Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.26 Кб
Скачать

Технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: Таңғы шапақ

Сабақтың мақсаты: Бірнеше бөліктен туратын заттарды жапсыра білу дағдыларын қалыптастыру. Мазмұнды композиция құра білу көз мөлшерін дамыту, затты қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, қайшы, қарындаш, желім, суреттер.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер құрайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар бір-бірімен амандасады

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші өлең оқыды.

- Көркем шығарма жайында әңгімелесу, мазмұнын сұрау? Неге ұнады?

- Аталған шығарманың сипатын айту.

- Сендер таңертең тұрғанда күн сәулесі түсіп тұрғанын жақсы көресіңдер ме? Педагог балаларға:

- Келіңдер, балалар, біз жапсыру арқылы таңғы шапақтың барлық қуанышын көрсетейік. Балаларға И.Шишкиннің "Қарағайлы ормандағы таң" картинасының көшірмесін көрсетуге болады. Сонымен бірге міндетті түрде жапсыруда қолданылатын жылы түстер туралы айтып өткен дұрыс. Балалардан олар жапсыруда нені бейнелегісі келгенін сұраған дұрыс.

Альбомнан осы тақырыпқа арналған жапсыруларды қарастырған жөн. Заттың қандай бөлшектерден: үй, шыршалар, күннен тұратынын таңдау. Жапсыруды қалай дайындауға болады? Педагог фланелеграфта заттарды орналастыру мүмкіндігін қарастыруды көрсетеді.

Сергіту сәті:

Қане,қанат қағайық,

Мойнымызды созайық.

1,2,3-құс,аспанға ұш!

1,2,3-құс,аспаннан түс!

Құстар жем жейді,

Құстар су ішеді.

1,2,3-құс,аспанға ұш.

Балалардың өздік жұмысы.

Композицияны құруда қағаз бетіне заттарды дұрыс орналастыру дағдысын дамытуды есте сақтау. Алдымен бала формаларды орналастыру қажет, содан кейін басқа да нұсқаларын қарастырып барып желімдеген дұрыс.

Балаларды өлеңді тыңдайды

Жаңа сабақты түсідіру

Суреттерді тамашалайды

-таңғы шапақ

Жапсырудың тәсілдерін үлгіге қарап жасайды

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалардың өздігінен жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалардың жұмысын талдау

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің

Технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: Ауыл (ұжымдық жұмыс).

Сабақтың мақсаты: Балалардың ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын арттыру. Балаларды контур бойынша қиюға, үлгілермен жұмыс істеу білуге үйрету.

Қажетті құралдар: ауылдың суреті: үлкен қағаз немесе қатырма қағаз, қара қарындаш, қайшы, желім, түсті қағаз.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Ұйымдастыру

Дөңгеленіп тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Балалар іс-қимылмен жасап қайталайды.

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: қазақтар ерте кезде ауылда, киіз үйлерін таудың етегіне тігіп жазық далада тұрған. Олар мал ұстауға қолайлы жерде тұрады. Бүгін бәріміз бірге ауылдың суретін саламыз. Қазақтың суретшілерінің жұмысына талдау жасаймыз. Тәрбиеші балаларға жұмысты бөлісуге көмектеседі. Қажетті заттарды жеке үстелге қойып, балалардың таңдап шығуына мүмкіндік туғызу. Балаларға, қатырма қағаздың шаблонынан үй жануарларын тауды киіз үйді, адамдарды қиып алуға үйрету.

Сергіту сәті:

Қосыл,қосыл шеңберге,

Нағыз адал дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең мейірман дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең әдепті дос болып.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балалармен бірге қағазға композицияның эскизін бірнеше рет қойып көру Бір балаға суретті алып желім жағуға, ал басқаларына оны қағазға жапсыру ұсынылады.

Ауыл жайында әңгімелеседі

Ауыл жайында естеріне түсіріп,суреттегі ауылды тамашалайды

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалрдың өз бетінше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалрдың жұмысын талдау

Жақсы жұмыс жасаған балаларды мадақтау