Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.26 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Сабақтың тақырыбы: Күзгі жапырақтар

Сабақтың мақсаты. Қағазды ортасынан симметриялы қою дағдыларын қалыптастыру. Күзгі жапырақтарды қиып жапсыра білуге, көлемді композиция құра білуге үйрету. Балалардың көркемдік талғамдарын дамыту.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаздар, ақ қағаз, түрлі түсті борлар, желім, қайшы, сүлгі.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Дөңгеленіп тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Қуанамын мен де

Қуанасын сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Балалар дөңгелене тұрып шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші күз мезгілінің ерекшеліктері, әсемдігі, тамаша көріністері жайында балалармен әңгімелеседі. Содан кейін бүгін күз тақырыбында әдемі жапсыру жұмыстарын жасайтындықтарын айтады.

Технологиялық мәліметтер.

1. Балалар қара түсті бормен немесе көмір қарындаштармен (ретушь) қағазға "өрмектер", торлар сызады.

2. Жапырақтарды кию үшін түсті қағаздардың түсін ішіне қаратып қос бүктеп алады да оған қарындашпен жапырақтардың жартысының суретін сызып салады. Дайындап қойылған қағазды толық пайдалану қажеттігі ескертіледі.

Сергіту сәті:

Күн ашық,

Жел соқты.

Жаңбыр сіркіреді,

Жаңбыр қатты жауды.

3. Балалар өздері қиған бірнеше жапырақтарын өрмекке желімдейді. Желімдеуде жапырақтың қос бүктелген ортасына ғана желім жағып жапсырады, шеттері жапсырылмайды. Жапырақтар желге қозғалып тұрған тәрізді көлемді болып жапсырылады. Күз және күзгі жапырақтар туралы балалар өлең, тақпақтарын айтып береді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар күз мезгілі жайында әңгімелеседі

Үлгіге қарап қайталайды

Балалар өлең айтады.

Балалар сергіту сәтін жасайды.

Секіріп қолдарын көтереді,

Қлды көтеріп тербеледі.

Қолдарымен үстерлді тырсылдатады,

Аяқтарымен денді соғады.

Орындарына жайғасады.

Өз беттерімен жұмыстарын аяқтауға тырысады.

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Сабаққа жақсы қатықан балаларды мадақтау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің