- •Мектепалды даярлық тобы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері:Валеология
Тақырыбы: Тісің болса, тіске басар табылар.
Мақсаты: Тістің құрылысымен таныстыру.
Тіс аурулары туралы мәлімет беру. Тісті күту ережелерін үйрету.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады, бүгін тағы бір көмекшімен танысатындарын айтып, жұмбақ жасырады. Өзі аппақ маржандай, Тамақ өтпес шайналмай. (Тіс) Айдын көлде алтын тас, Ау салас да алынбас. (Тіс) |
Балалар жұмбақтың жауабын айтады.
-тіс
|
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Жұмбақты шешкеннен кейін «Валоглогия елінің» картасына қарап, келесі «Тіс» аялдамасына келіп тоқтайтындарын айтып, төмендегі ережелерді естеріңде ұстауды өтінеді. Дүниеге келген сәби тіссіз туылатынын, тістің алты ай болғанда шығатынын, оны сүт тіс деп атайды. Алты жасқа толғанда тістер түсе бастайды. Түскен тістің орнына негізгі тістер шығады.Олардың көлемі үлкендеу, барлық тісі сиып тұруы үшін жақтары да өседі.12 жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Көпшілік үлкендерде 20 жасқа толғанда 32 тісі шығып болады. Балаларға алманы немесе ірімшікті тістеп көріп тіс таңбасына көңіл аударуларын сұрайды.Әліппе дәптерінен тістің және жақтың құрылысын қарайды. Тістің негізгі қызметі –тамақты шайнау.Тіс-біздің сөйлесуімізге көмектеседі. Тістің барлығы жақ сүйектен өседі. Тіс қабығын эмаль жауып тұрады. Тіс біздің денеміздегі ең қатты зат.Тамақты шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді, бұл эмальді бұзады. Балаларға айна беріп, өз тістеріне қарап, қандай екенін (ақ, тегіс, қатты) айтуды ұсыну.Кейбір балалардың тісінің бұзылғанына көңіл аударады. Тіс жегісі-тістегі ең жиі кездесетін ауру.Оны ауырпай емдеуге болады. Егер емдемесе, тесігі тереңдеп, тістің түбірі де бұзылады.Ол кезде тіс шыдатпай ауыратынын айтып, Әліппе дәптеріндегі үш суретке қарауды ұсыну. Балалардан тісті күту ережелерін естеріне түсіру және сұрау. Тісті күніне екі рет тазалау. Тамақтан кейін ауызды шаю. Ыстық тамақтан кейін, суық ішпеу. Қатты заттарды шақпау. Тәттіні көп жемеу. Тіс дәрігеріне жиі көріну. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану. Сонымен қатар «С» дәруменіне бай жемістер мен көкөністер (көкбұрыш, капуста, қызанақ, шалқан. т.с.с) және «Д» дәрумені кездесетін тағамдар (балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық, май) тіс ауруына ұшырамауына, қатты және сау болып өсуіне көмектеседі. Әліппе дәптерімен жұмыс: «Ақ тіс ашулы тіс жегісінен қалай қорықты» атты ертегі ойластырып, ертегі бойынша суреттер салу. Осы аялдамаға өз көңіл күйін жазып қалдырады. |
Жаңа сабақпен танысады.
Тіс жайында әңгімелейді.
Алманы тістеп көреді. Әліппе дәптерінен тістің және жақтың суретін қарайды.
Тіс туралы және тіс жегісі жайында тыңдайды.
Айнаға қарап өз тістерін көреді.
Әліппе дәптеріндегі суреттерді көреді.
Тісті күту ережелерін естеріне түсіреді.
Дәрумендер жайында тыңдайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Ертегі ойластырып әңгімелейді және суреттер салады.
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Қорытынды: Тіс ерте жарып шығады. Сүт тіс негізгі тіске ауысады. Тістің негізгі қызметі-тамақ шайнау. Тіс жегісі-тістегі ең жиі кездесетін ауру. Тісті күту ережесін сақтаңдар. |
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
