Дүние жүзі тарихы
1. Парсыларға ќарсы Афинаға көмекке әскер жіберген жалғыз ќаланың аты: A) Милет B) Коринф C) Спарта D) Марафон E) Платеи |
2. Октавиан билігі кезінде өнер адамдарына көмек көрсетуді алғаш қолға алған: A) Горации B) Меценат C) Клеопатра D) Август E) Антонии |
3. Әзірбайжандағы 816 жылғы Бабек бастаған халық көтерілісі кімге қарсы болған еді? A) Арабтарға. B) Арменияға. C) Грузияға. D) Грецияға. E) Ресейге. |
4. Константинополь қаласына түріктердің берген атауы: A) Стамбул. B) Синоп. C) Анатолий. D) Измир. E) Анкара. |
5. XVғ. басында Литваның Тевтон ордені басып алған бөлігіндегі қозғалыс: A) Көпестер қозғалысы B) Князьдар қозғалысы C) Халық-азаттық қозғалысы D) Феодалдық қозғалыс E) Шаруалар қозғалысы |
6. ХVІІІ ғ.’’орыс театрының әкесі’’ A) Василий Каратыгин. B) Федор Волков. C) Павел Мочалов. D) Михаил Щепкин. E) Граф Шереметьев. |
7. XІX ғ. аяғында экономикалық даму деңгейлерінен өзара қайшылықтары күшейген мемлекеттер: A) Италия мен Испанияның арасында. B) Франция мен Бельгияның арасында. C) Ресей мен Финляндияның арасында. D) Англия мен Германияның арасында. E) Румыния мен Болгарияның арасында. |
8. 1911-1913 жылдардағы Қытайдағы революция атауы: A) Самурай революциясы B) Синьхай революциясы C) Социалистік революция D) Сипай революциясы E) Антиимпериалистік революция. |
9. Орыстың ұлы жазушы, «Соғыс және бейбітшілік» романының авторы: A) Достоевский. B) Гоголь. C) Толстой. D) Тургенев. E) Чехов. |
10. Славян әліпбиін жасаған ағартушылар: A) Ян Гус және Ян Жижка. B) Мюнцер мен Лютер. C) Кирилл мен Мефодий. D) Неміс епископтары. E) Болеслав пен Мешко. |
11. 1768-1774 ж.ж. Қара теңізге билік жүргізу үшін болған халықаралық маңызы бар соғыс мына елдер арасында болды: A) Түркия мен Ресей. B) Болгария мен Түркия. C) Молдавия мен Армения. D) Қырым хандығы мен Персия. E) Грузия мен Ресей. |
12. Франциядағы қалпына келтіру дәуірі: A) 1815-1830жж. B) 1820-1852жж. C) 1815-1847жж. D) 1814-1827жж. E) 1815-1848жж. |
13. 1919 ж. жазда Германияда орнаған жаңа мемлекет: A) Бабария республикасы. B) Веймар республикасы. C) Фашистік диктатура. D) Социалистік республика. E) Мюньхен республикасы. |
14. 1937 жылы билікке келген Германияны жақтаушы Ұлыбританияның премьер-министрі: A) Р.Макдональд B) Б.Стэнли C) Л.Джордж D) Н.Чемберлен E) У.Черчилль |
15. Жапонияға қарсы соғысқа КСРО-мен бірге қатысқан ел: A) Лаос. B) Вьетнам. C) Бирма. D) Монғолия. E) Корея. |
16. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі Ұлыбританияның 1964 жылға дейінгі үкімет басшысы: A) М.Тэтчер. B) Г.Вильсон. C) Э.Хит. D) Мак-милан. E) У.Черчилль. |
17. ’’Прага көктемі’’ басталған жыл: A) 1975 ж. B) 1990 ж. C) 1979 ж. D) 1965 ж. E) 1968 ж. |
18. 1947 ж. Конституция бойынша Жапонияда калыптасқан мемлекеттік құрылым: A) Конституциялық монархия. B) Парламенттік Республика. C) Абсолюттік монархия. D) Президенттік Республика. E) Президент-парламенттік Республика. |
19. Варшава келісімі әскери блогы таратылды: A) 1985 жылы. B) 1980 жылы. C) 1988 жылы. D) 1992 жылы. E) 1991 жылы. |
20. Хаммурапи патшаның заңдарын оқып білу көмектеседі: A) Египеттің тарихын терең білуге B) Орта Азия елдерінің тарихын терең білуге C) Парсылардың тарихын терең білуге D) Үндістан тарихын тереңірек білуге E) Ежелгі Вавилонның тарихын терең білуге |
21. ’’Барщина’’ сөзінің мағынасы: A) Бостандық үшін төленетін ақша. B) Шіркеу пайдасына салынған салық. C) Феодал пайдасына салынған салық. D) Феодал поместьесі. E) Феодалдың шаруашылығында шаруалардың тегін жұмыс істеуі. |
22. Орта ғасырларда барлық елдердің халқының көпшілік бөлігін құраған әлеуметтік топ: A) қала тұрғындары B) фермерлер C) малшылар D) шаруалар E) қолөнершілер |
23. ХІХ ғ. соңғы он жылдығында Балқандағы ұлттық-азаттық қозғалысқа себебі болған оқиға: A) Берлин конгресінің шешімі. B) Орыс-Түрік соғысы. C) Босния мен Герцеговинадағы 1875 ж. көтеріліс. D) Түркиядағы халық көтерілісі. E) Түрік сұлтанының өлтірілуі. |
24. I Интернационалдың Париж секциясының ісі сотта қаралған жыл: A) 1868 ж B) 1848 ж C) 1858 ж D) 1878 ж E) 1870 ж |
25. 1989 жылы Куба елінің әскери контингенті шығарылған ел: A) Мексикадан. B) Аргентинадан. C) Мозамбиктен. D) Анголадан. E) Египеттен.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
