Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2037.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
690.18 Кб
Скачать

43

Байқау сынағы 2037 - нұсқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК

СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЙҚАУ СЫНАҒЫ

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ

2037 - НҰСҚА

2013

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Еріндік, езулік дыбыстар араласып келген сөзді табыңыз.

A) Құлын.

B) Сараң.

C) Еркін.

D) Әдеп.

E) Баға.

2. Ұяң дыбыстардың қатарын көрсетіңіз.

A) м, д, з.

B) р,х, з.

C) б, ж, д.

D) с, д, х.

E) ғ, т, л.

3. Көмекші сөзді тіркесті табыңыз.

A) Жазамын.

B) Ермек үшін.

C) Келді.

D) Сиыршы.

E) Әке.

4. Есім сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз.

A) Азамат.

B) Ұшқыш.

C) Озат.

D) Ойыншық.

E) Суырма.

5. Болжалдық сан есімді табыңыз.

A) Он бүтін бестен бір.

B) Тоғызыншы.

C) Алтау.

D) Сегіздерде.

E) Жетпіс бес.

6. Тәуелденіп келген сұрау есімдігін көрсетіңіз.

A) Ешкім, әлдеқашан.

B) Ғой, бірақ.

C) Кімім? кіміңіз?

D) Кейбір, біреу.

E) Алма, нарық.

7. Есімді тіркесті көрсетіңіз.

A) Жыл құсымен енеді.

B) Тау басына шығу.

C) Тілін тигізу.

D) Жақсы бала.

E) Асықпай сөйлеп ала жөнелу.

8. Жайылма сөйлемді табыңыз.

A) Күз түсті.

B) Жаңбыр көп жауды.

C) Қар еріді.

D) Қоңырау соғылды.

E) Сағат жүріп тұр.

9. Автор сөзіне тән анықтаманы белгілеңіз.

A) Біреудің сөзінің мазмұны.

B) Екі адамның сөйлескен сөзі.

C) Қанатты сөз.

D) Біреудің айтқан нақты сөзі.

E) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі.

10. Омоним болатын сөзді табыңыз.

A) Балшық.

B) Он бес.

C) Мұғалім.

D) Ауыз.

E) Сау.

11. Күрделі сын есімді табыңыз.

A) Мерекеге ұласу .

B) Өнерлеріне разы.

C) Басынан таяқ арылмау.

D) Бидай өңді.

E) Егінді күту.

12. Баяндауышы етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қазір балалардың бәрі де бизнесмен болғысы келеді.

B) Мен дәрігер боламын.

C) Жаның сүйген еңбегің-жан рақаты.

D) Шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты.

E) Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын.

13. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.

A) Соншалық.

B) Баяу.

C) Сеніңше.

D) Қазақша.

E) Бұлбұлдайын.

14. Қате қойылған тыныс белгісін анықтаңыз.

A) Мектепке қарай бар.

B) Сен-ақ ала бердің.

C) Сен түгіл өзіне қимайды.

D) Ол кінәні өзінен іздейтін-ді.

E) Аз-ба, көп-пе.

15. Тұрақты тіркесті табыңыз.

A) Тонның ішкі бауындай.

B) Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

C) Адал достық алтыннан қымбат.

D) Олақтан салақ жаман.

E) Өнерлі өрге жүзер.

16. Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін табыңыз.

A) Пысықтауыш.

B) Анықтауыш.

C) Толықтауыш.

D) Айқындауыш.

E) Баяндауыш.

17. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.

A) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

B) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.

C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

D) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды.

E) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді.

18. Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс белгіленген, көрсетіңіз.

A) Биік мансап - биік жартас - дейді Абай.

B) "Биік мансап - биік жартас", - дейді Абай.

C) Биік мансап, биік жартас, - дейді Абай.

D) "Биік мансап, биік жартас", - дейді Абай.

E) "Биік мансап, биік жартас" - дейді Абай.

19. Астарлы, бейнелі, экспрессивті сөздер қолданылатын стильді табыңыз.

A) Ресми стиль.

B) Ғылыми стиль.

C) Ауызекі стиль.

D) Көркем әдебиет стилі.

E) Публицистикалық стиль.

20. «Шиіт» сөзін қай қатарға жатқызамыз.

A) Антоним.

B) Көнерген сөз.

C) Синоним.

D) Кәсіби сөз.

E) Диалект сөз.

21. Басқа тілден енген сөздер қатарын табыңыз.

A) Ауыл, дәптер, қорамса.

B) Тергеуші, өсімдік, қағаз.

C) Геометрия, телефон, ұстаз.

D) Қайшы, хат, пышақ.

E) Өзен, дос, барымта.

22. Келіс (сөз), шаң (сорғыш) - қандай тұлғада жазылатынын көрсетіңіз.

A) Қос сөз түрінде.

B) Туынды сөз түрінде.

C) Қысқарған сөз түрінде.

D) Бөлек.

E) Біріккен сөз түрінде.

23. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.

A) Аққу.

B) Техника.

C) Шөлейт.

D) Шекара.

E) Шеше.

24. Көмекші етістікпен келген еліктеуішті табыңыз.

A) Құрт-құмырсқа көп.

B) Үйді-үйімізге тараймыз.

C) Алба-жұлба.

D) Жалп-жалп етті.

E) Анда-санда келіп тұр.

25. Сөйлемде қолданылған оқшау сөздің түрін табыңыз.

Маған, ең алдымен, орыс поселкесінің көше-көше боп орнауы ұнады.

A) Қаратпа сөз.

B) Одағай сөз.

C) Төлеу сөз.

D) Қыстырма сөз.

E) Төл сөз.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Қазақстан тарихы

1. Палеолит дәуіріндегі адамдар тобынын атқарған қызметі:

A) Қоладан еңбек құралдарын жасау.

B) Садақ пен жебені пайдалану.

C) Қыштан заттар жасау.

D) Бірігіп қорғану, шабуыл жасау, аң аулау және терімшілікпен айналысу.

E) Темірден еңбек құралдарын жасау.

2. XIV ғасырдағы Ақ Орданың астанасы:

A) Сауран.

B) Отырар.

C) Созақ.

D) Яссы.

E) Сығанақ.

3. ’’Жұт’’ - деген сөздің мағынасы:

A) Қолөнердің түрі.

B) Малдардың жаппай қырылуы.

C) Байлық.

D) Салық.

E) Малдарды айдау.

4. Көктеу дегеніміз:

A) қыстағы жайылым

B) күздегі жайылым

C) көктемдегі жайылым

D) жазғы жайылым

E) маусымдық жайылым

5. Қ.Жалаири «Жылнамалар жинағы» атты еңбегін тарту еткен орыс патшасы:

A) Б.Годунов

B) I Петр

C) И.Грозный

D) II Екатерина

E) III Иван

6. XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері көбейді:

A) 1 сомнан 3 сомға дейін

B) 1 сомнан 2 сомға дейін

C) 1 сом 50 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін

D) 2 сомнан 3 сомға дейін

E) 3 сомнан 5 сомға дейін

7. 1913-1917 жылдарда «Қазақ» газетінің редакторы болған қайраткер

A) М.Дулатов

B) Ш.Құдайбердіұлы

C) А.Байтұрсынұлы

D) Ә.Бөкейханов

E) С.Торайғыров

8. 1918 ж. Торғай облыстық Кеңестер съезінің қаулысымен жабылған газеті:

A) “Ұшқын”

B) “Дала уалаяты”

C) “Айқап”

D) “Қазақ ”

E) “Искра”

9. Одаќтас Республика ретінде Ќазаќ Кеңестік Социалистік Республика болып ќайта ќұрылған жылы:

A) 1935

B) 1939

C) 1936

D) 1938

E) 1937

10. Ғұн мемлкетінің оңтүстік және солтүстік болып бөлінген мерзімі

A) б.з.93 жыл

B) б.з.б. 55 жыл

C) б.з.б.255 жыл

D) б.з.б.93 жыл

E) б.з.б.165 жыл

11. Шу өзені бойы Баласағұн қаласында дүниеге келген ғұлама:

A) А.Яссауи.

B) М.Қашғари.

C) Әл-Фараби.

D) Ж.Баласағұн.

E) Әл-Бируни.

12. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған:

A) Ұлы Жібек жолы

B) Сібір халықтары

C) Ақ Орда тайпалары

D) Қарақалпақтар

E) Моңғолдар

13. Қыпшақ тілінің фольклор үлгілері сақталған

A) “Кодекс куманикус”

B) “Қобыланды батыр”

C) “Ер Тарғын”

D) “Жәми ат-тауарих”

E) “Михман наме”

14. Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен 1760 жылы өлкеге қоныстандырды:

A) Қырғыздарды

B) Орыстарды

C) Башқұрттарды

D) Татарларды

E) Казактарды

15. Ішкі Бөкей ордасында хандық билік сақталды

A) 1840 жылғы дейін.

B) 1845 жылғы дейін.

C) 1842 жылғы дейін.

D) 1844 жылғы дейін.

E) 1841 жылғы дейін.

16. Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы осы жылға дейін жұмыс істеді

A) 1905 жылға

B) 1912 жылға

C) 1910 жылға

D) 1907 жылға

E) 1903 жылға

17. 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды:

A) Байтұрсынов, Бөкейханов, Бокин.

B) Байтұрсынов, Бөкейханов, Жангелдин

C) Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов.

D) Байтұрсынов, Бөкейханов, Рысқұлов.

E) Байтұрсынов, Бөкейханов, Сейфуллин.

18. 1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы:

A) «Ұлы нәубет жылдары»

B) «Ұжымдастыру жылдары»

C) «Қуғын-сүргін жылдары»

D) «Индустияландыру жылдары»

E) «Тоқырау жылдары»

19. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны

A) 1500-ге жуық

B) 3500-ге жуық

C) 2500-ге жуық

D) 8500-ге жуық

E) 4500-ге жуық

20. “Қыпшақтар даласы”атанған аймақ:

A) Орталық Қазақстан

B) Жетісу

C) Қазақстанның оңтүстігі

D) Алтайдан Еділге дейінгі аралық

E) Оңтүстік Сібір

21. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:

A) б.з.б. VІІ ғасыр

B) б.з.б. ІІ ғ.ортасы

C) б.з.б. VІ ғасыр

D) б.з.б. ІV ғасырдың соңы

E) б.з.б. IІІ ғ.басы

22. Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы

A) Тек Қоқан ханын қолдады

B) Тек Ресей әскерін қолдады

C) Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты

D) Жеңген жаққа шығуға дайын тұрды

E) Бейтарап болды

23. 1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны

A) 5000

B) 75000

C) 45000

D) 15000

E) 10000

24. Ұлы Отан соғысы жылдарында 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды:

A) Ж.Елеусізов

B) Қ.Қайсенов

C) Т.Бигелдинов

D) Қ.Аухадиев

E) Р.Қошқарбаев

25. КОКП XX сьезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер:

A) М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Әбішев

B) Ә.Марғұлан, М.Айтхожин, А.Байтұрсынов

C) М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов

D) С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин

E) Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, М.Шаханов

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]