Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.26 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: Желкенді қайық.

Сабақтың мақсаты: Мазмұнды композиция құра білуге үйрету, бейнелерді беруде түстердің үйлесімділігін сезінуге баулу, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаздар, желім. Қайшы, қара қарындаштар, сүлгі, үлгі көрнекілік.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Жылулық шеңберін құрамыз

Шаттық шеңбері

Біз бақытты балдырған

Қуанамыз шаттанып

Ойнап күліп күнде біз

Өсеміз біз бақшада

Балалар барлығы бірге қайталайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші мазмұнды қиып жапсыру - ол белгілі бір оқиғаларға немесе шығарма мазмұнына, құбылыстарға, жағдаяттарға сәйкес болатынын түсіндіреді. Үлгіге талдау жасай келе "желкенді қайықты" мазмұн бере қиып, жапсыруды ұсынады. Бұл жапсыруда көз мөлшермен қию арқылы әр түрлі заттарды бейнелеуге бағыт беріледі. (жағалау үйлер оны терезесі, қайық шағалалар т.б). Ол үшін алдын ала жұмыс жасауға ыңғайлы болатын қағаздар мен түрлі пішіндер дайындалады: тік төртбұрышты қарама-қарсы бұрыштарыңа қарай диогоналы бойынша қиып, қайықтың желкенін, жолақ қағаздардан үй оның есік, терезелерін жасауға болатынын түсіндіреді. Осындай пішіндерді қолдана отырып, желкенді қайықты жапсырып, оған мазмұн бере композиция құруға бағыт беріледі.

Сергіту сәті:

Отырып –ақ орнымда

Өзенді мен кешемін

Сен білмесең егерде

Былай ескек есемін

Есемін,есемін

Үлкен болып өсемін

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Балалар өздеріне таныс әдіс-тәсілдерді қолданады және әр түрлі ашық түсті қағаздарды пайдаланып, көңіл күйлерін көтереді.

Балалар сабақты мұқият тыңдайды

Үлгіге қарап әңгімелейді

Суреттерді тамашалайды

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалар өз бетінше жұмыстарын жасайды.

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: Алма ағашының бұтағы.

Сабақтың мақсаты: Симметриялы пішіндерді қиюды бекіту пішіндерді бейнелеуде пропорциялық қатынастарды көре білу және оны қағаз бетін түсіре білу дағдыларын қалыптастыру, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, шаблондар, сүлгі.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламыз

Балалар шаттық шеңберін жасайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: - Балалар сендерге көктем мезгілі ұнай ма?

Көктем туралы суреттер көрсетіп әңгімелетуге болады.

- Біз бүгін сендермен алма ағашының гүлдеп тұрған бұтағын жапсырамыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр және сары түсті қағаздар, желім, қайшы қара қарындаш қажет болады. Балалардың назарын жапырақтарға аударып, оларды қалай қиюға болатынын түсіндіреді. Жапырақты кию үшін түрлі түсті қағазды ортасынан кітапша тәрізді екіге бүктеп аламыз. Түсті жағы ішіне қарай бүктеледі.

Түзу бұтақтар парақ қағаздың шетінен қиып алынады, жоғарыға қарай жіңішкерте кию. Гүлдерді де жапырақты қию тәсіліне ұқсас қос бүктеп алып, қарындашпен сызып, оны сызық бойымен қияды.

Сергіту сәті:

Қанатымызды жаямыз

Көбелек боп ұшамыз

Жұпар иісі аңқыған

Гүлге келіп қонамыз

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың назарын аударатын мәселелер:

а) қағазды үнемдеп пайдалану;

ә ) желіммен, қайшымен дұрыс жұмыс жасау ережелерінің сақталуы;

б) жапсыруда дұрыс композиция құра білу;

-иә,ұнайды

Тақтадағы көктем мезгілі жайлы суреттерді тамашалап,әңгімелейді

Жаңа сабақпен танысады

Алма ағашы жайында түсінік алады

Қиып,жапсыру әдіс-тәсілдерімен танысады

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалар өз бетінше жұмыс жасайды

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Жақсы жұмыстарды мадақтау

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің