Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Волеология тех карта.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
486.4 Кб
Скачать

Технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері:Валеология

Тақырыбы: Менің отбасым,менің үйім және ондағы менің орным.

Мақсаты: «Отбасы» туралы түсінік беру.

Баланың үйдегі орны жайлы түсініктерін қалыптастыру: баланың үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбер

Балалар бір-бірімен амандасады,көргендеріне қуанышты екендерін білдіреді.

Балалар бір-бірімен өткен сабақтардағы қызықты сәттерін естеріне түсіреді.

Балалар бір-бірімен амандасады.

Ұйымдастыру-

ізденушілік

Балалармен «Отбасы» төңірегінде әңгіме жүргізіледі. Әркім өз отбасылары жөнінде әңгімелейді.Ең жақын адамдар-әке,ана,аға,әпке,ата-әже болып табылады. Кішкентайларға үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі қажет.Ал ата-аналар,әсіресе ата-әжелер өздеріне көп көңіл аударғанды жақсы көреді.Олар-әке-шешелеріңнің ата-анасы.Үлкен кісілер демалыс пен тыныштықты жақсы көреді. Ата-әжелеріңді күту керек: Олар жылы сөзден қуат алады. Ата-анаңды сыйла,оларды күт,ренжітпе,қайда болсаң да,ең алдымен олардың жанынан табылуға асық. Әр адамның өз отбасы, өз үйі болады.Үй кірпіштен немесе ағаштан салынуы мүмкін.Алдында әсем бау-бақшалары да болады.Кей адамдар көп қабатты үйлерде тұрады.Онда әр отбасының өз пәтерлері бар.Пәтерде бір немесе бірнеше бөлмелер және ас бөлмесі болады.Өз пәтеріңе қарашы.Ол қандай? Таза,жайлы ма? Бөлмелеріңнің таза,жайлы болуы кімге байланысты? Үйді жинастыруда үлкендерге көмектесесіңдер ме? Сен қандай көмек көрсетесің?

Адам денсаулығының отбасындағы сыластықта үйіңнің тазалығы мен жайлылығына байланыстыболып қана қоймай,сонымен қатар үйдегі,қоршаған ортадағы экологиялық жағдайға да байланысты екенін түсіндіру.Үйдің жанында отырғызылған ағаштар,гүлдер ауадағы оттегін көбейтіп,адамның көңіл-күйін көтереді. Аула-бұл сенің үйіңнің жалғасы.Оның тазалығын сақтау керек.

Есіңде сақта: Үйіңнің жанындағы ағаштар мен гүлдерді суғар. Ауланың тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес,сыпыр,су шаш.

Үйде әр баланың өз бөлмесі, өзінің бұрышы болуы керек.Бала өз бөлмесін жинастыруға жауапты екенін сезініп, ойыншықтарын,кітаптарын,төсегін жинай білуі қажет.Әр зат өз орнында тұрғаны жөн.

Д/ойын: «Әр заттың өз орны бар».

Ойыншық-баланың үлкен досы.Олар таза,бүтін және өзінің арнайы орнында тұруы тиіс. Өзің әдемі және ұқыпты болып көрінуің керек.Сенің шашың күтімді қажет етеді.Шаштың досы-тарақ,ол әрқашанда таза болсын. Бөгде тарақпен таранба. Сенің аяқ киімдерің де тазалық пен ұқыптылықты жақсы көреді: оны жу,кептір,аяқ киім майымен майла. Бөгде аяқ киімді киме. Балалар Дәрігер Салауаттың суретін көреді. Дәрігер Салауат дені сау, әдемі,мықты болып өсті, өйткені ол күн ережесін және жеке басының тазалығын сақтады.Ол балалық шағында өзінің бөлмесін таза және ұқыпты ұстады,үйін күтуде ол өзінің ата-аналарына көмектесті. Егер сендер Дәрігер Салауат сияқты өскілерің келсе,мына ержелерді орындаңдар: Әке-шешеңді,ата-әжеңді сыйла,оларды күт,ренжітпе. Ауланың және үйдің тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес. Өз бөлмеңнің тазалығын сақта.Лас,ұқыпсыздық адамның денсаулығына кері әсер ететінін есіңде сақта. Әркімнің өзінің жеке заттары және ойыншықтары өз орнында болуы керек. Бөгде тарақпен таранба. Бөгде аяқ киімді киме.

Әркім өз отбасылары жөнінде әңгімлейді.

Балалар өз үйлері жайында айтады.

-аналарына үй жинауға көмектесетіндерін айтады.

Өз үйлерінің ауласы, өсіп тұрған гүлдері жайлы әңгімелейді.

Балалар өз бөлмелері жайында айтады.Өз бөлмелерін қалай жинастыратындарын әңгімелейді.

Балалар ойынды ойнайды.

Балалар Дәрігер Салауаттың суретін көреді.

Балалар Дәрігер Салауаттың ережелерін орындайтындарын айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытындылау:

-Жеке бастың тазалығын сақтау,тазалық пен ұқыптылық сенің денің сау және бақытты болып өсуіңе көмектеседі. Жақсы үй адамның өз-өзіне деген сенімділігіне және бақытты блуына көмектеседі.

Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Өз отбасы және ондағы орны жайында.

Игеру:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы