Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.26 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Сабақтың тақырыбы: Дүкен сөрелері.

Сабақтың мақсаты: Газет пен журналдардан белгілі бір тақырыпқа арнайы материал таңдауға үйрету бұл материалдардан коллаж құрастыруға үйрету, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай композицияның ең ірі заңдылықтарымен таныстыру; казіргі дизайн өнер туындысы жайлы түсінік беру.

Қажетті құралдар: түсті қатты қағаз, ПВА желім, ескі газеттер мен журналдар, түсті пленка.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Балалар барлығы қайталап айтады,

Бір-бірімен амандасады.

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балалар тәрбиеші үстелдің үстіне қойған журналдар мен газеттер беттерінен өздерінін дүкендеріне сәйкес салынған тауарларын таңдайды. Мысалы, гүлдердің, фотосуреттері мен суреттерін гүл дүкеніне жинастырады, кастрол, құмыра, табақшалар суреттері - ыдыс-аяқтар дүкеніне, жануарлар мен кұстардың суреттерін – зоо дүкенге жинайды.

Сергіту сәті:

Кел,санайық екеуміз

Бас бармағым-әкем

Балаң үйрек-апам

Шылдыр шүмек-мен

Титтей бөбек –сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Балалар өз дүкендеріне сәйкес алынған суреттерін кесіп алады. Заттар өз орындарын тапқаннан кейін, оларды қатты қағазға жапсырады.

Балалардың өз бетінше әрекеті.

Балалардың жұмыстары эстетикалық талаптарға сай болуын ескертеді.

Жапсыру барысында балалар бір-біріне кеңес беріп, жұмыстарын талқылап көмектесіп отыру керек. Кейіпкерлердің кейпін мәнерлеу үшін қосымша материалды қолдану

Сұрақ- жауап.

-Дүкенде нелер сатылады? -Дүкенге барғанды ұнатасыңдар ма? -Неліктен?

Жұмбақтар шешу.

Беті шымшып алады.

Терезеге сурет аслады. Сырт-сырт етеді Құлағыңнан өтеді

Суреттерді тамашалап сәйкес

тауарлады таңдайды, жинастырады

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалар өз дүкендеріне сәйкес суреттерді тапқан соң қатты қағазға жапсырады.

Балалар өз бетінше жұмыстарын жалғастырады.

Сұрақтарға жауап береді

Жұмбақтың жауабын айтады

Рефлекстік -

үйлесімділік

Қорытындылау.

Балалар жұмыстарын талдау.

Барлық жұмыстарды бір композицияға қосу.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау