Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Волеология тех карта.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
486.4 Кб
Скачать

Технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері:Валеология

Тақырыбы: Неліктен тіс тазалап,қол жуу керек?

Мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту.Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру-

ізденушілік

Өткен сабақты естеріне түсіру арқылы,дәптерлерін ашып «Тазалық» аялдамасына тоқталу.

Дәрігер Салауаттың ашық хаты.Балаларға ертегі оқып беру.

«Ертеде бір Кірқожалақ қыз өмір сүріпті.Оның дүниедегі ең жек көретін нәрсесі-қолын жуу және жуыну екенСол себептен қолында, аяғында пайда болған микробтар денсіне тарайды.Ауыз арқылы ішке кірген микроп қызды ауруға шалдықтырады.»

Дәрігер қыз баланы тексеріп,оның ауруының себебін біліп,ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.Балалармен бірге осы ғажайып зат жөнінде әңгімелесу.

Қолды күнделікті және күніне бірнеше рет жуу қажет.

Сабын мен су-нағыз достар.

Күлкілерің тамаша екен, «Тіс-күлкіге сән берер» деген нақыл сөздің мағынасына тоқталу.

Жұмбақ жасыру:

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай.

Аузы бүрме қызыл қалта,

Ішінде бар отыз екі малта

Жұмбақы түсіндіру.

Үлкен адамдарда отыз екі тіс бар екені және осы тістердің көмегімен тамақ шайналатыны жөнінде айту.

Тамақ аузымызда сілекеймен шыланып,тіс арқылы ұсақталады.Балалар сендердің алғашқы тістерің сүт тістер.10 жасқа келгенге дейін балалардың сүт тістері түсіп,орнына тұрақты тістер өседі.Осы отыз екі тісті сақтау үшін күніне екі рет тісті тазалау керек.

Тамақта үнемі орамжапырақты қолдану керек,оның құрамында тісті және қызыл етін сақтауға көмегін тигізетін «С» дәрумені бар.

-Ал,сендер сүт ішесіңдер ме?

Неғұрлым сүтті көп ішсеңдер,соғұрлым тіс мықты болады.Сәбізді де міндетті түрде жеу керек,себебі оның құрамында адам ағзасына пайдалы-темір, «В,С» дәрумендері өте көп.

Тіспен қатты затты шағып жеу,тістеп көру тіс эмаліне зиян келтіреді.Тіс эмалі-дегеніміз тістердің сыртқы қабаты.

Осы ережелерді орындамасаңдар,сендердің тістеріңе тесік(кариес) пайда болады.Ондай жағдайда тезірек дәрігерге көріну керек.Тіс емдейтін дәрігерді-стамотолог дейміз.Жылына екі рет тіс дәрігеріне қаралу керек.

Ойын: «Жарнама»(тіс пастасы мен щеткасы)

-Сендердің күлкілерің әдемі болу үшін,маржандай,ақ сау тістерің бар.Тісті күтуге байланысты арнайы ережелерді мұқият орындап отыру қажет.

-Тісті күніне екі рет тазала.

-тамақтан кейін ауызды шаю.

-ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпе.

-жаңғақты тісіңмен шақпа

-тәттіні көп қолданба.

-дер кезінде дәрігеріге көрін.

-әркімнің өзінің жеке тіс щеткасы болсын

2 Әр тістің шайнау бетін тазалау.

3 Щетканың ұшымен тістердің ішкі жағын дөңгелете қозғалту арқылы тазалау.

Балалар өткен сабақты естеріне түсіреді.

Ертегіні мұқият тыңдайды.

Балалар қолдарынан ұстап

Бір-бірлеріне қарап күлімсірейді.

-тіс

-тіс

Балалар тісті қалай күту керектігін біледі.

-иә,сүтті ішеміз

Тіспен қатты затты шағып жеуге болмайды.

-тмақты ішіп болғаннан кейін ауызды шаюды ұмытпау керек.

Балалар ойынды ойнайды.

Салауат дәрігердің тапсырмаларын орындайды.

«Тіс тазалау»ойыны

1Тістің сыртқы жоғарғы жағын тазалау.Тіс щеткасы қызыл ет бойымен қозғалады.Қозғалыс жоғарыдан төмен,кейін төменнен жоғары қайталанады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды:

Балаларға тістерінің сау,күлкілерінің әдемі болуы үшін тісті күтіп,жоғарыда айтылған ережелерді есте сақтап,орындаулары керектігін айтады.Дәрігер Салауатқа қараңдаршы.Ол мейірімді,оның маржандай аппақ тістері әдемі күлкісіне көрік беріп тұр.

Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.

Бір-біріне күлімсіреп қарап,

Жақсылық,денсаулық тілейді.

Күтілетін нәтиже:

Білу:

Игеру:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің