Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.26 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар.

Сабақтың мақсаты: Мазмұнды тапсыруда композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту, қайшымен жұмыс істеу іскерліктерін бекіту. Балалардың қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, желім қайшы, фломастер, қарындаштар, аквариумдағы балықтар суреті немесе аквариумның өзі қолданылады.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Балалар бір-бірімен амандасады

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Аквариум суретін көрсетіп немесе аквариумның қасына балаларды шақырып, олардан аквариум туралы білетіндерін сұрайды.

- Балалар: бұл кішкентай әдемі балықтардың үйі, балықтар өмір сүретін орын т.б.

- Кімнің үйінде аквариум бар?

- Онда қандай балықтың түрлері бар?

- Немен қоректендіресіңдер?

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, аквариумдағы балықтардың табиғи су қоймаларындағы балықтардан айырмашылығы бар ма?

- Сендерге қандай балықтар ұнайды және неліктен? Әңгімеден соң тәрбиеші балаларға балықтарды жақынырақ қарап, олардың түстерін ататады. Сыртқы дене бөліктеріне, жүзетін қанаттары мен құйрығына назар аудартады.

Балықтарды қиюда түрлі геометриялық пішіндерді: дөңгелек, сопақша дөңгелек, үшбұрыш т.б. пайдалануға болады. құйрықтарын жіңішке жолақтармен көлемді етін жапсыруға бағыт беруге болады. Немесе түрлі түсті жіптерді де қолдану. Қайшымен дұрыс жұмыс істеу ережелерін, ұқыпты жапсыра білуді ескертіп отырады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Орнымызды айналып,

Билеп-билеп аламыз

Оңға қарай бір адым,

Солға қарай бір адым.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары –төмен қараймыз

Орнымызды табамыз

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Композиция құруда балалардың ой-қиялын дамытып, мадақтап,іс-әрекетке қызықтырып отыру.Өте сәтті шыққан композицияларды ерекше атап өту.Қағаз түстерінің үйлесімділігін бере білуге бағыт беріп отыру.Кейбір балаларға көмектесіп жалпы және нұсқаулар беріп,басшылық жасау.

Ьалалар аквариумдағы балықтарды тамашалайды

Білгендерін әңгімелеп айтып береді

Сұратарға жауап береді

Балықтың суреттерін тамашалап,оның түрлерін атайды

Қию әдіс-тәсілдерімен танысады

Балалар сергіту сәтін жасайды.

Балалардың өз бетінше жұмыс

жасауы

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Ерекше әдемі жасалынған жұмыстарды мадақтау