- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

- •Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімдері: Жапсыру
Тақырыбы: Қуыршаққа қазақтың ұлттық киімін киіндіреміз.
Сабақтың мақсаты: қатырма қағаздан жасалған қуыршақтарға арналған киім үлгілерін симметриялық әдіс-тәсілдермен қиып жасауға жаттықтыру. Қатырма қағаздан жасалған үлгіге салып, киім үлгісін дайындауға үйрету. "Ұлттық киім" деген ұғымды қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Қатырма қағаздан жасалған қуыршақтар (ұл, қыз), ақ қағаздар, түрлі түсті қағаздар, қарындаштар, қайшы, қатырма қағаздан жасалған киім үлгілері.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер: Дөңгеленіп тұрайық Шаттық шеңбер құрайық Қуанамын мен де Қуанасың сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге |
Балалар іс-қимылмен қайталап жасайды |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Тәрбиеші: —"Ұлттық киім" деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? - деп сұрайды. Өзі балалар жауабын толықтырып түсіндіреді. Басқа да халықтар сияқты қазақ халқының өзіне тән ұлттық киімдері бар екенін айтып, балалардан киімдердің аттарын сұрайды. Олар: камзол, сәукеле, желет, тақия, шапан т.б. Ұлттық киімдерді әртүрлі мақсаттарға пайдаланатынына назар аударады. Мысалы: ерекше айтулы той болғанда, үйлену тойларында ұлттық киімдер қолданылады. Ал оның түрлері мен түстерін жыл мезгілдеріне және адамдардың жас ерекшелігіне де байланысты пайдаланады. Тәрбиеші балаларға қуыршақты киіндіру үшін қағаздан киім үлгілерін жасауға болатынын айтып, іс-әрекетке бағыттайды. Үлгіні көрсетеді. Жұмыстың келесі кезеңінде балалар тәрбиешімен бірге тік төртбұрыш қағазды екіге бүктейді (бүл мата болады), оған үлгіні (шаблон немесе трафарет) қояды, оны қарындашпен сызып алып, қайшымен қияды. Оларды ұлттық ою-өрнектермен әшекейлейді. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Әр бала өзіне қажет үлгіні алып, матаны таңдайды да оған үлгіні сызып, қайшымен қиып, қалаған киім үлгісін жасайды. Балалар өздерінің жасаған киім үлгілерін бір-бірімен салыстырып көреді, қуыршақтарын киіндіреді. Қалған заттарын үлгілері мен мата қалдықтарын қораптарға салып жинап қояды, онымен бос уақыттарында тағы да ойнауларына болады.
|
Балалар сабақты мұқият тыңдайды
Тақтадағы суреттерді тамашалайды
Балалар үлгіге қарап қайталап жасайды
Ұлттық өрнектермен әшекейлейді
Балалардың өз бетінше жұмыстары |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытынды:Балалар жұмыстарын талдау. "Қуыршақты серуенге киіндіреміз" дидактикалық ойыны. Ойынның мақсаты: балаларды қажетті түстерге сәйкес реңктерді таңдай білуге жаттықтыру. Қажетті құралдар: әрбір ойынға қатысушыға күртеше киген ұл баланың, пальто киген қыздың суреті салынған карточкалар. Қуыршақтың бас киімдері мен аяқ киімдердің суреті салынған конверттер таратылады. Олар түстері жағынан ор түрлі болады. Бас киімдер мен аяқ киімдердің түстері қуыршақ киімдерінен қоюлау немесе ашықтау болады (екі бас киім, екі пар аяқ киім). Ойын барысы: Әрбір бала қуыршақтың суреті салынған карточкалар мен бас киім және аяқ киім салынған конверттерді алады. Тәрбиеші: - қуыршақ серуенге шығу үшін әлі толық киініп болған жоқ ол үшін төмендегідей тапсырмаларды орындаңдар, - деп нұсқау береді. - Қуыршақтың күртешесі немесе қыздың пальтосының түсінен ашық түсті бас киім және аяқ киім киіндіріңдер; - Қуыршақтарға үстіндегі киімдерінен қоюлау түсті бас киім және аяқ киім киіндіріңдер; - Бас киім қою түсті, ал аяқ киім ашық түсті болсын; - Бас киім ашық түсті, ал аяқкиім қою түсті болсын; Әрбір тапсырманы орындау барысында тәрбиеші балалардан: - Серуенге шығу үшін, қуыршағын қандай түсті киімдер киіп шықты? - деп сұрайды (түс реңктерін айтқызады). Балалар пальтоның түсі және бас киім мен аяқкиім түстерінің реңктерін ажыратып айтып береді. |
Балалар ойынды ойнайды
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау |