Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2035.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Биология

1. Жасушаның мөлдір, қоймалжың заты:

A) Ядро

B) Жасуша қабықшасы

C) Цитоплазма

D) Пластидтер

E) Вакуоль

2. Жұмыртқа жасуша дегеніміз-

A) Ірі жасуша

B) Тозаң түйіршігі

C) Спермия

D) Тұқымбастамасы

E) Аналық гамета

3. Қозықұйрықтың боз арамқұлақтан ерекшелігі:

A) Қалпақшасының асты ақшыл-жасыл түсті.

B) Жемісті денесі жер бетіне күзде дамиды.

C) Негізінен топ-топ болып өседі.

D) Қалпақшасының асты қызғылт түсті, түбіртегінде сақинасы болмайды.

E) Түбіртегі жіңішке, ұзын, түбіртегінде сақинасы бар.

4. Денесі екі қабатты жасушалардан құралған, бір ғана қуысты көпжасушалы жәндік:

A) Сиыр цепені

B) Гидра

C) Ақ сұлама

D) Миқұрт

E) Бауырсорғыш

5. Табиғаттың тазалығын сақтайтын қоңыздар:

A) Колорад қоңызы.

B) Көмбекей қоңызы.

C) Қанқызы.

D) Жүзгіш қоңызы.

E) Зауза қоңызы.

6. Ұйқы безінің қызметі.

A) Дәрумендер бөлу.

B) Адреналин түзу.

C) Қарын сөлін бөлу.

D) Пепсин түзу.

E) Инсулин мен асқорыту сөлін бөлу.

7. Тұмаумен ауырғанда микроорганизмдердің әсерінен құлақтың қабынатын бөлімі-

A) Есту түтігі.

B) Есту сүйектері.

C) Ішкі құлақ.

D) Ортаңғы құлақ.

E) Сыртқы құлақ.

8. Ақуыз - биологиялық полимерлер, оның мономері -

A) Ферменттер.

B) Нуклеин қышқылы.

C) Көмірсу.

D) Глюкоза.

E) Амин қышқылдары.

9. Eкі дара (особь) қатысатын көбею:

A) жыныссыз

B) амитоз.

C) мейоз.

D) митоз.

E) жынысты

10. Жапырақтары тікенектерге айналған өсімдік:

A) Орамжапырақ (қырыққабат)

B) Кактус

C) Үрмебұршақ

D) Жүгері

E) Шыбынжұт

11. Жемісі тұқымша өсімдік-

A) Сарымсақ.

B) Орамжапырақ

C) Түймедағы.

D) Қызанақ.

E) Қоңырбас.

12. Eргежейліліктің даму себебі

A) қосалқы без (гипофиз) гормонының жетіспеуінен.

B) қалқанша без қызметінің мөлшерден артуынан.

C) бүйрек үсті бездері белсенділігінің артуынан.

D) қалқанша безі жұмысының жеткіліксіздігінен.

E) қосалқы без (гипофиз) гормонының шамадан тыс көп бөлінуінен.

13. Ұрықтың, жас нәрестенің дұрыс дамуына себеп

A) С

B) D

C) В2

D) В12

E) К

14. 1г. көмірсу ыдырағанда бөлінетін энергия:

A) 38,9 кДж

B) 0 кДж

C) 15,2 кДж

D) 40 кДж

E) 17,6 кДж

15. “Тіркесті тұқым қуалау” заңын ашқан ғалым:

A) Т.Морган

B) Н.Б.Дубинин

C) Н.И.Вавилов

D) Г.Мендель

E) С.С.Четвериков

16. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын (іріктемелерін) шығарған орталықтар саны:

A) 5

B) 11

C) 7

D) 9

E) 10

17. Әрбір түр критерийлерін хромосомалар жиынтығы мен саны, пішіні, көлемі бойынша анықтау критерийі:

A) Экологиялық.

B) Генетикалық.

C) Физиологиялық.

D) Морфологиялық.

E) Географиялық.

18. Су қоймасында мына ағзалардың қайсысы продуцент болады?

A) Балдыр.

B) Ағаш.

C) Қына.

D) Шөп.

E) Мүктер.

19. Биосфера тіршілігін тұңғыш рет 1802 жылы енгізген

A) Ч.Дарвин

B) Р.Гук

C) Э.Дарвин

D) К.Линней

E) Ж.Б.Ламарк

20. Ақ қауданның гүлі бар сабағы шығады

A) Көп жылдан соң

B) Бес жылда бір рет

C) Он жылда бір рет

D) Екінші жылы

E) Бірінші жылы

21. Бауырсорғыш денесін қаптайды:

A) кутикула

B) жабын

C) жүйке

D) бұлшық ет

E) паренхима

22. Көздері нашар көргенімен, иіс сезуі өте жақсы дамыған сүтқоректілердің отряды

A) Қоян тәрізділер.

B) Қолқанаттылар.

C) Бунақдене қоректілер.

D) Кемірушілер.

E) Жыртқыштар.

23. Үлкен ми сыңарларының қыртысындағы нейрондар саны-

A) 10 млрд.

B) 13 млрд.

C) 12 млрд.

D) 14 млрд.

E) 11 млрд.

24. Қимыл нейрондары арқылы импульстер ... өтеді.

A) сіңірлерден миға

B) бұлшық еттен жұлынға

C) бұлшық еттен миға

D) жұлыннан бұлшық еттерге

E) бұлшық ет рецепторларынан миға

25. Эритроциттердің бұзылуы:

A) Бауыр мен көк бауырда.

B) Өкпеде.

C) Бүйректе.

D) Қарында.

E) Сүйектің қызыл кемігінде.

БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]