып табылады. Дұрыс нақты ойластырылған сұрақтың мазмұны оқушының белсенді қызығушылығының пайда болуына, көңіл күйіне байланысты ашылуына, мүғалімнің әдеби шығармашылығына қатынасын білдіреді. Толық және нақты ақпаратты алу үшін педагогикалық сұхбат ережелерге бағынып және арнайы маманның қатысуымен болады. Сұхбат алудың басқалардан айырмашылығы жоқ, ол зерттеу обьектісінің жеке ерекшеліктеріне түзету жүргізеді, түзету жүргізу үшін ұсынылған сұрақтардың ситуацияға және әңгімелесушінің қызығушылығына байланысты сұхбат процесін түрлендіретін, берілген тақырыпты талқылайтын алдын – ала ойластырылған жоспары болуы қажет. Сұхбаттасушының ойы мен фактілерінде шынайы сенімділіктің жоқтығына байланысты педагогикалық сұхбат мәліметтерді алудың көзі емес, ақпаратты жеткізгенде әр уақытта жетістікке жете бермейді

Педагогикалық зерттеудің социологиялық әдісіне анкета, рейтинг, бағалаудың компонентті әдістері жатады. Бұл әдістер өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, анкета әдісі арқылы аз уақыт ішіндекөп адамға салыстырмалы түрде сұрақ-жауап жүргізе алады және түсіндіріледі, қысқа уақыт ішінде комплексті анализ жүргізіледі. Рейтинг – бұл педагогикалық тәжірибедегі көріністің көріністің және осы немесе өзгеде процестердің сынақталған бағасы. Рейтингке жақын компоненттік баға түсінігі компонентті жақтармен, яғни педагогтар мен оқу материалдарын қабылдау, шығармашылық таныту баға тәртібін ұсынады.

Педагогикалық тест – қазіргі кезде оқу орындарында кең тараған. Бұл тестті екі бағытқа бөлуге болады: жылдамдығын анықтау және күштілігін анықтау. Бірінші жағдайда, тестілеу уақыты шектеулі және бұл тест жұмысында оқушылардың ситуациялардан шығуы, бір тақырыптан екінші тақырыпқа өтуі, бір уақытта ойлаудың бірнеше тәсілдерін қолдана білу мүмкіндігі қолданылады. Ал күштілігін анықтауда өте көп уақыт беріледі, тереңдігі анықталады, ал жылдамдықтың әсері жоқ.

Математикалық статистиканың әдістері – сандық анализдегі мәліметтерді жинауға қолданылады. Осы әдістің көмегімен әртүрлі көрсеткіштердің пайыздық үйлесімділігін анықтауға болады. Педагогикалық қызметтің анықталған жақтарын дамытуға осы негізде шара қолданылады. Сандық және математикалық әдіс педагогикада болжау, модельдеу және педагогикалық процестердің компьютерлеу аппараты болып табылады.

Жасалған жүйенің мақсатын жобалауда, біз, ең алдымен, психиканың негізгі функционалдық жүйесі ретінде және сонымен қатар адамның барлық қасиетімен байланысты өзінің қызметінде эффективті субъект болуын қамтамасыз ететін жүйе ретінде қарастырып, «зерттеу біліктілігі» деген түсінікті нақтыладық. А. Леонтьевтің жасаған үлгісін қорытындылай келе, біз осындай қасиеттердің төрт тобын анықтадық – зерттеудің құзырлық компонеттері: когнитивті, мотивациялық, бағдарлы, операциялық.

Когнитивті компонент педагогтарға өздерінің кәсіби қызметінің зерттеу жұмыстарын шешу үшін қажетті түсініктер мен білімдер жиынтығы ретінде қаралады.

Мотивациялық компонент – бұл зерттеу жұмысының жалпыға емес, ал нақты адам үшін жасалатыны туралы ой.

Бағдарлы компонент – белгілі бір білімдегі және белгілі жағдайға сәйкес алынатын образды құру кезіндегі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін білімдердің жиынтығы.

7Бала тұлғасы тәрбие объектісі және субъектісі. 8Тұлға туралы түсінік. Тұлғаның дамуы, оның қозғаушы күштері мен заңдылықтары. 9Тұлға дамуындағы іс-әрекет және қарым-қатынас. 10Тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар. 11 Педагогикалық ойлар тарихындағы тұлғаның даму мен қалыптасуының теориялары. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттерінің айқын және спецификациялық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекеттіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары даралық деген ұғыммен толтырылуы қажет.

Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.

Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – индивид. Бұл сөз латын сөзінен алынған және оның қазақша баламасы – жекелік. Индивид – адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілменген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам – индивид. Психологияда жеке тұлға деген ұғымға мынандай анықтама береді:

Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетттердің субъектісі ретіндегі индивид.

Жеке тұлғаның басты белгісі – оның әлеуметтік менінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруды.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.

Жеке тұлғаның дамуы.

Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәлесінің көп ғасырлық тарихы бар.Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттерданский, А.Я. Коменский, К.А. Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, Л.Д. Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд; Д.Дью, Э.Торндайк, Н.К Крупская, Б.Б. Блонский, А.С. Макаренко, Л.С. Выготский, Э.И. Моносзон, Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. Давыдов т.б.)

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.

Тұлғаның дамуы дегеніміз – адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жеке жүйесі мен психикалық дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі оның дүние танымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланыстық процес.

Сонымен адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыты – биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

Жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына әсер ететін факторлар.

Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар мыналар:

Тұқым қуалаушылық.

Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).

Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.

Тұлғаның іс-әрекеті

Американдық психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуашылық ғана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтарының сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі. Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттілігі нышанының берілуін айтамыз.

Ата-аналарынан балаларына тұқым қуашылық арқылы:

― дене бітімінің ерекшеліктері;

― шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;

― қан тобы, резурс-фактор;

― бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық

процестердің өту ерекшеліктері;

― қан аурулары, қат диабеті, кейбір эндокриндік бұзушылықтар;

― кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.

Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырылады. Орта деп бізді айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.

Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсуіне айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.

Әлеуметтік орта сол орта үшін құңды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттермен, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.

Тұқым қуалаушылық пен ортаның адамға ықпалы мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие арқылы түзетіледі. Тәрбиенің тиімділігі оның мақөсаты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан – ақ тақта сияқты таптаза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.

В.Г. Белинский тұжырымдауынша, өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазы құралына және сол тақтаның өз саласынан байланысты деп жазды. Мұнда ол тәрбиенің ролін аса дәріптеді.

Тәрбиенің тиімділігі оның мақсатты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

Іс-әрекет деп адамның бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің барлығын айтады. Адамның өз қолымен жасап көрмеген іс-әрекетті оның санасында із қалдырмайтын.

Іс-әрекет бағыттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

– танымдық іс-әрекет;

– қоғамдық іс-әрекет;

– спорттық іс-әрекет;

– көркем өнерлік іс-әрекет;

– техникалық іс-әрекет;

– қолөнерлік іс-әрекет;

– гедоникалық іс-әрекет.

Жеке тұлға туралы теориялар.

Жеке тұлға теориясы – бұл адам бойынша болатын ойлар мен гипотезалар жиынтығы.

Бұл теорияны негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын-ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді.

Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (1856-1939 ж.ж.) психодинамикалық теориясы адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы негізделген.

Жеке тұлғаның Эго теориясы (Эрик Эриксон). Бұл теория бойынша, қоғамға және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе-теңдік теориясына негізделген.

Эриксон теориясының артықшылығы – биологиялық жетілу жолдарының адам өмірінің барлық кезеңінде толастамайтынын, оның философиялық, психологиялық, тарихи, ғылыми, т.б. Әлеуметтік үрдістермен байланыстылығын анықтайды.

Джулиана Роттердің әлеуметтік – ілім теориясы. Әлеуметтік ілім теориясын Джулиана Роттер қоршаған ортаны зерттеу арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас түрлерінің әлеуметтік әсерін қабылдаудың нәтижесі деп түсіндіреді.

Альберт Бандураның әлеуметтік-когнитивтік теориясы. Бұл теория өзара детерминизмге негізделген. Ол жеке тұлғаның және әрбір адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі өзгерістің ауытқу ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл теория бойынша мінез-құлық реакциясы мен айналадағылардың дамуы, ортамен бсыпайы түрде қарым-қатынас жасауға негізделген.

Джорж Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967).

Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы ол қоршаған ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның мінезін айқындайды. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады.

Карл Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы (1902-1987 ж.ж.). Бұл теорияның авторлары феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады деген.Субъективтік әлем – оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде болмасын түсіне білуі Роджерс субъективтік қабылдау немесе адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.

Жеке іс-қимыл теориясы. Іс-қимыл теориясы кәсіптік даму үрдісінің методологиялық негізі болып есептеледі. Ол субъектінің белсенділігін туғызатын, және сол белсенділік арқылы дамудың арнаулы жағдайын айқындайды.

Іс-әрекет белсенді және енжар болуы мүмкін.

Дамудың қозғаушы күші қайшылықтардың күресі болып табылады. Қайшылықтың түрлері: Ішкі қайшылықтар, сыртқы қайшылықтар, жалпы қайшылықтар, жеке-дара қайшылықтар.

Ішкі қайшылықтар адам «өзімен өзі келіспеген» жағдайда, өзінің бойында бар тұлғалық қасиеттер мен қабілеттерге көңілі толмай, сапалық жағынан жаңа қасиеттер мен қабілеттерге ұмтылған жағдайда пайда болады. Негізгі ішкі қайшылықтардың біріне адамда пайда болған жаңа мұқтаждық пен оны қанағаттандыру мүмкіндігінің арасындағы қайшылық болып табылады. Мысалы, оқушының пән олимпиадасына қатысуға ұмтылуға мен оның осы пәнге қатысты ғылым саласынан нақты білімінің, білігі мен шығармашылық ойлау деңгейінің арасындағы қайшылық.

Жалпы қайшылықтарға адамдарда объективті факторлар әсерінен пайда болатын мұқтаждықтар мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар жатады.

Жеке дара қайшылықтар тек жеке дара алынған адамға ғана тән болып келеді.

Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады.

Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т. б.) қалыптасады.

Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен толтырылған сауыт емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтымақтығымен тұтандыру керек. Демек жеткіншектер тек айналадағы дуниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.

11 Педагогикалық ойлар тарихындағы тұлғаның даму мен қалыптасуының теориялары. 12Тәрбие тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторы ретінде. Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің жалпы мақсаты барлық азаматтардың бойында сапалық құндылықтардың, ал жеке мақсаты - жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие мақсатының алуан түрлі болуына қарай, соған сәйкес оның жүйесі жасалынады.

Тәрбиенің мақсатына обьективті себептер ықпал етеді, олар: адамның физиологиялық жетілуі мен психикалық дамуы, философия мен педагогика ғылымның жетістіктері, әлеуметтік ортаның қоғам мүддесіне қарай, үнемі өзгеріп отыруы.

Қоғамның мәдени деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын анықтап отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның нақты тарихи сипатына қарай өзгеріп отырады.

Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның обьективті даму заңдылықтарына сүйену керек.

Гуманистік педагогика баланың білімге қызығушылығын оятуды ең басты мәселе деп қарайды. Сондықтан да, тәрбиеленушінің өз ынта-ықыласымен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай, тәрбиелік мақсатты екіге бөлуге болады; бірінші қоғам алдындағы жалпы жоғары мұрат (идеал) және екінші, көкейтесті мақсат - жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.

Тәрбиенің обьектісі - тұлға болса, ұстаз оларды дамыту үшін оларға тәрбие субьектісі ретінде қарап, олардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастырып, басшылық жасауы қажет. Тәрбиенің барлық түрі біртұтас педагогикалық процесс шеңберінде қарастырылады (Н.Д.Хмель).

Тәрбиенің мақсаты - жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.

Осыған байланысты тәрбиеге қойылатын негізгі мақсаттар мынадай:

- жеке тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын дұрыс қалыптастыру;

- жеке тұлғаның даралық және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерінің байланыстарын шешуді талап етеді. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мазмұны, тәрбие әдістері мен құралдары, формалары бірімен-бірі тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.

Мұғалімнің іс-әрекет обьектісі – педагогикалық процесс. Педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементарлық бірлігі - бастапқы абстракция болып қалыптасудың қас-қағым сәті “педагогикалық ситуация” болады.

Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән көпқырлы болады, оның нақты бір қырына көңіл бөлу қажет, мысалы, оның орны, өтетін уақыты, себеп-салдары, пайда болу жағдайы, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психо-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілі айқындалып, қас-қағым сәттегі педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысының дамуын көруге мүмкіндік туады.

Педагогикалық процесте “ұстаз – оқушылар”, “оқушы – оқушы”, “сынып оқушылары – сынып ұстаздары” жүйесі қызмет етеді. Мектептің педагогикалық процесі – “мектеп – оқушылар” жүйесінің өмір сүру қызметінен тұрады.

Мектеп педагогикалық процесі көп деңгейлі және көп құрылымдық құбылыс, себебі олар өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді қамтиды. Жүйе тек іс-әрекетпен алмасу арқылы өмір сүреді. Мәселен, ұстаздар оқушыларды әр-түрлі тәсілдер мен іс-әрекеттерге тәрбиелесе, онда оқушылар оны меңгере отырып, педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болып, тек репродуктивті деңгейде ғана емес, шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Педагогикалық процесте мұғалімнің басқару обьектісі - оқушылардың іс-әрекеті болады. Іс-әрекеттің барлық бөлшектері (мақсат, міндеттер, мазмұн және т. б.) жүйелі қызмет ету үшін, оқушы оны меңгеруі тиіс. Ол үшін ұстаздар, ата-аналардың іс-әрекеттері оларға көмек көрсетуге бағытталуы керек. Педагогикалық процестегі мұғалімнің басқаруы - субьектілер арасындағы қарым-қатынастар болады. Олар арқылы субьектілердің іс-әрекетімен бірге олардың дамуына тиімді жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Қорыта келе, педагогикалық процесс оқушылардың ұстаздармен бірлескен, және олардың басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталып, дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын болуын қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тәрбиелік процестің тұтастығын тұрақтандыруға назар аударады. Осыған орай, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ортақ мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, яғни ынтымақтастығы деуге болады.

Тәрбиенің мақсаты - қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үрдістеріне, нарықтық қатынастарға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйенумен, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алумен, өзінің ішкі мүмкіндігін өздігінен толық пайдалануға даяар, белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінетін, сонымен бірге қайырымды,- және тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруға қабілетті, жеке басының құнын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, ұлттық санасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, мәдениетті азамат тәрбиелеу.

Тәрбие мақсатын жүзеге асыру нақтылы тәрбие формаларын қажет етеді. Тәрбие формасы - тәрбиешінің арнайы тәрбиелік істерді ұйымдастыруы. Тәрбие үрдісі рухани қарым-қатынас барысындағы тәрбиелік істер тізбегінен құралады. Сабақ, экскурсия, кештер, таза ауадағы және мектепте ұйымдастырылатын ойындар, табиғат аясындағы серуен, сынып жиналысы, ұзақ мерзімді жорықтар, жазғы экспедиция осының бәрінде мұғалім мақсатты түрде тәрбиелік процесті іске асырса ғана, ол тәрбие формасына айналады.

Кез келген тәрбиелік істер педагог тарапынан белгілі мақсатқа бағытталып, бақыланбаса, ондағы атқарылатын істер жүйесіз болғандықтан оқушылардың сапалық қасиеттерін қалыптастыруда ешқандай пайдасы болмайды. Оқушылар тәрбиелік істерге қатысып, белгілі бір іс атқарғанымен де, ол нақты тәрбие формасына сәйкеспейді. Сондықтан нақты тәрбиелік істерді өткізуге тоқталып, оқушылардың атқаратын істерінің мазмұнын бақылайық. Белгіленген мақсат оқушыға түсінікті ме, ол оқушыларды түгелдей қызықтыра алды ма, жалпы атқарылатын істерде оқушы өзінің орнын таба біле ме, онда тәрбиенің белгілі принциптері іске асырылды ма, педагог тәрбие әдістерін дұрыс таңдай алды ма, оқушылардың өзара әрекеттесуі мен қарым-қатынасы дұрыс белгіленді ме, сол тәрізді айналадағы адамдармен қарым-қатынас құрып, іс-әрекетке түсе алды ма, атқарылған тәрбиелік шара оқушыларды қанағаттандырды ма. Міне осы көрсетілген мәселелер дұрыс шешімін тапса ғана тәрбиелік процестің жүзеге асқанын көруге болады.

Тәрбие көп факторлы, екi жақты және белсендi үрдiс. Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі обьективті факторлары болып табылады. Биологиялық фактор, тұқымқуалаушылық пен адамға тән қасиеттер: іс-әрекеттің кез келген түріне бейімділігі жатады. Адамның биологиялық жетілуі мен өзгеру процесі оның мінез-құлқына әсер етеді.

Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға тән бейімділіктердің дамуы үшін қоғам мен орта қажет. Адамның мейілінше дамуына әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе, қазіргі уақыттағы экономиканың өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық және демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмірінің ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады.

Тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастыру процесі. Ол білім беру орындарында жүргізіледі. Мектепте педагогикалық процесті сауатты ұйымдастырумен бірге, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін тиімді ұйымдастыру, жеке тұлға дамуының шарты болып табылады.

Тәрбие процесінің күрделілігі оның сан-алуан болуымен қарастырылады. Мектепте тәрбиелік ықпалдардың барлығын интеграциялы, яғгни кіріктірілген қатынаста іске асыру қажеттігі пайда болады. Тұлғаның біртұтастығын қамтамасыз ету тәрбие үрдісінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен формаларын бірімен-бірін тығыз байланыста жүргізудің керектігін көрсетеді. Тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыру бір сәтте, кешенді түрде іске асырылатыны белгілі, сондықтанда педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.

Субьектінің әрекеті – жеке тұлға дамуының факторы. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өздік дамуының обьектісі ғана емес, сонымен қатар субьектісі екенін ескеру керек. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып табылады.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен (материалдық, рухани, қоғамдық) туады. Сыртқы орта мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторына жатады. Ішкі факторға бейімділік пен әуестік, адамның сезімдері мен күйзелістері және сыртқы ортаның ықпалынан пайда болатын қажеттіліктер жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі факторғамен тығыз байланысты. 13Тұқым қуалаушылық тұлғаны дамыту мен қалыптастыру факторы ретінде. жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуыньщ өзара байланысы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым қуалаушылық) және әлеуметтік факторлардың (орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қорытындысы еш дау туғызбайды. Сонымен жеке тұлғаның дамуына және қалыптастыруына әсер ететін факторлар төмендегідей болып келер.

Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект

болу себебі, оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие мақсатты әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту

процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).

Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалау арқылы берілмейді дейді. Н. И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін

«жөнді универсалды генетикалық бағдарлама» керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.

Бала өмірінің алғашқы үш-бес жылын ғалымдар «¥лы бастаулар уақыты» деп атайды. Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата-ана, педагогтар жэне баланың өзі қадағалап, реттей алады.

14Бала тұлғасы тәрбие мен оқытудың объектісі және субъектісі. 15Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы белсенділіктің рөлі. Педагогика ғылымында “тәрбие” терминіне әрқашан ерекше мән берілген болатын. Көптеген жылдар тәрбие “Тұлғаның дамуын басқару” деген анықтама беріліп кел, “Педагогика” деген сөздің мәні, мазмұндық ауқьш біртіндеп кеңейіп, “Баланы өмірге үйретудің шеберліі деген мағынаға ие болды, яғни ол баланы оқыты тәрбиелеу, оның рухани және физиологиялық жағын; өсіп-жетілуін басқарып, бағыттау деген сөз. Соныме бүгінгі педагогика ғылымына ең қысқа және дәл анықтаи беру керек болса, оны “адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым деп атаған болар едік. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағына; балаға әрі білім беру, әрі тәрбие беру, әрі дамыту мағынасында қолданылып отыр.

Тәрбие теориясы педагог-практиктерді кәсіптік біліммен қаруландыра отырып, әр жастағы, топтардағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдістәсілдерін меңгеруге, тәрбие ісінің нәтижесін алдын ала болжауға және оны жоспарлап, іске асыруға мүмкінді туғызады, тәрбиенің нәтижесін анықтаудың тиімді деге ғылыми жолдарын қарастырады. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыдан анықтауда педагогика оны жалпы тұрғыда қарастырмайды. Қоғамның тарихи дам сатысындағы тәрбиенің белгілі мақсаты мен міндеттері айқындай отырып, оның сол қоғамның тілек-мүлделерін сай келуін зерттеп іздестіреді. Бұл жағынан алғанда педагогика іргелі ғылым болып саналады, сондай-ақ тәрбие теориясына сүйене отырып, оқу-тәрбие жүйесі құрудың жолдарын, оны іске асырудағы әдіс-тәсілдерді сөз етеді. Сөйтіп, қолданбалы ғылымның ролін атқарады. Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатт болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.

Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, адамзаттық өркениеті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеул белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.

Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбилеп қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды.

мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы баскарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен даярлау ісі деп қараймыз. Тәрбие ісі адамның қабілетін қоршаған ортада және оның санасында қалыптастыруды мақсат ететін болғандықтан, ол — психологиялық процесс.

Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Баланың жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты байланыс арқылы жүзеге асады.

Тәрбиенің екі жақты байланысы. Тәрбие жүйесіне оқушы мен оқытушың қатынасы екі жақты байланыс арқылы іске асырылады. Біріншіден, тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейін тікелей байланыс арқылы іске асырылатын, міндетті саналатын іс-әрекет. Екінші, тәрбиеленушінің жауабы, іс-әрекеті арқылы тәрбиеші-ұстазға келіп жететін ақпараттар, білім, білік үлгілері. Мұны кері байланыс деп атайды. Тәрбиеші-ұстаздың қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабарлар неғүрлым көп болса, тәрбиелік ықпалдың солғұрлым мақсаттылықпен іске асырылғанына айғақ болады. Сондықтан, оқу-тәрбие жүйесіндегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық іс-әрекеті мұғалімнің шебер ұйымдастыра білуін қажет етеді. Тәрбие жүйесіндегі істің нәтижесі — оқушының сабақ үстіндегі белсенділігі мен оның мінез-құлық, іс-әрекетіндегі көрінісінен байқалады.

Тәрбиелік қызмет неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, тәрбиенің сапасы да соғұрлым жоғары болады. Бұл үшін тәрбиеші өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі қажет.

Тәрбиеленушіге еркіндік берудің және шығармашылық көзқарастың маңызы. Тәрбие үрдісінде ізгілік маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушінің жеке басында өзіндік еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын, жеке басті дамыту идеясын, өзара ынтымақтастық идеяны жүзег асыруға толық мүмкіндік тумайды. Тәрбие ісі күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде де адалдык шыншылдық, өділдік сияқты адамгершілік қасиеттердіі толық сақталуына нұқсан келуі мүмкін. Бала өз ойьп ұстазына іркілмей толық және ашық жеткізуі үшін оған еркіндік беру керек. Бала мұғалім алдында өзін неғұрлым еркін сезінсе, ойын соғұрлым ашық айта алатьш болады Тәрбиеші баланың білімге қызығушылығына, ой-қиялына азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуп тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайд: ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады. Бұл заңдылыққа сәйкес педагог баланың басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынаста өзіндік “менін” саналы түрді көрсетуіне мүмкіндік береді. Бала өзінің іс-әрекетін ой елегінен өткізіп, өзіне-өзінің баға беруіне, іс-әрекетіне сын көзімен қарауға, үлкендермен қарым-қатынастық мінез құлықты бағалай білуге үйренетін болады.

Баланы еркіндікке тәрбиелеу мұғалім тарапынан қатаң бұйрықсыз, сыпайы қарым-қатынастың болуын қажет етеді. Сол арқылы педагог пен оқушының өзара қарым-қатынас әдебі күшейе түседі, өзара түсінушілік, тең адамша сөйлесу олардың араласу стилі мен мәдени байланысының үлгілерін оқу-тәрбие жүйесіне енгізуін мүмкіндік туғызып, бір-бірін жақындастыра түседі.

Тәрбиенің ұымдық бағыттылығы. Бұл зандылық әзіргі мектеп өмір сүріп отырған жағдайда өзінің мәнділігін жоғалтпайды. Мектептің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны оқушылармен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекет сол қалпында сақталуға тиіс Әрбір адам ұжымда қолайлы жағдайға ие болу үшін және өзінің қабілеті мен іскерлігін, күш-қуатын, неге икемділігін көрсету үшін ұжымдық қарым-қатынасты қажет етеді. Адам бойындағы қабілет пен икемділік ұжымдық қарьш-қатынаста еркін ашыла түседі.

Ұжымдық қарым-қатынасты орнатудың тиімділігі ұжымішілік қатынастардың стихиялық түрде болуы баланың көңіл-күйіне ықпал ететін түрлі факторларғг байланысты. Ондай факторларға мыналар жатады оқушының өзінің ерекшелігі (дарындылығы, әсер-ленушілігі, көпшілдігі немесе өзімшілдігі, өжет немесе ұяндығы, өмірге сенімділігі, сыртқы түрінің артымдылығы), оның адамгершілік бейнесін сипаттайтын белгілері (күші, көркі, еркі, батылдығы, ептілігі). Бірақ өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарық, еңбек, өмір жолын (мамандық, еңбекке қатысу т.б.) таңдау кезінде бәсекелестік көп болуы керек. Ұжымдық-серіктік қарым-сатынасты орнатудың тиімділігі, алған білім мен дағдылардың дөрежесіне, ойдың шығармашылық стиліне, кез келген күтпеген жағдайларда өздігінен қабылданған шешімнін дұрыстығына байланысты.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мектептің, отбасының және ортаның тәрбиелік ықпалын ұштастыруда педагогикалық ынтымақтастық қажет. Әр жеке тұлға өзін өмірде сирек кездесетін тұтас бір ерекше жан (феномен) түрінде сезінеді. Бұл заңдылық мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен келісушілігін жүзеге асыруды күні бұрын белгілейді.

Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата-аналардың отбасындаш бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңсіткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата-аналардың байланысы да құрт төмендеп кетті. Оқушылармен тұрғын ауданда немесе мектептен тыс жерлерде, сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы түрлерінің төмендеуі байқалып отыр. Сонымен бірге, соңғы кезде отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер пайда болып, қайырымдылық қорлары ашылып, жетім балаларды әлеуметтік қорғау бөлімдері мен қамқорлық көрсету кеңестерінің жұмысы дамытыла бастады.

Тәрбиелік үрдістің күрделілігі, оның төтенше және дер кезівде түзету ендіруді қажетсінетін көшедегі теріс ықпалдардың етек алуы, нашақорлық, темекіге, ішімдікке, саудаға үйірлік, оқушы жастардың әдепсіздік, дөрекілік іс-әрекетгермен жиі айналысуына, бұзықтық жолға түсуіне мүмкіндік туғызып отырғанын да жасыруға болмайды. Олай болса, мектеп қоғамдық заң орындарымен, өкімшілік, үй басқармаларымен, баспасөз мекемелерімен бірлесе отырып, пәрменді тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолын қарастыруы қажет. Бұл жағдай тұлғаны тұтастай қалыптастыру идеясына бағындырылған тәрбие үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, түрі мен әдісін бірлікте қарастырудың қажеттігін туғызды. Тәрбие жұмысы әр жеке тұлғаның қабілеті мен ынта-ықыласын ескере отырып, мектепте, тұрғын ауданда ұйымдасқан түрде жүргізілуі керек. Тәрбие жұмысының мазмұны мен мәні, жүргізу әдіс-тәсілдерін (оны бүгінде тәрбиенің технологиясы деп жүр. — С.Қ.) жан-жақты теориялық және практикалық тұрғыда қарастырған Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясының Тәрбие теориясы, этнопедагогика және жас ерекшелік психологиясы лабораториясының қызметкерлері жасаған “Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі” атты ғылыми көмекші құралды баспа арқылы шығардық. Онда тұлғаның сапалық қасиеттерін кешеңді түрде қалыптастыру және оған педагогикалық ықпал етудің жолдары сөз болған.

Осы еңбекке негіздей отырып, оқушьшардың тәрбиелілік деңгейін анықтаудың жаңаша өлшемі — тәрбиенің технологиясына тоқталмақпыз.