- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

- •Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Жапсыру
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың әдемі орамалы.
Сабақтың мақсаты: "Ұлттық киім" туралы түсініктерін қалыптастыру, жапсыруға арналған тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету, үшбұрыштың ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, кеңістік пен түстерді ажырата білу, көз мөлшерін дамыту. Эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, үлгі суреттер.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Ұйымдастыру Дөңгеленіп тұрайық Шаттық шеңбер құрайық Қуанамын мен де Қуанасың сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге. |
Балалар шаттық шеңберін жасайды |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Балалармен үлгі суреттерді қарап, талдау жасалады. Мұндай орамалдар ұлттық киімнің бір түріне жатады. Орамалдар ою-өрнектермен безендірілген. Тәрбиеші балалардан қандай ою-өрнектерді білетіндерін сұрап, естеріне түсіреді. Өздері атап айтқан өрнектермен орамалды өрнектеуге тапсырма беріледі. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бойымызды жазайық. Айналаға қарайық Отырайық,тұрайық, Тынығып бір алған соң, Әсем қылып жапсырайық
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Тәрбиеші балаларға ою-өрнектердің түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп, көмектеседі. Ұқыпты жұмыс істей білулерін қадағалайды. |
Балалар тақтадағы суреттерді тамашалайды Өздері білетін ою-өрнектердің аттарын атайды
Балалар сергіту сәтін жасайды.
Балалар үлгіге қарап өз беттерінше жұмыстарын орындайды |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалар жұмыстарын талдау. Ең әдемі орамалды таңдап алу және оны несімен әдемі,көрік беріп тұрғанын айту. |
Ұқыпты,жақсы жұмыс жасаған балалардың еңбектерін бағалау |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Игереді:
Меңгереді:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Жапсыру
Сабақтың тақырыбы: Мозаика.
Сабақтың мақсаты: Балалардың қайшымен тік төртбұрыш және жолақ қағаздарды қия білу дағдыларын қалыптастыру, шаршыны қиып үшбұрыш жасауға жаттықтыру, қағаздан композиция құрастыру дағдысын, ой-қиялын дамыту, еңбексүйгіштікке, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, қайшы, қарындаш, сызғыш, желім, көрнекі құралдар, мозаика бейнесі (сурет).
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Балалардың көңілін өздеріне аудару. Балалармен шаттық шеңберін жасау: Күн нұрындай көңілім, Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім, Бәріне ортақ шуағым Қайырымды боламын. Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару. |
Балалар дөңгелене тұрып шаттық шеңберін жасайды |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы. Тәрбиеші мозаика бейнеленген көрнекіліктерді көрсетіп, бұл - мозаика деп аталатынын, оның геометриялық пішіндерден құралатынына, әсемдігіне назар аудартады. Мозаикамен сәулет ғимараттарын безендіруге болатынын айтады. Содан кейін түрлі түсті қағаздардан осындай мозаиканы өздеріне құрастыруды ұсынады. Мозаиканың қандай геометриялық пішіндерден тұратынын сұрайды. Оларды қалай қиюға болады? Балалардың назарын өрнектердің қалай орналасқандығына аударады. Олардың қандай элементтерді қиятының нақтылап көрсетіп, түсіндіреді. Өрнектердің түс үйлесімділігіне көңіл бөліп, заттардың пішініне сәйкес орналастыра білуге бағыт беріледі. Технологиялық мәлімет. 1. Өзі жасайтын мозаикаға өрнектер таңдап алу ұсынылады. 2. Олардың жеке бөліктерін дайындап алады. 3.Алдымен геометриялық пішіндерден өрнек құрап қойып алады. 4. Ұқыпты түрде біртіндеп, кезекпен, ретімен жапсыра бастайды. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Сабақты балалардың қабілеттіліктеріне сәйкес түрлендіруге болады. 1. Тәрбиеші барлық балаға бір өрнекті құруды ұсынуына болады. 2. Балалар өз ойларынан, еріктерімен, ынта-ықыластары бойынша құрастыруларына болады. 3. Жұмысты шағын топтармен ұйымдастыруға болады. Балалардың ойларын, қиялын дамытып, іс-әрекетке қызықтырып мадақтап отыру қажет. Жапсыру кезінде үйлесімді композиция құруды, ұқыпты жұмыс жасауды ескертіп қою керек.
|
Балалар суреттерді тамашалайды.
Мозайка не екенін мұқият тыңдайды. Мозайка геометриялық пішіндерден тұратынын біледі
Жасалу әдіс-тәсілдермен танысады.
Өз беттерінше орындайды |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалар жұмыстарын талдау
|
Жақсы сабаққа қатысқан балаларды мадақтау. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Игереді:
Меңгереді: