Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.26 Кб
Скачать

Технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері Жапсыру

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар.

Сабақтың мақсаты: Шаршы және тік төртбұрышты қағаздардан әр түрлі пішіндерді қиып алу дағдыларын қалыптастыру. Қосарлап бүктеу тәсілі арқылы бірдей бірнеше заттарды қию жолдарымен таныстыру. Саңырауқұлақтың қалпағын және сабағын қиюда шеттерін дөңгелектеп тегіс қиюға жаттықтыру Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: үні түрлі саңырауқұлақтардың үлгі суреттері, түрлі түсті қағаздардан дайындалған шаршы және тік төртбұрышты пішіндер, шөпті бейнелейтін жасыл түсті жолақ қағаз, қылқалам, желім, қайшы, сүлгі.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Ұйымдастыру

Дөңгеленіп тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Шаттық шеңбер арқылы балалардың сабаққа деген ынтасын арттыру,қызығушылығын тудыру

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Балалар жұмбақтың шешуін айтады.

- Орманда осындай саңырауқұлақтар көп өседі екен. Олардың ішінде топ-топ болып бірі үлкен, бірі кіші болып өсетіндері де кездеседі. Мұндай саңырауқұлақтарды "отбасылық саңырауқұлақтар" деп те атайды. (Тәрбиеші осындай саңырауқұлақтардың суретін көрсетіп, сұрақ қояды).

- Саңырауқұлақтар қалай орналасқан? (ортасында үлкені екі шетінде екі кішкене саңырауқұлақтар орналасқан). Екі кішкентай саңырауқұлаққа қараңдаршы, олардың айырмашылығы бар ма? (жоқ).

Тәрбиеші осындай екі саңырауқұлақты бірдей етіп қию үшін қандай әдіс-тәсіл қолдануға болатынына балалардың назарын аударады. Олар екеуі бірдей болу үшін қосарлап бүктеу тәсілін көрсетіп, түсіндіреді. Алдымен екі саңырауқұлақтың сабағы содан кейін қалпағын кию тәсілдерін балалар орындайды. Қию кезінде қағаздың бір бұрышынан бастап келесі бұрышына дейін қайшыны еркін қозғалыспен қозғалта отырып, алға қарай жылжыта қию ескертіледі. Саңырауқұлақтың сабағы да қағазды қосарлап бүктеп алып бір шетінен бастап айналдыра қиылады. Бұл тәсіл - қос бүктеу тәсілі деп аталады. Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Сергіту сәті:

Күн ұйықтайды,күн оянады,

Ауа райы бұзылады,жел тұрады.

Найзағай ойнайды,жаңбыр жауады,

Жаңбыр қатты жауады,жаңбыр басылады.

Күн тынышталады,күн ашылады.

Балалар жұмыс жасап отырғанда қағаз бетін толық пайдалану, сол қолмен қағазды қозғалту, оң қолмен қайшыны алға қарай жылжыта отырып қию қадағаланады.

Балалар жасырған жұмбақты мұқия тыңдайды.

Жауабын айтады

Тақтадағы көптеген саңырауқұлақтардың суреттерін тамашалайды.

Балалар саңырауқұлақты

Қию әдіс-тәсілдерімен танысады.

Үлгіге қарап қайталайды.

Балалар өз бетінше жұмыстарын жасайды

Балалар сергіту сәтін жасайды.

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.