Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.26 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Сабақтың тақырыбы: Балапан.

Сабақтың мақсаты. Балалардың сопақша дөңгелек пен тік төртбұрышты кию дағдыларын жетілдіру қарапайым пішіндерден балапанның бейнесін жапсыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар. Ақ және сары түсті қағаздар, екі тік төртбұрыш, желім, қайшы, түрлі түсті қағаздар бөлшектері, қылқалам, сүлгі.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Сәлем бердік аспанға

Сәлем бердік құстарға

Сәлем бердік достарға

Сәлем бердік ұстазға

Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен, тәрбиешімен амандасады.

Балалар шаттық шеңберін жасайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы. Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Ақ сарайды талқандап,

Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)

Жұмбақтың шешуін балалар айтқан соң. Балапанның суретін көрсетіп, оның түсін сұрайды.

- Балапанның түсі қандай? - Ол жарып шыққан жұмыртқаның түсі қандай? - Сендердің үстелдеріңнің үстінде екі түсті қағаз бар, олардың түстерін атаңдар?

- Қағаздардың пішіні қандай?

- Тіктөртбұрыштардан сопақша дөңгелек жасау үшін не істейміз? Тәрбиеші шаршыдан дөңгелек, тіктөртбұрыштан сопақша дөңгелекті қиюдың жолдарын көрсетіп, түсіндіреді (шеткі бұрыштарың қисық сызықпен дөңгелектеп кию).

Балапан жұмыртқаны жарып шыққанда оның шеттері тегіс емес болып қалады екен, сондықтан біз ақ қағазды екіге бөліп алып, оның біреуін жұлмалап кию тәсілімен қиямыз. Содан соң балалар сары түсті сопақша дөңгелекті қиып, балапанды жапсырып алады, бұл балапанның денесі, сары түсті шаршыдан балапанның басын жасап жапсырамыз. Ал енді жұмыртқаның қабығының жартысын сары сопақша дөңгелектің төменгі жағына, екіншісін оның жанына орналастырып жапсырамыз.

Сергіту сәті:Қарлығаш боп ұшайық,

Кәне,қанат қағайық

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық!

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмбақтың шешуін табады

-балапан

Балапанның түсі сары

-жұмыртқаның түсі ақ

Суреттерді тамашалайды

Жасалу жолдарымен танысады

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Қорытынды:

Бүгінгі сабақта нені жапсырғандарын сұрау.

Балапан үй құсына жатады ма т.б.

Балалардың жұмыстарын талдау.

Балардың жұмыстарын мадақтау

Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстар туралы білімдерін тиянақтау.

Игереді:оларды күте білуге құстарды қорғауға керек.

Меңгереді:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің