- •Мектепалды даярлық тобы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері:Валеология
Тақырыбы: Менің қайырымды көмекшілерім. Көз.
Мақсаты: Көздің құрылысымен таныстыру.
КӨзді күтуге, көзілдірікті дұрыс падалануға үйрету.
Балаларды көзілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін! Құлақ деген не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін. Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін. |
Балалар қайталап айтады.
|
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Балаларға өткен сабақта айтылған қаңқа, бұлшық ет, буыннан басқа, адамда сезім мүшелері бар екенін естеріне салу.Көру, есту, сезу, түю-адамның ең негізгі көмекшілері. Құлақ, көз, мұрын, тіл, тері адамның айнала ортаны танып білуіне көмектеседі. Балалар мына жайларды көз алдымызға елестетіп көрейікші: Таңертең сағат шырылдаса, орныңнан тұруың керек(сағаттың шырылын адам құлақтың көмегімен естиді). Төсектен тұрғанда бөлме суық болса, тез киін (бөлменің суық немесе жылысын адам сезім мүшесі-тері арқылы біледі). Бөлмеде кофенің иісі пада болды. Анасы ас үйде ертеңгілік ас әзірлеп жатыр( кофенің иісін сезім мүшесі –мұрын арқылы біледі). Кофе тәтті емес, қант салу керек(кофенің дәмін адам тілдің көмегі арқылы ажыратады). Көшеде жаңбыр жауып тұр, қолшатытырыңды дайында(ауа райының өзгергенін адамға көру ағзасы-көз хабарлайды). Балалар, сезім мүшесі адамға қоршаған ортаны бағдарлауға көмектеседі екен. «Біздің қайрымды көмекшілеріміз-көз» аялдамасында көру мүшесімен тереңірек танысамыз. Көздерін жұмып, қараңғыда тұрғандай сезініп, күнді, аспанды, шөпті, гүлді, жақын адамдардың түрін көре алмау, яғни соқыр болудың өте ауыр екенін елестетуге болады. Қоршаған ортаны көру қабілеті-адамның бағалы сезімдерінің бірі.Адам өміріндегі брлық жаңалықтаркөздің көмегімен қабылданады.Көзді шаң-тозаңнан, тер тамшысынан қас, қабақ, кірпік сақтайды. Көздің көру қабілетін арттыруға «А» дәруменінің падасы зор, сондықтан тамаққа сәбізді көп пайдалану қажет. Үй тапсырмасын орындағанда, сурет салғанда, көз бен қағаз арасында 30см қашықтықты сақтау керек. Қараңғыда немесе жарық жеткіліксіс жерде оқу көздің көру қабілетін төмендетеді. Теледидар көргенде қатты орындықты таңдап, оны экраннан 2 метр қашыққа қою қажет. Жұмыс үстінде қайшы және басқа үшкір заттармен көзді жарақаттап алмас үшін ұқыптылық қажет. Егер адам алыстағы затты дұрыс көрмесе, онда ол-жуықты көргіш. Егер жақын орналасқан затты дұрыс көрмесе, онда ол-алысты көргіш.Көз дәрігері көздің қаншалықты дұрыс жұмыс істейтінін анықтап, қажетіне қарай көзілдірік жазып береді. Көзілдірікке ерекше күтім керек: -әйнегін таза ұстау керек. -сынған әйнек көзді жараламас үшін соққыдан сақтау қажет. Кейбір адамдардың көздері мүлде көрмейді. Адам ауыр соққыдан немесе туа соқыр болуы да мүмкін. Соқыр (зағип) адамдарды сыйлау және құрметпен қарау керек. Ғажайып әлемді көру мүмкіндігінен айрылған адамдарға басқалардың достығы, көмегі қажет. Әліппе дәптермен жұмыс: Көздің құрылысын қарау. Көздің екі жанарын, оны сақтаудың қаншалықты қажет екенін көзің ауырып зақымданғанда немесе қиқым түскенде білесің. Осыған орай халқымыз: «Ішің ауырса –аузыңды тый, көзің ауырса-қолыңды тый».-дейді. Көздің сырқы жағынан қарағандағы құрылысын Әліппе дәптерден көресіңдер.Бұл суреттен көздің жанары (алмасы) жас безі арқылы үздіксіз суланып-жуылып, жуылған жас мұрын, көз түтігіне мұрын қуысына ағып келетінін байқайсың.Көз осылайша үздіксіз тазаланып , суланып тұрмаса, оның алыстағы, жақындағы және жанындағы нәрселерді тез арада көруі, күндіз және түнде көруі, сондай-ақ түрлі-түсті ажыратуы және көргенде есте сақтау қызметтері нашарлайды.Сондықтан қос жанарыңды сақтай біл. Көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар жинағы: Бұл жаттығу көз бұлшық еттерін нығайтуға, көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі. 3-5 секунд көзді қатты жұмады, ашады.(6-8 рет қайталау) Кірпікті тез-тез қағамыз, тоқтаймыз, қараймыз. Қайтадан көзімізді жыпылықтытымыз. Тез-тез 15 секунд жыпылықтыру.(3-4 рет қайталау) Ал енді көзіңді жұмып, Қолыңмен сипа, Сүйікті анамыз туралы ойлайық. Көзді жұмып, қабақты саусақ ұшымен сипалау. Көзіңді оңға айналдыр, 1,2,3.Көзіңді солға айналдыр Тағы қайтала Көзіңдібір бағытпен шеңбер жасай отырып айналдыр. Сұқ саусағыңды мұрның қарай жылжыт. Кері тарт. Оған қара. Қолыңды алдыңа соз. Саусақтың ұшына қара, мұрныңа ақырындап жақындат, содан соң кейін тарт(5-6 рет ).
|
Өткен сабақты естеріне түсіреді.
Адамның ең негізгі көмекшілерімен танысады. Балалар мына жайларды көз алдарына елестетеді.
Көру мүшесімен тереңірек танысады. Көздерін жұмып көреді.
-Сәбіз пайдалы онда «А» дәрумені бар екенін біледі. Көзі қалай сақтау керек екендігмен танысады.
Көзілдірікті қалай күту қажет екенін біледі.
Әліппе дәптермен жұмыс жасайды. Көздің құрылысымен танысып, оның суреттерін көреді.
Көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулармен танысады. Жаттығуларды қайталап жасап көреді.
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Қорытынды: Көзілдірік киген үлкен де, кіші де-олар басқалармен бірдей, тек олардың көздері нашар көреді. Оларға сыйласымдылықпен қара! Егер оларға көмек қажет болса, көмегіңді аяма. Қариялар нашар көреді. Оларға көмектесіңдер, уақыты келгенде сендерлің әке-шешелерің де қартаяды. Құлақ, көз, мұрын, тері, әлемді тануға, өмірден хабардар болуға көмектеседі. |
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
