Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.26 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Сабақтың тақырыбы: Шыршалар. Әнсауық.

Сабақтың мақсаты. Гармошка тәрізді қатпарлап бүктелген қағаздан бірнеше біртектес пішіндерді бірден кию тәсілдерін үйрету. Балалардың ырғақты сезінуін дамыту көркемдік талғамын қалыптастыру.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қарындаш.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер құрайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп

Бой иеміз біз

Балалар іс-қимылмен қайталап жасайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы. Тәрбиеші балаларға қағазды қалай гармошка тәрізді қатпарлап бүктеуге болатынын көрсетеді. Осыдан өте қызықты, әрі әдемі пішіндерді қиюға болатыны түсіндіреді. Олар безендіру үшін әр түрлі бұйымдарды таңдап алады. Егер олар симметриялы затты бейнелейтін болса, оның жартысын ғана қарындашпен сызып алады. Мысалы, бүктеу сызығына жақын жартылай шыршаның суретін салып, оны қайшымен қиып алатын болсақ шыршалы орман қиылып шығады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Жұмыс барысында балалардың қабілеттілігіне қарай тапсырманы біртіндеп күрделендіреді. "Шыршалар мен саңырауқұлақтарды" бірге қиюға болады. Ол үшін бүктеу сызығының тұсына біреуіне шыршаның жартылай суреті, екінші бөлігіне саңырауқұлақтың суреті салынып төбесінен төмен қарай қиып алу ұсынылады. Сондай-ақ, балаларға осындай әдіс-тәсілдермен қазақтың ұлттық ою-өрнегі "қошқар мүйізді" қиып алуға болатынын түсіндіреді.

Балалар тәрбиешінің жасап көрсеткендерін мұқият бақылап отырады

Үлгіге қарап қайталайды

өз беттерінше жұмыс жасайды

Қию әдіс-тәсілдерін меңгереді

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:

Біледі:

Игереді:

Меңгереді:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кітабым.

Сабақтың мақсаты. Балаларды кітап жасау үшін мазмұнын өздері таңдап алуды үйрету бейнеленген заттың көлеміне сәйкес кітаптың бетінің өлшемімен келісу, қиюдың екі түрлі әдіс-тәсілдерін таңдап алу: симметриялы және қосарлы. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздерінін, жақын адамдарына және басқаларға сыйлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Кітапшалар, түрлі түсті қағаздар жинағы, қайшы, желім, сүлгі.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер құрайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп

Бас иеміз біз

Балалар бірге қайталайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Қабат-қабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған,

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (кітап)

Балалар жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін: - Сендер кітапты жақсы көресіңдер ме? - деп сұрайды.

- Үйде ата-аналарың, балабақшада тәрбиеші апайларың сендерге қандай кітаптар оқып берді? Кім айтады, не туралы? (Бірнеше бала өздерінің ойларын айтады).

- Кітапты көп жинаған дана болмайды,

Кітапты көп оқыған дана болады, - деген мақал бар. Оны қалай түсінесіңдер.

Балалар жауабын толықтырып, мақалдың мәнін ашып түсіндіреді.

Балалар, неге ең жақсы сыйлық кітап болып есептеледі? Қалай ойлайсыңдар? Біз бүгін өзімізге ең жақын адамдарға, іні-қарындастарымыз, апайларымыз, әке - аналарымыз, атамыз бен әжелерімізге, жақсы көретін достарымызға суретті кітапша жасап қуантайық. Сендер қағазды қос бүктеу әдіс-тәсілдерімен танысасыңдар. Симметриялы заттарды қос бүктеу тәсілімен тұтас қиып алуды білесіңдер, ал кейбір суреттердің негізгі бөліктерін қиып алуға болады, басқа бөліктерін қабаттап қосарлы қию тәсілімен қиылады.

Бірнеше қағазды қос бүктеп бірінің ішіне бірін салып кітаптың парақтарын жасауға бағыт беріледі. Тақтаға ор түрлі заттардың силуэттерінің жартысы көрсетілген суреттер ілінеді. Балалар өздеріне ұнағанын үлгі ретінде таңдап алады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларға қиып жапсыратын заттардың көлемі, кітапшаның бетінің өлшеміне сәйкес келу керектігін ескертеді.

Балалар жұмбақтың жауабын табады

-кітап

-иә

-ертегі кітаптар

-суретті кітаптар көреміз

Мақалды бірге қайталап айтады

Балалар әдіс-тәсілдермен танысады

Өз беттерімен жұмыстарын орындайды

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:

а)Білу:

ә)Игеру: