Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.26 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімдері: Жапсыру

Сабақтың тақырыбы: Еркін тақырып (Қысқы орман)

Сабақтың мақсаты: 1Қысқы орманды бейнелеуде "қолмен жұлмалап қию" әдіс-тәсілдерін меңгеруді жалғастыру. 2Түстерге сәйкес эстетикалық қабылдауын дамыту 3 Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айқындап бере білу іскерліктерін қалыптастыру

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, желім, ашық түсті қағаздар: ал қызыл, көгілдір, сүр.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Балалар ортада шаттық шеңберін жасайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балалардың жақында қысқы орманға саяхатқа барғандарын естеріне түсіреді. Сурет салғандарын әңгімелейді.

  • Ал бүгін біз жапсыру арқылы қысқы орманды бейнелейміз.Балаларға ағаштарды "жұлмалап кию" тәсілімен жасайтындарын айтады. Жолақ қағаздан қиындылар дайындап алады, оны түсті қағаздың бетіне жапсырады. Сергіту сәті

Алақай-ау, алақай

Дала қандай кең еді

Бәрі біздей балақай

Асыр салып келеді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары:

Алдымен қоңыр түсті қағаздан ағаштың діңін жасату содан кейін барып бұтақтарын жасайды, ағаш дайын болған соң ақ түсті, ұсақ қағаздардан кар жамылған ағашты бейнелеп жапсырады.

Қағазды "жұлмалап қию" тәсілін тәрбиеші арнайы көрсетеді. Қағазды екі саусақтың арасына салып, екі қолда қағазды қозғалта отырып жұлмалап қияды.

Өткен сабақты естеріне түсіріп әңгімелейді

Жаңа сабақпен танысады

Жұлмалап қию әдіс-тәсілімен танысады

Сергіту сәтін орындайды

Балалар өз беттерімен жұмыстарын орындайды

Рефлекстік -

үйлесімділік

Қорытындылау.

Балалар жұмыстарын талдау.

Жұмбақтар шешу балалардың жапсырулары бойынша.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:

а)Білу:

ә)Игеру:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Сабақтың тақырыбы: Шыршаны безендіреміз.

Сабақтың мақсаты. Балалардың өз ойларынан қиып жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ой-қиялын шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, шырша қиып жапсырылған қағаздар.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер құрамыз

Сыңғыр, сыңғыр сырғалар

Құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік

Саусақтарда сақина

Қане санап көрсетші

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы. Шырша жайында өлең оқылады. "Жаңа жыл келді". Сөзі. Д. Қанатаев. И. Нүсіпбаев.

Бізге жаңа жыл келді, Ойыншықты мұншама,

Аяз ата бізге енді. Кім ілді екен шыршаға?!

Алақай, айнала түрленді, Алақай, айнала түрленді?!

Балақай би биле, тұрма енді! Балақай, би биле тұрма енді!

Шыршаның ойыншықтарын көрсетіп, осындай шыршаны безендіретіндерін айтады. Шыршаға ілінген ойыншықтарды қарап көреді. Әр балаға өзіне берілген шыршаны безендіру ұсынылады. Балалар шыршаны өз ойларынан, кергендерінен еске түсіріп, түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып жасайды. Балаларға ойыншықтарды қиюға және онымен шыршаны безендіруде дұрыс орналастыра білуге бағыт береді. Ұқыпты жұмыс істей білулері қадағаланады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар өлеңді тыңдайды

Жаңа жыл, шырша жайында әңгімелеседі

Шыршаның ойыншықтарын тамашалайды

Әр бала өзіне берілген шыршаны безендіреді

Балалар өз бетімен жұмыстарын орындайды

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Жасаған ойыншықтарының түстерін айтқызу

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:

Біледі:

Игереді:

Меңгереді: