Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2029.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
758 Кб
Скачать
☆

География

1. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен:

A) Ніл.

B) Енисей.

C) Еділ.

D) Днепр.

E) Лена.

2. Дүние жүзілік мұхиттағы табиғат кешендерін ... бөліп тұрады.

A) көлдер

B) өзендер мен каналдар

C) батпақтар

D) теңіздер, шығанақтар, бұғаздар

E) жер асты сулары

3. .... адамдар тұрақты қоныстанбаған.

A) Теңіз жағалауларында

B) Дала зонасында

C) Орманды далада

D) Тропикалық шөл зонасында

E) Жалпақ жапырақты орман зонасында

4. Он мыңнан астам аралдары бар мұхит:

A) Үнді.

B) Тынық.

C) Атлант.

D) Солтүстік мұзды.

E) Мұхит аралдары.

5. Қазақстанның көне қалалары.

A) Балқаш, Ақтау, Көкшетау.

B) Астана, Отырар, Петропавл.

C) Тараз, Атырау, Павлодар.

D) Орал, Ақтөбе, Астана, Алматы.

E) Отырар, Тараз, Сығанақ, Түркістан.

6. Ылғалдану коэффициенті төмен аймақ:

A) Тайга.

B) Жартылай шөл.

C) Орманды дала.

D) Далалар.

E) Шөл.

7. Қазақстанның ішкі көшіп-қонуы басым қалалары:

A) Қостанай, Ақтау, Семей.

B) Астана, Павлодар, Алматы.

C) Тараз, Арқалық.

D) Алматы, Өскемен.

E) Маңғыстау, Тараз.

8. Республиканың негізгі отын базасы.

A) Ленгір алабы.

B) Обаған алабы.

C) Қарағанды алабы.

D) Кендір алабы.

E) Шу алабы.

9. Шығыс Қазақстан облысы қала тұрғындары санының өсуі өндірістің ... саласымен байланысты.

A) Транспорт.

B) Тау-кен өнеркәсібі және түсті металлургия.

C) Ағаш өнеркәсібі.

D) Ауыл шаруашылығы.

E) Құрылыс индустриясы.

10. Азимут дегеніміз

A) жердегі белгілі бір зат пен оңтүстік арасындағы бұрыш.

B) көк жиек бағыттары.

C) солтүстікке бағыт.

D) белгілі бір затқа бағыт.

E) жердегі белгілі бір зат пен солтүстік арасындағы бұрыш.

11. Біздің планетада тіршілік пайда болған уақыт.

A) 3 млрд. жыл бұрын шамасында.

B) Төрттік кезеңде.

C) 4 - 4,5 млрд. жыл бұрын.

D) 570 млн. жыл бұрын.

E) Адамның пайда болуымен бірге.

12. Мұғалжар тауының ең биік шыңы.

A) 657 м.

B) 320 м.

C) 475 м.

D) 600 м.

E) 450 м.

13. Табиғат зоналары ... анықталады.

A) топырақ пен климаттың құрғақшылығының қатынасы арқылы.

B) жылу мен ылғалдың ара қатынасымен.

C) жауын-шашын мөлшерімен.

D) орографиялық объектілердің әсерімен.

E) ауа массаларының жергілікті жердің климатына әсерімен.

14. Қандай табиғат зонасында булану жоғары:

A) Тауда.

B) Далада.

C) Орманды далада.

D) Шөлейтте.

E) Орманда.

15. Қара топырақ Қазақстанның мына аймақтарында көп

A) Қарағанды, Павлодар

B) Ақтөбе, Қарағанды

C) Петропавл, Ақтөбе

D) Өскемен, Павлодар

E) Қостанай, Ақмола

16. XІX ғасырда қай кеніш Алтайдағы күмістің 75 процентіне дейін берді?

A) Лениногорск.

B) Соколов-Сарыбай.

C) Зайсан.

D) Белоусов.

E) Зыряновск.

17. Ең алып қалалар саны елдерде көп (тұрғындар саны 5 млн.)

A) Ресейде, Мексикада.

B) Қытайда, Үндістанда.

C) Францияда, Германияда.

D) АҚШ-та, Канадада.

E) Жапонияда, Бразилияда.

18. Жоғары-Силезия өнеркәсіптік ауданы орналасқан:

A) Чехияда.

B) Польшада.

C) Словакияда.

D) Румынияда.

E) Болгарияда.

19. Латын Америкасындағы теңізге шыға алмайтын мемлекеттер:

A) Чили, Аргентина.

B) Перу, Эквадор.

C) Венесуэла, Колумбия.

D) Боливия, Парагвай.

E) Куба, Бразилия.

20. Европа ... «эреб» - бату деген сөзі.

A) македондықдардың

B) испандықтардың

C) финикиялықтардың

D) римдіктердің

E) гректердің

21. Атлас тауларының солтүстік бөлігінің төменгі белдеуін ... табиғат зонасы алып жатыр.

A) альпілік шалғындар

B) субтропиктегі мәңгі жасыл жерорта теңіздік табиғи өсімдіктер

C) антропегендік

D) тропикалық шөлейт

E) биік таулы

22. Үстірт қорығы ұйымдастырылған жыл.

A) 1980 жыл.

B) 1982 жыл.

C) 1984 жыл.

D) 1981 жыл.

E) 1983 жыл.

23. Континентаралық жолаушылар тасымалдауда 1-ші орындағы көлік түрі:

A) Өзен көлігі.

B) Теміржол көлігі.

C) Автомобиль көлігі.

D) Әуе көлігі.

E) Теңіз көлігі.

24. "Ауыл шаруашылық дамуының интенсивті жолы" ұғымы

A) Пайдаланылған алқаптарда биологиялық өнімдердің жоғарлауы.

B) Жасанды тағамдарға көшу.

C) Дамыған және дамушы елдер арасындағы ауыл шаруашылық өнімдерін қайта бөлу.

D) Жер жырту және жайылымдық алқаптардың кеңеюі.

E) Ауыл шаруашылығын толық автоматтандыру және компьютерлендіру.

25. Теңіз кемесі, супертанкерлер, арқылы жүк тасымалдау жөнінен Жапонияның алдыңғы орында болуының негізгі себебін анықтаңыз.

A) Шикізаттың барлық түрін сырттан әкелетіндіктен.

B) Әлемдік рынокта техниканың осындай түрінің қажеттілігінен.

C) Әртүрлі дайын бұйымдардың көптеп шығарылуынан.

D) Жапония бұл өндіріс саласында алдыңғы орында емес.

E) Еңбек ресурстарының арзандығы осындай техниканы құру мүмкіндігін береді.

ГЕОГРАФИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]