Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Волеология тех карта.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
486.4 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері:Валеология

Тақырыбы: «Сәлем,Валеология» ғылымы. Дәрігер салауатпен таныстыру.

Мақсаты: Денсаулық туралы ғылым-«Валеология» жөнінде түсінік беру. Балалардың «Амансың ба?», «Саумысың?» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту.Дәрігер Салауатпен әліппе дәптерімен таныстыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Армысың асыл күн.

Армысың асыл нұр

Армысың асыл досым

Жылуына жылу қос.

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру-

ізденушілік

Балалар сендер ұйқыдан оянған кезде,өздерің балабақшаға келген кезде, сол сияқты достары мен таныстарын көшеде, автобуста көрген сәтте қандай сөз айтатындары жөнінде сұрап, әңгіме жүргізеді.

Балаларға «Сәлеметсің бе?! Амансың ба?! Саумысың?!» деген сөздерді ғажайып сөздер ретінде түсіндіре отырып:

«Неліктен олай деп ойлайсыңдар?»деген сұраққа жауап алынады.

«Амансың ба?» деген сөз-бұл басқа адамдарға саулық, ұзақ өмір тілеу деген мағынаны білдіреді.Біз кездескенде амандасып, бір-бірімізге денсаулық тіледік.

Балалар дөңгелене тұрып алдымен –бір-бірімен, содан кейін педагогпен амандасады.

«Денсаулық дегеніміз не?» әңгімелесу.

«Денсаулық» деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді.

Деніңнің-ауру-сырқаудан аман, қайратты, жігерлі,көңілдің көтеріңкі болуының өзі денсаулықтың белгісі.

Дене мүшелерінің,ішкі ағзаларының бірінің ауруы себепті адамның денсаулығы нашарлап,көңіл-күйі бәсеңсиді,сондықтан олардың еш нәрсеге зауқы болмайды.Ендеше, «Денсаулық-зор байлық» депхалқымыз айтқандай,оны еш нәрсеге теңеуге болмайды,адамдар бір-біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі, міне,осында.

Әліппе дәптерімен танысу.

Валология-бұл денсаулық туралы ғылым,ол бізді ақылды,көңілді,дені сау және ақ көңіл бала болып өсуге баулиды.Ең бастысы-ол бізді ауырмай өмір сүруге үйретеді.Таңғажайып «Валеология» әлеміне бармас бұрын,біз алдымен ерекше Дәрігер-Салауатпен танысуымыз керек.Дәрігер Салауат өздеріңмен танысуға міндетті түрде келмек,бірақ әзірше ол бізге кереметтей сыйлық беріп жіберіпті.Ол сыйлық-біздің «Валеология»әлеміне таңғажайып қызықты саяхаттаржасауымыз үшін негізгі басты көмекшімізболатын-ғажайып денсаулық әліппесі.

Орман дәрігер жануарларды,яғни олардың ауруын емдейді.

Дәрігер Салауат ауруларды емдемей, тек адамдарды ауырмай өмір сүруге баулиды.Ол-спорт құралдарын өзіне серік деп санайды.Дәрігер Салауат-«Валеология» еліндегі басты тұлға.Ол бізді денсаулық туралы білім алуға жетелейді

Балалар тақтадағы суреттерді тамашалайды.

-өз жауаптарын айтады

-балалар дөңгелене тұрып бір-бірлеріне қалай амандасатындарын айтады

Балалар мұқият тыңдайды

-қыздар нәзік

-ұлдар батыр

Балалар іс-қимылмен сергіту сәтін жасайды.

-әліппе дәптермен танысады

-әліппе дәптермен жұмыс жасайды

-«Орман» дәрігері ертегісін тыңдайды,

суреттерін тамашалайды

-орман дәрігері және Салауат дәрігер жайлы әңгімелейді

-Балалар мақал-мәтел жаттайды

-Денсаулық-зор байлық,

-Дені саудың-жаны сау.

-Сау дене, азат ақыл,адал көңіл.

Үшеуімен бақытты болар өмір.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сабақты қорытындылау.

Кездескен кезде адамдар «Амансың ба!Сәлеметсің бе!»-деп бір-бірімен міндетті түрде амандасады және денсаулықтарын сұрайды.

Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу:

Игеру:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері:Валеология

Тақырыбы: «Валеология» еліне саяхат

Мақсаты: Жас «Валеология» ғылымының мағынасын ашу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балалар жиналып,шеңбер құрып,бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып,денсаулық тілейді.

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру-

ізденушілік

Өткен сабақтың негізгі сәттерін естеріне түсіру

Валеология дегеніміз не?

Дәрігер Салауат дегеніміз кім?

Үлкендер мен балалар қандай ғажайып сөздерді білулері керек.

«Валеология» сөзінің құпиясын ашып беру. «Валео» сөзі латынның- «сау бол»,ал «логос» -«ғылым» деген сөздерінен шыққан.

Валеология-ауырмай,дені сау азамат болып өсу жолдарын бізге үйрететін ғылым.Балаларға Дәрігер Салауат жіберген хатты оқу.

Қымбатты балалар!

Біз келешекте кездесеміз деп ойлаймын.Ал әзірше біз өзіміздің «Әліппе дәптері» арқылы жүздесеміз.Одан сендер өздеріңе пайдалы,жаңа,қызықты,көптеген мәлімет хабарлар аласыңдар.Біз «Валелогия» еліне саяхатқа бірге барамыз,ол үшін міндетті түрде картаның көмегі керек.Әліппе дәптерлеріңді ашып қарасаңдар,сендер ғажайып «Валеология» елінің картасын көресіңдер.Біздің бұл саяхатымыз сендердің барлықтарыңа ұнайды деп сенемін.

Алғашқы кезеңдегі соқпақ жол өте жіңішке,онша көрінбейді,бізге қиынырақ болар,сондықтан барлық балалар бір-бірін сыйлап,қолдап және өз достарына қамқорлық көрсетулері керек.Яғни,сендер жолда бір-бірлеріңе қамқорлық көрсетіп,нәзік қыздарды енжітпей,қорғап жүрулерің қажет.

Релаксацияға арналған жаттығу

Балалар демалғаннан кейін,олардың назарын картадағы жіңішке соқпақ жолға аудару.Дәрігер Салуаттың хатының жалғасын оқу.

«Валеология» елінің заңдылықтары бойынша өмір сүру қажеттігін естеріне салу. «Валеология» ғылымы өте жас,оның жасы сендердің жастарыңнан сәл ғана үлкен,Ал «Тазалық» ғылымы бұрыннан бері өмір сүріп келеді.Қазір мен сендерге осы туралы аңыз айтып беремін.

Бұрынғы грек халқында Эскулап атты ең күшті дәрігердің Панцея және Гигия деген екі қызы болыпты.Олардың екуіне де емшілік қасиет дарыпты,бірақ өзара бәсекелесіп жүріпті.Панацея өзін аса құдіретті сезінгені соншалық,ол-адамдарға барлық аурудан жазатын бір-ақ дәрі сыйлай алатынын мақтанышпен айтты.Ал Гигия болса мүмкін еместігін,адамдардың өмір заңдарын білмейтін сенгіш,әлсіз екенін,сондықтан оларға осы заңдарды үйрету керектігін айтып,әпкесімен келіспейді.

Балалар денсаулық туралы танысқан мақал-мәтелдерді жатқа айтады

-ұйқыдан оянып,тұрған кезіңде күлімдеп,ата-анаңмен және жақын адамдарыңмен амандасу керектігін айтады.

Балалар хатты мұқият тыңдайды.

әліппе дәптерлері бойынша жұмыс жасайды.

«Бәріміз-біріміз үшін,біріміз-бәріміз үшін»

Балалар бір-бірлерінің қолдарынан ұстасып осы ұранды бірге дауыстап айтады.

Балалар шеңбер құрып бір-бірлерінің иықтарына қойып,көздерін жұмып,баяу әуен ырғағымен қимыл жасайды.

Балалар аңызды тыңдайды,аңыздың мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі.

Балалар ойынды ойнайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Дидактикалық ойын:

«Суретіне қарап,тиісті құралдарды жина».

Қорытынды:

Валеология ғылымы деген не?

Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу:

Игеру:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері:Валеология

Тақырыбы: Менің бір күнім. «Күн ережесі» дегеніміз не?

Мақсаты: Балалардың күн ережесі туралы білімдерін кеңейту.Күн ережесін жүйелі орындауда денсаулықтың мықты болытынын түсіндіру. Әр елдің күн ережесін сақтау жөнінде түсініктеме беру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады.Балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады.Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп,педагогтың өзіне бір құшақ гүл-«Тілек шоғы»болып оралады.

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру-

ізденушілік

Өзгелерге денсаулық тілеп,жақсылық жасасаң,ол өзіңе қайтып оралады деп қорытынды жасайды.Дәрігер Салауаттың хаты жөнінде әңгімелесу.

Балалар картадағы «Күн тәртібі» аялдамасына тоқтап,танысады. Дәрігер Салауаттың ашық хатындағы берілген тапсырмаларды оқу.

1тапсырма.Ырықты,зейінді дамытуға арналған дидактикалық ойын:

Сұрақтар бойынша әңгіме:

-таңартең ұйқыдан тұрған кезде не істейміз және немен шұғылданамыз?

-Кешке немен шұғылданамыз?

Сергіту жаттығуы.

2тапсырма

Төсектен тұрғанда

Секіріп,тез тұрма.

Керілтіп денеңді

Жадыра бос тұрма

«Менің таңым» атты өлеңді мәнерлеп оқу.Өлең мазмұнына сәйкес жаттығуларды жасау.

Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері»

Жер шарының түпкір-түпкіріндегі табиғаттың және әр елдің өзінің өмір тәртібі,заңдылықтары бар.Табиғат та өз өміріндебелгілі бір тәртіпті сақтайды.Ол тәртіп-«Жыл мезгілі» деп аталады.

Адам-табиғаттың бір бөлігі,сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір ережені сақтап,арнайы өмір салтына лайық бейімделуі керек.Адамның бұл тәртіппен өмір сүруі-күн ережесі деп аталады.Оны үлкендер де,балалар да,әсіресе,дені сау болып өскісі келетін адамдар ғанасақтай алады.Ақылды,сымбатты,дені сау болып өсуі үшін күн ережесінсақтайтын балалар біздің елімізде ғана емес,Қытай,Америка,Үнді,Жапон,т.с

Елдерде де бар.

Достық туралы ұранды балалар бірге қайталайды.

«Күн тәртібі» аялдамасымен танысады.

«Менің бір күнім»

-керілеміз,терезе көзін ашып,таза ауа жұтамыз

тамақтанамыз,серуендейміз,жуынамыз,бөлмені желдетеміз,ұйқыға

дайындаламыз

Ке-рі-ле-міз

Өлең мазмұны бойынша ертеңгі уақыттағы күн сәттеріне қатысты суреттерді тамашалап,әңгімелесу

Жыл мезгілі жайында әңгімелеседі.

Картаға балалар өздерінің көңіл-күйлерін белгілейді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды:

Табиғат өз заңдылықтары бойынша өмір сүреді.

Адам-табиғаттың бір бөлігі.

Жер бетінде өмір сүретін,дені сау болып өскісі келетін адамдар табиғатты сүюі керек.

Адамдар бір-біріне күлімсіреп қарауды үйренуі қажет,тек сонда ғана бір-бірін сыйлап,қателерін,кемшіліктерін кешіре алады.Барлық балалар мен үлкендер күн ережесін сақтағандары жөн.

Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.

Бір-біріне күлімсіреп қарап,

Жақсылық,денсаулық тілейді.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Күн тәртібін

Игеру: Күн ережесін сақтауды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің